Мемлекет нысаны: саяси режим, басқару түрі, мемлекет құрылымы)

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 19:08, курсовая работа

Краткое описание

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдастық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы болып мемлекет қалыптасты. Мемлекет – қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт болып табылады. Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін

Оглавление

Кіріспе 3
1 Мемлекет нысанының түсінігі 5
2 Басқару нысаны: түсінігі, түрлері мен мазмұны 8
2.1 Монархия 8
2.2 Республика 11
3 Мемлекет құрылымының нысаны 16
3.1 Унитарлық мемлекеттер 17
3.2 Федеративтік мемлекеттер 17
3.3 Конфедеративтік мемлекеттер 19
4 Саяси режим: түсінігі, мазмұны 20
4.1 Демократиялық саяси режим 20
4.2 Антидемократиялық (демократияға қарсы) саяси режим түрлері 22
Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

мемлекет нысаны к.ж.doc

— 196.50 Кб (Скачать)

Оқу әдебиетінде мемлекеттің нысаны көбіне үшке бөлінеді – басқару нысаны, мемлекеттің құрылымының нысаны және саяси режим (Қосымша А). Ал негізінде мемлекеттің нысаны тарихи кезеңмен және әрбір мемлекеттің ерекшеліктерімен байланысты екені мәлім. Сондықтан, мемлекеттің әрбір нысанының көп варианттары бар. Мемлекеттердің дамыған кезінде осы үш элементтерінің  біреуі бірінші орынға шығады. Қазіргі Ресейде мемлекеттің екінші элементі – Ресей федерациясының негізгі принциптерін сақтау үшін Шешен республикасымен соғыс әдісін қолданғаны белгілі. Бұл Ресей федерациясының мықтылығын көрсету, негізгі принциптерін сақтау үшін істелген саясат. Бұл мемлекеттің құрылым нысанын бірінші орынға қойып отыр. АҚШ 1860-1864 жылдары Солтүстік пен Оңтүстіктің нысаны болды. Фашистік режим құрылған кезде мемлекет нысанының саяси режимі бірінші орынға шығады. Бейбітшілік кезде экономикалық дамуы жоғары демократиялық мемлекеттерде басқару нысаны мемлекеттің сыртқы жағдайын белгілейді.

Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғары, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынасы қандай принциппен қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика болып екі түрге бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Басқару нысаны

 

 

Басқару нысаны – бұл мемлекеттік биліктің жоғары органдарының өкілеттіктерінің өзара қатынасы, олардың құрамы мен құрылу тәртібі. Басқару нысаны жоғары билікті жалғыз адамның немесе сайланбалы алқалық органның жүзеге асыруына байланысты ерекшеленеді. Осыған сәйкес, басқарудың негізгі түрлері болып монархия (гректің monarchia - өзі билейді) мен республика (res – іс, publicus – қоғамдық, жалпыхалықтық) болып табылады. Билік үшінші, заңсыз жолмен келген адамдар тобының қолына тигенде диктатура орнайды.

Мемлекет егеменді болғандықтан жоғары мемлекеттік билік органдарының құрылымын, оның қызмет істеу тәртібін анықтайтын басқару тұрпатын құрады. «Қазақстан Республикасының Конституциясында республикалық басқару тұрпаты баянды етілген. Оның негізгі анықтаушы белгісі – мемлекет басының сайланып қойылатындығы және алмастырылғандығы. Бұл – республикалық басқару тұрпатын монархиядан айыратын белгі.» [2., 35 бет ]

 

 

2.1 Монархия

 

 

Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша, император, король деп атауы мүмкін (монарх мемлекет басшысы болған кезде оған сол елдің король, император, ұлы герцог сияқты құрметті атағы бірге беріледі).

Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан көшуі. Сондықтан оның билігі – мұрагерлік билік. Тақтың көшуінің екі әдісі бар: шығыс және кейбір Европа мемлекеттерінде тақ тек ер адамдарға беріледі. Ал көпшілік Европа мемлекеттерінде еркек адамдарға да, әйел адамдарға да беріле береді (Ресей, Дания, Англия). «Монархияның озбырлық жолымен де көшуі мүмкін: Наполеон, Каролингтердің тұқымдары, Вильгельм Оранский, Англияда даңқты революция арқылы монархия түпкілікті патшаның орнағаны белгілі.» [5., 42 бет] Монархияның көшуінің үшінші түрі бар, монарх бірнеше ақсүйектердің тұқымдарынан сайланды (Малайзия). Тарихта екі монарх болған мемлекеттік басқару формасы да кездескен (Спарта). Тоталитарлық режимдерде Коммунистік партияның басшысының билігі монархтың билігінен де күшті болды.

Сонымен, монархтың билігі көбіне мұрагерлік билікке жатады, ол өзінің қызметіне құдайдан басқа ешкімнің алдында жауапты емес, ол мемлекеттің басшысы, құқықтың қайнар көзі, оның атынан сот, мемлекеттің атқару функциялары жүзеге асырылады, ол әскерді басқарады, мемлекеттің атымен шарт құрады. Монархтың бірнеше жоғары аттары мен титулдары болады, оны асырау мемлекеттің міндеті. Мысалы, Англияның короліне 1660 жылдан бастап цивилдік қағазбен парламент мұқтажына керек ақшаны беретін болды. Корольді асырау мемлекетке өте ауыр болса да, көп мемлекеттер корольден және монархиядан басын тартқысы келмейді. Қазіргі Англияның королі – Елизавета ІІ мұра жалғастыратын балаларының абыройы өте күшті болмады, екі баласы және қызы некесін бұзып, ажырасып кетті. Бірақ 1997 жылы Англияның азаматтарынан «Король Англияға керек пе?» деп сұрастырғанда, 66 проценті монархия да, король де сақталсын деп жауап берді.

Егер монарх мемлекеттік биліктің жалғыз органы болып табылса, бұл монархия шектелмеген (абсолюттік) деп аталады, ал жоғарғы билік монарх пен басқа бір органның арасында бөлінсе, бұл монархия шектелген (конституциялық) деп аталады. Шектелген монархиялар, өз кезегінде, өкілдік (дуалистік) және парламентарлық болып екіге бөлінеді.

Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде де шектелместен бір адамның (монархтың) қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады. Ертеде басқарудың мұндай түрі кең тараған, соның ішінде Ресей де (Романовтар династиясы басқарған шақта) болатын. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, ХVІІІ ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер әулеті басқарып келген Франция мемлекеттеріндегі басқару формалары осы абсолюттік монархияға мысал бола алады.  Қазіргі дамыған елдердің ешқайсысында басқарудың мұндай түрі жоқ.

Шексіз монархия – монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, жоғарыда айтылған биліктің бәрі соның қолында. Бірақ шексіз монархияның да бірнеше түрлері бар.

Ең бірінші шексіз монархия – Шығыс деспотия (Египет, Вавилон, Қытай, Жапония). Монархтың қолында өте күшті экономикалық функциялары жиналған, ал бұл билік осы айтқан мемлекеттердің географиялық және ерекше экономикалық жағдайлармен байланысты. Мысалы, Египет мемлекетінде номдардың бәрін фараон біріктіріп, Ніл өзенінде суару жұмыстарын басқаратын. Монархтың осындай қиын экономикалық қызметі өте күшті биліктің қажет екенін туғызды. Сондықтан, фараондардың биліктері шексіз болатын: ол экономикалық, қаржы, заң шығару, діни, сот, әскери қызметтерін басқарған.

Тарихта кездескен шексіз монархияның екінші түрлері көне дәуірдегі мемлекеттерде болған. Оған Рим империясы жатады. Бұл шексіз монархия республиканың орнына келді. Императордың да билігі өте күшті, бірақ оны күшейтетін жағдайлар саяси факторлерге байланысты болған. Орта ғасырларда шексіз монархия феодализмнің соңғы кезінде пайда болды. Ең күшті феодалдық шексіз монархияларға Людовик ХІV, Петр І, Екатерина ІІ, Елизавета І, Фридрих ІІ, Үдемі Сүлейман монархиялары жатады. «Людовик ХІV мемлекетті 55 жыл басқарды (1661-1715). Оның «мемлекет деген мен»  сөзі бүкіл Европаға мәлім болған. Версаль сарайын салдырды, қаржыны өзі жұмсады, заңды өзі шығарды, парламентті жинамай мемлекетті, әскерді де, сотты да өзі басқарды. Ол өмір бойы көрші мемлекеттермен соғысып, сыртқы саясатын толық өзі жүргізді.» [5., 43 бет] Бірақ феодализмнің шексіз монархияларының мемлекетке істеген жақсылықтары да көп еді. Қазіргі жаңа ғасырларда шексіз монархиялар өте сирек кездеседі (Бруней, Оман).

Монархиялардың көбі шектелген монархияларға жатады. Бұл монархияда монарх билігі белгілі бір органмен немесе заңмен шектеледі. Басқарудың мұндай түрі алғаш рет Англияда пайда болды және қазірдің өзінде ойдағыдай қызмет етуде. Қазір конституциялық монархиялық құрылыс Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Непал, Люксембург, Морокко, Сауд Аравиясы, Швеция, Жапония және т.б. елдерде сақталған.

Шектелген монархия шығыс мемлекеттерінде кездеседі, мысалы, Үндістан. Үндістанның патшасы екінші кастаға жататын – критерилерге, ол брахмандардың айтқан ақылдарын және олар құрған Кеңесін сыйлауға тиісті. Патша брахмандардың жеке меншігіне тиісуге құқығы жоқ, оларды өлім жазасына кесе алмайды, заң шығару немесе сот функцияларын олардың Кеңесі қатыспаса атқара алмайды.

Орта ғасырларда Европа мемлекеттерінде сословиелік-өкілдік монархиялар пайда болды. Европа қоғамында үш сословие қалыптасқан болатын: шіркеу қызметкерлері, дворяндар және қала тұрғындары, басқаша айтқанда – буржуазия. Осы сословиелер өздерінің мүдделерін қорғайтын сословиелік органдарды құрайтын, ол Парламент, Кортес, Бас штаттар деп аталатын. Бұл органдар қалыптасқан кезде салық жинауға келісімін беретін, одан кейін қызметін күшейтіп заң шығару билігін өзіне қаратты. Жапония мемлекетінде императордың билігін сегун деген әскери қызметкерлер шектеген болатын, бұл басқару форма сегунат деп аталды.

Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп аталады. Оның екі түрі бар: дуалистік (өкілдік) және парламенттік монархия. Дуалистік монархияда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялық революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңінде бұрынғы корольдер биліктерінің жартысынан айырылады, оған біріншіден заң шығару билігі жатады. Өкілдік монархияда монарх атқарушылық билікті жүзеге асыра алады, ол үкіметті құру, министрлерді тағайындау, вето және парламентті тарату құқықтарын иеленеді. Мысалы, Франция мемлекетінде 1791 жылғы Конституция бойынша король заң шығару билігін жоғалтты, ол ұлттық жиналыстың қолына көшті. Бірақ оның қолында қалған билігі әлі күшті еді: ол әскерді өзі басқарды, осыны пайдаланып өзінің халқына қарсы шықты, сот қызметкерлерін, министрлерді және атқару билікті өзіне бағындырды, шығарған заңдарға тыйым салды және парламентті таратуға құқығы болды. Сонымен, мемлекеттік билік екіге бөлінді: парламент -  буржуазияның мүдделерін қорғады, ал король - феодалдардың. Бірақ, тарихи процесс объективтік түрінде парламентті жеңіске жеткізді де, дуалистік монархия парламенттік монархияға айналды.

Парламенттік монархияда монархтың құқықтық жағдайы әлдеқайда шектелген болады, монарх тағайындаған министрлер парламенттің сенімсіздік вотумына тәуелді болады және монарх заңда көзделген жекелеген жағдайларда ғана парламенті тарата алады.

Парламенттік монархия бірінші Англияда құрылды. Даңқты революциядан кейін Құқық туралы Билль деген (1689 ж.) конституциялық заңда осы мемлекеттік басқару нысаны пайда болды. Қазір Европа мемлекетінің көбі осыған жатады: Бельгия, Норвегия, Швеция, Дания. Бұл мемлекеттерде монарх – мемлекеттің басшысы. Ол парламенттің келісімінсіз көп мәселелерді шеше алмайды. Парламенттің төменгі палатасына көп орын алған саяси партия өзінің өкіметін құрады. Сол партияның басшысы премьер-министр болып тағайындалады. Премьер-министр кабинетін өзі құрастырады, король оған тек келісім береді. Кабинет корольдің алдында емес, парламенттің алдында жауапты. «1997 жылы Англияда консервативтік партия сайлауда лейбористтерден жеңіліп 18 жыл Англияда басқарғаннан кейін оппозицияға кетті.» [5., 44 бет] Парламент корольдің мұқтажына керек ақшаны бөледі, оның жеке өміріне де қатысады. Бірақ көп мемлекеттер монархтың құқықтарын шектесе де, бұл ескілік немесе керек емес мемлекеттің элементі деп санамайды. Монарх – мемлекеттің көркі, тұрақтылығы, сәні, ертеден келе жатқан әдет-ғұрыптары. Сондықтан, кейбір мемлекеттер жойылған монархияларды қайтадан орнына қалыптастырғаны мәлім (Испания 1975, Англия). Қазіргі Ресей, Грузия, Болгария, Румыния мемлекеттерінің патша тұқымдары, тірі халықтың арасында монархияны қалпына келтіру деген пікірді білдірген адамдар және саяси партияларда бар. Сонымен, монарх топтардың, саяси партиялардың арасындағы арбитрі және тұрақты саяси режимінің кепілдігі болып көрінеді. Монархтың өмірін реттейтін әдет-ғұрыптардың көбін халық жақсы көреді: парламенттің бірінші сессиясын ашу процедурасы, мемлекетке келген қонақтарды қарсы алу, мемлекеттің атымен мерекелерімен құттықтау, монарх сарайларының өмірін реттейтін әдеттер.

Монархияда мемлекет басшысының мұрагерлік мәртебесі болады. Формалды тұрғыдан қарасақ, басқару тұрпатының мемлекеттік құрылысқа шешуші әсер етпейтінін байқаймыз. Мысалы, «монархиялық Жапония немесе Ұлыбритания әлдеқашаннан демократиялық, құқықтық мемлекет бола алмады. Патшалық Ресей демократиялық та, құқықтық та мемлекет болмаған еді.» [2., 35 бет] Ал Франция Республикасында бұрыннан демократиялық басқарудан республикалық басқару тұрпаты демократиялық, құқықтық мемлекеттің мазмұнына көбірек сәйкес келеді.

 

 

2.2 Республика

 

 

Мемлекеттің екінші басқару нысаны – Республика. Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады. Республикада мемлекеттік органдар белгілі бір мерзімге сайланып құрылады. Республика деген сөз көне дәуір мемлекеттерде бірінші рет қолданды. Бұл термин халықпен байланысты. Мемлекетті басқаратын адамдар мен органдарды халық белгілі бір кезеңге сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер мен органдар республикада болмайды.

Республиканың ең бірінші түрі – Греция, Афина республикасы. Олар халықты өте шектеулі түсінді, бұл республиканың басқару органдарына және сайлауға тек Грецияның азаматтары қатысатын. Ал азаматтары болып 20 жасқа толған еркек адамдар, ата-анасы Афинаның азаматтары, жеке меншігі бар, әскерде қызмет еткен, барлық құқықтарын пайдалана алатын адамдар саналатын. Сонымен, әйел адамдар, метистер, шет елдердің азаматтары және құлдар саяси өмірге қатысқан жоқ. Грецияның негізгі органы – халық жиналысы, ол барлық қызметкерлерді сайлаған, олардан есеп алатын, мемлекеттің негізгі мәселелерін шешетін, заң шығарады. Басқа органдар 500 жүздік Кеңес, гелиэй, қызметкерлер, стратегтер белгілі уақытқа ғана сайланатын және халық жиналысының алдында жауапты болатын.

Халықтың қай бөлігінің мемлекеттік биліктің жоғары органдарын сайлауға қатыса алатынына байланысты республика аристократиялық және демократиялық болып екіге бөлінеді.

Антикалық республиканың аристократтық түріне Рим және Спарта республикасы жатады. Бұларда сайлауға және мемлекетті басқаруға азаматтардың бәрі емес, тек қана ақсүйектері жіберілді.

Демократия республикалық басқару тұрпатына іштей жақын. Егер барлық азаматтарға шынайы тең еркіндік беріліп, қамтамасыз етілсе, демократия республикалық басқару тұрпатын халықтың игілігіне қызмет істеуге бағыттайды.

Орта ғасырларда республика өте сирек кездеседі, көбіне ол республика-қала (Псков, Новгород, Бремен, Любек, Венеция, Флоренция).

Информация о работе Мемлекет нысаны: саяси режим, басқару түрі, мемлекет құрылымы)