Мемлекет нысаны: саяси режим, басқару түрі, мемлекет құрылымы)

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 19:08, курсовая работа

Краткое описание

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдастық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы болып мемлекет қалыптасты. Мемлекет – қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт болып табылады. Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін

Оглавление

Кіріспе 3
1 Мемлекет нысанының түсінігі 5
2 Басқару нысаны: түсінігі, түрлері мен мазмұны 8
2.1 Монархия 8
2.2 Республика 11
3 Мемлекет құрылымының нысаны 16
3.1 Унитарлық мемлекеттер 17
3.2 Федеративтік мемлекеттер 17
3.3 Конфедеративтік мемлекеттер 19
4 Саяси режим: түсінігі, мазмұны 20
4.1 Демократиялық саяси режим 20
4.2 Антидемократиялық (демократияға қарсы) саяси режим түрлері 22
Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

мемлекет нысаны к.ж.doc

— 196.50 Кб (Скачать)

Жаңа кезеңде республиканың үш түрі кездеседі: парламенттік, президенттік және аралас (немесе жартылай президенттік) республикалар.

Парламенттік, бұл мемлекетте, саяси өмірдегі шешуші рөл парламент сайлаған үкіметке тиесілі болады. Парламенттік республикада мемлекет билігінің жоғары органдарының жүйесі Парламенттің басымдылық принципіне негізделген. Парламенттің алдында үкімет өзінің саяси қызметі үшін алқалы түрде жауап береді. Үкімет Парламенттің сеніміне сүйеніп қызмет істейді. Парламент үкіметті қолдамаса, ол қызметін тоқтатады.

Мемлекетті басқару нысанында билік парламенттің қолында жиналған. Кабинет пен премьер-министрді парламенттің төменгі палатасы тағайындайды, тексереді және түсіреді. Өкімет парламенттің алдында жауапты. Парламенттік басқару нысаны жағдайында билік жүргізу функциясы мемлекет пен үкімет басшылары арасында бөлінеді. Президент тек мемлекет басшысы. Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады, әрі парламенттегі партиялық көпшілік негізінде құрылады. Күшті үкімет - әлсіз президент.

Парламенттік республикада мемлекет билігінің жоғары органдарының жүйесі Парламенттің басымдық принципіне негізделген. Парламенттің алдында үкімет өзінің саяси қызметі үшін алқалы түрде жауап береді. Үкімет Парламенттің сеніміне сүйеніп қызмет істейді. Парламент үкіметті қолдамаса, ол қызметін тоқтатады.

Мемлекетті басқарудың парламенттік жүйесін қабылдап алған елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы – премьер-министр басқарады. Парламенттік басқару жүйесінде саяси партиялар үлкен рөл атқарады. Парламентшілер бұл жерде партияның атынан емес, қоғамның, бүкіл ұлттың атынан сөйлеп, әрекет етеді. Дегенмен олар өз партиялары бойынша парламентте фракциялар құрайды, соның нәтижесінде парламентте оппозиция пайда болады.

Үкімет өзі жасап, парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет деп есептегенде, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және оларды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады.

Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады. Онда заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді. Ол салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды құрады, сауданы реттейді, халықаралық келісім-шарттарды қабылдайды, соғыс аша алады, әскерді қамтамасыз етеді және т.б.

Қазіргі кезде көптеген елдердің парламенті екі палатадан тұрады. Феодалдық мемлекеттерде ол елдің өкілдігін үйлестіруге мүмкіндік берді. АҚШ-та, Францияда оны үстемдік етуші топтар заңгерлерді «шектен тыс демократияландыруға» жібермеу үшін парламент ішінде қосымша тежеу факторы ретінде пайдаланды.

Төменгі палата жалпыға бірдей тікелей сайлау арқылы қалыптасады. Жоғарғы палатаның құрылуы әр түрлі болады. Мысалы, Англияда парламенттің жоғарғы палатасына (Лордтар палатасы) мұрагерлікпен өмір бойы болатын пэрлар (жоғарғы аристократтық атақ), ондай құқығы жоқ пэрлар және Англия шіркеуінің жоғарғы шенділері кіреді. АҚШ-та сенатқа (Конгрестің жоғарғы палатасы) әр штаттан (халық санына байланысты емес) екі өкілден сайланады. Германияда жоғарғы палатаның депутаттарын әр жердің үкіметі тағайындайды.

Көп елдерде белгілі бір дәрежедегі адамдарды парламентке сайламау заң жүзінде ескерілген. Әдетте, бұл ереже мемлекеттік, қарулы күштер, сот қызметкерлеріне қолданылады. Сонымен қатар депутаттың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықты өрбітпеу үшін парламент мүшелеріне олардың мерзімі өткенше мемлекеттік және жеке меншік фирмаларда, компанияларда қызмет етуге тыйым салынады. Саясаткерлер мен заңгерлердің қызмет бабындағы мәліметтерді өздерінің жеке басының баюына пайдалануларына рұқсат етілмейді.

Парламент бір партиялық және екі партиялық болуы мүмкін. Бір партиялық парламент, әдетте, кішкентай елдерде кездеседі. Мысалы, Финляндияда солай, ірі және дамыған елдерде екі партиялық парламент болып келеді. Мысалы, АҚШ-та, Англияда, Германияда, Францияда және т.б. елдердегі сияқты.

Парламенттің мезгіл-мезгіл үкіметтен есеп беруді талап етуіне, ең маңызды саяси шараларды бекітуге, үкіметке сенім білдірмеуге құқығы бар. Мұнда ең маңызды нәрсе – үкіметке сенім білдіріле ме, жоқ па, ол дауыс беру арқылы шешіледі. Сондықтан күрес дауысты көбірек алудың айналасында болады. Мысалы, Германия, Ұлыбритания және т.б. елдерде демократиялық парламенттік тәртіптің өмір сүруі олардың парламентте көпшілік дауыс алуынан. Егер сенімсіздік білдірілсе, кабинеттің отставкаға кетуіне тура келеді.

Әр елде парламентті әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ, Филиппинде және Латын Америкасының көптеген елдерінде оны Конгресс, Польша мен Финляндияда – Сейм, Иран мен Түркияда – Мәжіліс, Израильде – Кнессет, Швецияда – Риксдаг, Францияда – Ұлттық жиналыс дейді.

Сонымен, өкіметте парламенттің сенімі болған кезде ол өзінің қызметін істей алады, ал болмаған жағдайда отставкаға шығады. Мұндай республикаларда президент мемлекеттің басшысы, оның биліктері өте аз. «Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Германия елдері мысал бола алады.» [3., 101 бет]

Мемлекетті басқарудың президенттік жүйесінде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Қоғамның саяси жіктелуі заңды органдардың қызметіне көп әсер ете алмайды. Саяси дағдарыстар, кезінде, президент белгілі тетіктерді пайдаланып, қажет деп есептегенде, парламентті таратып жібере алады. Егер президенттің партиясы заңды билік органында көпшілік болса, оның саяси бағдарламалары оңай іске асырылады. Президенттік басқарудың үлгісі ретінде Америка Құрама Штаттарын мысалға алуға болады.

Мұнда атқарушы билік тікелей парламентке бағынбайды. Президент үкіметті өзі тағайындап, өзі басқарады. Мұндай билік алғаш рет АҚШ-та орнады. Бұл елдің басқаруы президенттік демократияның ішінде ең үлгілісіне жататындықтан оған толығырақ тоқталайық. АҚШ-та президент 4 жылға сайланады (қосымша Б). Онда премьер-министр болмайды. Президент мемлекетті де, үкіметті де басқарады. Ол департаменттердің (министерстволардың аты) басшыларын, министрлер кабинетін және үкіметті тағайындайды. Олар тек Президентке ғана есеп береді. Оның қылмыскерге кешірім жасауға, марапаттауға, халықаралық келіссөздерді жүргізуге құқығы бар. Атқарушы билік шеңберіндегі шешімдердің бәрін президент қабылдайды. Ол саясаттың ішкі және сыртқы басты бағыттарын айқындайды, тұрақтылықты бейнелейді. Ал үкімет бұл кезде күнделікті істерімен, елді басқару мәселелерімен айналысады. Президенттік билік төрелік ететін әділ қазы сияқты рөлді атқарады. Мысалы, экономикалық бағыт қиыншылықтар тудырса, үкімет алмасуы мүмкін. Жаңа үкімет басқа саясат жүргізеді, ал мемлекеттің бастығы баяғы орнында қала береді. Бұдан біз президенттік басқарудың билігі зор екенін көреміз. Бірақ бұл биліктің де шегі бар. Ең алдымен президенттің заң шығаруға өкілеттігі жоқ. Ол бюджетті де шеше алмайды (оны Конгресс шешеді). Парламент президенттің қай тағайындауын болса да бұза алады (оны «право вето» деп атайды). Конгресс президентті орнынан ала алады (оны «импичмент» дейді). Мысалы, АҚШ-тың бұрынғы президентінің бірі Р.Никсон «уотергейт ісі» үшін («Уотергейт» қонақ үйінде орналасқан демократтардың штаб-пәтеріне жасырын тыңдау құрылғысын қоймақ болғаны үшін) отставкаға кетуге мәжбүр болды. Егер президент конституцияны бұзса, не мемлекетке опасыздық жасаса, Конгресс оны жұмыстан босата алады. Бірақ ол президенттің саясатымен келіспесе, ол үшін оны босата алмайды. Президенттік республика Латын Америкасы елдерінде кең тараған. Ондай билік Ресейде, Қазақстан және ТМД елдерінің басқа республикаларында да орнығуда. «Қазақстан мемлекеті – Президенттік басқару нысанындағы республика.» [2., 35 бет]

Президенттік республиканы АҚШ 1787 жылғы Конституциясында бекіткен. Олар Англияның корольдерінен көп озбырлық, заңсыздық көргесін, абыройлы билікті орнатуды анық түсінді. Деспотиялық режим құрылмауы үшін биліктің бөліну принциптерін енгізді. Сонымен, мемлекеттің жаңа басқару формасын ойлап шығарды. Президенттік республикада билік үшке бөлінеді: заң шығару – парламенттің қолында, атқару билік – президент пен өкіметтің қолында, ал сот билігі тәуелсіз сот органдарында. Президентті халық сайлайды. АҚШ-та 4 жылда бір рет президенттік сайлау өтеді. Президент – мемлекеттің бірінші басшысы, өкіметті өзі басқарады, Сенаттың келісімімен министрлерді тағайындайды, әскер оған бағынады. Президент – республика бірлігінің тұтастығының символы. Кейбір президенттік республикаларда президентпен қатар премьер-министр үкіметті басқарады. Көбіне оны президенттің өзі тағайындайды және ол президенттің алдында жауапты. Парламенттің өкіметті тарататын құқығы жоқ. Кейбір мемлекеттерде президент премьер-министрден басқа бірнеше министрлерді өзі тағайындайды, ал қалған министрлерді премьер-министрдің өзі парламенттің келісімімен тағайындайды. Мемлекеттің Заң шығару билігі парламенттің қолында, және парламент белгілі қызметкерлерді және жоғарғы сотты тағайындағанда келісімін береді. Парламенттің алған заңдары екі рет тексеріледі: президент вето құқығын қолданып, қабылданған заңдарға қолын қояда, Конституциялық сот, әдетте заңның Конституцияға сәйкестігін тексереді. Сот билігі ерекше сот органдарының қолында. Сот қызметкерлері президенттік республикаларда белгілі уақытқа немесе өмір бойлы тағайындалады. Оларды тағайындайтын заңдарды әрбір мемлекеттерде ерекше, бірақ бұл процеске президент те, парламент те қатысады. Үш билік бір-біріне тең болуға тиіс деп көп конституцияларда жазылған, ол үшеуінің ара-қатынасын реттеп отыратын президенттің билігі.

Президенттік республикалардың варианттары көп, олардың біріне жартылай президенттік республика жатады («мысалы:1958 жылға Конституциясы бойынша Франция, Түркия» [5., 46 бет]).

Аралас, бұл мемлекетте үкіметті президент пен парламент бірлесе отырып құрайды. Оларды жартылай Президенттік (Парламенттік) республика деп атайды. Ресей Федерациясы осындай мемлекеттік басқару тұрпатына жатады.

Үкіметке екі жақты (президенттің алдында да және парламенттің алдында да) жауапкершілік жүктеледі. «Республиканың классикалық ондай түріне Франция жатады. Сонымен қатар оған Австрия, Ирландия, Португалия, Польша, Финляндия және т.б. мемлекеттерді жатқызуға болады.» [4., 59 бет]

Президенттік басқаруда, әдетте, мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы президент болып саналады. Оны парламент немесе халық сайлауы мүмкін. Егер президентті парламент немесе соның негізінде құрылған коллегия сайласа, оны «парламенттік президент» дейді. Ол – салтанатты өкілдігі бар символдық қайраткер. Конституция бойынша оған белгілі бір құқықтар беріледі. Бірақ ол құқықтарды жүзеге асыру үшін тиісті құжатқа премьер-министр немесе министрлердің біреуінің қойылған қолы керек. Онсыз күші болмайды. Басқа сөзбен айтқанда, ондай президенттің билігі шамалы болады. Мысалы, Үндістанда, Италияда солай.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Мемлекет құрылымының нысаны

 

 

Әр мемлекеттің аумағы оның ішкі құрылысын анықтайтын құрамды бөлшектерге бөлінеді. Сол аумақтық құрылымның көлемінде мемлекеттік аумақтық бөлшектерінің жүйесі қалыптасады. Солардан мемлекет, мемлекет органдарының байланыс жүйесі тұрады. Мемлекет аумағының аталған құрылымын мемлекеттік құрылым дейді. Демек, мемлекеттік құрылым – тұтастай мемлекет пен оның бөлшектерінің белгілі түрдегі құқықтық қатынастарын сипаттайтын мемлекеттік аумақтық ұйымдастырылуы.

Мемлекеттік құрылым нысаны – бұл мемлекеттің аумақтық құрылымы, оның құрамдас бөліктерінің және осы бөліктердің әрбірінің мемлекетпен қарым-қатынасының сипаты. Барлық мемлекеттер өздерінің мемлекеттік құрылымы бойынша жай және күрделі болып екіге бөлінеді.

Жай немесе біртұтас мемлекет – бұл өз ішінде бөлінбейтін тұтас мемлекет, оның өз ішінде дербес мемлекеттік құрылымдары болмайды, бұл мемлекетте жоғары органдардың біртұтас жүйесі, заңнаманың ортақ жүйесі, ортақ сот жүйесі, ортақ азаматтығы мен салықтардың бір каналды жүйесі болады.

Күрделі мемлекет – бұл белгілі бір дәрежедегі дербестікке ие жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құрылған мемлекет. Күрделі мемлекеттерге империялар, федерациялар, конфедерациялар, достастықтар мен одақтастықтар жатады.

Империялар – күштеу арқылы құрылатын күрделі мемлекеттер, бұларда құрамдас бөліктердің жоғары билікке бағыныстылық деңгейі әртүрлі болған. Империялардың басты ерекшелігі – олардың құрамдас бөліктерінің ешқашан ортақ мемлекеттік-құқықтық мәртебесі болмаған.

Достастық – бұл ортақ белгілермен, біртектіліктің белгілі бір деңгейімен сипатталатын мемлекеттердің ұйымдастырушылық бірлестігі. Оларды біріктіретін белгілер экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке, дінге қатысты болуы мүмкін. Достастықтың мүшелері – бұл толығымен тәуелсіз, егеменді мемлекеттер, халықаралық қатынастардың субъектілері.

Одақтастық – бұл қоғамды мемлекеттік ұйымдастырудағы ауыспалы нысан. Одақтастықтың негізінде көп жағдайда мемлекетаралық шарт болады. «Ол одақтастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялық байланыстарын күшейте түседі және оларды конфедеративтік бірлестікке қарай итермелейді.» [1., 27 бет]

Биліктің орталықтандырылу деңгейіне қарай көп ұлтты мемлекеттер мен мемлекетаралық одақтардың құрылымдары әр түрлі болады.

Көпшілік елдерде билікті орталық (ұлттық) және жергілікті органдар арасында саяси және әкімшілік шекараластыру жүзеге асырылады. Әр ел өзгелерден биліктің орталықтандырылу деңгейімен ерекшеленеді. Мемлекеттің құрылымы осыған қатысты айқындалады.

Мемлекеттер бұл элемент бойынша унитарлық, федеративтік және конфедеративтік мемлекеттерге бөлінеді.

 

 

 

3.1 Унитарлық мемлекеттер

 

 

Унитарлық (unus деген сөз – бір, жалғыз деп латын тілінен аударылады) мемлекеттің ішкі аумақтық құрылысында басқа мемлекеттер болмайды. Осы мағынада унитарлық мемлекет біртұтас мемлекет деп аталады. Унитарлық мемлекет, әдетте, тек әкімшілік-аумақтық құрылымын құрады. Әкімшілік-аумақтық бөлшектерге бөлінеді де, мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылымын құрады. Әкімшілік-аумақтық бөлшектерге ерекше құқықтық мәртебе берілмейді. Мұндай мемлекеттерде бір Конституция, бір заң шығаратын жоғары орган, бір жоғары басқару органы, біртұтас азаматтық болады. «Қазақстан Республикасы – унитарлық мемлекет.» [2., 36 бет]

Негізгі билік орталық үкіметтің уысына шоғырланған, орталыққа тәуелді және оған есеп беретін, өңірлік және жергілікті органдарға, заңға сай, белгілі мөлшерде билік берілген құрылымды мемлекеттер жатады. Биліктің бұлай бөлінуіне орталық үкімет толығымен егеменді әрекет етеді, халықаралық және ішкі істерде конституцияға сай, толыққанды билік жүргізеді. Бірақ ол билікті асыра қолдануға апарып соқпауға керек.

«Дүние жүзіндегі унитарлы мемлекеттер қатарында Ұлыбритания, Франция, Жапония, Түркия, Польша, Иордания, Уругвай, т.б. бар. Бұлар, негізінен, бір ұлтты мемлекеттер. Ұлттық азшылық өкілдерінің сол елдер тұрғындары арасындағы үлестері аз.» [4., 60 бет]

Информация о работе Мемлекет нысаны: саяси режим, басқару түрі, мемлекет құрылымы)