Мемлекет нысаны: саяси режим, басқару түрі, мемлекет құрылымы)

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 19:08, курсовая работа

Краткое описание

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдастық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы болып мемлекет қалыптасты. Мемлекет – қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт болып табылады. Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін

Оглавление

Кіріспе 3
1 Мемлекет нысанының түсінігі 5
2 Басқару нысаны: түсінігі, түрлері мен мазмұны 8
2.1 Монархия 8
2.2 Республика 11
3 Мемлекет құрылымының нысаны 16
3.1 Унитарлық мемлекеттер 17
3.2 Федеративтік мемлекеттер 17
3.3 Конфедеративтік мемлекеттер 19
4 Саяси режим: түсінігі, мазмұны 20
4.1 Демократиялық саяси режим 20
4.2 Антидемократиялық (демократияға қарсы) саяси режим түрлері 22
Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

мемлекет нысаны к.ж.doc

— 196.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының жері тұтас, ол бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды деген Конституцияның кіріспесінде. Сонымен, тұтас мемлекеттер тек қана әкімшілік-жергілікті аудандарға бөлінеді. Мысалы, Қазақстанда әкімшілік-аумақтық құрылысы 14 облыстан тұрады, оларды Президент тағайындаған әкімдер басқарады. Облыстар аудандарға, қалалық аудандарға, ауылдарға, селолар мен поселкелерге бөлінеді. Ал жергілікті өкілді органдар мәслихат деп аталады, оған депутаттарды халық сайлайды. Жергілікті әкімшілік-аймақтық бөліністердің құқықтары тең. Жергілікті атқару орган - әкім.

 

 

 

3.2 Федеративтік мемлекеттер

 

 

Мемлекеттік құрылымның екінші түрі – федерация. Федерация (латын тілінің foedaratio – одақ, бірлестік) – екі немесе одан да көп мемлекеттердің бірлестігі. Федеративтік мемлекет күрделі мемлекет. Онда федералды конституция, заң шығаратын, басқаратын органдар бар. Сонымен қатар оның бөлшектері болып саналатын мемлекеттік құрылымдарының да өз Конституциялары, жоғары заң шығаратын, басқаратын сот органдары болады.

Федерация – бұл күрделі, одақтас мемлекет, оның бөліктері мемлекеттік құрылымдар болып табылады және белгілі бір дәрежеде мемлекеттік егемендікке ие болады; федерацияда жоғарғы федералдық органдар мен федералдық заңнамамен қатар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен заңнамасы да болады; федерацияда салықтың екі каналды жүйесі пайдаланылады, оның белгілерінің бірі болып қос азаматтық табылады. Федерациялар аумақтық немесе ұлттық-мемлекеттік қағида бойынша құрылуы мүмкін.

Федерацияның аумағы оған кіретін мемлекеттік түзілімдер аумақтарының жиынтығынан тұрады. Федерациялық мемлекетте егемендік жалпы ұлттық және жергілікті үкіметтерге бөлініп беріледі, орталық және өңірлік билік иелерінің өкілеттіктері федералдық (одақтық) конституцияда нақты көрсетіледі.

Құрама бірнеше зиялы мемлекеттерден тұрады. Құрама мемлекет – күрделі мемлекет, ол федерацияның мүшелерін біріктіреді. Мемлекеттік органдар екіге бөлінеді: жалпы федерацияның органдары және әрбір мүшесінің жеке органдары. Федерацияның субъекттері ішкі істерін ерікті өздері шешеді, ал федеративтік орталық органның қолында барлық ішкі-сыртқы билік болады. Федеративтік республика халықаралық құқықтың алдында тек бір мемлекет болуға тиіс. Бірақ тәжірибеде кейбір федерацияның субъектілері өздері халықаралық қатынастарға шығуға құқығы бар еді, мысалы, «СССР (Украина мен Белоруссия БҰҰ мүшесі), Югославия, АҚШ, Канада. Көбіне олардың тәуелсіздігі формалды түрінде қалғаны мәлім. Халықаралық құқық федерациясының өкілі ретінде шарттарға орталық билік қолын қойғанын дұрыс санайды.» [5., 50 бет]

Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпы мемлекеттік конституциямен реттеледі. Әрбір субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот) органдары болады. Бірақ олар орталық институттарға бағынуы тиіс. Мысалы, мұндай федеративтік мемлекеттерге Австралия, Австрия, Бельгия, Бразилия, Германия, Малайзия, Нигерия және т.б. жатады.

Федерацияда конституция, астана, азаматтық, заңдар, сот және қаржы жүйесі бәрі екіге бөлінеді. Федерацияның екі түрлері бар: ұлттық құрама және жергілікті құрама. «Біріншісіне бұрынғы СССР, Югославия, Ресей, Үндістан жатады, ал екіншісіне АҚШ, Австрия, ФРГ, Швейцария жатады. Олардың мемлекеттік құрылысы тарихи дамуымен байланысты.» [5., 47 бет]

Жергілікті билік субъектілері әр елде әрқалай – штаттар, аймақтар, кантондар, жерлер, республикалар болып аталуы мүмкін. Федерацияға енген одақтық бірліктердің әрқайсысының өз конституциялары, өздерінің құқықтық және сот жүйелері болады. Көпшілік федерацияларда әр одақтық бірліктің азаматы одақтың да азаматы болып табылады.

Федерациялар көпшілік жағдайда екі ұстанымды негізге ала отырып құрылуы мүмкін. Оның біріншісі – аумақтық ұстаным. Мұндай жағдайда бір ұлттың өкілінен тұрса да, мемлекет жекелеген жергілікті билік субъектілеріне бөлініп кетеді. Оған мемлекеттік бірліктер аумақтарында қалыптасқан тарихи жағдайлар, бұрыннан келе жатқан дәстүрлер себеп болуы мүмкін.

Аумақтық ұстанымдар бойынша бөлінген федерациялық мемлекеттерге – Америка Құрама Штаттары, Мексика, Канада сияқты елдер жатады.

Федерациялық мемлекеттердің үлкен бір тобы ұлттық-аумақтық ұстаным бойынша құрылған. Олардың ішіндегі ең ірісі және көрнектісі – Ресей Федерациясы. Ресей Федерациясында аумақтық-әкімшілік бірліктерден басқа, ұлттық белгілері бойынша түзілген 21 республика, 1 автономиялық облыс, 10 автономиялық округ бар.

3.3 Конфедеративтік мемлекеттер

 

 

Конфедерация (латынның confoederare – шартпен байланысқан, біріккен) – тәуелсіздігін сақтай отырып, өздерінің кейбір әрекеттерін үйлестіру үшін біріккен мемлекеттердің жеке одағы. Бұл өте көлемді конфедерациялы мемлекеттердің одағынан және халықаралық ұйымнан айыру өте қиын. Конфедерациялық одаққа біріккен елдер, әдетте, сыртқы саясатты бірігіп жүргізеді, көбіне әскери одақтар құрады. Конфедерацияның құрамына кемінде екі, кейде ондаған елдер кіруі мүмкін. Дүние жүзіндегі ең ірі конфедерацияның мысалы ретінде Ұлыбритания Достастығын алуға болады. Бұл саяси-экономикалық бірлестікке 49 тәуелсіз мемлекет және Ұлыбританияға, Австралия мен Жаңа Зеландияға тәуелді аумақтар кіреді. Достастықтың орталығы – Ұлыбритания.

Конфедерация империяға қарағанда ерікті негізде құрылады. Бұл нақты бір тарихи кезең шегінде белгілі бір мақсаттарға жету үшін құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны құраған егеменді мемлекеттер халықаралық-құқықтық қатынастар субъектісі болып қала береді.

Тәуелсіз мемлекеттер конфедерацияға бірігуі мүмкін. Конфедерация – тәуелсіз мемлекеттер одағы. Мұндай одақ бір немесе бірнеше: саяси, экономикалық, әскери, т.с.с. мақсаттарды көздеп құрылады. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) конфедерация белгілері бір құрылым. Оған Еуропа Одағы да жатады.

Конфедерация өмірде сирек кездеседі. Мысалы, ол 1848 жылғы дейін Швейцарияда, 1778-1787 жылдарда Солтүстік Америка штаттарында, 1981-1989 жылдары Сенегамбияда болды. Қазір конфедерацияға ұқсас құрылымды Еуропалық одақ құрмақ ойы бар.

Конфедерация – белгілі мақсатқа жету үшін бірнеше ерікті мемлекеттердің уақытшы одағы. Конфедерация мүшелері өздерінің тәуелсіздігін толық сақтайды: азаматтығын, заңдарын, мемлекеттік аппаратты, сот және қаржы жүйесін, өздерінің ақшасын. Конфедерация қабылдаған шешімдерді олардың жоғарғы органдары мақұлдау керек. Тарихта конфедерацияның бірнеше түрлері кездеседі: Америкада 1781 жылы Конфедерацияның баптары қабылданған болатын, бұл бұрынғы Англияның 13 отарын біріктірді. Вашингтон бұл федерацияны құмнан істелген арқан деп атады. Конфедерацияның жалпы Конгресс деген органдары құрылды, ол тек қана үш сұрақты шешті: әскер, ақша, шет істер, басқа қызмет бабы әр штаттың қолында сақталған еді. «Германияда конфедерация 1815-1866 жылдары, Швейцария – 1815-1845 жылдары, Египет пен Сирия 1958 жылы біріккен Араб республикасын құрды, 1961 жылы Сирия бұл одақтан шықты. Сонымен, конфедерацияда орталық биліктің шешімдері тек конфедерация субъектінің мемлекеттік органдарына жайылады да, жеке адамдарға және ұйымдарға жайылмайды.» [5., 46 бет] Конфедерацияның субъектілері халықаралық қарым-қатынастардың субъектілері болып қала береді. Конфедерациялар өте әлсіз және тұрақты емес.

 

 

 

4 Саяси режим: түсінігі, мазмұны

 

 

Мемлекеттік нысанның соңғы элементі – саяси режим. Бұл режим деген сөзді екі мағынада қолданады. Бірінші – саяси режимді мемлекеттің бүкіл саяси жүйесіне таратады, ал оның екінші жағынан саяси режимді тек мемлекеттің қолданатын әдістері деп түсінуге болады. Сонымен, саяси режимді мемлекеттің қолданатын әдістері, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының дамуы және кепілдіктері, демократиялық институттарды қолдану.

Саяси режим деп мемлекеттік билікті жүзеге асыруға жәрдемдесетін тәсілдер мен әдістер, саяси билік, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады.

Саяси жүйе қоғамның күрделі, сан қырлы құрылымы болып табылады. Ол орасан зор үйлестіру және жинақтау қызметін атқарады. Жалпы қоғамның және оның әлеуметтік топтары мен жеке адамдарының өміршең, тұрақты дамуы саяси жүйенің қаншалықты орнықты, жақсы жұмыс істеуіне байланысты.

Саяси режим демократиялық және демокарияға қарсы режимдерге бөлінеді. Саяси режимнің мынадай түрлері болады: деспотиялық, аристократиялық, шектелген демократиялық, теократиялық, әскери-полицейлік, формалды-демократиялық, либералды-демократяилық, патерналистік, бонапаристік, авторитарлық, тоталитарлық, фашистік, расистік, отарлық, социалистік, пролетарлық және басқа түрлері.

Саяси режим – мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілі. Мемлекеттік билікті демократиялық жолмен жүзеге асырса, оны демократиялық режим деп атайды. Егер де мемлекеттік билік халыққа, оның мүддесіне үйлестірілмей, керісінше халықты басым көпшілігіне қарсы ұйымдастырылып жүргізілсе, оны демократияға қарсы режим деп атайды.

 

 

4.1 Демократиялық саяси режим

 

 

Демократия – халықтың билік қайнары ретіндегі танылуын негіз еткен, қоғамның саяси ұйымдасу формасы. Демокаритялы қоғамда азаматтарға шынайы құқықтар мен еркіндіктер, мемлекеттік мәселелерді шешуге қатысу мүмкіндіктері беріледі. Демократияның мәні мен маңызды нышаны – тұлғаға еркін құқық беру, адамның жеке басын қадірлеу болып табылады. Демократия әр елде әр түрлі деңгейде қабылданған тетіктер арқылы қоғамның өзгелермен терезесі тең мүшесі болып, өз тұрғысын білдіру, өз дауысын естірту мүмкіндігін алған адамның мемлекетті басқаруға қатысу құқығы. Демократия нәсіліне, жынысына, тіліне, ұстанатын дініне, әлеуметтік тегіне, мүліктік жағдайларына, көзқарастарына қарамастан, барлық азаматтардың теңдігін қалайды.

Демократиялық режимге халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік-саяси құрылысы жатады. Мұндай тәртіпте азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепіл беріледі, әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін көздеуші саяси партиялар, ұйымдар, мекемелер кедергісіз жұмыс істейді. Саяси өмір демократиялық негізде кең өріс алады. Саясат мәселелері ашық талқыланады, биліктің шектен тыс шоғырлануына жол берілмейтіндей тетік жасалады, азаматтарға қолайлы құқықтар мен еркіндіктер, олардың саяси көңілін білдіру түрлері айқындалады, жалпыға бірдей сайлау құқығы орнатылады.

Демократиялық режимнің белгілері:

1)     Халық мемлекеттік билікті жүзеге асыруға тікелей (азаматтардың референдумға қатысуы) және өкілдік (халықтың билікті өзі сайлаған өкілдік органдар арқылы жүзеге асыруы) демократия арқылы қатысады;

2)     Шешімді көпшілік азшылықтың мүдделерін ескере отырып қабылдайды;

3)     Мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының сайланбалылығы және ауыспалылығы, олардың сайлаушыларға есеп беруі, жариялылық;

4)     Сендіру, келісу, келісімге келу әдістері жиі қолданылады;

5)     Қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы заңның үстемдігі;

6)     Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары жарияланады және шын мәнінде қамтамасыз етіледі;

7)     Саяси плюрализм, соның ішінде көппартиялық;

8)     Биліктің тармақтарға бөлінуі және т.б.

«Бұл халықтың құқықтарына кепілдік берген, демократиялық әдістердің көбін мемлекет басқару процесінде қолдаған режим. Бірақ демократияның даму жолы өте ұзын, сондықтан демократиялық режимдері күшті дамыған мемлекеттер бар (Англия, Бельгия, Исландия), демократия әдістері жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттер (Қазақстан, Оңтүстік Корея), демократия формалдық түрінде енгізілген (СССР, ГДР) мемлекеттер де бар.» [3., 56 бет]

Сонымен қатар демократиялық режим мынадай ерекшеліктермен сипатталады:

1)     Адал, шынайы сайыс арқылы, жүйелі түрде өткізілетін сайлау. Ол амал-айласыз, қулық-сұмдықсыз жүргізілсе және оны шынайы өткізудің жолы табылғанда ғана адал болады. Егер мемлекеттік билік бір партияның қолында болса, да сайлау адалдыққа жатпайды. Шынайы сайыс арқылы дегенде өзінің кандидатурасын еркін ұсынуға мүмкіндігі бар әр түрлі топтар мен жеке тұлғалар болуын айтады. Егер бір топтар қатысып, екіншілері қатыса алмайтындай болса, ондай сайлау жарыс арқылы өтпегені. Жүйелі түрде деп сайлаудың белгілі бір мерзімде өткізілуін айтады.

2)     Үкіметтің сайлау арқылы дүниеге келуі. Демократияның қамтамасыз ету үшін сайлаудың жүйелі түрде жүргізілуі жеткіліксіз. Мысалы, Латын Америкасында сайлау жиі болып тұрады, бірақ содан кейін көп ұзамай әскери төңкеріс жасалып, билік басына басқа біреу келіп отырып алады. Бұл дұрыс емес. Себебі өкімет басына сайлау арқылы келу керек.

3)     Демократия жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың да құқығын қорғайды. Әдетте, демократияға азшылықтың көпшілікке бағынуын айтады. Бірақ ол аз. Көпшіліктің үкіметі жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың құқығын қорғағанда ғана демократиялы бола алады.

«Конституциялық және негізгі салалық заңдардың бәрі көпшіліктің талқылауынан кейін ғана қабылданады. Халық өзінің еркін осылай - өзі қабылдаған заңдар арқылы білдіреді.» [7., 126 бет]

Демократиялық кемшілігі оны жүзеге асыру үрдісіне байқалмайды. Мысалы, «демократиялы сайлауда әр адам бір дауысқа ие және ол дауыстар тең». Тереңірек үңіліп қарағанда, осы еркіндік пен теңдік идеалының кемшілігі бар екенін аңғару қиын емес. Кейбір азаматтар өздерінің еркіндіктерін өз қоғамында демократиялық ұстанымдар орнату игілігіне пайдалана алмайды.

Информация о работе Мемлекет нысаны: саяси режим, басқару түрі, мемлекет құрылымы)