Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 19:08, курсовая работа
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдастық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы болып мемлекет қалыптасты. Мемлекет – қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт болып табылады. Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін
Кіріспе 3
1 Мемлекет нысанының түсінігі 5
2 Басқару нысаны: түсінігі, түрлері мен мазмұны 8
2.1 Монархия 8
2.2 Республика 11
3 Мемлекет құрылымының нысаны 16
3.1 Унитарлық мемлекеттер 17
3.2 Федеративтік мемлекеттер 17
3.3 Конфедеративтік мемлекеттер 19
4 Саяси режим: түсінігі, мазмұны 20
4.1 Демократиялық саяси режим 20
4.2 Антидемократиялық (демократияға қарсы) саяси режим түрлері 22
Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ТАРИХЫ» КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән бойынша: _Мемлекет және құқық негіздері
Тақырыбы: Мемлекет нысаны: саяси режим, басқару түрі, мемлекет құрылымы)
Орындаған: ЗЮ-16 е.ж(к)
Тобының студенті
Масугутов М.Б
Тексерген:
оқытушы
Санасыров Т.Н.
Павлодар 2010
Мазмұны:
Кіріспе
1 Мемлекет нысанының түсінігі
2 Басқару нысаны: түсінігі, түрлері мен мазмұны
2.1 Монархия
2.2 Республика
3 Мемлекет құрылымының нысаны
3.1 Унитарлық мемлекеттер 17
3.2 Федеративтік мемлекеттер 17
3.3 Конфедеративтік мемлекеттер 19
4 Саяси режим: түсінігі, мазмұны 20
4.1 Демократиялық саяси режим 20
4.2 Антидемократиялық (демократияға қарсы) саяси режим түрлері 22
Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 27
Қосымша А
Қосымша Б 29
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдастық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы болып мемлекет қалыптасты. Мемлекет – қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт болып табылады. Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда өкіметтің күш-қуатына сүйенетін басқару жүйесі. Осы басқаруды іске асыру кезінде мемлекеттің басқару нысанына, құрылымдық нысанына және саяси тәртібіне мән бере отырып назар аудару маңызды істердің бірі.
Міне осы қасиеттердің не екендігін білу үшін, олардың қалай сараланатындығын табу үшін біз курстық жұмысымызда мемлекет нысаны жайында жазбақпыз.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Курстық жұмыс барысында әр түрлі мемлекеттердің қалыптасу тарихына шолу арқылы мемлекет нысанының қандай белгілі түрлері бар екендігін, әр елде бұл нысандар қалай алмастырылып отырғандығын және олардың территориялық орналастырылуына байланысты нысандардың өзгеруін қарастырдық. Жұмыстың басты өзектілігі – мемлекеттің мазмұнының оның нысанынан бөлінбейтіндігін, олар бір-бірімен тығыз байланыста дамуын көрсету.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеті - мемлекеттерді жіктеу процестері олардың тарихи дамуын дұрыс түсіну үшін қажеттігін көрсету, мемлекет нысанының негізгі элементтері арқылы әр елдің саяси биліктік бөлінуіне және мемлекеттік биліктің жоғары органдарының өкілеттіктеріне, ұстанған саясатына байланысты толық сипаттама беру мүмкіндігі.
Зерттеу жұмысының нысаны. Мемлекет нысанының қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнымен байланыстылығын көрсету, бағалау.
Зерттеу жұмысының пәні. Курстық жұмыстың негізгі көтерген мәселесі – мемлекет нысанының негізгі үш элементін жан-жақты ашу, талдау.
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі. Курстық жұмыс жазу барысында негізінде Ғайрат Сапарғалиевтың «Қазақстан Республикасының конституциялық құқық» атты кітабын, Қ. Жүкешев пен Г. Асанбекованың оқу құралдарын, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Казахстанская правда», «Юридическая газета», «Заң және заман», «Саясат» сияқты мерзімді баспа басылымдарында жарияланған бір қатар мақалаларды қарастырдық.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Курстық жұмыс жазу барысында негізгі жалпылау, сараптау, талдау, зерттеу, жинау әдіс-тәсілдері қолданылған.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Бұл курстық жұмыстың басқа жұмыстардан ерекшелігі мемлекет нысаны жөнінде толық мағлұмат алуға болады. Жұмыста берілген мағлұматтарға сүйене отырып, мемлекет нысанының не екендігін, оның қандай элементтерден тұратындығын және оның әрбір элементіне жан-жақты анықтама тауып, толыққанды жете түсінуге болады. Бұл көптеген тарихи тыңи ғылыми жұмыстарға бастау бола алады.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық мәнділігі. Бұл курстық жұмыстағы көтерілген мемлекет нысаны туралы мәселеден жоғары оқу орын студенттері Конституциялық құқық пәні бойынша теориялық мәлімет алуға болады. Сонымен бірге мұндағы көтерілген бірсыпыра тыңи жаңалықтар Мемлекет және құқық тарихы мен негіздері, Саясаттану және Халықаралық құқық пәндерімен тығыз байланысты болғандықтан студенттерге жаңа ғылыми жобаларда тәжірибе ретінде қолданылуға болады.
1 Мемлекет нысанының түсінігі
Мемлекет бірқатар маңызды функциялар атқарады. Бұдан екі ғасыр бұрын өмір сүрген ағылшын экономисі Адам Смиттің тұжырымдауы бойынша, «табиғи еркіндік жүйесіне сәйкес, мемлекет аса маңызды да нақты және түсінікті үш функцияны атқаруы керек. Біріншіден, қоғамды күш көрсетуден және өзге тәуелсіз қоғамдардың басып кіруінен қорғау; екіншіден, мүмкіндігіне қарай, қоғамның әр мүшесін әділетсіздіктен және сол қоғамның өзге мүшелерінің тарапынан езгіден сақтау; үшіншіден, жекелеген адамдар мен шағын топтардың мүдделеріне қызмет етпейтін, белгілі бір қоғамдық мекемелер ұстау міндеттілігі» [3., 99 бет]. Үкімет ерікті қоғамды сақтау және нығайту бағытында шаралар жүргізу керек.
Аталған функцияларды орындау үшін мемлекетке билік органы, басқару органы, күштеп бағындыру органы және сот керек.
Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты. Демократиялық мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттерде көбіне монархиялық басқару болғаны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет, Англия, АҚШ мемлекеттерінің философтары, Аристотель, Монтескье, Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.
Мемлекеттің тарихи даму процесінде оның нысанына бірнеше жағдайлар әсер етеді. Бірінші жағдайға географиялық, климат, тарихи факторлар жатады. Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оның шекарасы теңізге, мұхитқа шықса, бұл екі жағдайда екі мемлекеттің нысаны екі түрлі болады. Аралда орналасқан мемлекеттердің континенттік мемлекеттермен салыстырғанда демократиялық режимдері күштілеу екені байқалады. Шығыс мемлекеттерде бірінші ірі цивилизациялардың дамуы ұлы өзендермен байланысты болды: Қытайда – Хуанхэ, Египетте – Ніл, Вавилонда – Тигр және Евфрат, Үндістанда – Ганг. Шығыс мемлекеттерде – монархия, Европада – шектелген монархия немесе республика құрылған. Ежелгі демократиялық республикалар Жерорта теңізінің жағасында орналасқан. Ол мемлекеттер шапшаң, жақсы дамығаны белгілі. Қазақстанның географиялық жағдайы екі бірдей – Ресей және Қытай сияқты ірі мемлекеттермен көршілес болуы, теңізге қашықтығы және ашық тікелей жолдың жоқтығы мемлекеттің дамуына едәуір нұқсан келтіріп отыр.
Мемлекеттің құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерін тигізеді. Мысалы, «Үндістанның мемлекет құрылысы туралы қатаң қағида болған: патшаның әділетті болуы, жеке меншікті бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын және олардың айтқан ақылдарын тыңдауы міндетті болған. Бұл туралы Ману заңдарында айтылған.» [5., 39 бет] Ресейдің феодалдық мемлекеттерінде халық жиналысының, соттың, рулық қауымның рөлдері көпке дейін сақталып келді. Саяси жағдай, топтардың арасында қарым-қатынастар шиеленіскен жағдайларда демократиялық басқару бір адамның қолында болды: Наполеон, Рузвельт, Гитлер, Пиночет. Ал мемлекеттің экономикасы жақсы дамыған кезде, жағдай тыныш уақытта демократиялық әдістер жақсы қолданылатыны мәлім (Греция, Рим, Швейцария, Бельгия).
Мемлекеттің құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерін тигізеді. Ресей, Үндістан, Америка, Мексика мемлекеттері көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан олардың мемлекеттік құрылымдары – федерация. Бұл жағдайды анықтау үшін Германияның мемлекеттік процесін және тарихын жақсы білу керек. ХІХ ғасырда Пруссия мен Австрияның гегемония үшін күресі Пруссияның жеңісімен аяқталды. Бірақ феодализм кезеңінен Германияның капитализмге көшкенімен буржуазиялық мемлекеттің қалыптасуы аяқталған жоқ. Сондықтан, қазір де немістер бірнеше тәуелді мемлекеттерден тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия – олар федерацияға жатады.
Қазақстан жерінде көне дәуірден қазақтың арғы атасы түріктер, бергі атасы қыпшақтар өмір сүрген. ХV ғасырда қазақ хандығы құрылып өзінің тәуелсіз мемлекеті болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы ХХ ғасырда болды. Сондықтан, Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясында Қазақстан біртұтас, бөлінбейтін мемлекет болып жарияланды.
Мемлекеттің нысанына – халықаралық жағдай, мемлекеттердің арасындағы мемлекеттердің басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерінің нысаны үлгі болатыны мәлім. Дамыған елдердің саяси-мемлекеттік құрылысы, олардың демократиялық іс-әрекеттері дамушы елдерге көп әсер етуі - объективтік процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкіл Европа континентіне, Жапония және Скандинавия мемлекеттеріне өзінің шектелген конституциялық монархиясын үлгі ретінде сыйлағаны белгілі. Ал АҚШ өзінің көрші мемлекеттеріне және пост тоталитарлық мемлекеттерге президенттік республиканың әсерін тигізді. Франциядағы Де Голль құрған парламенттік республика да кейбір мемлекеттерге әсерін тигізді.
«Республиканың мемлекеттік құрылысына саяси күшті адамдардың қызметі және жүргізген саясаты әсерін тигізеді: Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан, Абылай, Петр І, Ататүрік және басқаларын еске алсақ дұрыс болады. Марксизм-Ленинизм саясаты бір континенттің мемлекеттеріне 70 жылдан аса үлгі болды. Тек қана Еуразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканың мемлекеттерінің тарихына ықпал жасағаны мәлім.» [5., 41 бет]
Мемлекеттің дамуына діни факторлары да әсерін тигізеді. Мұсылман, католик, христиан, буддистік мемлекеттердің өздеріне тән нышандары бар. Сонымен, мемлекеттің сыртқы формасын анықтау үшін көп фактілерді терең зерттеу керек.
Мемлекетті басқарудың бірқатар тарихи қалыптасқан формалары бар. Бұл жерде басқару формалары туралы сөз қозғаудан бұрын мемлекетті басқаратын адамның немесе адамдар тобының құқығы туралы мәселені шешіп алу керек. Билік жүргізуге ұмтылушылар, әдетте, аз болмайды. Бірақ олардың бәрі бірдей биліктің жоғары эшелонына бара алмайды. Билік тізгіні белгілі бір өлшемдер мен заңдар бойынша оны ұстауға құқығы бар адамдарға немесе адамдар тобына ғана берілуі тиіс.
Өркениет тарихын саралап қарасақ, мемлекетті басқаруға жіберілетіндердің төмендегідей ықтималдығы болуы керек екендігін көреміз. «Бірінші жағдайда – билік атадан балаға мұра ретінде қалдырылады. Екінші жағдайда – билік тізгінің ұстайтын адам билікке ұмтылушылар арасынан еркін сайлау жүргізу арқылы таңдалады. Үшінші жағдайда – қастандық, бүлік, төңкеріс немесе революциялық жолдардың бірімен билікті әлдекімдер күшпен басып алуы мүмкін.» [3., 99 бет]
Жоғарыда аталған билікке қол жеткізудің мүмкін болатын үш жолының алғашқы екеуі заңды, үшіншісі заңсыз болып табылады. Әдетте, билік басына заңсыз келгендер өз әрекеттерінің заңсыздығын мойындамайды, керісінше, істегендерін заңды етіп көрсетуге тырысады. Сондықтан өздерінің билік тұтқаларына заңсыз, қастандықпен немесе революция арқылы қол жеткізілген жағдайын халыққа мейілінше жадағайлап түсіндіреді. Олар өз әрекеттерін халық атынан көпшіліктің мүддесі үшін жасағандарын айтып, келешекте «қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын» заман орнатуға уәде береді. Көпшілік жағдайда билікке күш қолдану жолымен келгендер қысқа мерзім ішінде «сайлау» немесе «референдум» өткізіп, өздерінің орындарын «заңдастырып» алуға тырысады. Тарихта, қалыптасқан шым-шытырық ахуалдардың салдарынан, биліктің кездейсоқ адамдар тобының қолына өтіп кету сәттері де ұшырасқан.
Информация о работе Мемлекет нысаны: саяси режим, басқару түрі, мемлекет құрылымы)