Қорықтар – биосфера эталоны

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 20:48, реферат

Краткое описание

Каспий теңізі — Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Аты XVI ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Грузияда Каспи қаласы қазір де бар. Сонымен бірге Гиркан (I ғасыр), Хазар (ІІ-Х ғасыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғасыр) және т. б. 60-тан астам тарихи атауы бар. Олар соңғы үш мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 18.84 Кб (Скачать)

Экология 

 

Елімізде көптеген өзен-көлдер, бөгендер, таулар, шөлейт-шөл зоналары бар. Олардың бірі:  Каспий теңізі.

Каспий теңізі — Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер  шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз  деп атайды. Аты XVI ғасырдың аяғында  осы теңіз жағасында қоныстанған  Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Грузияда Каспи қаласы қазір де бар. Сонымен бірге Гиркан (I ғасыр), Хазар (ІІ-Х ғасыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғасыр) және т. б. 60-тан астам тарихи атауы  бар. Олар соңғы үш мың жылдағы  өмір сүрген халықтардың қойған аттары.

Каспий теңізі неоген дәуірінің  аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізден бөлінді. Бұл кезді  Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің  жалпы ауданы 390 мың км2. Оның беті мұхит деңгейінен 27 м төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері -435 км, ал енсіз жері - 193 км. Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы - 7000 км. Оның суы 5 мемлекеттің жағалауын шайып жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан үлесіне 29 % (2340 км), Ресейге - 16%, Әзербайжанға -20%, Түрікменстанға - 21%, Иран Ислам Республикасына -14% тиеді.

Каспий теңізі қазаншұңқырларының бедеріне қарай үшке бөлінген. Солтүстік  бөлігінің шегі Маңғыстау түбегі бойымен өтеді. Ортаңғы белігі содан  Апшерон түбегіне дейін созылған, қалған жері оңтүстік бөліктің үлесіне  келеді. Солтүстік бөлігі таяз, көп  жерінде 5 м-ден аспайды, ең терең  жері 26 м, жалпы теңіз ауданының 24 %-ын алады. Орталық Каспийдің орташа тереңдігі 200 м, ең терең жері 788 м, жалпы  теңіз ауданының 36 %-ын қамтиды. Оңтүстік бөлігінің орташа тереңдігі 345 м, ең терең жері 1025 м, теңіз ауданының 40 %-ын, ал теңіз суының 66 %-ын  алып жатыр. Қазақстанға жататын солтүстік және орта бөлігінің солтүстігі анағұрлым тайыз болып келеді. Аралдар саны аз, жалпы ауданы 2045 км2. Қазақстан жерінде олардың 88 %-ы орналасқан. Ең ірілері Төленді аралдар тобындағы (архипелаг) Құлалы (73 км2) және Морской (65 км2) аралдары. Каспийге шығыс жақтан Маңғыстау, Түпқараған, Бозащы сияқты үлкен түбектер сұғына еніп жатыр, шығыс жағалауында шығанақтар да көбірек кездеседі. Олардың қатарында Маңғыстау мен Қазақ шығанақтары бар.

Теңіз екі климаттық белдеуде орналасқан. Солтүстігі қоңыржай континентті  климатта, оңтүстік батысы — құрғақ субтропиктер, шығысы Орта Азия шұғыл  континентті климаттар арасында жатыр. Жазда Каспий теңізінің беті катты ңызады, температура барлық бөлігінде де бірдей: шілдеде орташа температура +24°+26°С. Қыста температура  өзгеше. Солтүстікте қыс қатты. Қаңтар айының орташа температурасы -7-11°С. Орта бөлігінде +1+5°С, ал оңтүстікте +8+10°С. Қаңтардың  ең төменгі температурасы -38°С-қа жетеді. Теңіздің шығыс жағалауының қысы барлық ендікте де батыс жағалауға  қарағанда суықтау келеді. Қыс  айларында Каспий теңізінің тек  солтүстік таяз бөлігі ғана қатады. Мұздың қалыңдығы 2 м-ге дейін жетеді. Судың жоғарғы қабаттарының қысқы  температурасы солтүстігінде -1,0°, оңтүстігінде +10° + 11°С-қа дейін жоғарылайды. Тамыз  айында температура айдынның бірқатар бөлігінде +24°С, ал оңтүстікте +28°С-қа дейін  көтеріледі.

Судың тұздылығы Солтүстік  Каспийде құбылмалы, ал Еділ мен Жайық  сағасына жақын жерде 0,2-2 %болса, орталық бөлігі 10-12 %о-ге дейін кебейеді. Орталық және оңтүстік бөліктерінде тұз құрамы онша өзгермейді, әдетте 13-14 %о болады.

Теңіз деңгейі үнемі өзгеріп  тұрады. 1830-1929 жылдары 25,5 және 26,6 м көрсеткішінен  айнымады. 1929 жылдан 1977 жылға дейін  деңгейдің күрт төмендеуі (-29 м) байқалды. 1978 жылдан бастап Каспий қайта көтерілді, 1995 жылдың басында - 26,5 м-лік көрсеткішке  жетті. Жағалауды теңіз суы қайта  басты. Еділ сағасында 4-5 км, Жайық сағасында 6-12 км, Қаратон, Теңіз, Прорвада кен  орындарының тұсында 35-45 км, Бозащы түбегінде 4-10 км жер су астында қалды. Теңіз суының қазіргі деңгейінің жоғарылауын климаттық жағдайға байланысты түсіндіреді. Каспий суының көтерілуі 45 %-ы теңізге қүятын өзендер, 16%-ы айдынға жауатын жауын-шашынның молаюы, 25%-ы теңіз үстінен булану мөлшерінің азаюы және 14%-ы Қарабұғазкөл шығанағына құйылатын суды шектеуге байланысты.

Теңізге құятын өзендер мен  қоректік заттың мол тасымалдануына байланысты, Каспий теңізі балыққа  бай, итбалық та көп кездеседі. Итбалық  теңіздің бір кезде Солтүстік  Мұзды мұхитпен байланыста болғанын көрсетеді. Балықтар мен итбалықтың үлкен кәсіптік маңызы бар. Ең бағалы балықтарға бекіре (бекіре, шоқыр, қортпа) тұқымдастары жатады. Дүние жүзінде  жыл сайын ауланатын бекіре тұқымдас балықтың 80%-ынан астамы Каспий теңізі үлесіне тиеді. Каспийде ауланатын  бекіре тұқымдас балықтардың Қазақстан  үлесіне 40%-ы тиеді. Каспийде өсімдіктердің 500 түрі, балық пен жануарлардың 769 түрі мекендейді. Мұнда балықтың 55 түрі кездеседі. Бағалы балық — қортпа (белуга) ұзындығы 6-7 м-ге, ал салмағы 1800 кг-ға дейін жетеді, 100 жылға дейін  тіршілік етеді. Бекіренің (осетр) ұзындығы 2,3 м. салмағы 100 кг-ға дейін барады. Шоқырдың (севрюга) ұзындығы 2,2 м-ге, салмағы 40-80 кг-ға дейін жетеді. Каспийде олардан  басқа сазан, көксерке, сыла, майшабақ т. б. ауланады.

Каспий жағалауында қазіргі  кезде құстардың 260 түрі кездеседі. Тек Каспийдің шығыс жағалауында  жыл сайын кәсіптік маңызы бар 2 млн  құс қонақтайды. Кей жылдары суда жүзетін 3 млн-дай құс қыстап шығады.

Ақтау қаласында теңіз  суын тұщыландыратын қуатты қондырғы орнатылған. Каспий теңізінің Ақтау  порты заман талабына сай қайта  женделіп, жабдықталды, теңіз айлағы кеңейтілді. Теңіз флоты құрылды. Басқа елдермен сауда қарым-қатынастар порт арқылы жүзеге асуда. Теңіз жағалауында - Атырау, Форт-Шевченко, Ақтау және т.б. қалалар бар.

Өзіміздің Жетісу өңіріндегі көлдердің бірі Балқаш.

Қазақстандағы ауданы жағынан  Каспий және Арал теңіздерінен кейінгі  үшінші көл – Балқаш көлі. Ол республиканың  оңтүстік-шығысында Балқаш-Алакөл ойысында орналасқан. Теңіз деңгейінен 342 м  биіктікте жатыр. Көлдің ауданы 18200 км2, ұзындығы 614 км, ең енді жері 74 км, жағасының ұзындығы 2383 км. Суының көлемі 106 км3. Балқаш көлі жан-жағынан палеозой қатпарлықтарында құрылған, Сарыарқаның ұсақ шоқылары, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Шу-Іле тауларымен қоршалған. Балқаш пен Алакөл шараларының пайда болуы мен геологиялық тарихының ұқсастығын алғашқы болып жазып қалдырған қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов. Оның түжы-рымы бойынша, Алакөл тобы бір кездегі Үлкен Балқаш-тан бөлініп қалған. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқамен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақты палеозой жыныстарынан (гранит, порфир, тақтатас, әктас) түзілген. Оңтүстік шығыс жағалауы көтеріңкі. Оңтүстік жағалауы көлдің біртіндеп шегінген кезінде қалдырған Сарыесік Атырау құмды жазықтарынан тұрады. Бұл жағалаудың көпшілік бөлігінде қамыс қопалары өскен.

Балқаш көлі Батыс және Шығыс болып екіге бөлінеді. Батысының  тереңдігі 6-12 м, Шығысынікі - 15 м. Балқаштың  ең терең жері 26 м, шығысында көптеген түбектер мен шығанақтар, мүйістер бар. Ірі аралдары — Басарал, Тасарал. Балқашқа құятын өзендер: Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз, Бақанас және т.б. Көлдің батыс және шығыс бөліктеріне  құятын беткі ағысының бір-бірінен  үлкен айырмасы бар. Көл суының 67%-ын Іле өзені береді, калған өзендердің үлесіне 20%, жауын-шашынға 11%, жер асты суының үлесіне 2% келеді. Сондықтан  көлдің батыс бөлігіне келетін су шығыс бөлігімен салыстырғанда 5 есе көп. Осындай айырмашылыққа  байланысты суының сапа-сы да батыс  және шығыс бөліктерінің бір-бірінен  үлкен ерекшелігі байкалады. Көлде  екі түрлі ағыс бар: 1) Іле өзені  алып келген мол су батыс бөлігіне қүяды, одан пайда бол-ған ағыс сағат  тілінің бағытымен шығысқа қарай  қозғалады; 2) жел ағысы солтүстік-батыс  желдердің әсерінен пайда болады.

Балқаш суының тұздылығы  біркелкі емес. Батыс бөлігінде Іле  өзенінің құяр жерінде суы тұщы, ал шығыс бөлігінің тұздылығы  — 5,2%о. Көл суының деңгейі, оған құятын өзен суының ағысының өзгеруіне байланысты жыл мезгілдерінде өзгеріп отырады. Су деңгейінің ең жоғарғы кезі сәуір  мен шілде аралығында байқалады. Одан кейін күздің аяғына дейін деңгейі  төмендей береді.

Климаттың континенттігіне  байланысты көл суының температурасы  қыста төмен, жазда жоғары болады. Шілде айының орташа температурасы +24°С, қаңтарда -8°С-қа жуық. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 120 мм. Желдің орташа жылдамдығы 4,5-4,8 м/с. Көл қарашадан бастап қатады. Мұздың қалыңдығы 70 см-ге дейін жетеді. Көл беті 120-140 күн мұз құрсанып, сәуірдің ортасында мұзы түседі.

Балқашта кәсіптік маңызы бар балықтардың 20-дан астам түрі бар. Оның алты түрі ежелден көлдің өзінде өскен балықтар (ілеш, балқаш көкбасы, балқаш алабұғасы т. б.), қалғандары басқа жақтан әкелініп (тұқы, аққайраң, көксерке, арал қаязы), жерсіндірілген балықтар.

Көлдің жағалауындағы  қалың қамыс қопаларына көптеген құстар ұя салады. Көлде қаз, үйрек, шағала, аққу және басқа суда жүзетін  құстар бар. Іле өзені атырауында қамыс суының жалпы ауданы 40000 гектар жерді алып жатыр. Мұнда жыл сайын 1 млн т-ға дейін пішен дайындауға болады. Ну қамыста қабандар бар, Балқаштың соңғы жолбарысы 1948 жылы Іле атырауынан атылып алынған. Балқаш ауданында терісі бағалы ондатр жерсіндірілген. Бұлар тез көбейіп, ТМД елдерінде ең ірі ондатр шаруашылығына айналған. 1970-80 жылдары бұл өңірден жыл сайын 1 млн-ға жуық ондатр терісі даярланып, тапсырылып келді. Қазір бағалы аңдардың саны азайды.

Себебі Іле өзенінде Қапшағай бөгені салынуына байланысты Балқаш көлінің гидрологиялық режимі өзгерді. Көлдің деңгейі 2 м төмендеді. Тұздылығы  артты, Іле өзенінің көлге құяр сағасы біршама тартылды. Бөген суымен 450 мың гектар жаңа жер суарылды. Аққала және Шеңгелді атырабы игерілді. Оған қосымша Үлкен Алматы каналы, Қаратау күріш атырабы көлге келетін су мөлшерін кемітті. Егістіктерге сіңірілген химиялық тыңайтқыштар да көл суының сапасын нашарлатты.

Балқаш көлінде кеме қатынасы үзілмейді. Басты айлақтары: Балқаш, Сарышаған, Бурылбайтал, Бөрлітөбе.

Келдің солтүстік жағасында  мыс балқыту комбинаты жұмыс  істейді. Көлдің суын Балқаш кен-металлургия  комбинаты кеңінен пайдаланады. 

 

Бөгендер 

 

Бөгендер Қазақстан аумағында жер беті ағындарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасалады. Егер көлемі кіші ойыстарды бөгейтін болса, оларды тоған деп атайды. Бөгендер негізінде халықтың қажетін өтеу үшін жасалады. Бөгендер су айдынының алып жатқан ауданына қарай келесі бөліктерге бөлінеді: 50 км2-ге дейін -кіші, 250 км2-ге дейін - орта, 1000 км2-ге дейін - ірі, одан үлкендері - аса ірі бегендер.

Қазақстанда қазір 3 мыңдай бөгендер мен тоғандар бар. Алып жатқан ауданы 10 мың км2. Оларда 90 кмтұщы су жиналған. Республикада екі өте ірі, бір – ірі және алты орта бөгендер бар, қалғандары кіші бөгендер бар. Бөгендердің көбі Орталық, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда шоғырланған. Олар: Бұқтырма, Қапшағай, Шардара, Самарқан, Бөген,Ақкөл, Молодежное, Шерубай-Нұра, Кеңгір, Өскемен, т.б. Осы аймақтың 20 бөгенінің су айдыны (акваториясы) 8,7 мың км2- ді (барлық бөгендердің 87 %) құрайды, ал су көлемі 86 км3-ден (барлық бөгендердің 95%) артық.

Бөгендердің шаруашылық маңызы зор. Оларды энергетикалық, транспорттык, ирригациялық, рекреациялық мәселелерді  шешуде, спорт, балық аулау бағдарламаларында  пайдаланады. 

 


Информация о работе Қорықтар – биосфера эталоны