Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 19:43, реферат
Қазіргі уақытта өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерге ақша айналысынан қағаз ақшаларды несие ақшалары ығыстырып шығаруда. Себебі; бріншіден, несие ақшалары қолдануда икемді және оларды қолдану аясын шаруашылықтың қажетіне орай тез ұлғайтуға мүмкіндік береді, екіншіден , оларды пайдалану айналыс шығындарын азайтуға өндіріс ауқымын дамытуғамүмкіндік туғызады.
Нарықтық экономика ерекшеліктері банктік емес мекемелермен үйлестіре отырып көп деңгейлі банк жүйесінің , олардың ақша несие және делдалдық қызметінің формалары мен түрлері бойынша көп түрлілігінің Орталық және басқа банктер арасындағы функцияларды заң жүзінде бөлудің қажеттілігін тудырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейін құрайды.
Банк ісінің әлемдік тәжірбиесі көрсетіп отырғандай , барлық елдердегі несиелік институттардың ішінен елдің бүкіл несиелік жүйесін басқаруда басты роль атқаратын орталық банктер бөлініп шығатын болады.Ал олардың басшылық ролі мемлекет берген кең ауқымды өкілеттіліктерге байланысты. Банктердің банк функцияларын , ақша –несие эмиссиясын жузеге асыруына байланысты орталық банктер коммерциялық банктердің , яғни екінші деңгейлі банктердің қызметіне әкімшілік бақылау мен нақты экономикалық ықпал етуқұқығы несиелік мекемелер міндетті түрде қолдануы тиіс норма шығару құқығы бар. Коммерциялық банктер несиелік саясат жургізуде және өз клиенттеріне толығымен дербес әр түрлі қызметтер көрсетуде.
Мемлекет экономикаға жетекшілік жасай отырып, Ұлттық банк арқылы бірегей ақша-несие саясатын жүргізеді. Бұл принцип айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, ақша-несие саясатын жалпы экономикалық саясатты жузеге асыру және оны әлемдік экономикағаинтеграциялау саласында республика мүдделерін қорғау үшін қажет.
Несие
жүйесінің құрудың маңызды
Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында шамамен 77 банк және олардың 783 бөлімшелері мен филиалдары орналасқан.
Бүкіл ақша айналымының несие жүйесінде жинақталуы несиелік ресурстарды шоғырландыруға және оларды елдіңхалық шаруашылығына ұтымды бағыттауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік валюталар монополия принципіне ерекше маңыз береді. Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңында былай делінген ; «Қазақстан Республикасының Президенті мен Министрлер кабинеті өз құзіреті шегінде валюталық реттеу саласында осы заң жағдайларына қайшы келмейтін нормативті актілерді қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі – Қазақстан республикасының валютасын реттеудің негізгі органы болып табылады.
«Валюталық реттеу» түсінігіне нормативті актілерді жасап шығару, ақпарат жинау, валюталық заңдардың сақталуын бақылау және оны бұзған тұлғаларға санкциялар қолдану керек. Ұлттық банк валюталық реттеу функцияларын жузеге асырады.
Бұл принцип –ел тәуелсіздігін сақтау шарттарының бірі, валюталы резервтерді жинақтау құралы және ақша айналысын басқа елдер валюталарының ықпалынан сенімді қорғау жолы.
Орталық банктің автономиясы егемен елдер заңдарымен бекітілген. Банктер жедел банктік қызметпен байланысты шешімдерді қабылдау кезінде үкімет пен атқарушы билік органдарынан тәуелсіз.
Ұлттық банк тек Қазақстан республикасы Президентіне ғана есеп бере алды.
Кей жағдайда бұл Республиканың ұзақ мерзімді міндеттерінің қозғаушысы ретінде Ұлттық банк мүдделері үкіметтің қысқа мерзімді мүдделеріне сәйкес келмеуі мүмкін; үкімет болса мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайынды Ұлттық банктің несиелік ресурстарын осы тапшылықты жабуға пайдалануға тырысады , ал бұл ақша айналымынының тұрақтылығын бұзады, инфляцияның өршуіне себепкер болады.
Орталық банк елдегі ақша-несие саясатының капиталы мемлекет иелігіне , алайда акционерлер ретінде коммерциялық банктер бола алады. Оларда да орталық банктер атқарушы органдардан тәуелсіз, тек парламентке ғана есеп береді.
Орталық
банктердің автономиясы Батыс Германияда,
АҚШ –та заң жүзінде
АҚШ –тың несие жүйесінің жоғары органы болып табылатын –Федералды резерв жүйесінің мүшелерін - сенаттың мақұлдауымен президент тағайындайды және олардың қызметі жөніндегі келіспеушілік бойынша қызметінен босатылуы мүмкін емес. Басқарушылар кеңесі конгрессо алдында есеп беріп отырады.
Біздің еліміз бен шет елдердегі несие жүйесінің автономдылығының елеулі дәрежесі – экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ақша-несие жәнне валюталық тұрақтылықты сақтау міндеттеріне қатысты болып келеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің біршама тәуелсіздігінің негізгі жағдайы бюджетке қатысты мәселенің шешімі болып табылады. Мемлекеттік қаржылар және банктік жүйелерді заңмен шектеу, яғни үкіметтің Ұлттық банк қаражаттарын пайдалануына шек қоюдың принципиалдық мәні бар.
Президенттің «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» заң күші бар жарлығында былай деп жазылған: « Жүргізіліп отырған мемлекеттік ақша –несие саясатының және оны заңға сәйкес Қазақстан Республикасы қарж жүйесінің қызмет етуінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк:
а) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне заем алушының кепілдендірілген міндеттемесіне келісімді шарттармен қысқа мерзімді несиелер береді;
ә) осы шоттар бойынша үкмет жәрдемімен ашылған Қазақстанның халқаралық ұйымдарда мүшелігімен байланысты жазылымдар мен басқа да төлемдермен қатысты өзара келісімен шарттарымен Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігіне қосмша несиелер береді.
Осылайша Үкімет, Ұлтық баніктің басқа да клиенттері тәрізді әрібір несие бойынша қайтарымдылық мақсатты сипатының мерзімділігі және төзімділік шаттарына сәйкес келетін келісім негізінде қарыз алады.
Үкімет әр бір несие бойынша нарықтық пайыздық мөлшерлемерлері бар тапсырылатын бағалы қағаздар шығарады. Оларды Ұлттық банктен өтеп алу мерзімі алты айдан аспауы тиіс, бірақ бұл мерзімді Қазақстан Республикасы Парламенті жыл аяағына дейін ұзатуы мүмкін.
АҚШ,
Жапония, Англия, Канада және басқада
елдерде іс жүзінде үкметті
тікелей несиелендіру жоқ: Германия,
Голандия; Францияда заңмен шектелген,
Австрияда үкметтік несиеден
заң алтын және конвертацияланатын
валютамен 100пайыз қамтамасыз
етілуі талап етіледі. (6.151)
2.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕСИЕ-АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
.
Несие жүйесі – жалпы банктердің және банктік операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы.
Несие
жүйесі ұғымы банк жүйесіне
қарағанда кеңірек яғни мұнда өзге
де несиелік мекемелер қамтылады.
Әр елдің өзіндік ерекшелеріне
қарай несие немесе банк
жүесінің құрлымы қалыптасады.
Қазақстан Республикасындағы несиелік
жүйе екі буыннан тұрады:біріншісі-банктік
жүйе, екіншісі-парабанктік жүйе. .
Қазақстан Республикасындағы соғы
жылдарындағы несие жүйесі
туралы мәлеметтер 1- кестеде
беріледі.
Несие жүйесінің элементтері | 12.2000 | 12.2001 | 12.2002 | 12.2003 |
Екінші денгейдегі банк-ң барлығы оның ішіндегі: | 48 | 44 | 38 | 35 |
Мемлекеттік | 1 | 2 | 2 | 2 |
Мемлекетаралық | 1 | 1 | - | - |
Шетел
капиталының қатысуымен,
оның ішінде:
-100 пайыз, 50пайыздан аса, оның ішінде:еншілес банктер |
16 9/7 12 |
16 9/6 11 |
17 9/6 11 |
16 10/4 10 |
2 несиелік серіктестіктер | 8 | 19 | 29 | 37 |
3 ломбарттар | 42 | 45 | 52 | 35 |
4 ипотекалық компаниялар | - | 2 | 2 | 2 |
5 басқа да ұйымдар | 53 | 41 | 42 | 46 |
1-кестеден көріп отырғандай, банктеріміздің саны жылдан-жылға азаюда. 90-ж. басында олардың саны 200-ден асты,сөйтіп банк жүйесін реформалау барысында олардың саны 35-ке жетті.Жалпы банктер қатарында мемлекеттік банктер саны- 2.Қазақстанның банкттік секторында шетел капиталының саны кеңие түсуде,олардың саны-16, яғни жалпы банкттер жартысына жуығын алды. Ал банкттік емес мекемелерде керісінше өсіп келе жатқандығын байқаймыз.
Парабанктік жүйе экономикамыздың нарықтық қатнастарға көшу барысында жаңадан қалыптасып, енді ғана дамып келе жатқан жаңа құрлымды сипаттайды.
Банкттікемес
мекемелерінің немесе парабаніктік
мекемелердің банктердің айырмашылығы-олар
біріншіден,клиеттердің белгілі
бір түріне ғана қызмет етсе,
екіншісі,банктік оперпциялардың
жекелеген түрлері бойынша қызмет
көрсетеді [8;117]
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда, ақша айналымына ақшаның несие түрлі жетілген және автоматтандырылған жүйесін енгізгенмен адмзат қоғамының негізгі – тауарлы өндіріс болғандықтан «ақшасыз шаруашылық» деген ілім құрғақ қиял болып қала бермек. Ақша бұрын да болған, қазір де бар, болашақта да болады.
Несие ақшалары өте ерте заманнан пайдаланып келеді. Мысалы, төлем міндеттемесінің ең жай түрі қолхат сауда келісімдерінде жаңа дәуірге дейінгі бір мың жылдықта Вавилонда пайда болған.
Несие - ұдайы өндірістің ажырамас бөлігі. Тауарлы өндіріс – несие қатнастарының пайда болатын табиғи негізі. Себебі тауардың пайда болуы маңызды екі жағдайға байланысты; біріншіден, өнім тауар болуы үшін оның заттай түрі және құны болуы қажет : екіншіден , өнім бір өндірушіден екінші өндірушіге ауысуы қажет, ол ауысу тек айырбас кезінде ,яғни нарықта болады. Сонда тауар айырбасы несиенің пайда болатын ортасын өнімінөзі қолднатын өндірістен емес, өнімдерді бір-біріне алмастыратын айырбас ортасынан іздеу керек . Себебі тауарлар қолдан-қолға өтетін айырбас процесі – несие қатнастарының туындайтын көрінісі.
Несие саясаты елдегі
макроэкономикалық