Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 19:43, реферат
Қазіргі уақытта өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерге ақша айналысынан қағаз ақшаларды несие ақшалары ығыстырып шығаруда. Себебі; бріншіден, несие ақшалары қолдануда икемді және оларды қолдану аясын шаруашылықтың қажетіне орай тез ұлғайтуға мүмкіндік береді, екіншіден , оларды пайдалану айналыс шығындарын азайтуға өндіріс ауқымын дамытуғамүмкіндік туғызады.
КІРІСПЕ
Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақыты оған ақша төлеу уақытына сай келе бермейді, бұл – тауар несиеге сатылады деген сөз. Несиен қайтару кезінде несие ақшалары пайда болады. Демек, несие ақшалары – сатып алушының қарызды қайтаруда пайдаланатын (толық құнды ақшаның орнына жүреді) құнның қағаз белгісі немесе қарызды өтеудегі ақшаның төлем құралы қызметін атқаруы.
Несие ақшалары да қағаздан жасалады, бірақ оларды, әдетте, банктер әртүрлі шаруашылық процестеріне байланысты жүргізілетін несиелік операцияларды орындауға шығарады.
Несие
ақшаларының ерекшелігі – оларды
шығару іс-жүзіндегі айналым
Қазіргі уақытта өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерге ақша айналысынан қағаз ақшаларды несие ақшалары ығыстырып шығаруда. Себебі; бріншіден, несие ақшалары қолдануда икемді және оларды қолдану аясын шаруашылықтың қажетіне орай тез ұлғайтуға мүмкіндік береді, екіншіден , оларды пайдалану айналыс шығындарын азайтуға өндіріс ауқымын дамытуғамүмкіндік туғызады.
Бірінші
бөлімде түгелімен несиеге
Екінші
бөлімде несие қатнастарының
заңдылықтарын , несие жүйесінің принциптері
және Қазақстан Республикасындағы несие
жүйесінің қалыптасуы және даму кезеңдеріне
арналады.
1.1 НЕСИЕНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА ДАМУЫНДАҒЫ РОЛІ
Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие, алуан түрлі экономикалық және қоғамдық ойшылардың назарын аударатын. Экономика ғылымы, өзінің пайда болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді. Ал, қазіргі нарық кезеңінде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп отыр. Өйткені, нарық кезінде несиелік қарым-қатынас ең жоғары ресімделуіне жетеді, сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан-түрлі практикалық және теориялық саудалардың шиеленіскен түйініне айналады.
Несиенің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр. Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы зор болды. Тарихтың өткен дәуірлерінің бәрінде де дамытпалы несие, барлық қоғамдық қарым-қатынасты жаңартудың және түрлендірудің революциялық қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілердің арасында мүлде ақиқат байланыс орнатты, олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш күштерін қайта қайта бөлүдің ұтымды әдісі болды.
Осыған байланысты болашақ экономистерге несиенің арғы негізін, қазіргі жағдайда оны пайдаланудың керегі неде екенін түсіну керек. Оның үстіне, әр түрлі деректерде несиенің экономикадағы маңызы, әр түрлі түсіндіріледі. Мысалы, кейбір экономистер, несие өнімсіз шығынды көбейтіп өндіргіш күштердің дамуына кедергі келтіреді, нарықтық экономикаға тән қарама- қайшылықтарды шиеленістіре түседі, сондықтан экономикалық дағдарысты жоймайды, керісінше, оны тереңдетеді, оған тікелей себепші болады деген пікір айтады. Басқалары, керісінше, несие экономиканың тұрақты, үздіксіз дамуына мүмкіншілік береді дейді. Осындай қарама-қарсы пікірлер орын алған жағдайда істің жәйін түсіну үшін алдымен несиенің қажеттілігі қайдан шығады деген сауалға жауап беруіміз керек.
Несиенің түбірін тауарлы өндірістің пайда болған кезінен іздеу керек, тікелей айтқанда, тауар айырбастау, оның бір қолдан екінші қолға ауысуы, несиелік қатынастың дәл шыққан жері деуге болады.
Қоғам дамуының кейінгі кезендерінде, несиелік қатнастың пайда болып және өркендетілуінің, нақты нақты экономикалық негізін, капиталдың айналымы мен ауыспалы айналымы құрайды.
Өддіріс құрал-жабдықтары, құндық тұлғасында дәл бір уақытта ақшалық, өндіргіш күштері және тауарлық нысанында бола алады. Өндіріс пен айналым процесінде, олар бір нысаннан екінші нысанға ауысып отырады, яғни үзбей ауыспалы айналымда жүреді. Осы ауыспалы айналым үш сатыдан тұрады.
Айналымның бірінші сатысында құнның ақшалай нысаны өндіргіш күші нысанына ауысады, яғни ақшаға өндіріс құрал жабдықтары сатылып алынады.
Екінші сатыда адамның, өндіріс құрал-жабдықтарды пайдаланып істеген әрекеттерінің нәтижесінде дайын өнім пайда болады. Енді өндіргіш күштің нысанындағы құн тауарлық нысанға ауысады. Осы сатыда өндіргіш құралдарының құнына, адам еңбегінің құны, яғни жаңадан пайда болған құн қосылады.
Үшінші сатыда дайындалған өнім ақшаға сатылады. Сөйтіп, құнның тауарлық нысаны қайтадан, өзінің бастапқы нысаны-ақша нысанына ауысады, тек бұрынғыдан өткен мөлшерде өндірушінің таза пайдасы қосылады.
Осыдан ауыспалы айналымның мынандай формуласы бар-
А-Т ..Өп .. Т-А-онда
А-ақша нысаны
Т-тауар нысаны
Өп-өндіріс процесі.
Т-тауар нысаны,өсісімен:
А-ақша нысаны, өсімімен:
Ақшалай қаражат ауыспалы айналыммен қатар айналымнан өтеді. Олай деудің себебі, сатылған өнімнен түскен ақшаға қайтадан өндіріс құрал-жабдықтары сатылып алынады, еңбек ақы төленеді т.б. Сөйтіп, ауыспалы айналым қайтарылынады. Қаржының осындай үздіксіз қайтып оралып отыруын оның айналымы деп атайды.
Сонымен қатар, осындай ақшаның матариалдық нысанға ауысып, одан қайтадан ақшаға айналуы әрбір шаруашылықта бір кезде өтпейді. Бір шаруашылық өндіріс кезеңін жаңа бастап жатса, екіншісі оның орта шенінде жүреді, ал үшінші, оны аяқтап, енді өнімдірін сата бастайды. Әрине, іс жүзінде әр өндіріс кезеңдерінің, тап осындай шектелуін байқау қиын. Өйткені, өндіру мен өткізу кезеңдері үздіксіз, күнбе-күн жүріп жатады. Дегенмен, өндірістің осындай кезеңділігінің салдарынан кезкелген шаруашылықта ақшаның құйылу мен тартылу сәттері болып тұрады. Өйткені, өндіріс пен айналым кезеңінің ұзақтылығы әр шаруашылықта әр түрлі. Оған себеп, әр шаруашалықтың әртүрлі табиғи жағдайлары, техникалық жабдықтану деңгейі, шикі заттар мен отын жеткізушілірдің және дайын өнімді тұтынушылардың, алыс-жақындығы, жұмысшы-қызметкерлердің мамандық дәрежесі мен өндірісті ұйымдастыру қабілетінің деңгейі т.с.с. Кейде мүлде бірдей жағдайда істейтін екі кәсіпорынның айналым мерзімі бірдей болмайды. Өйткені, өндірісті ұйымдастыру оны керекті заттармен қамтамасыз етіп, шыққан өнімді өткізу деңгейлері оларда мүлде бірдей болмайды.
Сонымен қатар, өндіру мен өткізу процесінде басқа да , айналымды жеделдететін, немесе бәсеңдететін, кездейсоқ қозғаушы күштер пайда болады.
Мысалы:
-Шикізаттар мен материалдық түсуінің бір қалыпты болмауы:
-Тасымалдау жағдайының қиындылығынан (мысалы, темір жол вагодарының болмай қалуы) дайын өнімді өткізудің кідіруі.
- Өткізілген өнім үшін, немесе, көрсетілген қызмет үшін, уақытында төленбеушілік т.с.с.
Несиенің мазмұнын анықтағанда оның әлеуметтік, экономикалық жағын да ұмытпаған жөн. Өйткені несиенің өзі қоғамдық қажеттіліктің туындысы болып табылады. Қоғам қандай экономикалық формацияда болса да, несие соның мақсатына қызмет атқаруға тиіс.
Несиенің мазмұнын ашып көрсету жолында кейбір экономистер оның сенімділігіне көбірек көңіл бөледі. Өйткені, « Несие» деген сөздің орысшасы, «кредитә, латынның «Credere» деген сөзінен шыққан. Оны, егер, орысшаға аударса «верить» деген сөз, қазақша «сену»болады. Бірақ, мәселені бұл тұрғыдан қараған дұрыс емес. Несие еш уақытта құр сеніммен берілмейді. Несие алу үшін, алдымен оның кезінде қайтаррылуын қамтамасыз ететін кепілдемелер беру керек.Әрине , банктер кейде өзінің өте сенімді, көп жылдан бері қарым-қатнастары нығайған, қаржы жағынан тапшылық көрмейтін клиенттеріне сенім көрсетеді. Оларға несие «сенім несиесі» деп аталады. Бірақ мұндай жағдай сирек кездеседі, әсіресе экономикалық дағдарыс, нарықтық қарым-қатнастың жетілмеген кезеңінде. [1;58].
Әрбір экономикалық категорияның мәні оның атқаратын қызметі басқа категориялардан өзгешілігін анықтайтын маңызын сипаттайды.[2;96]
Айырбас процесінде уақытша бөлініп шыққан құнды кейін өзінің алғашқы иесіне өсім ақымен қайтарып беру келісімібойынша несие беруші мен қарыз алушының арсында несие қатнастыры пайда болады. Бұл қайта бөлу-несиенің алғашқы қызметі.Несие арқылы( бөлу қызметінің белгілері қандай?.) бөлінетін не? Соны анықтау қажет, яғни несиенің қайта қызметінің белгілері қандай? Несие беруші несие мәмілесі арқылы қарыздарға бір жағдайда уақытша қолдануға тауарлы-материалдық құндылықтарды: ал басқа жағдайда ақша қаражытн беруі мүмкін. Екі жағдайда да мәміленің мәні бірдей болғанымен берілетін зат әр түрлі. Алайда заттың формасының әртүрлі болуына қарамастан, оның мазмұны өзгермейді; қайта бөлінетін заттың құны.
Сонымен, несиенің қайта бөлу қызметіне құнды бөлуқасиеті тән.Ол аймақтық, салалық, шаруашылық нышандарына байланысты; аймақтықаралық, салалықаралық, слалық және шаруашылықаралық түрлерге бөлінеді. Несие қатнастары, тұратын орнына қарамай, адамдар мен әр түрлі ұйымдар арасында туындаса ол құнды аймақтықаралық қайта бөлу деп есептеледі. Егер слалық банктен несие алынса, ол несиені салалық қайта бөлу, ал егер несие беруші экономиканың бір саласында болып, қарыздар кәсіпорын басқа слада болса, онда несиені салалықаралық қайта бөлу болады. Несиені шаруашылықаралық қайта бөлу бір кәсіпорын деңгейінде жургізілмейді, ол тек екі шаруашылық субъектісі арсында уақытша бос ақша қаражатын несие көзі пайдаланғанда туындайды.
Қайта бөлуді несие ресурстарын пайдаланушы субъектілердің әр түрлі деңгейіне байланысты да қарауға болады. Мысалы: несие қатнастарының субъектісі ретінде кәсіпорын деңгейінде құнның қайталама айналымы және айналымы шеңберінде ақша қаражаты мен тауарлы-материалдық құндылықтар қайта бөлінеді. Ал халық шаруашылығы деңгейінде несиенің қатысуыменжиынтық өнім, ұлттық табыс қайта бөлінеді. Айта кететін бірінші жәйт, неисенің қайта меншік иесі өзгермейді, қайта бөлінетін құн несие берушінің меншігі болып қала береді. Екінші, несиенің қайтабөлу қызметі жалпы құнның қайта бөлінуін емес, (тек уақытша бөлініп шыққан құнның қайта бөлінуін емес) тек уақытша бөлініп шыққан құнды қамтиды.
Несиенің келесі атқаратын қызметі- нақты ақшаны несие операцияларымен алмастыру. Тауарлы шаруашылықта нақты ақшаның орнына несие операцияларын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалған. Сатылып алынған тауарлармен көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға байланысты, өзара есептесу бойынша бір шоттан екіншісіне ақша аудару қолма-қол ақша төлемін қысқартуға, ақша айналымының құрылымын жақсартуға, төлем айналымын кеңейтуге мүмкіндік беріп, нәтижесінде айналыс шығындарын азайтады. Қазіргі тауарлы шаруашылықта қарызға берілген құн шаруашылық айналымында жалпы ақшаның орнына жүрмейді. Экономикалық айналымда ақшаны тек уақытша алмастыру қызметін атқаратынын айта кету керек. Қарыздардың қарызға алған құны шаруашылық айналымында ақшаға тән «қызметін» атқарады.
Нақты ақшаны несие операцияларымен алмастыру үшін бірсыпыра алдын-ала жасалған жағдайлар болуы шарт;