Несиенің қажеттілігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 19:43, реферат

Краткое описание

Қазіргі уақытта өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерге ақша айналысынан қағаз ақшаларды несие ақшалары ығыстырып шығаруда. Себебі; бріншіден, несие ақшалары қолдануда икемді және оларды қолдану аясын шаруашылықтың қажетіне орай тез ұлғайтуға мүмкіндік береді, екіншіден , оларды пайдалану айналыс шығындарын азайтуға өндіріс ауқымын дамытуғамүмкіндік туғызады.

Файлы: 1 файл

1 НЕСИЕНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ 35 бет.doc

— 180.50 Кб (Скачать)

           Соңғы уақытта  шаруашылықаралық  несиенің тауарлы түрі дамуда. Мысалы;, күрделі механизмдер, станоктар және өндірісте қолданылатын  техникалар  несиеге берілуде. Мұндай жағдайларда несие қатнастарының ауқымы ұлғаяды. Несиеге, мысалы, техника берілсе, ал оны қайтару несие алушының өндірген тауарымен өтелуі  мүмкін.

           Ипотекалық  несие-ол жылжымайтын мүліктерді-жерді, өндірістік және тұрғын ғимараттарды,  үйлерді, пәтерлерді кепілдікке алып  ұзақ мерзімге берілетін ақшалы несие [3;105]

     Ипотекалық  несие тұрғын үйлер, пәтерлер сатып алуға, үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге 3 жылдан 15 жыл мерзімге дейін   беріледі. Мақсаты – жергілікті тұрғындарға өздерінің  қаражаттары  және несиенің есебінен  тұрғын үй проблемасын шешуге жәрдем ету болып табылады. Ипотекалық  несиенің көмегімен несие алушы үйдің құнын бірден төлемей, біртіндеп төлеп құтылу мүмкіндігіне  ие болады. Бұл ұзақ жылдар бойы пәтер жалдап, қаржыны босқа шығындағаннан,  әрі ақыр соңында пәтерсіз  қалғаннан  гөрі  тұрғын  үй проблемасын  шешудің  анағұрлым тиімді жолы. Мемлекет үшін де ипотекалық несиенің маңызы аса зор болып отыр. Ол жеке  тұлғалардың, инвесторлардың  уақытша бос ақша қаражаттары  айналымға түсіп, әлеуметтік  саланың  тұрғын үй проблемасын аздап болса да  шешүіне ықпал етеді. Сонымен бірге тұрғын үй нарығының  қалыптасуына және құрылыс саласының дамуына жағдай жасайды.Ипотекалық несиелеудің дамуының әлеуметтік  және экономикалық рөлінен басқа,  еліміздің банк жүйесінің тұрақтылығы мен  тиімділігін  арттыруда да тікелей  үлкен мәні бар. Ипотекалық  несиелеу-тәуекел  деңгейі  ең төменгі  банктік операция болып саналады.

           Өйткені несие алушы  несиені ұзақ мерзімге  ала отырып, кепілге  қойылған тұрғын үйді өзінің иелігінде сақтап қалады да, несие  беруші кепіл мүлкімен қамтамасыз  етілген бағалы қағаздар шығарып  орналастыру  арқылы  қайта қаржыландыруды қамтамсыз  етеді. Ипотекалық  несиенің қаржы көзі ретінде негізінен  ипотекалық компаниялар мен банктердің ипотекалық облигациялары  қолданатындықтан,ипотекалық   несиелеу ипотекалық  мүліктің актісі мен мен несие алушының  несиені қайтару міндеттемесіне негізделеді.

           Нарықтың қатнастарға  көшкеннен  кейін Қазақстанда  да ипотеканың негіздері қаланып, оның Қазақстан үшін қалайлы деп танылған малайзиялық  үлгісі  қалаптаса  бастады.

           Ол Қазақстан  республикасы Президентінің  1995 жыл 23-желтоқсандағы «Жылжымайтын мүлік ипоткасы туралы»  заң күші бар Жарлығынан бастау  алды. Бұл  Жарлықта еліміздегі тұрғын үй саласында  қалыптасқан өзекті проблемаларды  оңтайлы шешу жөніндегі  мәселелер  қарастырылды. Бірақ  сол жылдардағы  экономикалық  дағдарыс, банк жүйесін  қайта құру және теңгенің  тұрақтылығын  қамтамасыз   ету бағытындағы проблемалар ипотекалық  жүйені дамытуға қолайлы  мүмкіндік  бермеді.  Арада бірнеше жыл өткеннен  кейін  Қазақстанда ипотеканың  қайтадан  қолға  алынуына   2000 жылы  21 тамызда «Қазақстанда  тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді  және ипотекалық  несиелеу жүйесін  дамыту  жөнінде»  мемлекеттік  бағдарламаның  қабылдануы  өз ықпалын  тигізді. Қазіргі  уақытта  елімізде  ипотекалық  несие алуға қалың көпшілік әлі де болса қол жеткізе  алмай отыр.Оған халықтың  басым бөлігінің  орташа табысының  төмен болуы, тұрғын үйлердің бағасының тым қымбаттығы, арзан бағадағы тұрғын   үйлер құрылысының дамымауы   басты себеп болып отыр. Осы орайда ипотекалық несиелеудің германиялық үлгісі , яғни салымшылардың жинақ ақшаларын тұрғын үй құрылысына жинақтау жүйесі толығымен іске енгізілмек.

           Қазақстан  Республикасы Үкіметінің  2004-2006  жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2004 жылдан бастап ипотекалық  несие Қазақстанның  барлық қалаларында берілетін болады және оған екінші деңгейдегі барлық банктер қатысады. Сондай-ақ ол жекеменшік  үй   салушыларға және көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын қаржыландыруға  қатысатын тұлғаларға  да берілетін  болады  және оның  мерзімі  20 жылға дейін ұзартылып  процент деңгейі   төмендетіледі  [5,262]

     Мемлекеттік  несие – ол мемлекет пен жергілікті  үкімет

     органдарының  облигация сату арқылы жеке және заңды  тұлғалардан несие алуы. Бұл несие  қатнастарының субъектілері ; несие берүші – халық және заңды ұйымдар , несие алушы-мемлекет және оның жергілікті органдары. Мемлекеттік  несие –қысқа мерзімді  және ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді. Қысқа мерзімді несие несие қазыналық вексельдер түрінде шығарылып  , 1-3 айдан кейін өтелуі  керек,  ал ұзақ мерзімді несие мемлекеттік облигациялар түрінде шығарылып , көптеген жыл өткен соң өтеледі. Бұл мемлекеттік заемдар мемлекеттік шығындарды өтедуге,  бюджеттің тапшылығын  жоюға,  инфляция  кезінде айналымдағы артық ақшаны шығыруға мүмкіндік береді.  Сонымен қатар, бұл несие негізінен  шенеулік  аппарат  шығындарын өтеуге, әскер ұстауға  және т.с.с  өндірістік емес экономикалық және әлеуметтік  қажеттерге жұмсалады.  Заемдар мемлекетке уақытша қосымша табыс түсіргенмен,  кейін  қарызды өтеу және ол үшін  процент төлеу кезінде мемлекеттік шығындарды өсіреді. Ол төлемдерді  өтеу үшін мемлекет халықтан аоынатын салықтар мөлшерін көтереді. Сөйтіп заемдар бойынша төленетін процент сомасы мемлекеттік  қарыздардың  көтерілуімен бірге өседі.

           Халықаралық  несие  деп мерзімді белгілеу, процент төлеу  және кері қайтару келісімімен  тауар  және валюта  ресурстарын беруге байланысты халықаралық экономикалық қатнастар аясындағы қарыз капиталының  қозғалысын айтады. Халықаралық  несие  XIV-XV  ғғ. әлемдік сауда-саттықта пайда болып, одан әрі Еуропадан-Таяу және Орта Шығыс елдеріне Қатынайтын  теңіз жолдарын шергеннен  кейін дамыды., бертін келе Америка мен Үндістанда ашқан сон халықаралық несиені пайдалану өрісі одан әрі кеңейді.

Әлемдік шаруашылық қатнастардың интернационалдануына, халықаралық еңбек бөлінісіне және ғылыми    техникалық прогрестің жетістіктерін бірге пайдалануға  байланысты халықаралық несиенің  жылма-жыл  мол штабы ұлғаюда.

      Халықаралық  несие қатнастарына несие беруші және қарыз алушы ретінде банктер , кәсіпорындар , мемлекет , халықаралық несие түпкі негізінен байланысты төлемдегідей жіктелед.

     -берілетін   мерзіміне байланысты – мерзімінен тыс, қысқ мерзімді  (бір жылға дейін), орта мерзімді(бір жылдан бес жылға дейін), ұзақ мерзімді (бес жылдан жоғары)  несие. Кейбір жағдайларда орта мерзімді деп 7-10 жылға дейін, ал ұзақ мерзімді 10 жылдан аса уақытқа  берілетін несиені айтады.Қысқа мерзімді несие айналмалы капиатлдың қозғалысынан туындайтын  қарыздардың ағымдағы қажетіне  беріледі. Оның қайтарылу мерзімі әр елдің экономикалық жағдайына  , инфляцияның деңгейіне қарай өзгеріп отырады.

     - қызметіне байланысты – коммерциялық  несие –тікелей сыртқы сауда  мен көрсетілген қызметке байланысты  беріледі; қаржылық  , яғникүрделі қаржы, объектілер салу , бағалы  қағаздар сатып алу, сыртқы қарызды өтеу; аралық-аралас істелетін қызметтерге берілетін несие;

     -несие  түріне байланысты  - ол тауарлы  , импортшыға экспортшы  сатылған  тауарға төлемді ке»нге қалдырып  беретін несие ; валюталық  -банктердің ақша түрінде беретін несиесі;

     -қамтамсыз   етілуі  бойынша –қамтамасыз   етілген бланктік  бойынша, яғни  қарыздардың міндеттемесімен несие;

     -берілуі  бойынша –қолма-қол (қарыздардың  шотына жазу), акцептті   (төлеуге  келісім берілген),депозиттік  сертификаттар , облигациялық заемдар.

     Несиенің  түрлері – ол ұйымдастыру –экономикалық  нышандарына  байланысты әрбір несиені  сипаттау. Несиені түрлерге бөліп  жіктеуде әлемдік біркелкі стандарт жоқ..        

Несие  қатнастарының  дамуына және тауар-ақша айналысының өрістеуіне байланысты несие ақшалы және тауарлы болып бөлініп, одан әрі несиенің  жаңа түрлері пайда болуы мүмкін.

      Несие түрлері төмендегі жағдайларға  байланысты жіктеледі:

-несиемен  қамтамасыз  етілетін ұдайы өндірістің сатысына. Өнім өндіретін  шаруашылық субъектілі  несиені құрал-жабдықтар алуға, шикізат, жанар-жағар майлар алуға және т.б. қажетіне жұмсаса,  халық тұтыну заттарын  алуға пайдаланады. Жалпы  алғанда несие айырбас категориясы  ретінде  жиынтық  өнімді өндіруге, бөлуге және тұтынуға  қолданылады;

-Экономиканың  салаларында  қолданылуына. Өнеркәсіп   мекемесіне берілген несие   өнеркәсіптік  несие  деп аталады.  Сонымен қатар жоғарыда айтып  кеткеніміздей  , ауыл шаруашылығы несиесі, саудалық  несие түрлері болады;

-Несиенің қамтамасы етілуіне тікелей қамтамасыз етілген   несиеге,мысалы,  нақты тауарды сатып  алуға  берілген несие жатады. Жанамалай қамтамасыз етілген несие,мысалы, өз  ақша қаражаты аз болған жағдайда тауар қорларының жетіспей  қалған бөлігін төлеуге алған несие.

- Несие үшін төлем.несие арқылы және ақысыз болып бөлінеді. Бұндай болып бөлінуінің себебі  несиенің капитал  ретінде  қолданылуынан, яғни  несие  алушы оны өзінен өзі өсетін  құн ретінде  қолданып,  қайтару уақыты  келгенде қарызға  келгенде  қарызға алған санасын процент түріндегі өсімімен қайтаруы керек. Сондықтан несие арқылы құн категориясы.

      Дегенмен, бұрынғы және қазіргі тарихта  ақысыз несие берілетін жағдайлар  бар.Қазіргі кезде ақысыз  несие, мысалы, инсайдерлерге  (банк қызметкерлері ) беріледі. Достық несие де –ақысыз несие түрі

      Қорыта  айтқанда, әлемдік  банктік іс-тәжірибеде  несиенің   басқа көптеген түрлері  кездеседі. Мысалы, ұлттық және шетел  валютасымен берілетін несие, жеке және заңды тұлғаларға берілетін  несие және тағы басқалар (3:105)    
 
 
 
 
 
 

    1. НЕСИЕ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

      2.1 НЕСИЕЛІК ЖҮЙЕНІ  ҚҰРУ ПРИНЦИПТЕРІ 

      Несиелік  құқықтың  қатнастар  нарық қатысушыларын  да айналымға түсіретін құжаттарға,  ақшаларға, шикізат пен материалдарға  деген тұрақты қажеттіліктің  болуымен  байланысты туындайды. Екінші жағынан, еркін ақша капиталы бар субъектілер де оны пайдалы мақсатқа пайдалануға мүдделі. Нарық қатысушыларының   осындай қажеттіліктерін  жүзеге асыру үшін заем қатынастарының  нысаны  қолданылады. Осылайша, несиелік құқықтық  қатнастардың  есеп айырысу құқықтық  қатнастарынан   өзіндік ерекшеліктері бар, олар, текті белгілермен анықталатынақшаларды немесе заттарды,  кейін  қайтару шартымен , беруден көрініс  табады. Мұндай міндеттемелердің  заңдық  ерекшелігі  -жеке белгілермен  анықталатын  заттарға қатысты туындайтындарға қарағанда, олар «түр жоғалмайды» қағидасын қолданумен заттың  белгісі бойынша құрастылатындығында.

      Несиелеу әр алуан түрде жүргізілуі  мүмкін. Ол орын  алып отырған  құқықтық қарым-қатнас аясында жүзеге асырылуы  мүмкін, мысалы, несие беруші  борышқорға оның ақшалай немесе  өзге міндеттемесінорындауды  кеінге қалдыру  мүмкіндігін бергенде несиелеудің мұндай  нысаны  коммерциялық  несие атауына ие болған. Кейбір  жағдайларда  несие беруші борышқорға оның міндеттемесін орындауға қажет қаражатты алдын-ла беріп қояды, мысалы, таурларды кейіннен  олардысатып алушыға беру мақсатымен сатып алу.

      Басқа  жағдайларда несиелеуге осы үшін арнайы бекітілетін    шарт түрі беріледі. Оларға заем шарты ,соның ішінде банкілік заем шарты, банкілік  салым шарты. Сонымен ,несиелік  құқықтық  қатнастарды  несие берушінің қайтарымды немесе  уақытша негізде қандай да бір игілікті борышқорға  берумен байланысты қатынастар ретнде сипаттауға  болады. Несиелік қатнастар  кқшалай да, натуралды-заттық та сипатқа   ие  болуы мүмкін.

      Несиелік  қатынастарды реттеудің айқын ерекшелігі  бар. Ол  мемлекеттің  экономикасының  осы маңызды аясын бақылаусыз  қалдырмайтындығына  және Қазақстан Республикасы  Ұлттық  Банктің көмегімен біртұтас  ақша-несие саясатын  жүргізетіндігіне негізделеді. Осыған  орай  несиелік  құқықтың  қатнастарды реттеу  тек қана авзаматтық  құқық   нормаларымен  жузеге асырылады.

      Бұл  реттеушілік  , сондай-ақ мемлекеттің  ақша және несие жүйесінің құрылымын , банкілік операциялардың жузеге  асырылуы  тәртібін , Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің белгіленген  нормативтері  бұзылғанда субъектілердің  жауапкершілігі н  анықтайтын  нормалар әрекетіне  де негізделген. Сол  себептен  несиелік  қатынастарды

реттеу  үшін әкімшілік  ,қаржылық және басқа да құқық салаларының бірқатар заңды актілері  қолданылады.     

2.1Несиелік  жүйені  құру принциптері.

      Нарықтық  экономикада  несие жүйесі маңызды  роль атқарады. Ол арқылы  кәсіпорындардың , ұйымдардың  және халықтың  ақшалай  есеп айырысулар мен төлемдері  жүргізіледі , ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды,  халықтың жинақтары  мен табыстарын  жұмылдырады.және белсенді     түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады,    сондай-ақ көптеген  түрлі несиелік , сақтандыру , делдалдық, инвестициялық ,сенім , кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.

      Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен  сипатталады:  несилік жұмсалымдардың  жалпыкөлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың  негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі  қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б. (6;130)

      Несиелік  жүйенің ұйымдастырылуы  мен жұмыс  істеу негізінде белгілі бір  принциптер жатыр. Экономиканың жаңа  жағдайында , оның нарықтық қатнастарға  өту кезеңінде оларды былайша  тұжырымдауға  болады:елдегі банк ісін ұйымдастыруға мемлекеттік  монополия , басқа банктік емес институттарымен   үйлестіре  отыра екі деңгейлі банк жүйесін  құру, елдегі  ақша-несие саясатының бірлігі  , несиелік  мекемелер  торабын барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына жақындату,  мемлекеттік  валюталық  монополия,  орталық банктің автономиясы.

      Банк  ісіне мемлекеттік  монополия  ұғымы мемлекеттің  банктердің  құрылуы мен жойылуын бақылауға, банктік операцияларды жүргізу  тәртібі мен ережелерін заң жүзінде бекітуге ерекше құқығы ретінде түсіндіріледі. Ұлттық  банк Қазақстан  Республикасы  аумағында банктерді құруға рұқсат береді және банктер мен олардың филиалдарын тіркеу  кітабын жүргізіп  отырады. Рұқсат  беру кезінде Ұлттық банк  жүргізілетін  банктік операцияларщеңберін белгілейді.

Информация о работе Несиенің қажеттілігі