Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 13:45, реферат
Мультимедиялық технологиялармен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Мультимедиялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Бұл тақырыпты оқып үйрену кезінде кейбір негізгі мәселелер сұйықтар мен газдардың молекулалық құрылысы жайындағы түсінік негізінде қарастырылады. Сондықтан тақырыпты газдардың, сұйықтар мен қатты денелердің қасиеттерін еске түсіруден бастаған жөн. Ол үшін оқулық соңында келтірілген заттың әр түрлі күйлерінің қасиеттерін сипаттайтын 5-кестеге оқушылар назарын аудару керек. Кестеге қарап, салыстырмалы талдау жасай отырып, олар газ, сұйық және қатты күйдегі заттардың қасиеттеріндегі айырмашылықтар, олардың молекулалық құрылысындағы ерекшеліктер мен молекулалар қозғалысының сипатына байланысты болатынын ұғынады.
Оқулықта келтірілген тәжірибені жасай отырып, оқушылар қатты денелердің қысымды тек бір бағытта, күштің әрекет ету бағытында тарататынына көз жеткізеді.
Ал енді сұйықтар мен газдарда қысым басқаша беріледі.Мұны түсіндіруді газдардан бастаған жөн.Газ молекулалары үздіксіз ретсіз қозғалыста болады. Егер ыдыс қабырғаларына және Жерге тарту күші болмаса, онда газ молекулаларының бәрі жан –жаққа тарап кетер еді. Ыдыс қабырғаларымен қысылған газ, өз кезегінде, осы қабырғаларға және онда орналасқан денеге қысым түсіреді.Газ молекулалары ретсіз қозғалыста болғандықтан, ыдысьың барлық жерінде газ бірдей қысым түсіреді.
Бұдан кейін сұйықтар жайлы сөз болады.Сұйық молекулаларының да еркін қозғалтқыштық қасиеті бар. Бұл сұйықтың аққыштық қасиетін де түсіндіреді.
Аққыштық туралы айтқанда,
сұйықтың бұл қасиетін мысалдармен
көрсеткен жөн.Мысалы ыдыстан төгілген
сұйық тез жайылып кетеді, стақандағы
судың бетін аздап үрлесек,
ондағы су қозғалысқа келеді.Судың
қозғалтқышы арқасында
Сұйық молекулаларының қозғалғыштығы салдарынан сығылған сұйықтың ішкі қысымы, яғни ыдыс қабырғаларына және сұйық ішіндегі денеге түсіретін қысымы сұйық алып тұрған көлемнің барлық нүктелерінде бірдей болады. Бұл айтылғандардың газға немесе сұйыққа түсірілген қысымы сол газдың немесе сұйықтың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі деген қорытынды жасалады. Міне, Паскаль заңы осылай тұжырымдалады.
Содан кейін бұл қорытындыға іс жүзінде көз жеткізу үшін паскаль шарының көмегімен орындалатын тәжірибе қарастырылады.Оны алғашқыда шарға түтін, одан соң су толтырып орындау керек.
Одан әрі Паскаль заңының қолданылуы гидравликалық машинаның құрылысы және жұмысы арқылы көрсетіледі. Сондай ақ сұйықтар мен газдардың ауырлық күші әрекетінен болатын қысымы түсіндіріледі, сұйық қысымын өлшеуге арналған формула қорытылады. Мұнда білім тиянақтай түсу мақсатында бірқатар есептер шығаруға пайдалы.
Ал қатынас ыдыстар
және оларды қолдану туралы мәселені
қарастырғанда,оқушыларға мүмкіндігінше
резеңке, шыны, пластмасса түтіктердің
көмегімен үйден қатынас
Атмосфералық қысым және оны өлшеу туралы алғашқы мағлұматтар 5-сыныпта география сабағында беріледі. Сондықтан газдар мен сұйықтардың қасиеттерін салыстыра отырып, атмосфералық қысымның пайда болу себебін оқушылар өз бетінше түсіндіре алады. Мұнда газдардың молекулалық құрылысы және ауырлық күші туралы олардың білімдерін бұрыннан белгілі мәліметтер негізінде тереңдете түсу қажет.
Оқушыларға атмосфералық биіктікке байланысты өзгеретінін, Айда және басқа кіші планеталарда атмосфера болмайтынын айтып өткен орынды.
Содан кейін нақты тәжірибелерге көшіп атмосфералық қысымның ашылу тарихына тоқталу қажет. Торриччели тәжірибесін оқулықтағы суретті талдай отырып толық түсіндіруге болады.
Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал – барометрдің құрылысы мен оның жұмыс істеуін түсіндіргеннен кейін оқушыларға мектептің төменгі және жоғары қабатындағы аспаптың көрсетулерін жазып алуды тапсыруға болады, сөйтіп, бұл мәліметтерді пайдаланып тақырыпты түсіндіргенде қорытынды жасаған жөн.
Оқулықта атмосфералық қысымның биіктікке байланысты қалай өзгеретінін көрсететін сурет келтірілген. Оны тереңірек түсіндіру қажет.
2.3 Архимед күші тақырыбын түсіндіру әдісі
«Архимед күші» тақырыбына арналған сабақты, сабақты оқушылар Архимед ашқан жаңалықтың мән мағынасын түсіну үшін олардың күнделікті өмір тәжірибесінен мысалдар келтіру арқылы бастаған тиімді болады. Оқушылар ауыр нәрсені ауаға қарағанда су үшінде көтеру жеңіл болатынын, суға тасталған ағаш жаңқасы, доп сияқты денлердің су бетінде қалқып жүретінін жақсы біледі.
Осындай құбылыстарды еске түсіре отырып, неліктен бұлай болатыны туралы проблема қойылады. Осы ретте Архимед жайында тарихи деректерді келтіре кеткен дұрыс. Осыдан кейін тәжірибе көмегімен сұйыққа батырылған дене аудан қандай да бір күшпен ығысатыны көрсетіледі. Алдымен динасометр ілгегіне қандай да бір кішірек денені іліп, динамометр көрсеткішін белгілеп аламыз. Содан кейін денені суға батырып динамометр көрсеткішін жоғары көтерілетіні көрсетіледі.
Енді суы бар ыдысты алып тастап, динамометрдің осындай көрсетуін денеге төменнен жоғары қарай қандай да бір күшпен әрекет ете отырып, алуға болатынына назар аударуға болады. Егер оқушылар сұйық ішіндегі қысым туралы мәселені жақсы меңгерген болса, онда тәжірибелер негізінде сұйыққа батырылған денеге осы денені сұйықтан ығыстыратын күш әрекет етеді деп қорытынды жасалады.
Оқулықта берілген паралеллепипед тәрізді денеге сұйық тарапынан әрекет ететін ығыстырушы күштің мәнін теориялық түрде қорытып шығару дайындық деңгейгі жоғары сыныптарда ғана ұтымды болады.
Келесі кезектегі «Архимед шелегімен» жүргізілетін тәжірибені жасағанда, оқушылар жұмыстың әрбір орындалу ретін өздері ұсынып, орындай алған жағдайда ғана оның тиімділігі арта түседі, яғни сабақты әңгіме түрінде өткізіп, тәжірибені асықпай орындаған дұрыс. Архимед заңын зерттелуге арналған зертханалық жұмысиы орындау 7-сынып физикасының негізгі тақырыптарының бірін ойдағыдай игеруге септеседі.
Денелердің жүзу шарттарын
зерделеуді «картезиан сүңгуірі» көрсетілімінен
бастаған орынды. Оқылықта да картезиан
сүңгуірінің бір нұсқасы
Денелердің жүзуі
кезіндегі дененің сұйыққа
«Беттік керілу» тақырыбы матьериалы жоғары деңгейде берілегнін ескерт еміз сондықтан бұл тақырыпты оқушылар өз қалауынша таңдайды және мұғаліммен кеңесе отырып, өз бетінше оқиды.
«Жұғу», «Қылтүтіктік құбылыстар» тақырыптарын түсіндіру кезінде беттік керілу ұғымына тоқталмай –ақ, басты назаррды молекулалар арасындағы тартылыс күштерінің бар болуына аударған жөн. Сұйық молекулаларымен қатты дене молекулаларының өзара әрекеттесуінің мысал ретінде оқулықта сипатталғандай тәжірибелерді қарастыру керек. Бұл тақырыптарды зерделеу оқушылардың өздеріне жақсы таныс макроқұбылыстардан молекулалар дүниесіне енуіне жол ашады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Информация о работе Қысым» тақырыбын оқытуда мультимедиялық технологияны қолдану әдістемесі