Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 13:45, реферат
Мультимедиялық технологиялармен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Мультимедиялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Кіріспе
Мультимедиялық
Мультимедиялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында « Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап көрсетті.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Кейінгі кезде шет елдерде және біздің елімізде де компьютерде оқытудың жаңа бағыттары пайда болды. Ол американ ғалымы С.Пейперт ойлап тапқан «конструкциялық модельдеу». Ондағы идея оқу – процесінің өзінің «ортасы» болып, баланың компьютермен «өнер иесі» ретінде жұмыс істеуіне жағдай жасау.Әрине, компьютердің оқыту құралына айналуы физиканың, басқа да пәндердің оқыту мазмұнына түбегейлі өзгеріс енгізуге себепші бола алады. Демек, осы бағыттағы ізденістер білімнің әр саласын шоғырландыра түсу арқылы пәнаралық байланысты жасауға жеткізетін жол болуы тиіc.[1]
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» - деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын «Активті экран» болып табылады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Қоғамның қазіргі даму кезеңі жедел ақпараттандырылу процесімен сипатталады. Ақпараттық компьютерлік технологиялардың білім беру жүйесіне енуі жаңа тарихи — әлеуметтік жағдайлардың талабы болып отыр. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология – білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және оқушыларға білім беруші құрал. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады.
Қазіргі уақытта сабақ жүйесінде компьютерлік технология көп қолданылып жүр. Ақпараттық технологиялар оқу материалдарын иллюстрация жасау кезінде (мысалы анимациялы слайд-фильмдер) қолданылады. Компьютерлік графика мен визуалды білім мүмкіндіктерімен байланысты еңбектер дамытылды. Оқыту бағдарламасында компьютерлік графиканы қолдану шығармашылық жеке адамды тәрбиелеуді жүзеге асырады. Бұл оқу үрдісін қозғалыста бейнелеуге мүмкіндік береді. Компьютердің көмегімен дыбыстық және бейнефрагменттерді де демонстрация жасауға болады.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің
білімге айналуы әлемнің
Физиканы оқыту барысында
компьютерді құрал ретінде
Мультимедия құралдар – оқу кезеңдеріндегі қойылған мақсаттарға жетудегі үлкен мүмкіндіктерге ие.
Мультимедия – бұл танып-білу құралы.
Заманауи компьютерлік технологиялар оқу процессін дамытуда үлкен мүмкіндіктер туғызуда. К.Д. Ушинскийдің айтуы бойынша: «Бала табиғаты көрнекілікті қажет етеді». Қазір бұл схема немесе кесте, суреттер емес бала табиғатына жақын ғылыми-танымдық ойындар.
Мультимедия – бұл әр түрлі сабақ кезінде оқып, танып-білу құралы. Мультимедия коммуникативті қабілеттер, жаңа дағдылар алуда, нақты білімдер жинақтауға, және ақпараттық білімдердің дамуына үлкен ықпал жасайды. Мультимедия оқушылардың бір-бірімен байланысын ешқашан өзгертпейді. Ол тек қана олардың әр түрлі оқу жағдайларында жаңа ресурстарды қолдануына, оқушылар пәнді үйрену барысында мұғаліммен және құрдастарымен пікір алмасуына мүмкіндіктер жасайды.
Слайд, презентация, видеопрезентация
сияқты мультимедия кең көлемде
қолданылып келе жатқанына біраз
болды. Компьютер қазіргі кезде
дыбыстарды өзгертуге және видеоға
арнайы эффект беруге, видеоға дыбыс
қоюға, анимация жасауға мүмкіндік
беретін ғажайып құралға
Материалды түсіндіруде мультимедияық көрнекілікті қолдану оқушының барлық – көру, механикалық, есту, эмоциялық қабілетін іске салады. Мультимедиялық презентацияларды кез келген сабақтық кез келген бөлігінде жөнді қолдану арқашанда оң нәтиже береді. Алдымен бөлімге шолу жасау немесе білім мен дағдыны жинақтамай немесе керекті тақырыпқа толық тоқталмай көрсету жағдайлары болуы мүмкін, ал керекті тақырыпты терең оқып іскерлік пен дағдыны дамытуды өзін-өзін оқыту арқылы жүзеге асыруға болады. Мұндай әдіс оқу материалын есте жаксы сақтауға және оңай түсінуге мүмкіндік береді. Оқу материалын мультимедиялық презентация қолданып түсіндіру уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сабақты өткізудің мұндай әдісі оқушылардың қызығушылығын арттырады.
Мұндай сабақтар келесі дидактикалық мәселелерді шешуге көмектеседі:
Мектептерде компьютерлік технологияны оқу процесі кезінде қалай қолдануы ойластырылғанына байланысты. Біздің мектептерде компьютерлік технологияны қолданудың мүмкіндіктері қарастырайық.
Бірінші қадам – физика пәні бойынша медиатекалар құрылды. Барлық мектептер әр түрлі пәндерден дисктер алды, оларды өз бетінше оқуда, берілген пән бойынша анықтамалық құрал ретінде қолдануға болады. Тек қана сабақтың мазмұнын дұрыс анықтау керек, қазір көпшілікті қызықтырып жүрген дайын сабақтарды қолданған өте ыңғайлы.
Қорытынды: Егер оқу материалы экранда түрлі-түсті бояулармен, дыбыспен және де басқа эффектілермен көрсетілсе, сабақтың тақырыбы қаншалықты қиын немесе қызықсыз болуына қарамастан, ол мектеп оқушысына қызықты болады.
Екінші қадам – мұғалімнің сабаққа презентация жасау қабілетін дамыту. Мұндай сабақтарды дайындаудың мейілінше оңай және қолжетімдісі - Power Point. Сабаққа арналған қарапайым слайдтарды тез жасауға мүмкіндік береді. Бұл өте ыңғайлы. Мұғалім сабаққа керекті суреттерді сызудан босатылады, бұл уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар экрандағы сурет, тақтадағы суретпен салыстырғанда басқаша болады. Бұл үлкен, тура, боялған, жарық. Жаңа тақырыпты мұндай суретпен түсіндірудің өзі рахат. Түсіндіру кезінде мен анимациялық слайдтарды қолданғанды ұнатамын. Белгілі бір уақытта қажетті ақпарат шығуы үшін қандай элементке немесе объектке көңіл аудару керектігін көрсету. Дыбыс қосу мүмкін, мысалы, физикалық диктант кезінде және де басқа мақсаттар үшін. Белгілі бір курсты аяқтағаннан кейін Microsoft Word көмегімен жасалған тестпен алған білімді тиянақтауға болады. Бірақ Power Point оданда әдемірек көрінеді. Тест нәтижелері бірден демонстрациялық экранда көрінеді, егер оқушылардың жауаптары дұрыс болып жатса бұл олардың қуануына себеп болады.
Қорытынды: Жаңа материалды түсіндіру барысында презентация қолдану, мұғалімге тақтаға жазбай-ақ сабақты өткізуіне мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Үшінші қадам – оқушыларды мультимедиялық программалармен жұмыс жасауға дағдыландыру. Оқушылардың физика пәні бойынша білімдерін қалыптастырудың бір әдісі бұл кітаппен жұмыс жасау, ал компьютермен жасай білу қабілеті ең керекті әдіс болып табылады. Технология жобалау формаларда меңгеріледі. Бастауыш сынып оқушысыда Microsoft Power Point пен мазмұны қарапайым болатын жоба жасай алады. Бұл жобалық қызметте оқушы өз миссиясын түсінеді – технологиялық әдісті қолданып басқаларға өзі жасаған жобаның мағынасын ашу. Оның мақсаты пәннің мағынасын ашуға керекті қабілеттерді дамыту, қадамдарға бөлінген жоспар құрады, содан кейін оны слайдтарда көрсетеді, сонымен, қадам-қадамнан өткен жолымен нәтижені талдайды.
Қорытынды: Мультимедиялық программалармен жұмыс жасау қабілеттерін сыныптан тыс немесе факультативті сабақтар кезінде оқушылар аз болатын топтармен үйренген жақсы. Дәл осы оқушылар, үйренген программаларын қолдана отырып, сыныптағы басқа оқушылардың қызығушылығын оята алады, өйткені бұл программалар көмегімен мейілінше көп ақпаратқа ие болу мүмкін.
Мұғалімнің басты мақсаты оқушылардың бастапқы білімдерін қалыптастыру. Бұл үшін ол келесілерді қарастыруы керек:
оқушыларды негізгі
керекті ақпаратты іздестіру қабілетін дамыту.
Әрине, мультимедиялық проекторды қолдану, сыныппен демонстрациялық және фронтальдық жұмыс жасау жақсы нәтиже береді, бірақ мультимедиялық технологияны әр оқушымен жеке жұмыс жасау арқылы үйрету одан да жақсы нәтиже береді деп ойлаймын.
Есептерді шешу барысында оқушылар физикалық білім мен дағды ғана алып қоймай, мультимедиялық программалармен жұмыс жасау қабілетіде дамиды. Сабақта мұндай элементтерді қолдану оқушыларда түрлі ақпараттармен жұмыс жасауға үйретеді, логикалық ойлауын дамытады, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады, оқу материалын қоршаған ортамен байланыстырады. Мультимедиялық программалар кең көлемдегі мүмкіндікке ие екендігін айтып кету керек, тек оны оқушылар түсінуі басты мәселе. Бұл түсінік тек оқушылар қызығушылығын ғана емес, мұғалімді де қызықтыруы керек, сабақты жаңаша көзқарасапен және әдіспен өткізуі үшін.
Мультимедиялық технологияны қолдану әдісі қарастырады:
Берілген технологияны оқытудың
түсіндірмелі-иллюстративті
Информация о работе Қысым» тақырыбын оқытуда мультимедиялық технологияны қолдану әдістемесі