Қысым» тақырыбын оқытуда мультимедиялық технологияны қолдану әдістемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 13:45, реферат

Краткое описание

Мультимедиялық технологиялармен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Мультимедиялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Файлы: 1 файл

реферат.docx

— 58.70 Кб (Скачать)

Сабақта мультимедиялық құралдарды қолдану сабақ структурасына  әсер етпейді. Онда бұрынғыдай барлық бастапқы кезеңдері сақталып қалады, олардың тек қана уақытша мазмұны  ғана өзгеруі мүмкін. Берілген жағдайда себеп кезеңі артады және танымдық аурытпалықтың тиетінін айта кету керек. Бұл нәтижелі білім алу үшін керекті  жағдай, өйткені жеткіліксіз білімді  толтыру үшін оқушыға қызығушылық  пен шығармашылық дағды өте қажет.

Презентация көмегімен әр түрлі оқыту әдістерін қолдануға болады: фронтальді, топтық, жеке оқыту. Сондықтан мультимедиялық презентация, сабақтың біртұтас дидактикалық мақсатына өте ұтымды және тиімді сәйкес келіп тұр:

Білім беру аспектісі: оқушылардың оқу материалды қабылдауы, зерттеу объектілерінің байланыстары мен қатынастарын ой ілігінен өткізу.

Дамытушы аспект: оқушылардың  танымдық қызығушылығын арттыру, жалпылау, талдау, салыстыру, шығармашылық қызметтерін  дамыту.

Тәрбиелік аспект: әлемдік  ғылыми тәрбиелеу, өзіндік және топтық жұмысты анық жасай алуға, басқаға көмек беруге тәрбиелеу.

Мультимедиялық құралдарды қолдануға болады:

1. Тақырыпты хабарлауға

Сабақтың тақырыбы слайдтарда көрсетілген, онда қарастырылатын сұрақтар қысқаша, керекті моменттер айтылып  өтілген.

2. Мұғалім түсіндіруіне  көмекші ретінде

Мен өз іс-тәжірибемде арнайы қысқа сабақтарға арналған мультимедиялық конспект-презентациялар, қысқаша тексттер, басты формулалар, схемалар, суреттер, видеолар қолдандым. Мультимедиялық-презентацияны  жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде  керекті кадрларды көрсетудің өзі  жеткілікті, онда тақырыптың ең ұтымды жерлері ғана көрсетілуі мүмкін. Экранда  сонымен қатар анықтама көрсетіледі, схемалар, оны балалар дәптеріне  көшіріп жазады, сонда мұғалім  қайталауға көп уақыт жұмсамай біраз  нәрсені айтуға үлгереді. Кадрдан  кадрға өту түймені басу арқылы немесе тышқанды басу арқылы ауысады, автоматты  түрде белгілі бір уақыттан кейін  ауытыру режиміне қоюға болмайды, өйткені тақырыпты түсіндіру  барысында белгіленген уақыттан асып кетуі мүмкін, немесе оқушылардың  дайындық деңгейі әр түрлі болуы  мүмкін.

3. Ақпараттық-үйрету  құралы ретінде 

Бүгінгі күнде білім беруде маңызды жағдай бұл баланың ізденімпаздық, жаңа білімді түсінуіне және қабылдау қабілеттеріне байланысты. Мұғалім бұл жағдайда білім беруді ұйымдастырушы, оқушылардың өзбетінше жұмыстарын басқарушы, оларға керекті көмек және қолдауды көрсетуші болып табылады.

4. Білімді тексеру  үшін 

Компьютерлік тестілеуді қолдану оқу процессінің эффектілігін арттырады, мектеп оқушыларының танымдық қызметтерін жоғарылатады. Тесттер  карточка ретінде сұрақ варианттарымен болады, оған оқушы жауапты өз дәптеріне немесе арнайы бланкаларға белгілейді, бұл жағдайда слайдтардың ауысуы автоматты режимде түруі мүмкін ол мұғалімнің қалауына байланысты.

Компьютер көмегімен тестті тексергенде дұрыс (дұрыс емес) жауаптарды тез тексеруге мүмкіндік береді. Қайтадан жауап беру жолын жасауғада болады. Мұндай тест дұрыс немесе дұрыс емес жауаптар санын қарастыруы керек. Тесттен кейін оқушылардың дайындық деңгейін және берілген бөлімді оқу құлшынысын анықтауға болады.

Мультимедиялық презентацияларды және жазба дәптерлерін бірге  қолдану ерекше көңіл аударуды қажет  етеді. Менің ойымша, тек қана компьютер  мүмкіндігіне қарап қалмастан, бірақ  ол зерттелетін тақырып бойынша  ақпараттарды ғажайып, түрлі-түсте  жеткізудің ең жақсы құралы, бірақ  оқушылар дәптерінде керекті анықтамалар  көшірме түрінде қалуы керек. Өз бетінше қандай да бір есептеулерді жазып жауабын ғана жаза салатын  есептерді шығарғанда мүмкіндігінше  дәптерге жазған жөн. Мультимедиялық презентациялар мен жазба дәптерінің функциялары  өзгеше сондықтан оларды керекті жерде ғана қолданған жөн.

Мультимедиялық презентацияларды қолданудың артықшылықтары

Оқушыларды мультимедиялық құралдар көмегімен өткізілген сабақтар қызықтырады. Сыныпта мұндай сабақтың барысында шынайы қарым-қатынас  жүзеге келеді, оқушылар ойларын «өз  сөздерімен» жеткізуге тырысады, олар ерекше екпінмен есептерді шешеді, оқып отырған материалға қызығушылық танытады, компьютердің алдында қорқынышы жоғалады. Оқушылар оқулықпен өз бетінше жұмыс жасауға, анықтама құралдары және басқа пән бойынша әдебиеттерден қолдануға үйретеді. Оқушыларда одан да жоғары нәтиже алуға деген қызығушылық болады, дайындық және тапсырмаларды орындауға қалауы оянады. Практикалық жұмыстар орындау кезінде өзінбақылау пайда болады.

Физика сабағында презентациялар қолданудың мақсаттары:

  • оқушылардың физика және оның қосымшаларына қызығушылықтарын дамыту;
  • берілген материал бойынша оқушылар білімін тереңдету және кеңейту;
  • оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;
  • физикалық сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Бұл технологияның келесіндей ерекшеліктерін атап өтуге болады:

Тақтадағы сызбамен, жарық, анық, түрлі-түстегі сызбаны салыстырудың ешқандай қажеттілігі жоқ.

  • Тақта және бордың көмегімен әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды түсіндіру қиындау және түсініксіздеу.
  • Егер слайдта қателік немесе қандайда бір жетіспеушілік болса оны жөндеу өте оңай.
  • Оқушылардың дайындық деңгейіне байланысты бір материалды өте жеңіл және терең түсіндіруге болады, мұнда тек базалық сұрақтар ғана қарастырылады. Өтілетін материалдың екпіні және көлемі сабақ барысында анықталады.
  • Слайдтарды проектордың көмегімен көрсету кезінде де оқушылардың жұмыс істеу орны жеткілікті жарықтанған болады.
  • Сабақта көрнекіліктер қолданудың деңгейін арттыру.
  • Сабақ өнімділігін арттыру.
  • Пәннің басқа пәндермен байланысын орнату.
  • Оқушыларда пән мұғалімі және информатика мұғалімінің көмегімен ғылыми жобалар жасау және оқу программаларын жасау дағдылары қалыптасады.
  • Мұғалім ақпараттық технологияны қолданғанда немесе жасағанда өтілетін материалдың логикалық жағына көп назар аударуы керек, өйткені бұл оқушылардың білім деңгейіне тура әсер етеді.
  • Қолданбалы компьютерге деген көзқарас өзгереді. Балалар оны жұмысқа арналған әмбебеп құрал ретінде қабылдайды.

Мультимедиялық презентацияларды жасау бойынша ұсыныстар

Мультимедиялық программалар ақпаратты жеткізуде үлкен мүмкіндікке  ие болып саналады, әдеттегілерге  қарағанда ерекшеліктері көп, оқушылар білім алуына жақсы әсер етеді, материалды қабылдау жылдамдығын арттырады, сонымен қатар оқу процесіне толық әсерін тигізеді.

Мультимедиялық презентацияларды жасау кезінде келесіндей жағдайларды  ескеру керек:

  • Берілген сыныптың психологиялық ерекшеліктерін.
  • Білім берудегі мақсат және нәтижені.
  • Таным кеңістігінің құрылымы.
  • Нақты бір сабақ мақсатына жету үшін компьютерлік технологияның тиімді элементтерін қолдану.
  • Оқу материалының әр түстегі гамма безендірілуі.

Мультмедиялық презентацияларды сабақта қолданғанда ең алдымен, компьютер, телевизор экрандарынан ақпаратты қабылдаудың психофизиологиялық заңдылығына назар аудару керек. Ұзақ уақыт бойы экраннан берілетін ақпараттар қолдану кейбір жағдайда көздің көруіне кері әсер етуі мүмкін. Әсіресе мәтінмен жұмыс жасау кезінде.

Слайдтар жасау кезінде  мынандай талаптарды ескеру керек:

  • Слайдта сөздер мейілінше аз болуы керек
  • Тақырып және тақырыпшаларды жазғанда анық және үлкен шрифттарды қолданған жөн, қарапайым шрифттар қолданылуын шектеу керек.
  • Оқушылар дәптеріне жазатын немесе дауыстап оқыйтын анықтамаларды, теоремаларды, сөздерді слайдқа жазып қойған дұрыс.
  • Әріптің, санның, белгілердің көлемі ең соңғы партаның қашықтығына байланысты қойылады.
  • Фонның, әріптердің түстері мейілінше қарапайым, адамның жүйкесіне кері әсер етпейтін болуы керек.
  • Сызбалар, суреттер, фотолар және де басқа материалдар мүмкіндігінше экранды толтыратындай жағдайда үлкен болуы керек.
  • Бір слайдты көруге жеткілікті уақыт бөлу керек (2-3 мин аз емес), оқушылар өз назарларын экрандағы суретке аударуына жететіндей, слайдтың барлық элементтерін көру үшін, жазба дәптеріне көшіріп жазуына жететіндей.
  • Слайдтағы дыбыстар қатты, жүйкені тоздыратындай болмауы керек.

Оқу үрдісінің тиімділігін  арттыру үшін:

  • Бірқалыптылыққа жол бермеу, оқушылардың білім деңгейін ескеру;
  • Баланың ойлау қабілетін дамытуға тырысу, оның: салыстыру, бақылау, бастысын таңдап алу қабілеттеріне;
  • Сабақта компьютерлік құралдарды қолданып, жақсы, орташа, нашар оқитын оқушыларға жұмыс жасауға мүмкіндік беру;
  • Оқушының есте сақтау қабілетін ескеру (тез ұмытытын, ұзақ уақыт есте сақтайтын). Әсіресе тез ұмытып қалатын оқушыларға көп көңіл бөлу керек.

Физика сабағында мультимедиялық презентациялар қолданудың әдістемелік аспектісі

Білім берудегі ең басты  мәселелердің бұл ақпараттық технологияларды  қолдану. Компьютерлендіру және ақпараттандыру процесі бүкіл әлемде кең және ауқымды жүріп жатыр. Қазіргі күнде АҚТ ның дамуы бізде физика сабағының деңгейін арттыруға деген мақсат қояды.

Компьютерлік технологияларды  физика сабағында қолдануға тырысу педагогикалық және технологиялық төмендегідей себептерге байланысты:

  • білім берудегі мұндай технологияны қолдану арнайы тапсырма бойынша іске асуда;
  • оқытудың тиімділігін арттыру мұндай технологияны іздестірудің педагогикалық әсері;
  • компьютер оқу құралында берілген ақпаратты мейілінше кеңейтеді, оқушылардың оқу процессіне қызу араласуына мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта білім  беруде компьютерлік технологияның  пайдасы көзге айқын көрініп  тұр. Алайда, компьютер көпмақсатты  және өте күшті құрылым, оның көмегімен  мұғалім оқу процесін сапалы етуіне мүмкіндігі мол екенін ұмытпау керек.

Нақты бір сабаққа дайындалудағы  ең басты қиындық, компьтерлік программалардың ішінен тек кішкене бөлігі ғана білім беруге арналған, сондықтан материалды жеткізу, білім стандартына байланысты сабақ беру көп жағдайларда қиындық туғызады. Бірақ, арнайы кәсибі мұғалімдер және әдіскерлер жасаған мультимедиялық энциклопедия, сөздіктер, ойын түріндегі білім беретін программалар да жоқ емес.

Сондықтан мен жұмысымда Microsoft PowerPoint программасын қолдануды дұрыс деп санадым, өйткені бұл программа информатика пәнінен хабары жоқ мұғалімдер үшін үйрену өте жеңіл және қарапайым.

Әсіресе үйренуші және бақыланушы курстарда жүрген мұғалімдер жасаған  слайдтары қызықты. Біріншіден, олар жаңа оқып отқан материалға әдістемелік  дұрыс түсінік қалыптастырады. Екіншіден, оқу планындағы тізбектілікті қатаң  сақтайды. Үшіншіден, курс кезінде өтілген  дидактикалық материал, максималды түрде  әр түрлі болуы және жаңаруы мүмкін.

Компьютерлік проектіден қолдану оқылатын тақырыптың календарлық-тематикасына байланысты құрастырлады.

Оқылатын материалдың  мазмұны ескеріледі; басты педагогикалық  технология; оқу мекемесінде компьютерлік, пограммалық және аудио-видеоның болуы  қажет; әр балатың және жалпы топтың психологиялық мінездемесі; компьютерлік технологияның әр түрлі типтерін қолдану және т.б.

Нақты бір компьютерлік сабақтың жоспары үшін мұғалім:

  • сабақтық уақытша құрылымын жасайды, мақсатқа жету үшін керекті мәселелерді және кезеңдерді қарастырады;
  • компьютерлік құрылымдардың ішінен ең тиімдісін іріктеп алады, әдеттегілерге қарағанда оның артықшылықтарын қарастырады;
  • таңдап алынған материал уақыт бойынша бағаланады; олардың ұзақтығы санитарлық нормадан асып кетпеуі керек; барлық материалды қайта қарап шығу керек; қосымша уақыт жоспарланады;
  • табылған материалдардан презентациялық программа құралады.

Информация о работе Қысым» тақырыбын оқытуда мультимедиялық технологияны қолдану әдістемесі