Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 08:54, реферат
Банк қызметінің үдерісінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату жүргізіледі, қызметкерлердің жеке құрамының өзгеруі, жұмыс бабы бойынша ауысулар жүзеге асырылады. Есеп қызметкерлермен жұмыс басқармасында жүргізіледі. Ол барлық қызметкерлердің саны мен құрамы туралы және оның құрылымдық бөлімшелері туралы жалпы мәліметтерді алуды қамтамасыз етеді.
7-тарау. Жалақы және еңбекті нормалау
70-бап. Жалақы
1. Жұмыс берушi осы Заңға, жеке еңбек, ұжымдық
шарттарға сәйкес қызметкердiң еңбегiне
ақы төлеуге мiндеттi.
2. Қызметкерлердiң еңбегiне ақы мерзiмдiк,
кесiмдi түрде немесе еңбекке ақы төлеудiң
өзге де жүйелерi бойынша төленедi. Ақы
төлеу еңбектiң жеке және/немесе ұжымдық
нәтижелерi үшiн жүргізiлуі мүмкiн.
3. Қызметкердiң жалақысы орындалатын жұмыстың
саны мен сапасына, күрделiлiгiне қарай
белгiленедi.
Қызметкерлердiң өндiрiс тиiмдiлiгi мен жұмыс
сапасын арттыруға материалдық мүдделiлiгiн
күшейту үшiн жыл iшiндегi жұмысының қорытындысы
бойынша сыйлық, сыйақы беру жүйесi және
материалдық көтермелеудiң басқа да нысандары
енгiзiлуi мүмкiн.
4. Ұйымдарда еңбекке ақы төлеу жүйесi ұжымдық
шарттармен немесе жұмыс берушінің актілерімен
белгiленедi.
5. Жұмыс беруші қызметкерлерге қойылатын
біліктiлiк талаптары мен жұмыстардың
белгiлi бiр түрлерiнiң күрделілігін жұмыстардың
және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай
тарифтік-біліктілік анықтамалығы, басшылар,
мамандар мен басқа да қызметшiлер лауазымдарының
бiлiктілік анықтамалығы негізінде белгілейдi.
Аталған анықтамалықтарды әзірлеу мен
оларды қолданудың тәртібін еңбек жөнiндегi
уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайды.
Жұмыс берушi орындалатын жұмыстарды белгілi
бiр күрделi жұмысқа жатқызуды және қызметкерлерге
біліктілік разрядтарын беруді жұмыстардың
және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай
тарифтік-біліктілік анықтамалығында
және басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер
лауазымдарының анықтамалығына, сондай-ақ
қызметкерлердiң жекелеген санаттары
үшін белгiленетін үлгілік бiлiктiлiк талаптарына
сәйкес дербес жүргізедi. (P020041; V001333 қараңыз)
Ескерту. 70-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
71-бап. Жалақының мөлшерi
Жалақының мөлшерiн жұмыс берушi дербес
белгiлейдi және ол Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген ең төмен жалақы
мөлшерiнен кем болмауы керек. (K040548 (76-б.
3-т. 2) тарм. қараңыз)
72-бап. Қызметтердi қоса атқару
(қызмет көрсету
аймақтарын кеңейту) және жұмыста уақытша
болмаған қызметкердiң мiндеттерiн орындау
кезiндегi жалақы
1. Белгiлi бiр ұйымда өзiнiң жеке еңбек шартымен
келiсiлген негiзгi жұмысымен қатар өзiнiң
негiзгi жұмысынан босатылмастан басқа
қызмет немесе уақытша болмаған қызметкердiң
мiндетi бойынша қосымша жұмысты орындайтын
қызметкерлерге қосымша ақы төленедi.
2. Қызметтердi қоса атқарғаны (қызмет көрсету
аймақтарын кеңейткенi) немесе жұмыста
уақытша болмаған қызметкердiң мiндеттерiн
орындағаны үшiн қосымша ақылардың мөлшерiн
қызметкермен келісiм бойынша жұмыс берушi
белгiлейдi.
73-бап. Мерзiмнен тыс жұмыстарға,
мереке және
демалыс күндерiндегi жұмыстарға ақы төлеу.
Түнгi уақыттағы еңбекке ақы төлеу
1. Мерзiмнен тыс жұмысқа ақы бiр жарым есе
мөлшерiнен кем төленбейдi.
2. Мереке және демалыс күндерiндегi жұмысқа
ақы екi еседен төмен болмайтын мөлшерде
төленедi.
3. Мереке және демалыс күндерiндегi жұмыстарға
төленетiн өтемақы қызметкердiң тiлегi
бойынша қосымша демалыс күнiмен ауыстырылуы
мүмкiн.
4. Түнгi уақыттағы жұмыстың әрбiр сағатына
ақы бiр жарым есе мөлшерiнен кем төленбейдi.
74-бап. Бос тұрып қалған уақытқа
ақы төлеу
1. Жұмыстың бос тұрып қалған уақытына
ақы төлеудiң тәртiбi мен талаптары жеке
еңбек немесе ұжымдық шарттармен белгiленедi.
2. Қызметкердiң кiнәсiнен бос тұрып қалған
уақытқа ақы төленбеуге тиiс.
3. Жұмыс берушінiң кінәсінен болған iркiлiс
уақытына ақы төлеудiң тәртiбi мен талаптары
жеке еңбек шартымен немесе ұжымдық шартпен
айқындалады және ол орташа айлық жалақының
елу процентінен кем болмайтын мөлшерде
белгiленедi.
Ескерту. 74-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
75-бап. Еңбек нормалары
1. Еңбек нормалары (жұмыс iстеу, уақыт,
қызмет көрсету нормалары) еңбек шығынының
өлшемi болып табылады және қызметкер
үшiн техниканың, технологияның, еңбек
өндiрiсiн ұйымдастырудың қол жеткен деңгейiне
сәйкес белгiленедi.
2. Еңбек нормаларын енгiзудi, ауыстыруды
және қайта қарауды жұмыс берушi жүргiзедi.
Еңбектiң жаңа нормаларының енгiзiлетiнi
туралы қызметкерлерге кемiнде бiр ай бұрын
хабарланады.
Еңбектiң үлгілiк (бiрыңғай) нормаларын
ауыстыруды және қайта қарауды еңбек жөнiндегi
уәкілетті мемлекеттік органның келiсiмiмен
оларды бекiткен органдар жүзеге асырады.
3. Қызметкерлердің жұмыс iстеу нормаларын
орындауы үшiн жұмыс берушi қалыпты еңбек
жағдайларын қамтамасыз етуге мiндеттi.
4. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер
үшiн жұмыс iстеу нормалары жеке еңбек
шартына сәйкес он сегiз жасқа толмаған
адамдарға арналған жұмыс уақытының ұзақтығына
бара-бар қысқартылған ересек қызметкерлерге
арналған жұмыс iстеу нормаларын негiзге
ала отырып белгiленедi. (V990760 қараңыз)
Ескерту. 75-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
76-бап. Жалақы төлеу мерзiмдерi
1. Жалақы ақша нысанында және келесi айдың
бiрiншi он күндігінен кешіктiрiлмей төленеді.
Жалақы төлеу күнi жеке еңбек, ұжымдық
шарттарда көзделедi.
2. Жалақы төлейтiн күн демалыс немесе мереке
күндерiне тура келген жағдайда, оны төлеу
олардың қарсаңында жүргiзiледi.
3. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жалақы, ал қызметкермен
жеке еңбек шарты бұзылған кезде - оған
тиесiлi басқа да төлемдер белгiленген
мерзiмдермен салыстырғанда кешiктiрiлген
кезде жұмыс берушi қызметкерге берешек
пен өсiмақы төлейдi. Өсiмақының мөлшерi
жалақы төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi
орындау күнiне Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнің қайта қаржыландыру ставкасы
бойынша белгiленедi және төлем жүргiзiлуге
тиiс болған күннен кейiнгi күннен бастап
әрбiр кешiктiрiлген күнтiзбелiк күн үшiн
есептелiп төленген күнмен аяқталады.
4. Жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда
қызметкерге тиесiлi барлық сомаларды
төлеу соңғы жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей
жүргiзiледi.
Ескерту. 76-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
77-бап. Жалақы төленетiн орын
1. Қызметкерлерге жалақы төлеу, егер жеке
еңбек, ұжымдық шарттарда өзгеше көзделмесе,
әдетте, олардың жұмысын орындайтын жерiнде
жүргiзiлуге тиiс. (P991464; V001333 қараңыз)
2. Тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде (iссапарда,
тапсырысшының ұйымдарында және басқаларында)
жұмыс берушiнiң тапсырмасын орындаушы
қызметкердiң жалақысын жеткiзудi жұмыс
берушi өз есебiнен қамтамасыз етуге тиiс.
Ескерту. 77-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
78-бап. Қызметкердiң орташа
жалақысын есептеу тәртiбi
3ейнетақы төлемдерiн, еңбекке уақытша
жарамсыздық, жүктiлiк пен босану жөнiндегi
жәрдемақыларды және басқа да төлемдердi
есептеу үшiн ұйымдар қызметкерлерiнiң
орташа жалақысын есептеу тәртiбi Қазақстан
Республикасының заңдарымен белгiленедi.
(P001942 қараңыз)
79-бап. Жалақыдан ұстап қалу
Қызметкердiң жалақысынан ұстап қалу сот
шешiмi бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заң актiлерiнде көзделген жағдайларда
жүргiзiледi. (Z980253 қараңыз)
Қызметкердің жалақысын бiр немесе бiрнеше
атқарушы құжаттар бойынша өндiрiп алған
кезде оның жалақысының кемiнде елу проценті
сақталуға тиiс.
Ескерту. 79-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
8-тарау. Қызметкерлерге
кепілдіктер беру мен
өтемақы төлеу
80-бап. Қызметкердiң
мiндеттердi орындауы кезiндегi кепiлдiктер
Басшы Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес қызметкердiң жұмыс орнын және
лауазымын сақтай отырып, оны мемлекеттік
және қоғамдық мiндеттердi орындау уақытына
жұмыстан босатады.
Ескерту. 80-бап жаңа
редакцияда - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
81-бап. Жұмыс беруші медициналық
тексеруге жiберетiн
қызметкерлерге және донорларға арналған
кепiлдiктер
Мерзiмдi медициналық тексеруден өту кезiнде
жұмыс берушiнiң есебiнен осындай тексеруден
өтуге мiндеттi қызметкердiң, сондай-ақ
донордың тексерiлетiн және қан құю үшiн
қан тапсыратын күндерінде жұмыс орны
(қызметi) мен орташа жалақысы сақталады.
(V042780 қараңыз)
Ескерту. 81-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
82-бап. Бiлiктiлiгiн арттыруға
және қайта даярлауға
жiберiлетiн қызметкерге арналған кепiлдiктер
Жұмыс берушi қызметкердi өндiрiстен қол
үзiп, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта
даярлауға жiберген кезде оның жұмыс орны
(қызметi) мен орташа жалақысы сақталады,
сондай-ақ тараптардың келiсiмiне сәйкес
басқа да шығындар өтеледi. (P930327 қараңыз)
Ескерту. 82-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
83-бап. Қызметтiк iссапарлар
кезiндегі өтемақылар
Қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн қызметкерлерге:
1) iссапарда болған уақыты үшiн тәулiкақылар;
2) тағайындалған жерге барып-қайту жолы
бойынша шығындары;
3) тұрғын үй-жай жалдау жөнiндегi шығындары
төленедi. (P001428 (9-т.); P011676 қараңыз)
84-бап. Қызметкердi ұйыммен
бiрге басқа жердегi жұмысқа
ауыстыру кезiндегі өтемақылар
Қызметкердi ұйыммен бiрге басқа жердегi
жұмысқа ауыстыру кезiндегi шығындарды
өтеудiң тәртiбi мен мөлшерi тараптардың
келiсiмiмен белгiленедi. (P990731 қараңыз)
85-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздық
бойынша
әлеуметтiк жәрдемақылар тағайындау
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша
әлеуметтiк жәрдемақылар жалпы ауруларға
байланысты (жарақат алуға, жүктiлiктi жасанды
жолмен бұзуға, карантинге байланысты,
туберкулез немесе кәсiптiк ауру себебiнен
уақытша басқа жұмысқа ауыстырылған кезде)
еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайларында
және заңдарда белгiленген басқа да жағдайларда
тағайындалады. (P990731; P001942 (2-тарау 17-т. қараңыз)
86-бап. Жүктiлiк және босану
бойынша әлеуметтiк
жәрдемақылар мен бала асырап алған әйелдерге
(еркектерге) әлеуметтiк жәрдемақылар
тағайындау
Жүктiлiк және босану бойынша әлеуметтiк
жәрдемақылар, сондай-ақ тiкелей перзентханадан
бала асырап алған әйелдерге (еркектерге)
әлеуметтiк жәрдемақылар жүктiлiк пен босану
бойынша бүкiл демалысқа немесе бала асырап
алған күннен бастап, сәбидiң туған күнiнен
елу алты күн өткенге дейiнгi кезең үшiн
демалысқа тағайындалады. (P990731 қараңыз)
87-бап. Қызметкерлерге жұмыс
берушiнiң қаражаты
есебiнен әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу
1. Қызметкерге жалпы ауруға, еңбекте мертiгуге
және кәсiптiк ауруға байланысты, жүктiлiк
және босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық
жөнiнде әлеуметтiк жәрдемақыларды, сондай-ақ
бала асырап алған әйелдерге (еркектерге)
әлеуметтiк жәрдемақыларды жұмыс берушi
өз қаражаты есебiнен төлеуге мiндеттi.
(P990731; P001942 қараңыз)
2. Әлеуметтiк жәрдемақыларды төлеу тәртiбi
мен олардың мөлшерi Қазақстан Республикасының
заңдарымен белгiленедi. (P001942 қараңыз)
Егер еңбекке уақытша жарамсыздық еңбекте
мертiгуге немесе кәсiптiк ауруға байланысты
болса, әлеуметтiк жәрдемақыны жұмыс берушi
еңбекке жарамсыздық орын алған бiрiншi
күннен бастап, жұмысқа шыққанға дейiн
немесе мүгедектiгi анықталғанға дейiн
орташа жалақысының жүз процентi мөлшерiнде
төлейдi.
3. Жұмыс берушi әлеуметтік жәрдемақыларды
төлеу жөнiндегi өзiнің мiндеттерiн орындамағаны
немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген
тәртіпте жауаптылықта болады.
Ескерту. 87-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
88-бап. Жұмыс берушінiң қаражаты
есебiнен оқыту
және бiлiктiлiгiн арттыру
1. Жұмыс берушiнiң мүдделерiн көздеп кадрлар
даярлау үшiн жұмыс берушiнiң өз қаражаты
есебiнен қызметкердi оқытуға немесе оқуға
жiберуге құқығы бар. (P930327 қараңыз)
2. Жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен оқыған,
бiлiктілiгiн арттырған немесе қайта даярлаудан
өткен қызметкер сол жұмыс берушiде тараптардың
жеке еңбек шартында келiскен мерзiмiнде
жұмыс iстеуге мiндеттi.
3. Қызметкердiң бастамасы бойынша немесе
қызметкердiң кiнәсi салдарынан жұмыс берушiнiң
бастамасы бойынша жеке еңбек шарты бұзылған
жағдайда жұмыс берушiге қызметкер өзiн
оқытуға байланысты шығындарды жұмыс
iстеу мерзiмiнiң жұмыс iстелмеген мерзiмiне
бара-бар етiп, толығымен төлейдi.
Информация о работе Банк қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу операцияларының есебі