Орташа жалақыны есептеу тәртібі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 13:46, курсовая работа

Краткое описание

Жалақы төлеу – жұмыс берушінің қызметкерлерге олардың еңбегі үшін заңдарға, өзге нормативтік құқықтық актілерге, ұжымдық шарттарға, келісімдер мен еңбек шарттарына сәйкес төлем төлеуді белгілеу мен оны жүзеге асыруды қамтамасыз етумен байланысты қатынастар жүйесі. Жалақы көп жағдайда жеке табыс алудың негізгі нысаны, еңбекшілердің өмір сүру деңгейін арттыру мен жұмыстың сапасын жақсартудың басты көзі, өндірісті дамытудың аса маңызды ынталандырушы әдісі болып табылады. Ол қызметкер мен оның отбасының табысына оны ұстау құралы ретінде түсетін ұлттық табыстың бөлігін білдіреді және 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-III Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде реттеледі.

Оглавление

Тарау
ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ,
НЫСАНЫ МЕН ЖҮЙЕЛЕРІ ...................................................3-8
ЖАЛАҚЫ ТӨЛЕУДІ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ.........................................................................................9-11
ОРТАША ЖАЛАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ........................12-13
Демалыс уақыты үшін төлем..........................................14-16
Уақытша еңбекке жарамсыздық боынша жәрдемақы....17-19
ІІ. Тарау
21.«ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» ААҚ-ның ұйымдастық-экономикалық сипаттамасы менКәсіпорынтарихы .................................................20
22.Қаражанбас ААҚ-ның құрамы........................................21
2.3 Қаражанбас ААҚ бойынша еңбекақы талдау............22-23
ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .........................................25

Файлы: 1 файл

Еңбекақы курсовой 2013.doc

— 213.50 Кб (Скачать)

    Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары мыналарға:  
  · ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары  беріледі;  
   · бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік он бес күн болатын жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары  беріледі.  
  Еңбек шартында, ұжымдық шартта қызметкерлерге үздіксіз ұзақ жұмысы, маңызды, күрделі, жедел жұмыстарды, сондай-ақ өзге де сипаттағы жұмыстарды орындағаны үшін көтермелеу сипатында жыл сайынғы ақылы қосымша демалыстар белгіленуі мүмкін. 

    Жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезінде жыл сайынғы қосымша еңбек демалыстары жыл сайынғы негізгі еңбек демалысына қосылады. Бұл ретте жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығы ең жоғарғы шекпен шектелмейді (Еңбек кодексінің 101, 102, 103-баптары).

    Ескерту: Әлеуметтік демалыс деп ана болуға, балалардың күтіміне, өндірістен қол үзбей білім алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату түсініледі. Қызметкерлерге әлеуметтік демалыстардың мынадай  түрлері:  
  · жалақы сақталмайтын  демалыс;  
   ·  оқу  демалысы;  
   ·  баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар беріледі.

Егер демалыстың соңы демалыс күнінің алдында келсе, онда қызметкер жұмысқа бірінші  жұмыс күні кесте бойынша шығуға тиіс.

  Жыл сайынғы ақылы еңбек  демалысы:  
   · қызметкер еңбекке уақытша жарамсыз болған, жүктілікке және босануға байланысты демалыста  болған;  
  · егер бұл үшін заңда жұмыстан босату көзделсе, қызметкер жыл  сайынғы ақылы еңбек демалысы уақытында мемлекеттік міндеттер атқарған жағдайларда, толық немесе оның бір бөлігі ауыстырылуы немесе ұзартылуы мүмкін.

    Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы (оның бір бөлігі) қызметкердің жазбаша келісімімен немесе оның өтінуі бойынша ғана ұзартылуы немесе ауыстырылуы мүмкін. Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша келесі жылғы еңбек демалысына қосылуы немесе қызметкердің өтініші бойынша басқа уақытта бөлек берілуі мүмкін.

    Еңбек демалысын қатарынан екі жыл бойы бермеуге тыйым салынады (Еңбек кодексінің 108-бабы).

  Мысал:

  Қызметкерге ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы 2011 жылғы 2 ақпаннан бастап 24 күнтізбелік күнге ресімделді. Ол 17 ақпаннан бастап 23 ақпанға дейін сырқаттанды (еңбекке жарамсыздық парағы табыс етілді).

Ұйымда алты күндік жұмыс аптасы.

Қызметкер жұмыстан шығатын күнді анықтау керек.

 Егер қызметкер демалыста болған уақытта ауырмаса, онда ол жұмысқа 2011 жылғы 26 ақпанда кірісетін еді. Бұл жағдайда сырқаттанудың салдарынан демалыс 7 күнтізбелік күнге ұзартылуы мүмкін, яғни қызметкер жұмысқа 2011 жылғы 5 наурызда кіріседі.

Еңбек кодексінің 109-бабына сәйкес Жұмыс беруші жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын тек қызметкердің жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін. Қызметкердің жұмыс берушінің ұсынысынан бас тартуы еңбек тәртібін бұзу болып  табылмайды.

    Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерді, жүкті әйелдерді және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерді жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алуға жол берілмейді (Еңбек кодексінің 109-бабының 4-тармағы).

    Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретін жұмыс стажына:  
  1) нақты жұмыс істелген  уақыт;  
  2) қызметкер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған  уақыт;  
  3) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты нақты жұмыс істемеген  уақыт;  
  4) қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт  қосылады.  
  Қызметкерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі (Еңбек кодексінің 105-бабы).

    Жұмыс жылы қызметкердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген он екі айды құрайды.

    Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу ол басталардан үш күнтізбелік күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

  Еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша қызметкердің өтініші негізінде оған жалақы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.  
  Жалақы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша айқындалады.

    Жұмыс  беруші:  
  · неке  тіркелген;  
   · бала  туылған;  
   · жақын туыстары қайтыс  болған;  
   · еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген өзге де жағдайлар кезінде қызметкердің жазбаша өтініші негізінде күнтізбелік бес күнге дейін жалақы сақталмайтын демалыс беруге  міндетті.  
    Жүкті әйелдерге, баланы (балаларды) туған әйелдерге, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына байланысты мынадай демалыстар (Еңбек кодексінің  113-бабы):  
  · жүктілікке және босануға байланысты  демалыс;  
   · жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыс;  
   · бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс  беріледі.  
    Демалысты беру, ауыстыру, ұзарту не демалыстан шақырып алу жұмыс берушінің актісімен ресімделеді (Еңбек кодексінің  114-бабы). 
  Орташа жалақы есептеу ережесіне сәйкес қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны оқиға кезеңіндегі жұмыс күнінің (жұмыс сағатының) санына көбейту арқылы  есептеледі. 
  Сөйтіп, орташа жалақыны есептеу үшін демалыс кезеңіне келетін жұмыс күндері пайдаланылады.

 Егер есепті кезең ішінде қызметкердің лауазымдық жалақысы көтерілсе, онда орташа жалақы көтерілген лауазымдық жалақыны ол көтерілгенге дейін төленген лауазымдық жалақыға бөлу арқылы есептелетін көтерілу коэффициенті пайдаланылып есептеледі. Осы норма егер лауазымдық жалақы қызметкер басқа лауазымға ауыстырылмай көтерілген жағдайда қолданылады.  

Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша өтемақы есептеу  
    Еңбек кодексі мен «Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV  Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 556 бұйрығымен Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық пар ағын  және анықтамасын беру ережесі  бекітілген. 
  Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын беру ережесі медициналық ұйымдардың азаматтардың уақытша еңбекке жарамсыздығын куәландыратын құжаттарды беру тәртібін айқындайды. 
    Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын беру ережесінде мынадай ұғымдар  пайдаланылған:  
    уақытша еңбекке жарамсыздық – еңбекке жарамдылықты қалпына келтіру немесе мүгедек деп тану үшін қажетті уақыт бойы қарапайым өндірістік жағдайларда кәсіби жұмысты орындау мүмкін болмайтын функцияның бұзылуы бар аурулармен немесе жарақаттармен түсіндірілетін адам организмінің жағдайы және емдеудің әсерінен қайтымды, өтпелі сипатта  болуы; 
  медициналық-әлеуметтік сараптама– организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындайтын тіршілік әрекетінің шектелуін бағалау негізінде оңалтуды қоса алғанда, әлеуметтік қорғау шараларында куәландыратын азаматтардың қажеттілігін  анықтау; 
      медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі– Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық  органы;     
      уақытша еңбекке жарамсыздық парағы – Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын беру ережесінің  қосымшасындағы нысанға сәйкес азаматтардың уақытша еңбекке жарамсыздығын куәландыратын және оларды жұмыстан уақытша босатуды және уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алуды растайтын құжат; 
     уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасы – еңбекке жарамсыздықты куәландыратын, жұмыстан (оқудан) босату үшін негіз болып табылатын және азаматтардың жәрдем ақы алмай жұмыстан босату құқығын беретін  құжат. 
      Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы мына жағдайларда беріледі: 
       · аурулар  кезінде; 
       · еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтуға байланысты жарақаттар мен  уланулар; 
    · жүктілікті жасанды үзу  кезінде; 
       · сырқат балаға, мүгедек баланы бағу  кезінде; 
       · жүктілік пен босану бойынша демалыс  кезеңінде; 
       · жаңа туған нәрестені асырап алу  кезінде 
       · карантин  кезеңінде. 

Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек етіп жүрген шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ мынадай адамдарға беріледі: 
  · мемлекеттік  қызметкерлерге; 
  · еңбек шарты бойынша жұмыс  істейтіндерге;  
    · өндірістік практика өткенде ақы төленетін орынға оларды тіркелген кезінде білім беру ұйымдарында оқитындарға беріледі. 
     Уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасы Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында демалыста, іссапарда және т.б. жүрген шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ мынадай адамдарға беріледі: 
    · мемлекеттік  қызметкерлерге;  
  · еңбек шарты бойынша жұмыс  істейтіндерге;  
  · білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілер мен оқитындарға беріледі. 
    Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы және/немесе анықтамасын мыналар  береді:  
    · мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы медициналық ұйымдардың дәрігерлері, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен айналысатындар (бұдан әрі – денсаулық сақтау субъектілері) уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптау жүргізуді қамтитын медициналық қызметтің түрін жүзеге асыруға лицензиясы болған  жағдайда;  
  · ауылдық жерде дәрігер болмаған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парағын (анықтаманы) фельдшердің беруіне рұқсат беріледі (Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын беру ережесінің  7-тармағы). 
     Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы мыналарға  берілмейді: 
     · уақытша еңбекке жарамсыздық белгілері анықталмаған жағдайда медициналық ұйымға медициналық көмек сұрап,  өтініш  берген; 
     · медициналық куәландырудан, медициналық тексеруден  өтетіндерге немесе әскери комиссариаттың жолдамасы бойынша емделетін; 
    · тұтқындағы немесе әкімшілік  қамаудағы; 
· асқынудан (нашарлау) тыс созылмалы аурулары бар, амбулаториялық-емханалық жағдайларда әртүрлі ем-шаралар мен манипуляциялар қабылдайтын, тексеруден өтетін  азаматтарға. 
      Көрсетілген жағдайларда азаматтың өтініші бойынша амбулаториялық (стационарлық) сырқаттың медициналық картасынан көшірме беріледі. 
    Мынадай медициналық ұйымдарда уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілмейді: 
    · қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда; 
    · сот медицинасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда;  
    · травматологиялық пункттер және стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қабылдау бөлімшелерінде;  
    · санаторийлік-курорттық  ұйымдарда; 
 
     Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы мына жағдайларда төленбейді (Еңбек кодексінің 159-бабының 3-1-тармағы):  
 · заңды күшіне енген сот үкімімен кінәлі екендігі анықталған жағдайда оның қылмыс жасау кезінде алған жарақаттарының салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздық туындаған  қызметкерге;  
     · соттың ұйғарымы бойынша қызметкерді мәжбүрлеп емдеген (психикалық аурулардан басқа) уақыт  үшін;  
    · заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен қызметкердің кінәлі екені анықталған жағдайда, ол қамауда болған уақыт үшін және сот-медициналық сараптама жасалған уақыт  үшін;  
    · қызметкердің ішімдік, есірткі және уытты заттарды пайдалануы салдарынан туындаған ауруларға немесе жарақаттарға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы  кезінде. 
          Негізгі жұмыс орны бойынша жалақысы толықтай немесе ішінара сақталып, басқа ұйымға жұмыс орындауға жіберілген қызметкерлерге, маусымдық жұмыста істейтіндерге, үй шаруашылығында және үй қызметкерлеріне, кадрларды даярлау, қайта даярлау және  олардың  біліктілігін арттыру курстарының тыңдаушыларына, егер оларды ұйым жіберген және оқу кезеңінде олардың жалақысы сақталған жағдайда, осы кезеңде туындаған уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы олардың жұмыс орны бойынша  тағайындалады.  
    Қызметкерлер еңбекке жарамсыздық парағын жұмыс берушіге уақытша еңбекке жарамсыздық аяқталып жұмысқа шыққан күні табыс етеді. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы жарамсыздық жалғасқан жағдайда да төлемге табыс етілуі  мүмкін.  
       Жәрдемақы төлеу үшін табыс етілген еңбекке жарамсыздық парақтары ұйымның бухгалтериясында төлем құжаттарымен бірдей сақталады. Жәрдемақы жалақы төлеу белгіленген мерзімдерде төленеді.  Қызметкердің қайтыс болуына байланысты алынбаған жәрдемақы оның мұрагерлеріне және олар болмаған жағдайда жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамдарға  беріледі. 
  Қызметкердің өтініші бойынша  жәрдемақы оның шотына аударылуы немесе жәрдемақыны алуға тиісті сенімхатын табыс еткен сенім білдірілген адамға берілуі  мүмкін. 
    Ұйымның бас (аға) бухгалтері жәрдемақы төлеуге арналған қаражаттың дұрыс жұмсалуы үшін жауап береді.  Жәрдемақы төлеу жөніндегі өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жұмыс берушіге Қазақстан Республикасының    заңнамасында  белгіленген. 
   

  II.Тарау 2.1.“Қаражанбасмұнай” ААҚ-ның   ұйымдастық- экономикалық сипаттамасы

    ″Қаражанбасмұнай″  ААҚ-ы Маңғыстау облысындағы   Қазақстан Республикасының ең  ірі  мұнай өндірушілердің бірі болып келеді. ″Қаражанбасмұнай″ ААҚ-ы Ақтау қаласында 1995 жылы әділет органы басқаруымен тіркелді. Ол кезге дейін компания мемлекеттік меншік иесінде болды.  

    ″Қаражанбасмұнай″ ААҚ-ы қызметінің мақсаты болып нарық сұранысына сәйкес бәсекеге қабілетті мұнай өнімін өндіру, сапасын жоғарылату және пайда табу үшін номенкла тураларының ұлғайту, еңбек ұжымының әлеуметтік және экономикалық мүдделерін қанағаттандыру табылады.

       

 Кәсіпорын тарихы.

     Қаражанбас кен орны 1974 жылы Бозашы түбегінде ашылды. 1974 ж.  Қаражанбастағы К-12 скважинасынан ең алғаш рет мұнай фонтан атқылады. «Қаражанбас» кен орны 6 жыл бойы дайындалып, 1980ж. мұнай  өндіру өнеркәсібіне берілді. 7 жыл өткеннен кейін мұнайдың алғашқы 1 тоннасы өндірілді.1980 ж. кен орнын бұрғылауға  Краснодарлық УПНП( мұнай айдауды көтеру басқармасы) және КРС (скважиналарды капиталды өңдеу) кірісті.

     1992 ж. «Қаражанбастермнефть»   «Қазақстанмұнайгаз» ұлттық мұнай  компаниясының, кейіннен «Мұнайгаз»  құрамына кірді. 1994 жылдың 16 ақпанынан бастап «Қаражанбастермнефть», Технологиялық транспорт басқармасы және Жұмыспен қамту бөлімі «Қаражанбасмұнай» Акционерлік Қоғамының құрамына кірді.

       1999 жылдың ақпанынан бастап мұнда  еңбек ақы тұрақты түрде төлене  бастады. 2000 жылдың 30 қыркүйегінен бастап салықтар, еңбек ақы бойынша салықтар, мердігерлерге еңбек ақы бойынша борыштары толықтай өтелді. Өндірісті қалпына келтіру мақсатында басқарманың жаңа аппараты  кен орнын қалпына келтіру жобасы жасалынды. Жобаға жұмсалатын қаржы көлемі шамамен 209 млн. доллларға жетті.

 

 

 

 

 

 

 

            Қаражанбасмұнай″ ААҚ-ы құрамы

  ″Қаражанбасмұнай″  ААҚ-ы құрамына келесі басқармалар  кіреді: мұнай өндіру басқармасы, Қаражанбас кен орнын пайдалану  және орналастыру басқармасы, бұрғылау  басқармасы, материалды-техникалық жабдықтау басқармасы, инженерлі-геологиялық басқармасы, құрылыс басқармасы, әкімшілік басқармасы.

  Ұйымдық құрылым құрамына  келесілер кіреді: еңбек және адам ресурстар бөлімі, қаржылық бөлім, құқықтық –заң бөлімі,  әкімшілік-шаруашылық бөлімі, қоғамға байланысты бөлімі,мәліметтер технологиясы және телекоммуникация бөлімі, техникалық ұжым, диспетчер бөлімі. құрамына жеткізуді қадағалаушы, төлемдер , еңбек ақы, негізгі құралдар, салықтар, мұнай сату бухгалтерлері және кассир кіреді.

Информация о работе Орташа жалақыны есептеу тәртібі