Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 14:26, курсовая работа
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістермен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және ұйымның болашақтағы атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасайды.
КІРІСПЕ 3
1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Негізгі құралдар туралы түсінік 5
1.2 Негізгі құралдардың жіктелуі 6
1.3 Негізгі құралдардың бағалануы 8
2 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖӨНДЕУДІҢ ЕСЕБІ
2.1 Негізгі құралдарды жөндеуінің құжаттық есебі 11
2.2 Негізгі құралдардың тозу және олардың амортизациялық аударым есебі 15
2.3 Негізгі құралдардың түгендеуі 18
3 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЖӨНДЕУІНІҢ ЕСЕБІН ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІМЕН САЛЫСТЫРУ
3.1 Халықаралық Қаржылық Есеп беру Стандарттарына өткен кезде негізгі құралдарды есепке алу, жөндеу және бағалау проблемалары 21
3.2 Шетелдерде негізгі құралдар есебіне жүргізілетін тәжірибелер 23
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28
ҚОСЫМШАЛАР 30
Осыған қарамастан, компаниялардың ХҚЕС-на өту құқығы ерікті күйінде қалады. Және де субъектілер ХҚЕС-на өз ықтиярымен өтудің дұрыс екендігін қарастырған жөн.
Компаниялар кәсіби пайымдауларға сүйене отырып, көптеген мәселелерді өздерінің шешуіне тура келеді. Ең бастысы пайдаланушыларға сенімді және орынды ақпарат беруге міндетті түрде қол жеткізетін ХҚЕС олардың әрқайсысына сәйкес болғаны жөн.
Бухгалтерлерді мазалайтын мәселелердің бірі – негізгі құралдарды қайта бағалаудың қаншалықты міндетті екендігі. Қайта бағалау жүргізудің айналысындағы дүрлігудің басталу тарихы мынада. ХҚЕС-на өту 1-«ХҚЕС-ын алғашқы қолдану» ХҚЕС-ы негізінде жүзеге асырылады. Осы стандарт шығарылғанға дейін компаниялар ХҚЕС-на өткен кезде 8-ТТК қолданды, егер қаржылық есеп беру әрқашан ХҚЕС-на сәйкес дайындалса, соған сәйкес қаржылық есеп беру дайындалуға және ұсынылуға тиіс, бұл есепке алуда негізге алынатын барлық ХҚЕС-ын өткенді шолуда қолдану болжанады. Осыған байланысты компаниялар ХҚЕС-на сәйкес есеп жасау бойынша едәуір шығын шекті және пайда мен шығыг арасындағы баланс бұзылды.
8-ТТК-дан айырмашылығы – 1-ХҚЕС кейбір ХҚЕС бойынша талаптарды өткенді шолудан ерікті және міндетті түрде шығаруды ұсынады. Мәселен, ерікті шығарудың бірі бастапқы құн ретінде әділ құнды немесе қайта бағалау құнын қолдану болып табылады.
Ерікті шығару компанияның оны қабылдауын және өткенге қайтып оралмауы жөніндегі тілегін білдіреді. Бұл компанияның бұрынғы бухгалтерлік жазбаларды қайта жазудан және жұмысы көп есеп айырысуларды қалпына келтіруден босатады. Алайда бұл ХҚЕС-на өту жеңіл болады деген сөз емес.
1-« ХҚЕС-ын алғашқы қолдану» ХҚЕС-на (IFRS) сәйкес ХҚЕС-на есепке қою үшін негізгі нүкте ретінде ХҚЕС бойынша бастапқы бухгалтерлік баланстың баптарын қалыптастыру үшін компаниялар мынадай қадамдар жасауы тиіс:
№16
«Негізгі құралдар» ХБЕС-на (IAS) сәйкес
негізгі құралдардың
Осылар сақталған жағдайда объектілерді актив ретінде тану жүргізіледі.
Кейбір компаниялардың бухгалтерлік есеп жүргізу тәжірибесін ескере отырып, босалқылар шоттарында айқындамаға және белгілер бойынша негізгі құралдар ретінде танылуға тиіс активтер бар болуы мүмкін. [27, 8 б.]
Мұндай жағдайда сондай-ақ 16-«Негізгі құралдар» ХБЕС-да көзделген және есеп саясатындағы таңдау моделіне сәйкес бағалауда:
Бастапқы құн – бұл белгілі бір күнге құнды немесе амортизацияланатын құнды белгілеу үшін пайдаланылатын шама. Басқа сөзбен айтқанда, егер компания ХҚЕС бойынша қаржылық есепті тұрақты түрде жасаған жағдайда бастапқы құн қалыптастырылатын шартты шама болып табылады.
Атап айтқанда, болжанып отырған құн тозуды бұдан әрі есептеу үшін және құнсыздануға тест жүргізу үшін негіз ретінде пайдаланылатын болады.
Компания төмендегі негіздердің бірін бастапқы құн ретінде пайдалану туралы шешім қабылдай алады:
Компаниялар барлық активтер үшін немесе таңдамалы негізде ерікті шығаруды қолдану туралы шешім қабылдай алады, осыған байланысты болжамды (негізгі) құнды айқындау үшін тәсіл таңдап алынады.
Егер
бұрын пайдаланылған әдістер
мен ставкалар ХҚЕС-ын қолданған
кезде қолайлы болып табылмаса,
компаниялар амортизация
Ерікті шығаруды қолданудан бұрын немесе одан бас тартпай тұрып негізгі құралдар объектілерін тану белгілерінің сақталуына талдау жасаған жөн. Қажет болған жағдайда түзету және қайта жіктеу орындалады.
Егер компания ХҚЕС-на өтудің жүзеге асыруға міндетті деп санайтын болса, ол қазірден-ақ дайындық жұмысын бастауы қажет. [27, 9 б.]
Қайта
бағалау жүргізу мәселесіне байланысты
дүрлігу біршама асыра айтылған
болып саналады. Ең бастысы –
нендей шаралар қабылдау керек және
бұл үшін қандай рәсімдер қажет екендігін
анық білген жөн. Ал бұдан әріде, кәсіби
пайымдауға сүйене отырып, қолда бар қаржылық,
материалдық ресурстарды салмақтай отырып,
оларды шешу жолдарын іздей бастаймыз.
3.2
Шетелдерде негізгі құралдар есебіне
жүргізілетін тәжірибелер
Польшадағы бухгалтерлік есеп. Польшада айналымда болмайтын активтер материалдық және материалдық емес болып екіге бөлінеді.
Материалдық емес активтерге ғимараттар мен үйлер, машиналар мен жабдықтар, көлік тасымалдау құралдары, мал басы, т.б. жатады.
Бұл активтердің қолдану мерзімі бір жылдан асуы қажет.
Материалдық емес активтерді кәсіпорын өзі немесе басқа кәсіпорынға келісім шарт арқылы жалға берумен пайдалана алады.
Негізгі құралдар сатып алу бағасымен немесе негізгі құралдарды салуға кеткен қаржының есебімен бағаланады. Негізгі құралдар және оның ескіру көлемі қайта бағаланып отыруы мүмкін. Бұл жерде пайда болған айырмашылықтар активтерді қайта бағалау қоры есебінен шығарылады.
Негізгі құралдарды амортизациялау белгілі бір схема арқылы қордың пайдалану мерзімі және тозу коэфиценттерін пайдалану арқылы шығарылады. Есептелген тозудың мөлшері жұмысқа пайдалану мерзімі, технологиялық және экономикалық прогресстің мөлшері, өнеркәсіптің қуаты, міндетті пайдалану мерзімі, алдын ала белгіленген баға коэфиценттері салық заңдылығына байланысты есептеледі.
Ресей және батыс елдеріндегі негізгі құралдарды есептеудегі стандарттардың айырмашылықтары.
Ресейде – бухгалтерлік есепті жүргізуде мемлекет жағынан қатаң бақылау қойылған, бухгалтер жағынан пайданы төмендетіп көрсету, яғни салықты азайту қалыптасқан.
Батыста – пайданы көрсету ережелерінің көп жақтылығыны кәсіпорындарға пайданы жоғары көрсете отырып, үлкен сомадағы салықтарды акцияның бағасын арттыру арқылы жеңілдетеді. Бұл жағдайда қызығушылықты көтерумен аз мөлшерде салық төлей отырып, инвесторлар мен кредиторлар алдында көрсеткіштері төмендейді. [15, 84 б.]
Мемлекет пен инвесторлардың талаптары әртүрлі, бірақ бұл қайшылық екі түрлі жүйелер арқылы шешіледі: қаржылық және салық салу жүйелері.
Негізгі құралдардың анықтамасы.
Негізгі құралдар – ұзақ мерзімдік өнеркәсіпке экономикалық пайда әкелетін активтер.
Бухгалтерлік есеп стандарттарына активтердің құны, атауы және амортизациялық шығындардың мерзімін көрсету әдісі енгізіледі.
ХҚЕС бойынша негізгі құралдарды есептеу №16 стандартта көрсетілген, онда негізгі құралдар материалдық активтер болып көрсетілген. Оларды кәсіпорындар тауарларды шығарумен қамтамасыз ету, қызмет көрсету, басқа кәсіпорындарға жалға беру немесе басқа мақсаттарға бір жылдан аса мерзімде пайдаланады.
Негізгі құралдар американдық стандарттар бойынша негізінен халықаралық стандарттарға сай болып келеді: «Негізгі құралдарға - өнеркәсіпте пайдалану мерзімі бір жылдан асатын, кәсіпорынға экономикалық пайда әкелетін мүлік жатады».
Ресейдің бухгалтерлік есебінде негізгі құралдар былай деп айтылады: Тауар өндіру, өндірісті жүргізу, ақылы қызмет көрсету үшін еңбек құралы ретінде пайдаланатын мүліктің бір бөлігі және пайдалану мерзімі 12 айдан асатын активтерді «негізгі құралдар» дейді.
Пайдалану мерзімі 12 айға жетпейтін, заттық құны төменгі еңбекақының құнынан 100 есе аспаса және басқа да бухгалтерлік есеп бойынша кәсіпорынның белгілеген мүліктері негізгі құралдарға жатпайды. Бұл анықтамалар ХҚЕС-ке сай онда негізгі құралдардың бөгет қойылмаған, кәсіпорындар активтерді өз еріктерімен пайдалана алады.
Негізгі
құралдардың бағалануы. Негізгі
құралдарды бағалауда үш проблема қалыптасқан,
олар проводкалардың сомасы және нақты
жүргізілген уақытымен
№16 ХҚЕС-на сай негізгі құралдар нақты мүліктің сатып алу бағасымен немесе басқа негізгі құралдарды алуға, айырбасқа берілген мүліктің бағасымен есептеледі.
Нақты
бағаға сатып алу бағасы, импорттық
салықтар, уақытша төленбеген салықтар
және активтерді жұмыс істеу қалпына
келтіруге кеткен шығынның сомасы кіреді.
Мысалы негізгі құралдарды алған кезде
оларды орналастыратын орынды дайындауға,
тиеп жеткізуге және түсіруге кеткен шығындар
және т. б. жатады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бухгалтерлік есеп – экономикалық білім жүйесіндегі негізгі пәндердің бірі. Ол шаруашылық жүргізуші кез келген субъект қызметінде жетекші орын алады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті сипатталып, оның табысы немесе шығыны есепке алынады.
Бүгінде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізатпен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, бәсекеге жарамды өнімдерін ұлғайтуға, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағалауға болмайды.
Қазіргі
заман бухгалтерлері –
Осы курстық жұмысты қорытындысына келетін болсақ, осында қарастырылған мәселе негізгі құралдарды жөндеудің есебі.
Кез келген кәсіпорынның негізгі құралдары болады.
Негізгі құралдар кәсіпорынның барлық активтерінің едәуір бөлігін құрайды.
Бухгалтерлік есептің №6 стандарты бойынша, негізгі құралдар – ұзақ мерзім бойы (1 жылдан астам) материалдық өндіріс саласында, сондай-ақ өндірістік емес салада да қызмет ететін материалдық активтер. Ұсынылып отырған анықтамада үш негізгі белгіні бөліп көрсетуге болады:
Негізгі құралдарға қозғалмалы мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары, электронды есептеуіш машиналар мен техникалар, өнім және жұмыс малдары, тағы басқалар жатады.