Негизги куралдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 14:26, курсовая работа

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістермен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және ұйымның болашақтағы атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасайды.

Оглавление

КІРІСПЕ 3

1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Негізгі құралдар туралы түсінік 5
1.2 Негізгі құралдардың жіктелуі 6
1.3 Негізгі құралдардың бағалануы 8

2 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖӨНДЕУДІҢ ЕСЕБІ
2.1 Негізгі құралдарды жөндеуінің құжаттық есебі 11
2.2 Негізгі құралдардың тозу және олардың амортизациялық аударым есебі 15
2.3 Негізгі құралдардың түгендеуі 18

3 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЖӨНДЕУІНІҢ ЕСЕБІН ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІМЕН САЛЫСТЫРУ
3.1 Халықаралық Қаржылық Есеп беру Стандарттарына өткен кезде негізгі құралдарды есепке алу, жөндеу және бағалау проблемалары 21
3.2 Шетелдерде негізгі құралдар есебіне жүргізілетін тәжірибелер 23

ҚОРЫТЫНДЫ 26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

ҚОСЫМШАЛАР 30

Файлы: 1 файл

НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР .doc

— 270.00 Кб (Скачать)
  1. Жер – субьектінің меншік құқығымен алынған жерінің саны мен бағасы.
  2. Үйлер – еңбек етуге, тұруға, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету және материалдық қорларды сақтауға жағдай жасау үшін белгіленген архитектуралық-құрылыс обьектілері. Әрбір жеке тұрғын үй түгендеу обьектісі болып саналады.
  3. Ғимараттар – еңбекке керек-жарақтардың емес (зат скважиналар, көпірлер және т.б) өзгеруіне байланысты емес міндетті іс-қызмет аясын атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік- құрылыстық обьектілер.
  4. Машиналар мен жабдықтар – әрбір машина егер ол басқа мүліктік обьектінің бөлігі болмаса, құрамындағы тетік, құрал-аспаптармен, қоршаулармен, тірек-тұғырымен мүліктік обьект болып табылады. Негізгі құралдардың бұл тобы 5 топшадан тұрады:
    • күш-қуатты машиналар мен жабдықтар – жылу және электр қуатын өндіретін машина-генераторлар; әртүрлі энергияны механикалық, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын машина-двигательдар (тракторлар және  трубиналар, электр двигательдері және т.б);
    • жұмыс машиналары мен жабдықтары – еңбек өнімін жасау процесінде керек-жараққа механикалық, термиялық және химиялық әсер ету үшін арналған машиналар, аспаптар мен жабдықтар (токарлық-винт, бұранда жасайтын станоктар, ағаш тілетін рамалар, насостар, электромоторлар, экскаваторлар, грейдерлер (жол құрылысына пайдаланатын машиналар және т.б);
    • өлшеуіш және реттегіш құрал-аспаптар (приборлар, құрылғылар мен керек-жарақтар, лобороториялық жабдықтар) – өндірістік процестерді өлшеу, реттеу үшін құрал-аспаптар, құрылғылар мен керек-жарақтар (дозаторлар, амперметрлар, микроскоптар, су өлшеуіштер және басқалары);
    • есептегіш техника – процестерді түзету мен автоматтандыруға арналған машиналар, құрылғы, керек-жарақтар, құрал-аспаптар (компьютерлер мен басқа есептегіш машиналар);
    • басқа да машиналар мен жабдықтар – машиналар, аппараттар және басқа жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдықтары, өрт сөндіру машиналары);
  5. Табыстау қондырғылары – электр, механикалық және жылу энергиясы (электр беру желісі, тұрба құбыры) құбырғылары.
  6. Көлік құралдары – адамдарды, жүктерді тасуға арналған (теміржол, су, әуе, автомобиль көлігі, арба көлігі) тасымал құралдары.
  7. Басқа да негізгі құралдар:
  • Аспап – қол еңбегінің механикаландырылған және механикаландырылмаған немесе металл, ағаш және тағы басқа өңдеуге арналған, машинаға бекітілген керек-жарақтар (кескіш, соққыгер, езуші, тығыздап нығайтылған электр қол бұрғылар, бояу сыр пульттары, вибраторлар, қысқыштар);
  • Өндіріс мүлік пен олардың керек-жарақтары – өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет етуге арналған заттар: жұмыс үстелдері, шкафтар, верстактар (ағаш ұсталарының ағаш шабатын, кесетін ұзынша үстелі);
  • Шаруашылық мүлкі – кеңселік және шаруашылық мүлік (үстелдер, шкафтар, кілемдер және т.б.);
  • Жұмыс малы және өсімтал мал. Жұмыс малы – аттар, өгіз, түйе және тағы басқа жұмыс малы. Өсімтал мал – ірі қара мал, тұқымдық айғырлар және тұқымдық бие, тұқымдық нар мен аруана, бұғы, марал, ұрғашылары мен еркектері, қабан шошқа, ешкі, саулық және қошқар. Мүліктік обьект - әрбір үлкен мал;
  • Көпжылдық көшет егістері – қолдан егілген, жасына қарамайтын көпжылдық егістер (жеміс-жидек беретін, жүзімдік, көпжылдық егістері, роза плантациясы, бұтадан жасалған қоршау, қаша, танапты қорғайтын егістер). Жас қасиеттер әбден толысқан (жеміс беру бағасы, ағаштың ұшар басының түйісуі);
  • Жерді (ғимаратсыз) жақсарту жөніндегі күрделі шығындар – ауыл шаруашылығына пайдаланатын жердің бетін көркейту жөніндегі мүліктік сипаттағы шығындар (жер учаскесін жоспарлап, жүйелеу, алаңды егіндікке арнап тамырымен жұлу, жерді тастан тазарту);
  • Басқа да негізгі құралдар – кітапхана қорлары, спорттық мүлік, мұражай құндылықтары.
    1. Бітпеген  құрылыс. Қолда бар негізгі құралдар алынған сәтінен бастап үнемі қолданылмайды, өйткені:
  • тоқтатылып  қойылады (жұмыс жасамайды) – уақытша қолданылмайды;
  • қоймада тұрады (қорада) – жөнделген, тоқтатылған, апат жағдайында қолданыстағы негізгі құралдарды ауыстыру үшін қор құрайды;
  • жалға берілген немесе алынған – басқа ұйым тапсырған немесе басқа ұйымнан жал мерзімі шартпен белгіленген негізгі құралдар. [11, 163 б.]                                       

      Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік,  яғни кәсіпорынның өзіне тиісті  және уақытша жалға алынған  болып екіге бөлінеді. Кәсіпорынның уақытша жалға алынған негізгі құралдары баланс сыртындағы «Жалға алынған негізгі құралдар» деп аталатын шотта есептейді.

    Сонымен қатар пайдалану барысына қарай  негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа бөлінеді.

    Жұмыс істейтіндерге өндіріс үрдісінде, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.

    Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың  қатарына тоқтатылып қойылған, белгілі  себептермен басқа да жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар  жатады.

    Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдыңғы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.

    Материалдық активтер сатып алыну мақсатына  қарай былай бөлініп есептеледі:

  • негізгі құралдар;
  • тауарлық-материалдық қорлар;
  • қаржылық инвестициялар.
 

    1.3 Негізгі құралдардың бағалануы 

    Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда  оларды бағалаудың маңызы зор болып  табылады. №6 «Негізгі құралдар есебі» БЕС мен №16 «Негізгі құралдар» ҚЕБХС-на сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша бағаланады:

  • Бастапқы құн немесе өзіндік құнмен – активті немесе ғимаратты алуға сол сәтінде берілген, басқа өтелген әділ бағаның немесе төленген ақшалай қаражаттың немесе оның баламасының сомасы;
  • Ағымдағы құнмен – белгілі бір күнде қолданыста жүрген нарықтық баға бойынша негізгі қаражаттық құны;
  • Өткізу құнымен (әділ бағаның) - мәмілеге дайын және жақсы хабардар тәуелсіз тараптар арасында жасалған операциялар кезінде активті ауыстыруға болатын сома;
  • Жойылу құны – шыққан шығынды тастап пайдаланылған мерзім соңында субъект актив алатын деп үміттенетін таза сома немесе сынған қалдықтардың қосалқы бөлшектерінің көзделетін бағасы;
  • Амортизациялық құнмен – жойылу құнын алып тастағандағы өзіндік құнның орнына есеп беруде көрсетілген басқа сома мен активтің өзіндік құны;
  • Баланстық құнмен – жинақталған тозу және баға түсуден жинақталған залал сомасын апып тастағанда бухгалтер баланста актив мойындалатын сома. Баға түсуден болатын залал – активтің баланстық құны оның орнын толтыратын құннан артқан сома [13, 123 б.].

    Негізгі құралдардың бастапқы құны – ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен (шыққан) шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында  төленген салық сомаларынан, құрылысты  салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз (процент) сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады (құралады). Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады. Негізгі құралдың әр түрі бойынша оның бастапқы құнына мынадай шығындар кіргізіледі.

  • жер учаскесінің бастапқы құнына:

    Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік  жөніндегі агентікке төленген комиссиялық  сыйақылар, сатып алу-сату жөнінде  келісім шартты ресімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар (үйді бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен түсімді (табысты) алып тастағанда қалған ескі үйді бұзуға байланысты шығындар, жерді тазалау, тегістеу, тағы басқа) енгізіледі (кіргізіледі).

  • құрал-жабдықтардың бастапқы құнына:

    Құрал жабдықты сатып алу бағасы, оны  тасымалдауға, әкелуге, тиеп түсіруге кеткен шығындар оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар тағы да басқалар енгізіледі.

    Алайда  құрал-жабдықтарды монтаждау,тасымалдау кезінде болған бүліну нәтижесінде  жөндеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарға жатқызылады.

    Егер  негізгі құралдар несиеге алынған  болса, ол үшін төленген пайыз сомасы да ағымдағы шығын қатарына жатады және негізгі құралдың құнына қосылмайды.

    Салынатын немесе салынып жатқан құрылыс үшін алынған несиеге есептелген пайыз  сомасы бұған жатпайды. Сатып алынған  үйлер мен ғимараттардың бастапқы құнына шот бойынша сатып алу  бағасы, ол үшін төленетін салықтар мен алымдардың сомасы және бұл құралдардың құжаттарын реттеу барысында заңгерге төленген төлемдер кіргізіледі.

    Кәсіпорынның  өзі салған үйлер мен ғимараттардың  бастапқы құнына осы құрылысты салу үшін кеткен шығындар: материалдар, жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген еңбекақы сомалары, еңбекақы бойынша бюджетке жасалған аударым, алынған несиелер үшін есептелген пайыздар сомасы, заңгерлерге, архитекторларға төленген төлемдер, құрылысты салу үшін рұқсат алу барысында жұмсалған сомалар басқа да кеткен шығындар енгізіледі.

    Кәсіпорындар  мен ұйымдар жерді және сол  жерге салынған үйлер мен ғимараттарды біртұтас ретінде пайдалануға сатып  алса, онда осы обьектілердің бастапқы құнын бухгалтерлік есепте әрбір  объект бойынша бөліп көрсету  керек.

    Негізгі құралдарды бастапқы құнына келтіру мақсатымен шаруашылық жүргізуші субъект басшылығы кейбір кезде іс жүзіндегі бағаларға сәйкес қолданыста жүрген заңдарға орай (Қазақстан Республикасы Үкіметінің        1997 жылдың 24 шілдедегі № 1174 Қаулысы мен Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттіктің 2002 жылдың 3 сәуірдегі № 03-1а-8 «Негізгі құралдардың құнын арттыру индекстері туралы» қатынас хаты) объектілерде қайта бағалау өткізілді, оның нәтижесінде негізгі құралдар есепте және есеп беруде ағымдағы құн бойынша көрсетіледі. Бухгалтерлік есепте қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиісті баланстық шоты бойынша тікелей бастапқы құнын арттырады және қатар бір мезгілде 5320 «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан болатын қосымша төленбеген капитал» баланстық шоты бойынша көрсетіледі.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖӨНДЕУДІҢ  ЕСЕБІ 

    2.1 Негізгі құралдарды жөндеуінің құжаттық есебі 

    Ұйымдардағы негізгі құралдарды пайдалану барысында  табиғи және сапалық жағынан біртіндеп тозады. Бүтін бөлігі, яғни табиғи пішінінің барлық тетіктері бір мезгілде, бір уақытта іске жарамсыз болып қалмағанымен, негізгі құралдардың бір бөлшкгінің жарамсыз болып, соның себебінен негізгі құрал істен шығуы (пайдалануға жарамсыз болып тұруы) мүмкін. Тіпті іске жарамды болғанның өзінде кейбір бөлшектерінің тозуының әсерінен өнім өндіру қабілетінің азаюы да ғажап емес.

    Сонымен қатар сапалық жағынан тоза бастаған кейбір негізгі құралдарды да толығымен  ауыстыруға кәсіпорынның қаржылық жағынан  мүмкіндігі болмай, пайдаланып жүруі мүмкін.

    Кәсіпорындар  өздерінің негізгі құралдарын пайдалану  мерзімі уақытынан бұрын жоғарыда айтылғандай тозып, істен шығып  қалмау үшін белгілі бір уақыт  аралығында жөндеп отырады.

    Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай және күрделі деп аталатын екі түрге бөледі.

    Жай жөндеу дегеніміз негізгі құралдардың  тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс  үрдісі барысында ауыстыру немесе оны  қалпына келтіру болып табылады. Жай жөндеу негізгі құралдарды дұрыс және жұмысқа жарамды жағдайда ұстауға арналады, мұндайда тозған детальдардың санаулысы ауыстырылады және жоспар бойынша кезекті жөндеуге, бояуға, қабырғаларды әктеуге және тағы басқа дейінгі дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету мақсатымен жабдық механизмдерін реттеу жасалады. Ағымдағы жөндеу кестеде көрсетіліп алдын-ала қарастырылған мерзімде өткізіледі. Жөндеу жұмыстары негізгі құралдардың пайдаланатын жерде немесе арнайы бөліп берілген жерде жөндеу бригадаларының күшімен атқарылады. [16, 116 б.]

Информация о работе Негизги куралдар