Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 14:26, курсовая работа
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістермен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және ұйымның болашақтағы атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасайды.
КІРІСПЕ 3
1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Негізгі құралдар туралы түсінік 5
1.2 Негізгі құралдардың жіктелуі 6
1.3 Негізгі құралдардың бағалануы 8
2 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖӨНДЕУДІҢ ЕСЕБІ
2.1 Негізгі құралдарды жөндеуінің құжаттық есебі 11
2.2 Негізгі құралдардың тозу және олардың амортизациялық аударым есебі 15
2.3 Негізгі құралдардың түгендеуі 18
3 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЖӨНДЕУІНІҢ ЕСЕБІН ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІМЕН САЛЫСТЫРУ
3.1 Халықаралық Қаржылық Есеп беру Стандарттарына өткен кезде негізгі құралдарды есепке алу, жөндеу және бағалау проблемалары 21
3.2 Шетелдерде негізгі құралдар есебіне жүргізілетін тәжірибелер 23
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28
ҚОСЫМШАЛАР 30
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ | 3 | |
1 | НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ | |
1.1 | Негізгі құралдар туралы түсінік | 5 |
1.2 | Негізгі құралдардың жіктелуі | 6 |
1.3 | Негізгі құралдардың бағалануы | 8 |
2 | НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖӨНДЕУДІҢ ЕСЕБІ | |
2.1 | Негізгі құралдарды жөндеуінің құжаттық есебі | 11 |
2.2 | Негізгі құралдардың тозу және олардың амортизациялық аударым есебі | 15 |
2.3 | Негізгі құралдардың түгендеуі | 18 |
3 | НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЖӨНДЕУІНІҢ ЕСЕБІН ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІМЕН САЛЫСТЫРУ | |
3.1 | Халықаралық Қаржылық Есеп беру Стандарттарына өткен кезде негізгі құралдарды есепке алу, жөндеу және бағалау проблемалары | 21 |
3.2 | Шетелдерде
негізгі құралдар есебіне жүргізілетін
тәжірибелер |
23 |
ҚОРЫТЫНДЫ | 26 | |
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ | 28 | |
ҚОСЫМШАЛАР | 30 |
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістермен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және ұйымның болашақтағы атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасайды.
Бухгалтерлік есептің басты міндеті - кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын үдерістерді алдымен бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің нәтижесінде өндірілген өнімдерді олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды, қаржы қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және оны арнайы құжаттарда көрсету.
Сонымен, бухгалтерлік есеп бүкіл халық шаруашылық есебінің ең басты негізі болып табылады.
Осы курстық жұмыста қарастырылатын тақырып негізгі құралдарды жөндеудің есебі.
Сонымен негізгі құралдар дегеніміз не? Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үрдісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт бойы пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
Мақсаттық белгілеуіне және орындалатын іс-қызмет аясына байланысты, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық бухгалтерлік есеп бойынша 1996 ж. 18 қарашадағы № 6 қаулысымен бекітілген қаржы-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының Бас жоспарына сәйкес негізгі құралдар мынандай топтар бойынша мақсатты белгілеу мен орындалатын іс-қызмет аясына байланысты жіктеледі.
Негізгі құралдарға - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы басқалары жатады.
Негізгі
құралдар есебі Қазақстан
Негізгі құралдар есебін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар болып табылады:
Негізгі құралдар кәсіпорынға келесі жолдармен түседі:
1. сатып алу;
2.
объект құрылысының
3. құрылтайшылардың үлес қосуы бойынша;
4.
тауар-айырбас операциясы
5.
басқа ұйымдармен және
6. түгендеу кезінде анықталған артықшылықтары.
Ұйымдағы негізгі құралдардың пайдалану барысында табиғи және сапалық жағынан тозады. Бүтін бөлігі, яғни табиғи пішінінің барлық тетіктері бір мезгілде, бір уақытта іске жарамсыз болып қалмағанымен, негізгі құралдардың бір бөлшегінің жарамсыз болып, соның себебінен негізгі құрал істен шығуы мүмкін. Тіпті іске жарамды болғанның өзінде кейбір бөлшектерінің тозуының әсерінен өнім өндіру қабілетінің азаюы да ғажап емес. Сонымен қатар сапалық жағынан тоза бастаған кейбір негізгі құралдарды да толығымен ауыстыруға кәсіпорынның қаржылық жағынан мүмкіндігі болмай, пайдаланып жүруі мүмкін.
Негізгі құралдар бухгалтерлік есебінің негізгі мақсаттары:
Кәсіпорындар өздерінің негізгі құралдарын пайдалану мерзімі уақытынан бұрын жоғарыда айтылғандай тозып, істен шығып қалмау үшін белгілі бір уақыт аралығында жөндеп отырады.
Елде нарықтық қатынастардың дамуы кәсіпорын мен ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің жеке бөлімдерінде есептің, соның ішінде негізгі құралдар есебі мен оларға салық салу есебі іс-шараларына жаңаша қарауға итермелейді.
Материалдық
активтерді негізгі құралдар деп
танитын тұста бағалауға
1
НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ
1.1Негізгі
құралдар туралы тусінік
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үрдісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
«Негізгі құралдарға» – қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы басқалары жатады [2, 157 б.].
Көлеміне
немесе бағасына (арзан-қымбаттылығына)
қарамастан пайдалану мерзімі бір
жылдан аспайтын өндіріс құралдары
негізгі құралдардың қатарына жатпайды.
Сонымен қатар негізгі
Барлық «Негізгі құралдар» өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдар, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқа жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады.
Халық
шаруашылық салаларына және істейтін
қызметтерінің түрлеріне қарай
барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп,
ауыл шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы,
тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық
жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары,
қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары,
әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім
беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да
басқа салалар бойынша топталады.
1.2
Негізгі құралдардың жіктемесі
Негізгі құралдар – материалдық активтер, олар:
Негізгі қаражаттың обьектілері үшін пайдалы қолдану мерзімі белгіленеді, бұл:
Негізгі құралдардың обьектісі актив ретінде мынандай жағдайларда пайда алады деп сендіруге болатын болса:
«Негізгі құралдарды» халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер кәсіпорындар мен ұйымдардағы негізгі құралдардың бәрі тек қана ұйымның негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін болса, онда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол кәсіпорынның атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.
Егер кәсіпорынның балансында осы ұйымның негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін халық шаруашылық саласы қызметі түріндегі топқа жатады.
Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді: