Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 14:26, курсовая работа
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістермен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және ұйымның болашақтағы атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасайды.
КІРІСПЕ 3
1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Негізгі құралдар туралы түсінік 5
1.2 Негізгі құралдардың жіктелуі 6
1.3 Негізгі құралдардың бағалануы 8
2 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖӨНДЕУДІҢ ЕСЕБІ
2.1 Негізгі құралдарды жөндеуінің құжаттық есебі 11
2.2 Негізгі құралдардың тозу және олардың амортизациялық аударым есебі 15
2.3 Негізгі құралдардың түгендеуі 18
3 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЖӨНДЕУІНІҢ ЕСЕБІН ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІМЕН САЛЫСТЫРУ
3.1 Халықаралық Қаржылық Есеп беру Стандарттарына өткен кезде негізгі құралдарды есепке алу, жөндеу және бағалау проблемалары 21
3.2 Шетелдерде негізгі құралдар есебіне жүргізілетін тәжірибелер 23
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28
ҚОСЫМШАЛАР 30
Негізгі құралдар (үйлер мен ғимараттар, машиналар, көліктер, тағы басқалары) өндіріс үрдісінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарының өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл үдеріс «амортизация» деп аталады. Амортизация сөзі латын тілінен аударғанда «өтеу» деген мағынаны білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны «амортизациялық аударым» деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.
Амортизациялық аударым мөлшері дегеніміз – негізгі құралдардың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен есептеліп шығарылған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы.
Ұйымдарда негізгі құралдағы ай бойы есептелген амортизациялық аударым сомасы ай сайын өндірілген өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнына қосылып отырады.
Кәсіпорындарға жаңадан келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға амортизациялық аударым келесі айдың басынан бастап есептеледі. Ал ұйымның балансынан есептен шығарылған негізгі құралдарға келесі айдың басынан бастап амортизациялық аударым есептеу тоқтатылады.
Негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу мына әдістер бойынша жүргізіледі:
Амортизациялық аударым есептеудің таңдап алынған әдісі кәсіпорынның есеп саясатында көрсетіліп, бір есеп беру кезеңінен екінші есеп беру кезеңіне дейін дәйектілі түрде қолданады. Егер негізгі құралдарға амортизациялық аударым әдісі өзгертілген жағдайда осы өзгерістің қандай себептерден болғаны айтылып көрсетілуі тиіс.
Құнды орындалған жұмыстың көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік әдіс). Бұл әдіс объектінің пайдаланылған әдісіне емес, оны пайдалану нәтижесіне негізделген. Бұл әдісті қолдануда әр жылғы амортизациялық аударым сомасымен орындалған жұмыс көлемінің, яғни станок арқылы өндірілген өнім санының арасында тікелей байланыс бар. Осы әдісті қолдану барысында жинақталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімнің санына қарай өсіп, көбейіп отырады. Ал объектінің қалдық құны амортизацияланатын құнның соңына жеткенше орындалған жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімнің санына тікелей үйлесімді түрде азайып отырады. Жалпы бұл әдісті объектінің пайдалану кезіндегі оның істейтін жұмысының көлемін, ол арқылы өндірілетін өнімнің санын айтарлықтай дәлдікпен анықтауға болатын жағдайда ғана қолдануға болады.
Сандардың жиынтығы бойынша құнын есептеп шығару әдісі (коммулятивтік әдіс). Бұл әдістің коммулятивтік, яғни сандардың қосынды жиынтық сомасы деп айтылуының, себебі, осы әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым сомасын есептейтін формуланың алымы негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің қалған жылдар санына тең болып, ал бөлімі ол активтің пайдаланатын барлық жылдар мерзімі сандарының қосындысына тең болуына байланысты [18, 128 б.].
Ол үшін негізгі құралдың бастапқы құны оның жұмыс істейтін мерзімінің, яғни пайдаланатын уақыт жылы санына бөлініп, әр есепті жылға тиісті амортизацияның пайызы анықталады. Бұл жерде бастапқы құнын 100% деп аламыз. Одан кейін табылған пайыз мөлшері екі еселеніп, негізгі құралдардың бастапқы құнына емес, әр есепті жыл басындағы әлі амортизацияланбаған қалдық құнына, яғни баланстық құнына көбейтіледі.
Негізгі
құралдардың амортизациялық тозу барысында
бухгалтерлік есепшоттары бойынша
жүргізілетін операциялар кестеде
көрсетілген
2.3
Негізгі құралдардың түгендеуі
Бухгалтерлік есеп пен есеп беру тәртібі (ережесі) бойынша барлық кәсіпорындар бухгалтерлік есеп мәліметтерінің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ ұйымдағы негізгі құралдардың нақтылы бар-жоқтығын анықтап және олардың іске жарамдылығын бақылау мақсатында жылына бір рет өзінің мүліктерін түгендеу жұмысын жүргізіп тұрулары қажет. Ұйымдарда негізгі құралдарды түгендеу жылдық қорытынды есеп беретін уақыт алдында қараша айының бірінен кейін жүргізілуі керек. Үйлерді, ғимараттарды, тағы да басқа жылжымайтын мүліктерді екі жылда бір рет, ал кітапхана қорларын бес жылда бір рет түгендеуге болады.
Негізгі
құралдарды жоғары көрсетіліп жазылған
мерзімдерден бұрын, яғни жиі түгендеу
мынадай жағдайларда
Кәсіпорындарда негізгі құралдарға түгендеу жұмысын жүргізу үшін тағайындалатын комиссия жұмыс жүргізуден бұрын мыналарды толық тексеріп алуы қажет:
Егер ондай тиісті құжаттар болмаған жағдайда негізгі құралдарға жауапты адамдардан ондай құжаттарды табуын талап ету қажет. Егер бухгалтерлік есептің тіркелімдерінде немесе техникалық құжаттарда қателіктер жіберілген болса, онда ол қателіктерді анықтап, құжаттарға тиісті өзгерістер енгізу қажет.
Негізгі құралдарға түгендеу жүргізу барысында комиссия міндетті түрде объектілерді мұқият қарап шығып түгендеу тізіміне олардың толық атын, қандай жұмысқа арналғандығын, инвентарлық нөмірі мен негізгі техникалық көрсеткішін, бастапқы құны мен тозу құнын, тағы да басқа керекті мәліметтерді енгізіп, жазулары керек. Түгендеу барысында кәсіпорынның балансына бұрын есепке алынбаған, сондай-ақ есеп тіркелімдерінде сипаттайтын мәліметтерді дұрыс көрсетілмеген немесе тіпті көрсетілмеген негізгі құралдар табылған жағдайда түгендеу тізіміне олар жайлы жетіспейтін мәліметтер дұрыс және толықтырылып жазылуы керек. Бұрын есепке алынбаған объектілер ағымдағы (түгендеу жүргізілген уақытта) баға бойынша, ал олардың тозу құны ол негізгі құралдың сол күнгі техникалық жағдайына қарап анықталып, субъектінің балансына кіріске алынады. Бұл объектіге қойылған нарықтық бағасы мен тозу құны тиісті түгендеу актісіне көрсетілуі қажет. Егер құрылыстың, ғимараттың, үйдің жарым жартылай бұзылуы немесе оларға қосымша істелген күрделі жұмыстар (жанама салынған үй, қосымша салынған қабаттар, т.б) түгендеуге дейін есепке алынбаған жағдайда комиссия тиісті құжаттар бойынша объектінің бастапқы құнының өсуінің немесе кемуінің нақты сомасын анықтап, оларды түгендеу тізіміне енгізу керек. Сонымен қатар комиссия бұл қосымша жұмсалған қаржының немесе қосымша шығынның есеп тіркелімдеріне жазылмай қалуына кінәлі адамдарды анықтауы керек [11, 172 б.].
Кәсіпорында негізгі құралдарға түгендеу жұмысы жүргізілетін уақытта басқа жақта болатын (тасымалдау құралдары, басқа жаққа күрделі жөндеуге жіберілген негізгі құралдар, т.б) объектілерге басқа жаққа жібермей тұрып, алдын ала тексеріп, түгендеу тізіміне енгізуі керек. Машиналар мен жабдықтар және күш беру қондырғылары түгендеу тізіміне түгендеу нөмірі, зауаттық нөмірі, тағы да басқа көрсеткіштері көрсетіліп тіркеледі.
Біртектес, құндарды бірдей, бір уақытта кәсіпорынға келіп кіріске алынған шаруашылық құралдарының аттарымен қатар сандары да жазылады. Пайдалануға жарамайтын, жөндеуге, бұрынғы қалпына келтіруге келмейтін негізгі құралдар түгендеу тізіміне енгізілмейді. Ондай негізгі құралдарға пайдаланылған уақыты мен тозуының себептері жазылып, бөлек акт жасалады. Ұйымның меншігіндегі негізгі құралдар мен қатар жалға алынған негізгі құралдарына да түгендеу жүргізіледі. Бұл объектілерге түгендеу жүргізу жалға алынған тізім бойынша жүргізіліп, тізімге негізгі құралдарды жалға берген заңды тұлғаға, яғни негізгі құралдың иесіне жіберіледі. Кәсіпорынның бухгалтериясы негізгі құралдарға түгендеу жүргізудің нәтижесін анықтау үшін салыстыру тізімдемесін жасайды. Бұндай тізімдеме түгендеу барысында анықталып кәсіпорынның бухгалтерлік есеп мәліметтері мен ақпараттарына сәйкес келмейтін бұрын есепке алынбаған, яғни артық шыққан немесе кем шыққан негізгі құралдарға жасалады. Түгендеу жүргізу комиссиясы өз жұмысының соңында қорытынды жасап, өз шешімін шығарады. Бұл шешімді кәсіпорын басшысы бекітуі керек.
Негізгі
құралдарды түгендеу барысында бухгалтерлік
есепшоттары бойынша
3 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЖӨНДЕУІНІҢ ЕСЕБІН ШЕТЕЛ
ТӘЖІРИБЕСІМЕН САЛЫСТЫРУ
3.1 Халықаралық Қаржылық Есеп беру Стандарттарына өткен кезде
негізгі құралдарды есепке алу, жөндеу
және бағалау проблемалары
Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары - International Accounting Standards – кәсіпорынның қаржылық жай-күйі және қызметінің нәтижелері туралы әділ және шын ақпарат ұсынуды қамтамасыз ететін барынша тәртіпке келтірілген бухгалтерлік стандарттар жүйесін білдіреді.
«ХҚЕС бойынша алғашқы қаржылық есептілік» термині оның ХҚЕС-на айқын және сөзсіз сай келетіні және әрбір қолданылатын стандарттың қанағаттандыратыны туралы мәлімдеме және оған түсіндірме бар алғашқы қаржылық есептілікті білдіреді [15, 31 б.].
Бухгалтерлер қауымдастығы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының қабылдануын күтіп отыр. Осы заң жобасында ХҚЕС-на өту міндетті болатын субъектілерге және бухгалтерлік есеп жүргізу жүйесі жеңілдетілгендерге арналған санаттарға бөлу болжанады. Бұл соңғылар үшін олардың кейбір бөліктеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін ҚБЕС қолданылуы ықтимал екендігін білдіреді.