Негизги куралдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 14:26, курсовая работа

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістермен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және ұйымның болашақтағы атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасайды.

Оглавление

КІРІСПЕ 3

1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Негізгі құралдар туралы түсінік 5
1.2 Негізгі құралдардың жіктелуі 6
1.3 Негізгі құралдардың бағалануы 8

2 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖӨНДЕУДІҢ ЕСЕБІ
2.1 Негізгі құралдарды жөндеуінің құжаттық есебі 11
2.2 Негізгі құралдардың тозу және олардың амортизациялық аударым есебі 15
2.3 Негізгі құралдардың түгендеуі 18

3 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЖӨНДЕУІНІҢ ЕСЕБІН ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІМЕН САЛЫСТЫРУ
3.1 Халықаралық Қаржылық Есеп беру Стандарттарына өткен кезде негізгі құралдарды есепке алу, жөндеу және бағалау проблемалары 21
3.2 Шетелдерде негізгі құралдар есебіне жүргізілетін тәжірибелер 23

ҚОРЫТЫНДЫ 26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

ҚОСЫМШАЛАР 30

Файлы: 1 файл

НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР .doc

— 270.00 Кб (Скачать)

    Ал  негізгі құралдарға жүргізілетін күрделі  жөндеу дегеніміз алдын-ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі  құралдардың бөлшектерін толығымен  ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды  айтады. Жабдықтар мен транспорт  құралдары үшін – бұл мерзімділігі бір жылдан асатын, агрегаттарды толығымен бөлшектеу, барлық тозған детальдар мен тетіктерді ауыстыру немесе қалпына келтіру, агрегаттарды құрастыру, реттеу және түзеу жасалатын жөндеу.

    Автотранспорт құралдары үшін күрделі жөндеу машина маркасына байланысты 20-дан 50 мың км-ге дейінгі машина жүрісінен соң жүргізіледі. Үйлер мен ғимараттар үшін – бұл тозған конструкциялармен детальдарды алмастыру немесе жөнделетін объектінің пайдалану мүмкіндіктерін жақсартатын, олардан гөрі берік және тиімділеріне ауыстыру жасайтын жөндеу.

    Күрделі жөндеу өткізу үшін негіздеме болып  қызмет ететін басқарушы құжат –  ақаулар тізімдемесі. Мұндай кестеде  көзделген жөндеу мерзімдері, негізгі  құралдардың осы объектісі үшін орындалу қажет жұмыс түрлері, ауыстыруға жататын детальдер, тетіктер, жөндеудің сметалық құны көрсетіледі. Ақаулар тізімдемесін жасау күрделі жөндеуді жоспарлауды және негізгі құралдарды жөндеуге беру кезегін белгілеуді жеңілдетеді.

    Ақаулар тізімдемесі негізінде күрделі  жөндеу бойынша жұмысқа наряд  тапсырыстар жазылады. Бұған жұмыстың техникалық шарттарын, жұмыс сызбаларын және тағы басқаларды тіркейді. Наряд-тапсырыстың бір данасы жөндеу шеберханасына, екіншісін бухгалтерияға, үшіншісі бас механик (инженердің) бөлімінде қалады.

    Субьектінің жөндеу цехтарында әрбір жөнделетін обьектіге көп сызық жолды карточкалар ашып, оларда жөндеу шығындарын жинақтайды.

    Ағымдағы  жөндеуге кеткен шығындарды субьект  өндіріс шығындарына кіргізіп, оларды меншікті қаражатынан төлейді.

      Жөндеу жұмыстары субьектінің өз күшімен (шаруашылық тәсілмен), басқа жақтағы ұйымды (мердігерлік тәсілмен) таратып және аралас әділ-амалмен жасалуы мүмкін.

    Егер  жөндеу қосалқы өндіріс (шаруашылық тәсілмен) жұмысшыларының күшімен, яғни жөндеу цехымен атқарылса, шығындар 92 «Қосалқы өндіріс» бөлімшесінің шотында жиналады.

    Мердігерлік тәсілмен орындалған жұмыста келісім шарт негізінде мердігерлер жөндеу орнына жөнделетін объектілерді жеткізу және кейін тасу жөніндегі шығындар да кіретін, орындалған жұмыстың сметалық құнына шоттар ұсынады. Күрделі жөндеуден негізгі құралдарды қабылдау-тапсыруды, қайта құруды және жаңартылып, жетілдіруді ресімдеу (№ НҚ-2 ф.) актілері бойынша жасалады.

    Жөндеу  жұмыстары біткен соң объектілер «Жөнделген, қайта құрылған және жаңғыртып, жетілдірілген объектілерді қабылдау-тапсыру  актісі» (№ НҚ-2 Ф.) тапсырыс берушілерге беріледі.

    Егер  жөндеу жыл бойы бір қалыпты болмай жүргізілсе, онда мұндай біркелкі еместіктің өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) өзіндік құнына әсерін шығарып тастау қажет. Шығындарды өндіріс шығындарына  біркелкі кіргізу үшін жыл ішінде резерв жасау қажет.

    Бұл үшін шаруашылық жүргізуші субъект  жөндеу қорын (жөндеуге арналған қор) құрады және ай сайын шығарылған шығын сомасына қарамастан, өндіріс шығындарына  жатқызылатын жылдық жоспарлық шығындардың 1/12 мөлшеріне ақша аударады.

    Ал  ағымдағы жөндеуге жұмсалған шығындар мен негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылмайтын күрделі жөндеу үшін шыққан шығындар сомасы ұйымның  ағымдағы шығыны болып есептеледі.

    Егер  негізгі құралдарды ұйым өз күшімен  жөндейтін болса, бұл шаруашылық тәсілімен жүргізілетін жөндеу болып табылады. [23, 126 б.]

    Ал  кәсіпорындар өзінің негізгі құралдарын жөндеуге арнайы жабдықталған, яғни осындай  мақсатқа арналған ұйымдарды қарастыратын болса, бұл жөндеудің мердігерлік  әдісі болып есептеледі. Басқа  ұйымдарға өзінің негізгі құралдарын жөндеу барысында кәсіпорындар мердігерлік ұйыммен келісімшарт жасасады.

      Ол шартта жөндеу үшін керекті  материалдар мен қай ұйымның  қамтамасыз ететіндігі, жөндеу жүргізу  мерзімі, жөндеу жұмысының құны, есеп айрысу тәртібі, тағы да басқа жағдайлар көрсетіледі.

    Жөндеу  жүргізілетін негізгі құралдарды кәсіпорындағы  тағайындалған комиссия мүшелерінің  шешімімен қабылдап алады.

    Кәсіпорындарда  негізгі құралдардың төлқұжаттарына және олардың түгендеу карточкаларына негізгі құралдарға жүргізілген жөндеуге байланысты тиісті деректер (өзгертулер мен толықтырулар) жазылуы тиіс.

    Бұл толтырылатын актілер мен басқа  да құжаттар ұйымның бухгалтериясында сақталады.

    Ұйымдарда негізгі құралдарды жөндеу шаруашылық әдіспен, яғни кәсіпорынның өз күшімен жүргізілетін болса, онда ол үшін жұмсалған, шыққан шығындар:

  • «Аяқталмаған құрылыс»
  • «Тауарлы (жұмыстарды, қызметтерді) сату жөніндегі шығындар»
  • «Жалпы және әкімшілік шығындар»
  • «Негізгі құралдарды жөндеу» үстеме шығындары, деп аталатын шоттардың тиістілердің дебитіне, ал мына төмендегі:
  • «Материалдар»
  • «Бюджетпен есеп айрысу»
  • «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің несиелік борышы»
  • «Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айрысу»
  • «Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айрысу»
  • «Басқадай несиелік борышпен есептеулер» деп аталатын шоттың тиістілерінің кредитіне жазылады. [24, 64 б.]

      Негізгі құрал объектілеріне байланысты №16 «Негізгі құралдар» атты қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес кейінгі шығындар актив жағдайын жақсартқанда, оның өнімділігін бастапқы есептелген нормативен жоғарлатып, арттырса ғана актив есебіне танылады.

      Болашақтағы экономикалық тиімділікті ұлғайтуға  және негізгі құралдардың бастапқы құнын арттыруға әкелетін мысалдар мыналар:

  • негізгі құрал объектілерінің пайдалы қолданылу мерзімін ұлғайтатын, оның қуаттылығын арттыратыны да енетін жаңғыртып, жетілдіру (модификация);
  • шығарылатын өнімнің сапасын едәуір жақсартуға жету үшін машина тетіктерін, детальдарын жетілдіру;
  • бұрын есептелген өндірістік шығынды едәуір қысқартуды қамтамасыз ететін жаңа өндірістік процестерді енгізу. [20, 57 б.]

    Объектінің  техникалық жағдайын сақтау мен ұстау  мақсатымен жасалатын негізгі құралдарды жөндеу мен пайдалануға жұмсалатын шығындар бастапқы құнды ұлғайтады, олардың пайда болу сәтіндегі  ағымдағы шығындар ретінде танылады.

    Жеке  активтер ретінде ескерілетін, басқа  қызмет ету мерзімі бар, негізгі  құралдардың кейбір түрлерінің конструкциялық элементтері белгілі бір жүйелі түрдегі ауыстыруды талап етуі мүмкін. Мысалы, жүк таситын лифт белгілі бір қолдану мерзімі өткен соң двигательді ауыстыруды талап етеді. Двигательді ауыстырған кезде шыққан жеке актив ретінде есептеледі, ал ауыстырылған двигатель есептен шығарылады.

    Қазақстан Республикасының «Салықтар және басқа бюджетке міндетті төлемдер туралы»  Кодексінің 113 бабының 2 тармағына сәйкес меншікті негізгі құралдарды жөндеу (күрделі, ағымдағы) арналған нақты іс жүзіндегі сома негізгі құралдардың әрбір тобы бойынша салықтық жылдың соңында топшаның баланс құнының белгіленген проценті шегінде жылдық жиынтық табыстан шегеріледі.

    Көрсетілген шектен асатын негізгі құралдарға шыққан нақты іс жүзіндегі сома негізгі  құралдардың тиісті салықтық топшасының құндық балансын ұлғайтады.

    Жылдық  жиынтық табыстан шегерілуге тиісті негізгі құралдарды  жөндеуге шыққан шығындарды ай сайын есептеу үшін, сондай-ақ топтың құндық балансына (топтың құндық балансының белгіленген процентінен асатын шығындар сомасына) қосылуға тиісті соманы анықтау үшін «Салық салу мақсатымен негізгі құралдарды жөндеу шығындарын есептеу тізімдемесі» қолданылады.

    «Салық  салу мақсаты үшін негізгі құралдарды жөндеуге шығатын шығындар есебінің тізімдемесі» қолданылады.

    Салық салынатын табыстан ұстап қалулар  туралы жинақтап қорыту мақсатымен заңды  тұлға «Негізгі құралдарды жөндеу мен  амортизацияға аударымдар тізімдемесін» жүргізеді.

    Негізгі құралдар жөндеу орындалғаны жөнінде қосылған құн салығы, яғни «Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы» Кодекстің          235 бабының 1 тармағына сәйкес қосылған құн салығы атап көрсетілген шот-фактуралар ұсынылуы бойынша материалдармен (жұмыспен, көрсетілген қызметпен) жабдықтаушыларға төленуге тиісті салық сомасы да есепке жатқызылуы тиіс.

    Егер  салық төлеуші басқа есепті кезеңді (ай, тоқсан) қолданса, онда жөндеу шығындары  есепті кезең соңындағы топшаның құндық балансына белгіленеді.

    Республикалық және жергілікті бюджеттерден алынған  жәрдем ақша (субсидиялар) есебінен жасалатын  жөндеу шығындары ұстап қалуға жатқызылмайды  және топшаның құндық балансын ұлғайтпайды.

    Егер  кесімді белгіленген активтересебі  салық салу мақсатымен объект бойынша жүргізілсе, топша құндық балансының белгіленген 5 процентінен асатын жөндеу шығындары жөндеуге шығын жұмсалған тиісті негізгі құралдардың құнын өсіруге жатқызылады.

    Негізгі құралдарды жөндеу барысында бухгалтерлік есепшоттар бойынша жүргізілетін кестеде көрсетілген (Қосымша А). 
 
 
 

    2.2 Негізгі құралдардың тозу және олардың амортизациялық аударым есебі

                

    Негізгі құралдар өндіріс үрдісінде бірте-бірте  тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын  жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар сатып алуға тура келеді.

    Негізгі құралдардың тозуын «табиғи» және «сапалық» тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу үрдісінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің қажалып мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланылғандығына ғана байланысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне байланысты, яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы (физикалық тозуы) олардың ұзақ уақыт пайдаланылуы және оларға басқа да факторлардың әсер ету нәтижесінен болып табылады.

    Негізгі құралдардың сапалық тозуы олардың  толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, олардың даму үрдісінен кейін  қалуы, яғни активтердің ғылым мен  техниканың дамуының бүгінгі күнгі  талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады.

    Осы жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, негізгі құралдардың тозуы дегеніміз – олардың табиғи және сапалық сипаттарын жоғалтуы деп те айтуға болады [11, 165 б.].

    Негізгі құралдардың сапалық тозуының бірінші  себебі – өндіріс салдарында ғылыми-техникалық прогреске байланысты еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын бұйымды, құрал-жабдықты, тағы да басқаларды өндіруге кеткен қажетті уақыт азаяды да, оның құны соғұрлым төмендейді. Осыған сәйкес еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал-жабдықтардың машиналардың, яғни негізгі құралдардың бағасы бұрын сатып алынған осындай негізгі құралдардың бағасына қарағанда арзан болады. Мұндай жағдай ұйымдарға қымбат және тозыңқыраған (пайдаланған) машиналар мен көліктердің, құрал-саймандарының, тағы да басқа негізгі құралдардың орнына жаңа әрі сапасы жоғары негізгі құралдарды сатып алуға тиімді етеді.

    Негізгі құралдардың сапалық тозуының екінші себебі – ғылыми-техниканың өркендеуіне байланысты жаңадан толық жетілген, өнімділігі жоғары әрі тиімді негізгі құралдардың пайда болуына байланысты. Кәсіпорындарда өнімділігі төмен негізгі құралдардың орнына, техникалық жағынан жетілдірілген тиімділігі жоғары негізгі құралдарды пайдалану әр уақытта тиімді болып табылады. Сондықтан да өнімділігі жоғары машиналар мен құралдардың пайда болуы және олардың бағасының арзандауы бұрынғы пайдаланып келген негізгі құралдардың сапалық тозуына әкеліп соғады. Барлық ұйымдар қандай меншікте болса да (мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік, тағы басқалары) өздерінің негізгі құралдарының тозу дәрежесін анықтап және оны есептеп отырады.

    Ескеретін жағдай негізгі құралдардың ішінде мына төменгі аталған активтерге тозу дәрежесі анықталмайды және де оларға амортизация есептелмейді:

  • жерге;
  • кітапхана қорларына;
  • архитектуралық және өнер ескерткіштеріне;
  • өнімді малдарға;
  • мұражайлық құндылықтарға;

        Сонымен қатар амортизациялық  аударым мынадай жағдайларда  есептелмейді:

Информация о работе Негизги куралдар