Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2012 в 21:33, курсовая работа
Бюджеттен тыс қорлар мәні жағынан - бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді және оперативті дербестілік негізде кешенді жұмсалатындарды қаржыландыру үшін мемлекет тартатын қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану нысаны.Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры - бюджеттен тыс қоры болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры - Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері болып табылады.
Кіріспе
І. Бюджеттен тыс қорлар
1.1 Бюджеттен тыс қорлардың мәні
1.2 Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары
ІІ. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының жалпы сипаттамасымен басқаруы
2.1 Ұлттық қордың қалыптасуы мен пайдалану көздері
2.2 Ұлттық қорды басқару
2.3. Ұлттық қордың жалпы рыноктық құны
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
2) қор мәселелері жөнінде Кеңеске, Үкіметке және Ұлттық банкке орындау үшін міндетті нұсқаулар береді;
3) қорды басқару жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асырады;
4) ұсыныстар беру үшін Кеңеске қорды басқарумен байланысты оған бекітуге берілген құжаттарды бағыттайды;
5) Ұлттық қордың қызметімен байланысты өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қорды басқару кезінде мына өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) есептемені жасау ережелерін, ақшаны қорға есепке алу және оны пайдалану тәртібін әзірлеп, бекітеді;
2) Ұлттық банкпен бірлесіп ақпараттық материалдардың және қорды басқарумен байланысты қызмет бойынша қаржылық есептеменің графигін жасап, бекітеді;
3) Президентке қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы есепті және Парламентке қорды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді;
4) қордың жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізуді қамтамасыз етеді;
5) қорды қалыптастыру және пайдаланудың бухгалтерлік есебін қамтамасыз етеді;
6) қордың қызметімен байланысты өзге өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қорды сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалынған сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Ұлттық банк жүзеге асырады:
1) қорды оның бір бөлігін сыртқы басқарушыны басқаруға беруді қоса дербес инвестициялау;
2) инвестициялық операцияларды жүзеге асырудың ережелерін әзірлеп, бекіту;
3) Үкіметке қорды сенімгерлік басқарудың нәтижелері туралы есепті ұсыну;
4) сенімгерлік басқару туралы ережелер мен шартта қарастырылған өзге өкілеттіктер.
Қорды тиімді сенімгерлік басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банктің шешімімен арнаулы лауазымды тұлғаны (Ұлттық банк төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде) - өкілетті өкілді анықтайды, оның өкілеттігіне
Ұлттық банктің атынан қорды сенімгерлік басқару жөнінде шешімдерді оперативті қабылдау кіреді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық банк қорды басқару мәселелері бойынша болжамды іс - әрекеттер мен қол жеткен нәтижелер туралы бір-біріне ақпарат беріп отыруға міндетті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын тиімді пайдалану және оны қаржылық акктивтерге және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастыру жөнінде ұсыныстар талдап-жасайтын консультациялық – кеңесші орган болып табылады.
Кеңестің негізгі міндеті қорды пайдалану мәселелері бойынша Президентке жәрдемдесу және ұсыныстар жасау болып табылады. Кеңестің мәжілістері Президенттің немесе оның тапсыруы бойынша Кеңес мүшелерінің бірінің төрағалық етуімен жүргізіледі және хаттамамен ресімделеді.
Кеңес шешімі Кеңес мүшелерінің жалпы санының жай көп даусымен қабылданады және заңнамамен бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен іске асырылады. Кеңестің құрамына мыналар кіретіндер:
Қазақстан Республикасының Президенті ;
Премьер - министрі ;
Сенаттың төрағасы ;
Парламент мәжілісінің төрағасы;
Президент Әкімшілігінің басшысы;
Ұлттық банктің төрағасы;
Премьер – министрдің орынбасары ;
Қаржы министрі;
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы.
Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің функциялары:
1) Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар талдап- жасау;
2) қорды пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды қарау және талдап-жасау;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржы активтерін және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесі жөнінде ұсыныстар талдап-жасау болып табылады;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы қағиданы Президент бекітеді.
Жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1-сәуіріне дейін Ұлттық банкпен бірлесіп қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі жасайды және оны Ұлттық банкпен бірлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылдың 1-сәуірінен кешіктірмей Президентке бекітуге табыс етеді.
Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Президент бекіткеннен кейін Үкімет оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады.
Қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті мыналарды кіріктіруі тиіс:
1) Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық
қорды сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызмет туралы есеп;
3) Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзге де мәліметтер.
Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторды немесе аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде жүргізіледі және Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
2.3. Ұлттық қордың жалпы нарықтық құны
Ұлттық қорды қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.
Ұлттық қор қызметі туралы 2008 жылғы есеп бойынша қордың таза активтерінің өсімі 2007 жылғы 57,5 %-дың орнына өткен жылы 76,6% құрды. Ұлттық қордың жалпы рыноктық құны жыл ішінде 1919 миллионнан 3662,7 миллионға өсті. Активтер өсімінің негізгі үлесі экономиканың шикізат секторы кәсіпорындарының нормативтен тыс пайдасынан алынған кірістерге тиеді. Мұндай коньюнктура мұнайға жоғары әлемдік бағаның арқасында қалыптасып отыр.
Қор активтерінің орташа пайдалылығы оның қызметінің барлық жылдары ішінде 4,23%- ға бағаланады.
2008 жылы Ұлттық қор активтерінің падалылығы 8,69%құрды, өткен жлы 222,8 миллион доллар мөлшерінде инвестициялық кіріс алынды. Сонымен бірге тұрақтандырушы портфелдің пайдалылығы 1,87% - ға тең болды, ал қордың негізгі бөлігін құрайтын жинақтаушы портфель 11,98 % пайдалылық берді.
Ұлттық қор қаражаттарының жылдам өсуіне қарамастан оның қалыптасуының тұрақтылығы шындап күман тудырмай қоймайды. Қор табысының толымдылығы көбінесе қолайлы сыртқы экономикалық коньюнктурамен, ұзақ уақыт бағаның мұнайға жоғары болуымен байланысты болып отыр.
Бюджет кодексіне сәйкес Ұлттық қорды толтырудың көздері республикалық бюджеттен түсетін трансферттер (шикізат салаларынан бюджетке түсетін жоспарланған түсімдердің 10% ), сондай - ақ шикізат секторынан түсетін нақты түсімдердің олардың жоспарланғанынан асып түсуі көлемі болып табылады.
Сөйтіп бұл оның тұрақты толымдылығына кепілдік бермейді.
Инвестициялық кірістердің бірде болуы, бірде болмай қалуы мүмкін, сондықтан қордың инвестициялық кірістері оған түсетін түсімдердің тұрақты көзі ретінде қарастырылмайды.
Мемлекеттік бюджеттен берілетін трансферттер сияқты көзіне келетін болсақ мұнай мен металдарға бағаның ұзақ уақыт төмендеуі кезінде олар едәуір қысқарады. Бұл жағдайда, керісінше, Ұлттық қордың қаражатынан бюджеттің ысыраптарын өтеуге тура келеді. Мемлекеттік меншікті жекешелендіруден түсетін кірістер мен бонустар біржолғы болып табылады, оларды да қалыптастырудың тұрақты көзі деп атауға болмайды.
Сараптаушылардың көзқарастары бойынша тап табиғи рента ғана қор кірістерінің негізгі көзі болуға тиіс және де оны алу кен өндіруші сектор кәсіпорындарының салық ауыртпалығын арттырмайды: табиғи рентаны алу кен – геологиялық жағдайлары әр түрлі кәсіпорындар қызметінің жағдайларын теңестіреді.
Қорытынды
Қорыта келсек, бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Оның өзінің мәні жағынан алып қарастыратын болсақ, бюджеттен тыс қорлар - бұл, бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді және оперативті дербестілік негізде кешенді жұмсалатындарды қаржыландыру үшін мемлекет тартатын қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану нысаны болып табылады.
Ал Қазақстан Республикасының Ұлттық қор - мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері болады,яғни оны Үкімет Ұлттық банккке шоғырландырады. Оны маңызы өте зор болып келеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қор дүниежүзілік бағалардың тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады және де мемлекеттің тұрақты әлеуметтік- экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Оның болашақ ұрпақтарға қорланымды және сыртқы факторлардан қорғануға, яғни бір сыртқы келеңсіз жағдайларға байланысты қаржы резервтерін шоғырландырады.
Сөйтіп, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару да керек. Бұл жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы қағиданы Президент бекітеді. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағылар оны жүзеге асырады.
Сонымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры әлеуметтік- экономикалық дамуында үлкен рөль ойнайды. Мемлкеттің қазынасын сақтау болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қ.Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев. Қаржы. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Алматы: 2005
2. Әлем экономикасы . Сахариев Сембай Сахариевич. Сахариева Анель Сембаевна. Оқулық -І бөлім. Алматы: - Дәнекер,2003ж.
3. Хабаршы /вестник. Экономика сериясы. №5(45) 2005ж.
4. Коммерциялық банктер операциялары. Мақыш Серік Биханұлы. ИздатМаркет Алматы: 2004 ж.
5. Ғ.С.Сейітқасымов. Ақша,несие,банктер. Алматы : - Экономика, 2001ж.
6. Қаржы – қаражат -№5,2005
7. Я.Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұманов, Ф.Н.Жақыпов Алматы: - Қазақ университеті, 1999ж.
8. Шеденов Ө.К. Байжомартов Ү.С. Жүнісов Б.И. Жалпы экономикалық теория. Алматы – Ақтөбе: - 2002 ж.
9. Н.Қ.Мамыров. Д.М.Мадиярова. А.Е.Қалдыбаева. Халықаралық экономикалық қатынастар. Оқу құралы. Алматы: Экономика 1998ж.
10. Г.Н.Доғалова. Халықаралық экономикалық қатынастары. Оқу құралы. Алматы: Экономика 2000ж.
15.Ж.Елубаев Т. Рыскулов атындағы ҚазЭу // Қаржы-Қаражат, 2004.
16.Статистический бюллетень Министерства финасов РК, 2004.
17.Социально-экономическое развитие РК / ежемесячный обзор Агенства РК по статистике, 2004.
18.Мурзатаева Г. Региональный уровень социальной защиты населения / Транзитная экономика, 2003.
19. Кучукова Н. Законодательные основы реформирования бюджетной системы РК // Финансы, 2002, №7.
20.Келимбетов К.Н. Стратегия экономического роста: проблемы и перспективы // Астана: Елорда,2001.
21. Закон РК от 1 апреля 1999 года «О бюджетной системе».
22. Постановление Правительства РК от 30 мая 2003 года № 499 «О проекте Бюджетного кодекса Республики Казахстан».