Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2012 в 21:33, курсовая работа
Бюджеттен тыс қорлар мәні жағынан - бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді және оперативті дербестілік негізде кешенді жұмсалатындарды қаржыландыру үшін мемлекет тартатын қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану нысаны.Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры - бюджеттен тыс қоры болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры - Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері болып табылады.
Кіріспе
І. Бюджеттен тыс қорлар
1.1 Бюджеттен тыс қорлардың мәні
1.2 Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары
ІІ. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының жалпы сипаттамасымен басқаруы
2.1 Ұлттық қордың қалыптасуы мен пайдалану көздері
2.2 Ұлттық қорды басқару
2.3. Ұлттық қордың жалпы рыноктық құны
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
1) зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу үшін қаражаттар жинау, сонымен бірге зейнетақы ісін ұйымдастыру;
2) аймақтық әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға қатысу.
Зейнетақы қорының қаражаттары мынадай көздерден жасалынады:
1) міндетті зейнетақы жарналары;
2) меншік нысанына қарамастан барлық шаруашылық органдары төлейтін сақтық жарналары немесе арнаулы салықтар;
3) жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтардың сақтық жарналары;
4) жоғарғы органдардың қаражаттары;
5) ерікті зейнетақы жарналары және т.б.
Зейнетақы қорының жұмсалу бағыттары:
1) заңнамаға сәйкес зейнетақыларды төлеу;
2) балаға қарау жөніндегі жәрдемақыларды төлеу;
3) материалдық көмектің бір жолғы төлемақылары;
4) зейнетақыларыды индесстеуге байланысты оларды көбейтуге байланысты болатын шығыстар;
5) қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қағаздарға, ғылыми- техникалық базаны дамытуға және т.б. резервтерді орналастыру .
Бюджеттен тыс қорлардың органдары:
басқару;
атқарушы органдар;
тексеріс комиссиясы;
қордың аймақтық бөлімшелері.
Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың жүйесі реформалауға жиі ұшырады: біраз уақыт олар өзін өзі биледі, мемлекеттік бюджеттің құрамында «Мақсатты қаржыландыру қоры» бөлімінде бөлек бөліп көрсетіледі, 1999 жылдан бастап түгелдей мемлекеттік бюджетке шоғырландырылады.
Қазақстанда Астана қаласын экономикалық және әлеуметтік дамыту үшін «Жаңа Астана» қоры сақталынған. Бұл қор:
1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде жеңілдетілетін қаражаттар;
2) Астана қаласында тұрғын үй құрылысына бағытталған және іс жүзінде мақсатты арналымға пайдаланылған қаражаттар;
3) мемлекеттік бюджет қаражаттары;
4) қалада құрылыс пен абаттандыруды жүзеге асыратын шетелдік инвестордың қаражаттары;
5) шет еледердің үкіметтерінің, фирмаларының және компанияларының мақсаты гранттары есебінен жасалынады.
ІІ бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының жалпы сипаттамасымен басқаруы
2.1 Ұлттық қордың қалыптасуы мен пайдалану көздері
Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай – ақ материалдық
емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері Қазақстанның Ұлттық қоры болып табылады.
Қазақстанның Ұлттық қоры мемлекеттің қорланымдарын қалыптастырады және ол сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың тәуелділігін т өмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік- экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге әсер етеді.
Яғни Қазақстанның Ұлттық қорын қалыптастыру болашақ ұрпақ үшін қорланымды және елдің экономикасын келеңсіз сыртқы факторлардан қорғану үшін қаржы резервтерін шоғырландырады.
Сөйтіп, Ұлттық қор екі функция орындайды: жинақтаушы және тұрақтандырушы функциялары.
Жинақтаушы функция қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. Жинақтаушы функциясымен қатар қор қаражаттарының қалыптасуы мен пайдалануының қолданылып жүрген тетігі ағымдағы экономиканың жағдайына тұрақтандыру ықпал көрсетеді.
Тұрақтандырушы функция шикізат ресурстарына әлемдік бағаның коньюнктурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған. Қордың тұрақтандырушы функциясын іске асыру мемлекеттік бюджетті орта мерзімді жоспарлауға көшуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар мен қаржы рыноктарының коньюнктурасы, мемлекеттегі және шетелдердегі экономикалық жағдай, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады.
Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталарымен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен есептемесі ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырады.
Қаражаттардың көздері мен қорды қалыптастырудың тәртібі мынамен анықталады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының бесжылдық индикативтік жоспарының құрамында Қазақстан экспортының едәуір үлесін құрайтын шикі мұнайға, мысқа және басқа шикізат тауарларына есептік тұрақты дүниежүзілік бағалар белгіленеді, олардың негізінде республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеп, бекіткен кезде Қазақстан тауар өндірушілері шикізат тауарларын өткізудің орташа бағаларын және оларға сәйкес шикізат секторынан мемлекеттік бюджеттің кірістерін есептеп шығарады. Шикізат тауарларының есептік тұрақты сақтанпаздық болжауды негіздей отырып белгіленеді.
Қор республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы процесінде оған шикізат секторы ұйымдарынан (заңи тұлғалардан Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша) бюджетке түсетін салық және өзге міндетті төлемдердің республикалық және жергілікті бюджеттердегі түсімдердің олардың мына түрлері бойынша :
корпорациялық табыс салығының,
қосылған құнға салынатын салықтың,
үстеме пайдаға салынатын салықтың,
бонустардың,
роялтилердің бектілген сомаларынан асып түсуін есепке жатқызу жолымен қалыптасады.
Ұлттық қор мына түсімдердің есебінен қалыптасады:
1. шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін нақты түсімдердің барлығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген олардың жылдық көлемінен асып түсуіне байланысты айқындалатын респбликалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;
2. республикалық меншіктегі және кен өндіру мен өндеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдердің есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;
3. шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін республикалық бюджетте жоспарланған түсімдер сомасының он пайызы мөлшерінде есептелген республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;
4. ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскерлерін сатудан түсетін жергілікті бюджеттің ресми трансферттер;
5. қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;
6. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер;
Қаражаттарды Ұлттық қорға есептеудің тәртібін Үкімет анықтайды.
Негізгі қызметі табиғи ресурстарды өндіру мен өндеу болып табылатын заңи тұлғалар шикізат секторының ұйымдары болып табылады. Шикізат секторы ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдер- шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке салықтың мынадай түрлері бойынша түсетін түсімдердің жиынтығы:
корпорациялық табыс салығы;
қосылған құнға салынатын салық;
үстеме пайдаға салынатын салық;
бонустар;
роялти ;
жасасқан келісім шарттар бойынша Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі.
Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер болжамы шикізат секторының тауарларына республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында айқындалған дүниежүзілік тұрақты есеп айырысу бағалары ескеріле отырып жасалады.
Жоғарыдағы бірінші тармақшада көрсетілген ресми трансферттердің, сондай-ақ республикалық меншіктегі және кен өндіруші және де өндеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттерді республикалық бюджеттің атқарылуы барысында оны Қазақстан Республикасының Парламентінде нақтыламай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындап, республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады.
Үшінші тармақшада көрсетілген ресми трансферттер, сондай-ақ республикалық меншіктегі және кен өндіруші және өндеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
Ауыл шаруашылық мақсаттарындағы жер учаскерлерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын, төртінші тармақшада көрсетліген ресми трансферттер мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімімен бекітіледі, ал жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын ресми трансферттерді жергілікті бюджеттен бюджетті атқару барысында оны мәслихатта нақтыламай-ақ Ұлттық қорға аударады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер Ұлттық қорды қаржы активтеріне және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастырудан құрылады.
Қордың қаражаттары мына бағыттар бойынша жұмсалады:
1) тұтас алғанда ағымдағы қаржы жылына бойынша шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдердің арасындағы айырма ретінде анықталатын республикалық бюджет шығынын өтеу үшін.
Өтем мөлшері республикалық бюджеттің түсімдер бойынша толық атқарылмаған жалпы сомасынан аспауға тиіс. Түсімдердің нақты көлемі олардың бекітілген көлемінен асып түскен жағдайда өтем жүзеге асырылмайды;
2) Ұлттық қорда республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып берілетін арнаулы трансферттер түрінде;
3) Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мыналарды жүзеге асырып отырады:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сақтауға;
2) Ұлттық қордың жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұру;
3) тәуекел деңгейінің қалыптылығы жағдайында ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор табыстылығының жоғары деңгейін ұстап тұру;
4) инвестициялық кірістер алуды қамтамасыз ету мақсатында рұқсат етілген қаржы активтеріне және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастырылады.
2.2 Ұлттық қорды басқару
Рұқсат етілген қаржы активтерін және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Ұлттық банкпен бірлесіп Үкімет айқындайды.
Ұлттық қорды жеке және заңи тұлғаларға кредит беруге және міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есебінен республикалық бюджеттің шығының өтеу оның атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің келісімімен қаржы жылының қортындылары бойынша Қазақстан Республикасының Парламентінде республикалық бюджетті нақтыламай-ақ жүзеге асырылады.
Активтерді Ұлттық қорға есептеу және Ұлттық қорды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры» туралы жарлығымен қорды басқару кезіндегі мемлекеттік биліктің өкілеттігі анықталған.
Қазақстан Республикасының Президенті:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің құрамын құрады;