Кәсіпорынның ұйымдық құқықтық нысандары

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 13:30, курсовая работа

Краткое описание

Коммерциялық, несиелік және басқада қаржылық келісімдерде пайыздық есептеулер кеңінен қолданылады. Бұл кезде келісуші жақтар қаржылық немесе несиелік келісімдер бекіте отырып, сол немесе басқа уақытша кезең (есептеу кезеңі) : күн, ай, тоқсан, жыл үшін пайыздық ставканың мөлшерін -табыстың салыстырмалы көлемін ескереді.

Файлы: 1 файл

5.doc

— 253.50 Кб (Скачать)

Г. Несиелендіру объектісі материалдық емес қажеттілігін көрсетеді

Д. Несиелендіру объектісі несиенің мәніне сай болуы керек

 

6) Ұзақ мерзімді қажеттілікті сипаттайтын фактор

А. Кәсіпорындағы активтер айналымы

Б. Инвестициялық процесс

В. А + Б

Г.  Есеп шотында материалдар мен шикізаттар сатып алу үшін ақшаның

жетіспеуі

Д. Кәсіпорындағы еркін ақша құрал

 

7)  Дұрысын таңда

А. Несиелеу объектісі өндірісте материалдық қажеттілікті сипаттайды

Б.  Объект кез-келген емес, қарыз алушының негізгі қорының

айналысымен айналыс шеңберінен шығатын объективті қажеттілікті

білдіреді

В. Несиелендіру объектісі – кәсіпорынның өз қорымен жаба алмайтын

уақытша толқымалы қажеттілік болып табылады

Г. Несиелендіру объектісі материалдық емес қажеттілігін көрсетеді

Д. Несиелендіру объектісі несиенің мәніне сай болуы керек

 

  8) Дұрыс емесін тап

  А. Кәсіпорын тек бір ғана арнайы шот аша алады

  Б. Кәсіпорын тек бір ғана арнайы шот пен бірнеше жай ссудалық есеп аша

алады

В. Кәсіпорынға бірнеше арнайы шот ашуға болады

Г. Арнайы ссудалық шот ылғи да несие қажеттілігіне тап болып отыратын

қарыз алушыларға ашылады

Д. Жай ссудалық шот бір рет ғана берілетін ссудаларға пайдаланылады

Бақылау сұрақтары:

1.Қарыз пайызының экономикалық мәні қандай?

2.Пайыз нормасын анықтайтын факторлар қандай?

3.Пайыздық ставкалар, олардың батыс елдердегі және Қазақстандағы дамуы мен дифференцияциясының ерекшеліктері қандай?

 

Әдебиеттер: 2, 5, 7, 8, 9, 10, 13-15

 

6  тақырып. Несие  және банк жүйесі, оның құрылымы

Сабақ формасы: тәжірибелік сабақ

Сабақ  мақсаты: Несие  және банк жүйесі, оның құрылымы туралы алған ілімдік тәжірибе жүзінден білімдерін бекіту.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1.Несие жүйесінің түсінігі, оның қызмет ету шарттары.

2.Несие жүйесінің құрылымы және оның өзгеруі.

3.Несие мекемелерінің түрлері: банктік және банктік емес несие-қаржы институттары

4.Банк жүйесі экономиканың дербес саласы және оның құрамдас элементтері, қызметтері, ролі.

Есептер шығару:

1. Белгілі бір мерзімде «А»  банктің бос резервінің көлемін анықтау керек, егер банктің меңшікті капиталы 5 509 950 мың т., тартылған қаржылар 17658673 мың т., ҚР Ұлттық Банкі алдындағы берешегі 830 мың т. құраса. Сонымен қатар ҚР Ұлттық Банктегі орталықтандырылған резервтерге, 8 % міндетті резервтер нормасындағы аударымдар, 141269308 мың.т. қолданылған резервтер 247 мың.т. құтайды.

2. «А» банктің депозитік шотына 1 млн.т. түсті, 8 % міндетті резервтер нормасында, осы банк «В» банктеің депозиттік шотына 920000 т. аударады. Осы механизм «С» банкте де қайталанды. Айналымда жүрген ақша жиынтығының қаншалықты өскенін есептеу керек.

3. Банктің депозиттік алғашқы ауқымы 2 млн.т. құрады. Бір ай уақыт ішінде ақша жиынтығы, ақша мультипликациясының тиімділігінің арқасында 5533      млн.т. ұлғайды. Айналымдағы ақша массасының ұлғаю коэффицентін табу керек, бұл нені көрсетеді?

4. М1 – ақша агрегатының көлемі 222450 млн.т., ал М2 – ақша агрегаты 344617 млн.т. құрайды. Тұрғындардың және банктік емес заңды тұлғалардың шет ел валютасындағы мерзімдік және жинақ шотындағы депозиттері 224499 млн.т. құрайды. Анықтау керек:

- ақша жиынтығының (М3) көлемін;

- заңды және жеке тұлғалардың шет ел валютасындағы аударылған депозиттері мен ұлттық валютадағы мерзімдік және жинақ депозиттерінің жиынтық көлемін;

- олар қандай агрегатына қосылады?

5. Ақша базасының (резервтік қаржылар) көлемі 157128 млн.т. құрайды. Ұлттық Банктің корреспонденттік шотына  екінші деңгейлі банктердің және басқа да ұйымдардың 30266 млн.т. сомасында аударылған депозиттері орналастырылған. Анықтау керек: айналымдағы нақты ақша көлемін (Ұлттық банктен тыс).

6. Тауар алушы жабдықтаушымен чек арқылы есептесті. Келісімнің әр қатысушыларының әр түрлі банктерде ағымды шоты бар, онда көрсетілген трансакциялық қызметтерге 0,5 % сый-ақы мөлшерлемесі тағайындалған (әрбір операция үшін). Чекпен кезекті операцияларды түсіндіріңіз және оларды үлгіде бейнелеңіз, егер:

-Чекте көрсетілген сома 840 мың.т.;

-Жабдықтаушының (бенефициар) шотындағы қаржыларының қалдығы – 1943 мың.т.;

-Төлеушінің шотындағы қаржылырының қалдығы – 3480 мың.т. болса.

 

Бақылау сұрақтары:

1) Несие жүйесі нені көрсетеді

2) Несиелік жүйенің құрылымы қандай

3) Парабанктік кеңсе деген не

4) Банк қызметінің ұғымы

5) Маманданған несие – қаржылық кеңселердің ерекшеліктері және

олардың қызметтері

Әдебиеттер: 1-4, 7, 8, 9, 10, 13-15

 

2 бөлім. ОРТАЛЫҚ БАНК – НЕСИЕ ЖӘНЕ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ БУЫНЫ

7  тақырып. Мемлекеттің орталық банкі, оның қалыптасуы және дамуы

Сабақ формасы: тәжірибелік сабақ

Сабақ  мақсаты: Мемлекеттің орталық банкі, оның қалыптасуы және дамуы туралы алған ілімдік тәжірибе жүзінден білімдерін бекіту.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1.Орталық (эмиссиялық) банктердің пайда болуы..

2.Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының орталық банкі.

3.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымы, заңды статусы және оның міндеті.

4. Ұлттық банктің негізгі міндетері.

5. Ұлттық банктің қызметтері.

Есептер шығару:

1. Банктен 3 айға қарыз алушыға 500000 т. көлімінде қарапайым әдіспен 16% жылдық есеп бойынша несие берілді. Несиелік келісім мерзімі аяқталаған соң банктің алатын өсім сомасын анықтаңыз.

2. 1,2 млн.т. көлемінде 3 жылға несие беріледі. Бірінші жыл үшін сыйақы мөлшері – 18%, ол әрбір келесі жарта жылдыққа 1% өсіп отырады. Өсімнің коэффиценттік және өсім сомасын анықтау керек.

3. Банк клиенті мерзімді салым ашқаннан кейін, 3 айдан соң 500000т. сомасын алғысы келеді (салым мерзімі 3 ай). Салым көлемі қандай болуы қажет, егер салым бойынша қолданылып жүрген мөлшер 12 жылдық есеппен болса? Салым сомасын және ол бойынша сый-ақыны есептеу керек.

4. Несие бойынша сыйақының қарапайым әдісін анықтау керек, яғни алғашқы капитал 600000 т. көлемінде, 180 қүннен кейін 630000 т. жетті (К -360 күн). Бұл пайыз қолданбалы ма, егер депозит бойынша осы мерзімдегі мөлшер 14% болса.

3 жылға 3 мың американдық доллар сомасында салым ашу жөніндегі келісім шартта, алғашқы 1,5 жылға сый-ақы мөлшері 10 жылдық есеп көлемінде тағаындалған, ал келесі кезңде ол әрбір  жарты жылдықта 1% кеміп отырады деп көрсетілген. Салымшылармен салым мерзімі аяқталғаннан кейін алынған өсім коэффиценттін және өсім сомасын анықтау қажет.

5. Депозиттік келісім-шартта 800 мың т. көлемінде салынған депозитке 1 жылға 12 % көлемінде сый-ақы белгіленген. Әрбір 3 ай сайын сый-ақы аударылып тұру үшін банк қандай сый-ақы мөлшерін қолданылатындығы (қарапайым немесе күрделі) көрсетілген. Сый-ақы мөлшерінің қандай түріне банк қызығушылық танытады. Осыны есеп айыру жолымен көрсетіңіздер.

а) қарапайым әдіс бойынша

б) күрделі әдіс бойынша

6. Бастапқы капитал 1,2 млн.т. көлемінде егер 12 % қарапайым сый-ақы мөлшері қолданылса, 1272 млн.т. өсетін аударым кезеңін анықтаңыздар (айы, күні, жылы).

7. Клиент 6 айға 3600 американдық доллар сомасында депозит ашуға ниет білдірілді. 12.01.2001 жылдан 11.06.2001 жылға дейін (12.06.2001 ж. Күні есептелінбейді). Сый-ақы мөлшері 7 % жылдық есептен. Есептеңіз:

а) есептелген сый-ақы сомасын (қарапайым әдіс бойынша);

б) әр айда қосылатын сый-ақы сомасын

8. Депозит мерзімі 3 ай: 14.03.2000 жылдан 14.06.2000 жылға дейін. Егер, салым сомасы 130 АҚШ долларын құраса, барлық депозит мерзімін және әрбір айға сый-ақы сомасын есептеңіз. Есеп айырудың басы салым күні болып табылады.

9. Банкте талап ету депозиті ашылды. 03-қантарға қатысты шоттағы қалдық сомасы 120 мың т. соманы құрады, сый-ақының жылдық мөлшері 3%. Сыйақының қүнделікті сомасын және есеп беру айына (қантар) сыйөақы сомасын анықтау керек.

 

Бақылау сұрақтары:

1) Орталық банктің ақша-несие саясаты: теориялық негіз, реттеу

механизмі және инструментариі (шетел мысалында)

2) Әр елдегі банк қызметін қадағалау ерекшеліктері

3) Қазақстанның ұлттық банкі, оның құқықтық негізі, мақсаты,

тапсырмалары және ақша-несие саясатының ерекшеліктері

            

Әдебиеттер: 1-4, 7, 8, 9, 10, 13-15

 

8  тақырып. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің функциялары мен операциялары

Сабақ формасы: тәжірибелік сабақ

Сабақ  мақсаты: Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің функциялары мен операциялары туралы алған ілімдік тәжірибе жүзінден білімдерін бекіту.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1.Ақша-несие саясатының түрлері.

2.Ұлттық банк негізгі операциялары

3. Ұлттық банктің қадағалаушылық және бақылаушылық функциялары

Есептер шығару:

1. Банк қарыз алушы клиентке 18 % жылдық мөлшер бойынша 1 млн.т. көлемінде несие ұсынды. Несиелік келісімді рәсімдегеннен соң, пайыз шотына 180 мың.т. ұстап қалғаннан кейін, клиент шотына 999820 т. аударылды. Банк қандай қателік жіберді және қандай сый-ақы әдісі қолданылған?

2. 2000 жылы Алматы банкі клиенттеріне 10 % жылдық есеп бойынша (АҚШ $) валютасында «мезет» депозитін ұсынды. Сый- ақы аудару кезінде антисипавтік әдіс қолданылған. Банк салымшысының қарызды өтеу механизмін ашыңыз. Егер салым мерзімі 6 ай, салым сомасы 2 мың АҚШ $ болса, банкпен сыйақы әдісін таңдау кезінде қателік жіберілді ме?

3. Қай тұлғаның (банк, қарыз алушы, кредитор салымшы) сый-ақы бөлуде антисипавті әдіске қызығушылық танытатынын түсіндіріңіз. Қызығушыллықтың себебін анықтаңыз:

а) қарыз алушыға несие ұсыну кезіндегі;

б) заем алу кезіндегі;

в) салымшылар алдындағы міндіттерін орындау кезіндегі.

4. Банкте 12 айға ашылған салым сомасы 800 $ АҚШ құрады (8% жылдық есеп бойынша). Еспе айыруды қолдана отырып, сый-ақының көлемін есептеңіздер:

а) қарапйым мөлшер бойынша бөлу әдісін;

б) күрделі мөлшер бойынша бөлуды;

в) банк пен клиент арасындағы осы немесе басқа әдістің артықшылғын

5. Ұлттық банктің есептік мөлшері 10%. Екінші деңгейлі банктердің тағайындалған есептік мөлшерінің көлемі қандай болуы мүмкін? Мысал келтіріңіздер.

6. Банк, бастапқы құны 400 мың т. болатын, вексельді есептеу кезінде, Ұлттық банктің есептік мөлшерінен (10%) 2% асатын дисконт мөлшерін тағайындайды. Несие мерзімі отыз күн.

Анықтау керек:

а) аталған банктің есепке алу мөлшерін;

б) дисконт көлемін

в) банк клиентімен алынған, есептелген вексель сомасын.

7. Банкпен бастапқы құны 750 мың т. болатын клиент векселін есептеу кезінде 11% есептеу мөлшері тағайындалды. Қарыз алушымен 11-қыркүйекте төлем мерзімі 25-қарашаға белгіленіп, вексель соло жазылып алыңды, ол банкпен осы жылдың 13-қазанында есептеуге алынды.

Анықтау керек:

а) вексельді есептеу мерзімін;

б) дисконт көлемін;

в) вексельдің есептік сомасын

8. Вексельде көрсетілген қарыз сомасы 300 мың т. (бастапқы құны) құрайды. Банкпен вексельді есептеу кезінде 11,5 % мөлшері тағайындалды. Несие ұсынылатын мерзімі анықтау керек, егер вексельді есепке ұсынған қарызшы 296250 т. алғысы келсе, неліктенвексельді есептеу кезінде декурсивтік әдіс қолданылмайды?

 

Бақылау сұрақтары:

1.Ақша-несие саясатының түрлері қандай?

2.Ұлттық банк негізгі операциялары қандай?

3. Ұлттық банктің қадағалаушылық және бақылаушылық функциялары қандай?

Әдебиеттер: 1-4, 7, 8, 9, 10, 13-15

 

3 бөлім. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР, ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

             

9 тақырып. ЕДБ қызметін ұйымдастырудың негіздері

Сабақ формасы: тәжірибелік сабақ

Сабақ  мақсаты: Екінші деңгейлі банктер қызметін ұйымдастырудың негіздері туралы алған ілімдік тәжірибе жүзінден білімдерін бекіту.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1.Коммерциялық банктердің құқықтық негіздері.

2. Банктердің негізгі қызметтері.

3.Банктің қызмет етуін қалыптастыру, қайта ұйымдастыру және оны тоқтату тәртібі.      4.Қазақстандағы ЕДБ түрлері.

Есептер шығару:

1. Сәуір айының ішінде талап ету депозиті бойынша, сый-ақыны есеппеудің мынандай реті қолданылады:

1) 01-09 сәуірге дейінгі кезенде – 9,3 теңге;

2) 10-13 сәуірге дейінгі кезенде -7,5 теңге;

3) 14-30 сәуірге дейінгі кезенде -5,1 теңге;

Есеп беру айына сый-ақы сомасын анықтау керек.

2. 2002 жылы 26 –ақпанға депозит бойынша сый-ақы сомасын анықтау керек. Егер шоттағы қаржылар қалдығы 110 мың т. құраса, ал сый-ақы мөлшері 2%.

3. Талап ету депозиті бойынша 1-қантарға клиент шотындағы қалдық 98000 мың т. құрады. Бір ай ішінде шотта келесі өзгерістер болды.

1) 5 қантар қалдық 120 мың т. құрады

2) 8 қантар қалдық 45 мың т. құрады

3) 31 қантар қалдық 75 мың т. құрады

Клиенттің талап ету шоты бойынша, өткен айға талап ету депозиті шотындағы сый-ақы мөлшерін есептеу керек.

4. Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшері 8%, Ұлттық банктің есептік мөлшнрі 7% банк аралық нарықтағы қарыз капиталының орташа мөлшері ұлттық валютада 12%, шетел валютасында 8% құрайды. Жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру қорымен пайыз мөлшері теңгемен 14%, шетел валютасымен 8 %аспайтын салымдар кепілденеді. Екінші деңгейлі банктер қарыз және салым бойынша 1-айға 6,9,12 айға және 3 жылға қандай тиімді мөлшерді тағайындай алады. Мөлшер көлеміне ықпал ететін фокторларды атаңыз?

Информация о работе Кәсіпорынның ұйымдық құқықтық нысандары