Инвестициялық қызметін экономикалық мәні мен мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 20:20, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында.

Оглавление

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
1. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі
мен саясатының негіздері
1.1. Инвестициялар ұғымы және олардың жіктелуі . . . . . . . . . . . . . . . 6
1.2. Инвестициялық қызметті басқару . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
1.3. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
2. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау
2.1. Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері . . . . . . . . . . . . . . . . 14
2.2. Инвестицияларды бағалау әдістерін тәжірибе жүзінде қодану . . . . . . 16
2.3. Альтернативті инвестициялық жобаларды бағалау . . . . . . . . . . . . 19
3. Қазақстандағы кәсіпорындардың инвестициялық
белсенділігін арттыру
3.1. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің
негізгі мәселелері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 22
3.2. Қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялық
саясатын жетілдіру жолдары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30

Файлы: 1 файл

инвестициялы__1.doc

— 216.00 Кб (Скачать)

Тартылған қаражаттардың  құрылымында банктік несиелердің  үлесі артып келеді. Айталық, 2004-жылы тартылған қаражаттардың құрылымында банктік несиелердің үлесі 14,5% болса, 2008-жылы бұл көрсеткіш 20,1% жеткен.

Өзге инвестиция көздерінің құрылымында лизингтік несиелердің  ерекше орын алатынын айта кету керек. Негізгі құралдарға салынған инвестициялардың құрамында лизингтік несиелердің үлесі дамыған елдерде 20-30% құрайды, дамушы елдерде 10-20% дейінгі шамамен сипатталады. Қазақстанда аталған көрсеткіш 2007-жылы небәрі 1% құраса, 2008жылы 2% жеткен. Көршіміз Ресейде бұл көрсеткіш 5% құрайды. Бұл, әрине, отандың тауар өндірушілердің негізгі қорларын жандандыру мәселесіне қажетті көмек бере алмайтындығының куәсі.

Бүкіләлемдік банктің  мәліметтері бойынша, кәсіпорындарға шағын несиелер берумен айналысатын  ұйымдар екі миллионнан астам  кәсіпорындарға қызмет көрсетеді, ал олардың несиелерінің жалпы сомасы 2 млрд. АҚШ долларын құрайды. Ал шағын несиелердің жалпы экономикадағы несиелердегі үлесі дамыған елдерде 20% құрайды. Біздің елімізде шағын несиелердің үлесі небәрі 2% ғана жетеді.

Қазақстан экономикасының негізі болып саналатын шағын бизнес субъектілеріне тоқталар болсақ, олар үшін инвестициялық қаражаттар тарту қазіргі таңда ең көкейтесті мәселе болып отырғаны анық. Олар үшін бүгінде инвестицияларды қаржыландырудың бірден-бір көзі – банктік несиелер болып отыр. Шағын несие ұйымдары мен лизингтік компаниялар елімізде енді ғана қалыптасу үстінде. Шағын кәсіпорындарға берілетін банктік несиелердің үлесі де жыл санап азайып келеді (5-кесте).

 

5-кесте Банктердің шағын бизнес субъектілеріне несиелік салымдары

 

млрд. теңге

Несиелік салымдар

2004-жыл

2005-жыл

2006-жыл

2007-жыл

2008-жыл

Жалпы банктік несиелер

148,8

276,2

489,8

672,5

978,1

Шағын бизнеске несиелер

39,9

74,2

122,0

146,5

196,2

- ұлттық валютада

22,3

40,7

46,7

55,5

104,4

   қысқа мерзімді

12,5

23,2

24,1

30,7

48,3

   ұзақ мерзімді

9,9

17,6

22,6

24,8

56,2

- шет ел валютасында

17,5

33,5

75,3

91,1

91,8

   қысқа мерзімді

8,0

17,0

36,1

32,4

32,4

   ұзақ мерзімді

9,5

16,5

39,2

58,7

59,4

Жыл бойындағы өсім, %

64,0

85,1

64,4

20,0

33,9

Шағын бизнеске берілген несиелердің үлесі, %

26,8

26,9

24,9

21,8

20,0


 

5-кестенің мәліметтеріне сүйенсек, банктік мекемелердің шағын бизнес субъектілерін қаржыландыруға жұмсаған қаражаттары соңғы жылдары абсолюттік көрсеткіші бойынша динамикалық түрде артып келеді. Айталық, аталған секторға берілген несиелер 2004-жылы 39,9 млрд. теңгені құраса, 2008-жылы бұл көрсеткіш 196,2 млрд. теңгеге жеткен, яғни, бір көзбен қарағанда, соңғы бес жыл ішінде шағын кәсіпорындарға берілген банктік несиелердің сомасы 5 есе өскен.

Алайда, осы несиелерді жалпы несиелер құрылымындағы үлесі тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда кері көріністі байқаймыз. Жалпы экономикаға берілген несиелердің құрылымында шағын кәсіпорындарға берілген несиелердің үлесі 2004-жылғы 26,8%-дан 2008-жылы 20,0%-ға дейін төмендеп кеткен. Бұл еліміздегі шағын бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасының әлі де болса «жаяу баяңмен» іске асырылып жатқандығын көрсетеді.

Еліміздегі кәсіпорындық сектордың дамуын және отандық бәскелестік  қабілеті жоғары тауарлардың өндірілуін қамтамасыз ету үшін аталған кемшіліктерді жоюдың немесе төмендетудің шараларын іздестіру қажет. Арнайы қаржы-несиелік мекемелер жүйесін қалыптастыру арқылы қолайлы инвестициялық жағдайлар жасайтын қаржылық инфрақұрылымды жетілдіре түсу қажет. Бұл жерде құнды қағаздар нарығының экономиканың нақты секторына ақша ағындарын тиімді орналастыратын ролін көтеру де шешуші роль атқарады.

 

3.2. Қазақстандық кәсіпорындардың  инвестициялық 

саясатын жетілдіру  жолдары 

 

Стратегиялық тұрғыдан инвестициялар кәсіпорындардың  дамуын, техникалық жарақтануын және экономикалық өсуін анықтайтын негізгі буын болып табылады. Елімізде болған соңғы жылдардағы өзгерістерге байланысты кәсіпорындар үшін де біршама қолайлы инвестициялық жағдай қалыптасты. 2007жылы 8-қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңы инвестицияларды ынталандырудың экономикалық негіздері мен принциптерін анықтап, еліміздегі инвестициялық жағдайды одан әрі жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар отандық кәсіпорындардың инвестициялық қызметін жетілдіруге кедергі болатын бірқатар, әлі де болса шешуін таппаған, мәселелер бар:

  • ұлттық экономиканың шикізат көздеріне бағытталғандығы;
  • өңдеуші өнеркәсіптің өнімділік деңгейінің төмендігі;
  • ішкі нарықтағы тауарларға деген тұтынушылық сұраныстың төмендігі;
  • өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның жете дамымағандығы;
  • кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық жағынан артта қалғандығы;
  • ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын инвестициялық шығындардың төмен деңгейі және т.с.с.

Өкінішке орай, жалпы ішкі өнімде (ЖІӨ) инвестициялардың деңгейі төмен болып қалып отыр – небәрі 19%. Еліміздегі инвестициялар деңгейін екі есеге дейін арттыру қажет. Қазіргі кезде инвестициялардың басым бөлігі (80%-ға дейін) негізінен айналымдық қаражаттарға немесе қысқа мерзімді негізгі құралдарға бағытталуда. Елден сыртқа қарай капитал ағындары орын алуда. Осы орайда кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ынталандыру бірінші кезектегі мәселе болып отыр.

Қазақстандық кәсіпорындардың  халықаралық деңгейде бәсекелестік қабілетін арттыратын маңызды фактор – инновациялық жобаларға салынатын инвестицияларды ынталандыру болып табылады. Елімізде инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту бойынша біршама тәжірибе жинақталған, мысалға, Қарағанды, Екібастұз, Өскемен, Шымкент қалаларында инновациялық сипаттағы жобалар іске асырылған болатын. Айта кету керек, жаңа өндірістердің басты ерекшілігі – бастапқы шикізат көзі ретінде техногендік өнімдер, өнеркәсіптік тауарлар және өндірістік қалдықтар қолданылды, ал негізгі шикізат көздері, баршаға мәлім, экспортқа және басқа елдерге жөнелтілуде.

Сонымен қатар, қазіргі  таңда Қазақстанда инновациялық қызметтің қажетті инфрақұрылымының жоқтығынан, инвестициялық жаңалық  ашқан кәсіпорындар бірқатар қиындықтарға тап болады.  Сол себепті жаңа технологияны ойлап табудан, оны жүзеге асырып, өндіріске енгізуге және өнімдер шығаруға дейін ұзақ уақыт кетеді. Атап айтсақ, қаржы институттары, әдетте, технологилық сипаттағы инвестициялық жобаларды тәуекел деңгейінің жоғары болатындығына байланысты қаржыландыруға құлықсыз. Сондай-ақ, несиелерді кепілдендіруге жоғары талаптар қойылады, ғылыми-зерттеу жұмыстарының құнын бағалау механизмі жоқтың қасы, несиелердің мөлшерлемелік деңгейі әлі де болса жоғары деңгейде қалып отыр.

Жоғарыда айтылған мәселерді шешумен қатар, инвестициялар туралы заңнаманы да жетілдіріп, инвестициялық белсенділікті арттыратын жағдайлар жасау керек. «Инвестициялар туралы» жалғыз заң еліміздегі инвестициялау және инвестициялық жобалау мәселелерін шешуге жеткіліксіз. Атап айтқанда, тікелей, қоржындық және ішкі инвестицияларды тарту арқылы инвестициялық жобаларды тиімді құруға және жүзеге асыруға кедергі болып тұрған келесі жағдайларды айтуға болады:

  • заңнамалық актілердің жетілмегендігі, шет елдік және отандық инвесторлар үшін айырмашылықтардың орын алуы және жиі өзгерістерге ұшырауы;
  • инвестициялық жобаларды талдау және бағалау мамандарының төмен біліктілігі және жауапкерсіздігі, олардың жиі алмастырылуы;
  • инвестициялық жобалаудың әдістемелік негіздерінің жоқтығы; бұл өз кезегінде шетелдік әдістемелердік отандық экономикалық жағдайларына үйренісіп кетуіне біраз бөгеттер жасады, нәтижесінде оларды қолданудың тиімділігін төмендетіп жіберді.

Қазіргі таңда кәсіорындардың тиімді инвестициялық саясат жүргізуі үшін аталған мәселелерді шешу қажет, атап айтқанда келесі шараларды жүзеге асыру керек:

  • салықтық жеңілдіктер мен инвестициялық преференцияларды тек жаңа кәсіпорындарға жаңа өнімді өндіру барысында ғана беру;
  • Қазақстан Республикасының «Тікелей инвестицияларды қолдау туралы» Заңын инвестициялық жобаларды сараптауды ұйымдастыру мен жүргізу бойынша баптарын жетілдіру;
  • отандық және шетелдік инвесторлардың құқықтарын теңдестіру мақсатында жаңа «Инвестициялар туралы» заңды жетілдіру;
  • «Құнды қағаздар нарығындағы инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы» Заң қабылдау;
  • инвестициялық жобалардың қаржылық тиімділігін бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірлеу, жобаларды талдау үшін нақты қаржылық көрсеткіштер мен қаржылық ақша ағындарын негізге алу;
  • инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау үшін экономикалық көрсеткіштер жүйесін әзірлеуде экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық сипаттағы факторларды ескеру; инвестициялардың тиімділігінің экономикалық негіздерін анықтау барысында өндірістік шығындарын толық есепке алып, кәсіпорынды да, тұтынушыны да қанағаттандырарлық табыс алынуы тиіс;
  • инвестициялық жобаларды бағалау бойынша әдістемелік нұсқауларда тәуекелділік факторларының міндетті түрде ескерілуі, инвестициялық жобаларға инфляция деңгейін ескере отырып  түзетулер енгізу;
  • инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың уақытша әдісін әзірлеу.

Аталған шаралардан басқа  инвестициялар және инвестициялық  жобалау туралы біртұтас заңдық және нормативтік-құқықтық негіздерді дәлірек  айтқанда, Инвестициялық кодексті қалыптастыру қажет. Бұл инвестициялық саясаттың және инвестициялық жобалауды жетілдірудің негізгі бағыттарын нақты анықтауға мүмкіндік береді.

Қорытынды

Кез-келген кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесіндегі  маңызды салалардың бірі инвестициялық  қызмет болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары ағымды шығындарды қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік табысқа немесе капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады. Инвестициялар кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді және келесідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

  • қаржылық және материалдық ресурстарды жинақтау арқылы өздерінің кәсіпкерлік қызметін кеңейту;
  • жаңа кәсіпорындарды сатып алу;
  • бизнестің жаңа түрлерін меңгеру нәтижесінде өз қызметін әртараптандыру.

Инвестицияларды дұрыс басқара білу кәсіпорынның экономикалық тиімділігіне, қаржылық тұрақтылығына, оның өз бизнес саласындағы өміршеңдігіне айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан да, инвестициялық қызметті басқару кәсіпорындағы қаржы менеджментінің маңызды да жауапты міндеттерінің бірі болып табылады.

Бүкіл инвестициялық  қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның инвестициялық саясатымен негізделеді. Инвестициялық саясатты әзірлеу  барысына кәсіпорынның басқару аппараты мен қаржы бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ маркетингтік, өндірістік және басқа да бөлімшелердің қызметкерлері қатысады. Бұл өз кезегінде, кәсіпорынның бетке алған инвестициялық бағытының келешекте дұрыс сарында жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

Кәсіпорындар аталған міндеттерін жүзеге асыру үшін өзінің инвестициялық саясатын белгілі принциптерге сүйене отырып жүргізу керек. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының әлемдік тәжірибеде қалыптасқан принциптері келесідей:

  • капитал салымдарын қаржыландыру көздернінің алуан түрлі болуы;
  • іріктеушілік және ұқыптылық – инвестициялық жобаларды жан-жақты талдау нәтижесінде іріктеп, таңдап алу;
  • мақсаттылық – инвестициялық бағдарламаның түпкі қажетті нәтижелерді қамтамасыз ету мақсатында бағытталуы;
  • жүйелілік – инвестициялық бағда<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style

Информация о работе Инвестициялық қызметін экономикалық мәні мен мазмұны