Инвестициялық қызметін экономикалық мәні мен мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 20:20, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында.

Оглавление

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
1. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі
мен саясатының негіздері
1.1. Инвестициялар ұғымы және олардың жіктелуі . . . . . . . . . . . . . . . 6
1.2. Инвестициялық қызметті басқару . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
1.3. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
2. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау
2.1. Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері . . . . . . . . . . . . . . . . 14
2.2. Инвестицияларды бағалау әдістерін тәжірибе жүзінде қодану . . . . . . 16
2.3. Альтернативті инвестициялық жобаларды бағалау . . . . . . . . . . . . 19
3. Қазақстандағы кәсіпорындардың инвестициялық
белсенділігін арттыру
3.1. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің
негізгі мәселелері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 22
3.2. Қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялық
саясатын жетілдіру жолдары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30

Файлы: 1 файл

инвестициялы__1.doc

— 216.00 Кб (Скачать)

Инвестицияларды басқарудың қорытынды кезеңі – инвестициялық тәуекелдерді басқару болып табылады. Бұл кезеңде алдымен кәсіпорын барлық инвестициялық объектілер бойынша кездесуі мүмкін тәуекелдерді анықтап алып, содан кейін осы тәуекелдерді мүмкіндігінше азайтуға байланысты шаралар қолданылады.

 

1.3. Кәсіпорынның  инвестициялық саясаты

 

Бүкіл инвестициялық  қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның инвестициялық саясатымен негізделеді. Инвестициялық саясатты әзірлеу  барысына кәсіпорынның басқару аппараты мен қаржы бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ маркетингтік, өндірістік және басқа да бөлімшелердің қызметкерлері қатысады. Бұл өз кезегінде, кәсіпорынның бетке алған инвестициялық бағытының келешекте дұрыс сарында жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

Кәсіпорындар өзінің инвестициялық қызметі барысында белгілі бір инвестициялық саясатты бетке алады. Кәсіпорынның нвестициялық саясаты дегеніміз – бұл кәсіпорынның өз инвестициялық қызметін тиімді жүзеге асыру арқылы табыс табуға немесе өндіріс көлемін кеңейтуге бағытталған шараларының жиынтығы болып табылады.

Кәсіпорынның инвестициялық  саясаты капитал салымдарының тиімді объектілерге салынуын, олардың өндіріс  барысын сенімді ақша ағындарымен  қамтамасыз етуге, нәтижесінде кәсіпорынның жалпы экономикалық қызметінің тиімділігін  қамтамасыз етуге арналған. Демек, инвестициялық саясат өз кезегінде кәсіпорынның экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады.

Нарықтық қатынастардың  дамуы және сонымен байланысты макроэкономикалық  саясаттағы өзгерістер кәсіпорындардың  инвестициялық саясатына қосымша маңыздылық береді. Айталық, кәсіпорындардың инвестициялық қызмет жөніндегі міндеттері келесідей болуы тиіс:

  • кәсіпорынның даму стратегиясын анықтау;
  • өзінің инвестициялық бағдарламасын жасақтау және өзекті инвестициялық жобаларды анықтау;
  • инвестициялық ресурстардың оңтайлы орналастырылуын қамтамасыз ету;
  • кәсіпорын экономикасына капитал ағындарын және олардың қажетті объектілерге салынуын қамтамасыз ететін қолайлы инвестициялық жағдай қалыптастыру.

Кәсіпорындар аталған міндеттерін  жүзеге асыру үшін өзінің инвестициялық саясатын белгілі принциптерге сүйене отырып жүргізу керек. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының әлемдік тәжірибеде қалыптасқан принциптері келесідей:

  • капитал салымдарын қаржыландыру көздернінің алуан түрлі болуы;
  • іріктеушілік және ұқыптылық – инвестициялық жобаларды жан-жақты талдау нәтижесінде іріктеп, таңдап алу;
  • мақсаттылық – инвестициялық бағдарламаның түпкі қажетті нәтижелерді қамтамасыз ету мақсатында бағытталуы;
  • жүйелілік – инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті шаралардың жиынтығын жалпы ұлттық экономиканың даму деңгейімен байланыстыра отырып қалыптастыру;
  • қамтамасыз етушілік – кез-келген инвестициялық жоба қажетті ресурстардың барлық түрімен (қаржылық, еңбектік, ақпараттық, материалдық)және қажетті мөлшерде қамтамасыз етілуі тиіс;
  • өтелімділік – салынған қаржы-қаражаттардың барынша үлкен өсіммен қайтарылуы;
  • инвестициялық белсенділікке ықпал ету мақсатында экономикалық және ұйымдастырушылық құралдарды қолдану.

Инвестициялық саясаттың ріктеушілік  және ұқыптылық принциптерін жүзеге асыру кәсіпорынның экономикалық өсіміне және жандана түсуіне септігін тигізетін инвестициялық бағыттарды (жобаларды) дұрыс таңдай білуді қажет етеді. Кез-келген кәсіпорын үшін инвестициялық саясатты жүзеге асыру  және инвестициялық бағыттарды таңдау келесідей қажеттіліктерді қамтамасыз етуі керек:

  • өзге кәсіпорындарға немесе жаңа өнімдерге қаражаттар салу мақсатында өзінің өндірістік әлуетін (потенциалын) дамыту;
  • инвестициялық бағдарламалардың өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін салаларға капитал салу;
  • бәсекелестік қабілеті жоғары, ішкі және сыртқы нарықтарда үлкен сұранысқа ие болатын өнімдер мен салаларға инвестициялар салу.

Қаражаттарды қолайлы  экономикалық және техникалық жағдайлар  жасай алатын өндірістерге немесе экономика салаларына бағыттаған жөн.

Түптеп келгенде, кәсіпорындардың  инвестициялық саясаты мыналарды  қамтамасыз етуі тиіс:

  • нақты және қарыз капитал тарту үшін, инвестициялық белсенділікті арттыру үшін кәсіпорын шеңберінде әкімшілік және экономикалық жағдайлар жасау;
  • инвестициялық қызметтің тиімділігін қамтамасыз ететін инвестициялық ресурстарды орналастырудың оңтайлы механизмін қалыптастыру;
  • қарыз капитал тартудың оңтайлы стратегиясын қалыптастыру;
  • отандық және әлемдік құнды қағаздар, несие, ақша нарықтарына шығуға қолайлы жағдайлар жасау;
  • барлық инвестициялық жобаларды міндетті түрде тәуелсіз сарапшылар бағалауынан өткізуді ұйымдастыру; инвестициялық жобалар тек  экономикалық табысты және салынған капиталдың өтелімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар сыртқы несие берушілерді (кредиторлар мен инвесторларды) тартудың әлеуметтік және экономикалық тиімділігін де қамтамасыз етуі тиіс;
  • меншік нысанына қарамастан (мейлі коммерциялық нысандағы объектілерге, мейлі мемлекет меншігіндегі объектілерге болсын), инвестицияларды қорғаудың және сақтандырудың үнемі қолданыста болатын жүйесін қалыптастыру;
  • елдегі инвестициялық жағдайдың шарттары мен ондағы өзгерістерді үнемі қадағалау және бақылау жүйесін қалыптастыру, қажет кезінде инвестициялық жобаларға тиісті өзгертулер мен түзетулер енгізу.

 

 

 

 

 

 

2. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау

2.1. Инвестициялық жобаларды  бағалау әдістері

 

Инвестициялық сипаттағы  басқарушылық шешімдерді қабылдаудың  негізінде болжамдалған инвестициялардың көлемі мен болашақ ақша кірістерінің көлемін бағалау және салыстыру жатады. Салыстыруға жататын көрсеткіштер уақыттың әр түрлі мезетіне жататындықтан, мұндағы өзекті мәселе оларды салыстыру болып табылады. Оларды салыстыру барысында көптеген объективті және субъективті факторларға көңіл аударылады: елдегі инфляция деңгейіне, инвестицияланатын қаражаттардың көлемі мен олардан келетін ақша ағындарына, инвестициялық жобаларды талдаушы маманның біліктілігіне және т.с.с.

Кәсіпорынның инвестициялық  қызметін талдау барысында қолданылатын әдістердің бірнеше түрі бар. Осы орайда, инвестициялық салымдарды талдаудың батыстық тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістеріне басты назар аударайық. Олар келесілер: болып табылады: 1) таза келтірілген табыс (NPV);  2) инвестициялардың тиімділік индексі (PI); 3) табыстылықтың ішкі мөлшері (IRR); 4) өтелімділік мерзімі (PP); 5) табыстың есептік мөлшері (ARR).

Таза келтірілген табысты (NPV)  есептеу формуласы келесідей:

 

                           (2.1)

 

мұнда Pk– инвестициялық жобаның жылында алып келетін ақшалай кірістері; IC – инвестициялардық бастапқы сомасы; r – дисконттау коэффициенті.

Бұл әдістің мағынасы мынадай: егер NPV < 0, онда инвестициялық  жоба тиімсіз деп саналады; егер NPV = 0, онда инвестициялаудан ешқандай табыс немесе шығын келмейді; егер NPV > 0, онда инвестициялық жоба тиімді деп саналады, яғни бұл жобаны жүзеге асыру үшін қабылдау туралы шешім қабылдауға болады.

Инвестициялардың тиімділік (рентабельділік) индексін (PI) бағалау  әдісі мына формуламен сипатталады:

 

                                    (2.2)

 

Инвестициялардың тиімділік  индексін бағалау әдісінің мағынасы мынаған саяды: егер PI < 1, онда инвестициялық жоба тиімсіз деп сипатталады, егер      PI = 1, онда инвестициялық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде кәсіпорын ешқандай табыс немесе шығын көрмейді, егер PI > 1, онда инвестициялық жоба тиімді деп қабылданады. Бұл көрсеткіш шығындардың бірлігіне келетін табысты сипаттайды; қажетті инвестициялық ресурстардың жетіспеушілігі жағдайларында дәл осы көрсеткіш оңтайлы инвестициялық қоржын қалыптастыру барысында қолданылады.

Ішкі табыстылық мөлшерін (IRR) есептеу мына формуламен жүзеге асады:

 

IRR = r   болған жағдайда,  NPV = f(r) = 0.                     (2.3)

 

Ішкі табыстылық мөлшерінің мағынасы мынадай: бұл көрсеткіш белгілі бір инвестициялық жобамен байланысты шығындардың барынша үлкен мөлшердегі көлемін көрсетеді, яғни егер инвестициялық жобаны қаржыландыруға тартылған капиталдың бағасы жобаның IRR көрсеткішінен үлкен болса, онда бұл жобадан кәсіпорын тек қана зиян шегеді. Демек, егер  IRR < CC, онда жоба қабылданбайды; егер IRR = CC, онда инвестициялаудан ешқандай табыс немесе зиян келмейді; егер IRR > CC, онда инвестициялық жоба тиіиді деп есептеледі; мұнда (CC) – инвестциялық жобаны қаржыландыру көзінің (капиталдың) бағасы).

Инвестициялардың өтелімділік  мерзімі (PP) келесі формула бойынша анықталады:

 

                        (2.4)

 

Өтелімділік мерзімі  көрсеткішінің мағынасы былайша  анықталады: PP көрсеткіші бастапқы салынған инвестициялардың осы инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында келетін ақша ағындарымен толық өтелетін мерзімін көрсетеді. Кәсіпорынның алға қойған мақсаттарына сай өтелімділік көрсеткішінің алуан түрлі шамада есептелуі мүмкін.

 Инвестициялық жобаларды  есепетудің тағы да бір әдісі  – табыстың есептік мөлшері  (ARR) – келесі формула бойынша анықталады:

 

                                   (2.5)

 

мұда PN – инвестициялық жоба алып келетін орташа жылдық табыс; IC – бастапқы салынған инвестициялардың сомасы; RV – активтердің қалдық құнының шамасы.

Табыстың ішкі мөлшері барлық әдістердің ішіндгі инвестициялық жобаларды  талдау және капитал салымдарының бюджетін құру (капитал салымдарын жоспарлау) барысында ең аз қолданылатын әдіс болып табылады. Бұл әдісті негізінен қолданылатын жағдайлар – компаниялардың бөлімшелерінің қызметін салыстырмалы түрде бағалау болып табылады. ARR көрсеткішін есептеудің қалыптасқан және біржақты әдістемесі және мағыналары жоқ.

NPV, IRR, PI және CC көрсеткіштері өзара келесідей қатынастармен байланысты:

 

егер NPV > 0,  онда  IRR > CC  және  PI > 1;

егер NPV > 0,  онда  IRR > CC  және  PI > 1;

егер NPV > 0,  онда  IRR > CC  және  PI > 1.

 

Кәсіпорынның қаржы  менеджерлері инвестициялық жобаларды талдау барысында аталған әдістердің өздерінің мақсаттарына сай нұсқасын немесе барлық әдістерді қолдана отырып, инвестициялық сипаттағы шешімдер қабылдай алады. Тиімді инвестициялық шешімдер қабылдауға көптеген объективті немесе субъективті факторлар әсер етеді.

 

 

2.2. Инвестицияларды  бағалау әдістерін тәжірибе

жүзінде қодану

 

Инвестициялық жобаларды талдау әдістерін  тәжірибе жүзінде қолдану аса  маңызды да күрделі жұмыс. Инвестицияларды  бағалаудың әдісін дұрыс таңдай білу, соның нәтижесінде қажетті инвестициялық жобаларды іріктеп алып, оларды жүзег асыру үшін қажетті қаржы ресурстарын тарту, оларды тиімді орналастыра білу кәсіпорынның инвестициялық саясатының дұрыс бағытта жұмыс істеп жатқандығының куәсі болса керек. Сол себепті де инвестициялық сипаттағы шешімдер қабылдау үшін талдау және бағалау көрсеткіштерін толық әрі жан-жақты қарастырған жөн.

1-мысал. Кәсіпорын техникалық құралды сатып алудың тиімділігін қарастыру үстінде. Техникалық құралдың құны – 10 млн. теңге, пайдалану мерзімі – 5 жыл, амортизация бірқалыпты әдіспен есептеледі, яғни жылдық 20%. Жойылу (ликвидациялық) құны құралды қайта жөндеумен байланысты шығындарды жабуға жетерлік. Осы техникалық құралдың көмегімен өндірілген өнімді өткізуден түсетін табыс бес жыл барысына келесі тәртіппен болжамдалуда: 6800, 7400, 8200, 8000 және 6000 мың теңге. Жылдар бойынша ағымды шығындар – бірінші жылы 3400 мың теңге, келесі жылдары олардың көлемі 3% өсіп отырады деп күтілуде. Корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі 30%. 

Кәсіпорынның қалыптасқан қаржылық-шаруашылық жағдайы келесідей: айналымдағы капиталдың рентабельділік коэффициенті 21-22%; салынған капиталдың бағасы 19%. Инвестициялық жобалар бойынша шешімдер қабылдаудың қалыптасқан тәжірибесіне сүйене отырып, кәсіпорын басшылығы өтелім мерзімі 4 жылдан асатын инвестициялық жобаларды тиімді деп санамайды.

Берілген мәліметтерге сүйене отырып, аталған инвестициялық  жобаның кәсіпорынның инвестициялық  саясатына сай тиімді немесе тиімсіз  екендігін анықтау қажет.

Бірінші кезекте бастапқы көрсеткіштерді жылдар бойына есептеп аламыз (1- кесте).

 

1- кесте Инвестициялық жоба бойынша есептік көрсеткіштер мың теңге

Көрсеткіштер

Инвестициялық жобаны жүзеге асыру жылдары

1-жыл

2-жыл

3-жыл

4-жыл

5-жыл

Өткізілген өнімнің  көлемі

6800

7400

8200

8000

5000

Ағымды шығындар

3400

3502

3607

3715

3827

Амортизация

2004

2004

2004

2004

2004

Салық салынатын табыс

1400

1898

2593

2285

173

Корпоративтік табыс  салығы

420

569

778

686

52

Таза табыс 

980

1329

1815

1599

121

Таза ақша кірістері 

2980

3329

3815

3599

2121

Информация о работе Инвестициялық қызметін экономикалық мәні мен мазмұны