Депозит және банк депозиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 20:35, курсовая работа

Краткое описание

Депозиттік операциялар банктердің негізгі ресурс көзі болып табылады. Сондықтан өз курстық жұмысымды банктердің ресурстарды тарту шараларына арнадым. Осы курстық жұмыста алдыма мынандай мақсаттар қойдым. Олар :
1. Депозит түсінігін жетік білу және оның нарықтық ортада қалыптасқан түрлерімен танысу;
2 . Республикада қалыптасқан коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын талдау ;
4 . Қазақстан Республикасының жеке тұлғалардың депозитттерін кепілдендіру ( сақтандыру ) қорына кіру шарттарын анықтау және қордың қазіргі жағдайын сипатттау.

Оглавление

Кіріспе
I-ТАРАУ. Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау
1.1.Депозит туралы түсінік
1.2.Депозиттің сыныпталуы
II-ТАРАУ. Республикадағы банктердің депозиттік операцияларын сипаттау
2.1.Коммерциялық банктердің депозиттік операциялар
2.2.Жеке тұлғалардың депозиттерін сақтандыру
III-ТАРАУ.Депозиттік операцияларды дамыту жолдары
Қорытынды
Қолданылған Әдебиеттер

Файлы: 1 файл

ДЕПОЗИТ ЖӘНЕ БАНК ДЕПОЗИТІ.doc

— 274.50 Кб (Скачать)

 

Көбінесе  қор  банктерде  тартылатын  депозиттерді  төмендегі  сыйақы  мөлшерлері  бойынша  ескереді.

 

  1  тамызд  2005 жылдан  батап ( мерзімді  салымдар )  ( 12 кесте )

 

 

 

Теңге

Шетел валюта

6 айға  қоса  алғанда

 

6 %

4 %

12  айға  қоса  алғанда

 

9 %

5 %

36  айға  қоса  алғанда

 

10 %

6.5 %

36  айдан   жоғары, қоса  алғанда

11 %

7.5 %


 

  1  тамызд  2004 жылдан  батап ( шартты  салымдар )  ( 13 кесте )

 

 

 

Теңге

Шетел валюта

6 айға  қоса  алғанда

 

6 %

4 %

12  айға  қоса  алғанда

 

9 %

5 %

36  айға  қоса  алғанда

 

10 %

6.5 %

36  айдан   жоғары, қоса  алғанда

11 %

7.5 %


 

  1  қыркүйек  2003  жылдан  бастап  ( талап  еткенге  дейінгі,  ағымдағы  шот  және  карт-шот  )  ( 14 кесте )

Теңге

Шетел валюта

2 %

2 %

%

%

%

%

%

%


 

Осы  қор  туралы  жұмыстар  қазіргі  таңда  талқылануда.  Осы  жылдың  25  шілдеде  болып  өткен  дөңгелек  стөлде  ҚБА  төрағасы  Болат  Жамшиевтің  айтуы  бойынша,  елдегі  бұл  заңдық  жоба  әлі  де  кемшіліктерге  ие.  Оларды  жою  көптеген  жағдайларды  қайта  қарастыруды  талап  етеді.

Соның  ішінде  салымдарды  кепілдендірілген  қайтарым  сомасы  туралы.  Бұрын  заңда  көрсетілген  кепілді  қайтару  сомасы  400   мыңнан  600  мыңға  дейін  көтеру  мәселесі  талқыланды.  Дөңгелек  стөлдің  кейбір  мүшелері  өздерінің  ұсыныстарын  басқаша  талдады.  Бұл  қордың  негізгі  көздейтін  мақсаты  ұсақ  депозиттерді  кепілдендіру  болып  табылады.  Егер  үлкен  салым  болса,  мысалы  7  млн  теңге,  одан  200  мыңы  не,  400 мыңы  не?

 

2002-2004  жылдар  арасында  банктерде   жалпы  депозит  көлемі  4  есеге  өсті,  ал  жеке  тұлғалардың   депозиттері  6  есе  өсті.  Осы  тұрғыдан  депозиттердің   жылдық  өсу  қарқыны  35,6 %  болды.  Нәтижесінде  бұл   көрсеткіштер  жылына  ұлғаюда.  Осыған  орай  қордың  активтері ұлғаюда.

2002  жылдың  1  қаңтарындағы  мәліметтер  бойынша  қордың  активтер  көлемі  25 598 млн теңгені құрады.  Соның ішінде  мемлекеттік бағалы   қағаздар  портфелі  2 294,0 млн теңге болды.  Қор өзінің  активтерін  бағалы  қағаздарға    салу  арқылы  2001  жылы  180 млн  теңге  таза  табыс  алды.

Банк  – қатысушыларының  күнтізбелік  жарналарының  жалпы  сомасы  2002  жылы  1  қаңтарда  10554,1  млн  теңге  және  тоқсандық  жарна  сол  кезеңдегі  жеке тұлғалар  салымдарының  0,250 % тең.

2004  жылдың  1 қаңтарындағы  мәліметтер  юойынша  қордың  активтері  6 млрд  теңге  болды.  Қордың  резерві  1 жыл  ішінде  2,1  есе  өсті  және  2401 млн   теңгені  құрады.  Қордың  төлеуге   қажетті  сомасының  36 %-тін,  ал  кепілдендірілген  салымдардың  2 %  құрайды.

2003  жылдың  1 қыркүйегінде  қор   активтері  5,3  млрд  теңге   болған.

Инвестициялық  тәуекелдерді   хеджерлеу  мақсатында  қор  активтерінің  92%  пайызы  мемлекеттік  бағалы  қағаздарға  салынған.

Қордың портфелінде  бар  бағалы  қағаздардың  орташа  табыстылығы  12%  жылдың  2005   жылдың  алғашқы  3  айында  қордың  таза  табысы  91,7  млн  теңге  болды.  Қордың  бағалы  қағаздармен  операцияларын  сенімділік құжатымен  Ұлттық  банк  жүргізеді.

Қордың  негізгі  мақсаты  арнайы  резерв  құра  отырып,  жеке  тұлғалардың  салымдарын  өтеу  болып  табылады.  2000  жылдан  2005  жылдар  аралығында  қордың  резерві  4,5  есе  өсті. [8].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Банктер реестрі:

Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне қатысушы банктердің  
2005 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 
 
ТІЗІЛІМІ 
 
1.«ТұранӘлемБанкі» АҚ 
2.«БанкЦентрКредит» АҚ 
3.«Қазақстан Халық Жинақ Банкі» АҚ 
4.«АТФБанкі» АҚ 
5.«AБН АМРО Банк Қазақстан»ЕАБ» ЖАҚ 
6.«Темірбанк» АҚ 
7.«Демир Қазақстан Банк» ААҚ 
8.«Казкоммерцбанк» АҚ 
9.«Нұрбанк» АҚ 
10.«Каспий Банкі» АҚ 
11.«Ситибанк Қазақстан» АҚ 
12.«Нефтебанк» АҚ 
13.«HSBC Банк Қазақстан» АҚ ЕБ 
14.«Еуразиялық банк» АҚ 
15.«Цеснабанк» АҚ 
16.«Альянс Банк» АҚ 
17.«Альфа-Банк» ЕБ АҚ 
18.«Валют-Транзит Банк» АҚ 
19.«TEXAKABANK» АҚ 
20.«Наурыз Банк Қазақстан» АҚ 
21.«ТАИБ Қазақ Банкі» ЕБ ЖАҚ  
22.«Бірлескен банк «ЛАРИБА-БАНК» АҚ 
23.«Сенім-Банк» АҚ 
24.«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 
25.«Заман-Банк» АҚ 
26.«Қазақстанның Индустриалды Банкі» АҚ 
27.«Қазақстан-Зираат Халықаралық Банкі» ЖАҚ 
28.«Еншілік банк «Қазақстандағы Қытай Банкі» ЖАҚ 
29.«Данабанк» АҚ 
30.«Алаш-Банк» ЖАҚ 
31.«Алматы қаласындағы Қытай сауда-өнеркәсіптік банкі» ЖАҚ 
32.«Казинвестбанк» АҚ 
33.«Алматы» Халықаралық Банкі» АҚ 
34.«Пакістан Ұлттық банкісінің» Қазақстандағы еншілес банкі ЖАҚ


 

Ставкалар жөніндегі ақпарат:

«Қазақстанның жеке тұлғалардың  салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры» ЖАҚ Қордың Директорлар  Кеңесінің 20.05.2004 ж. №21 шешімімен қатысушы банктердің депозит саясатын рыноктың инвестициялық мүмкіндіктеріне  сәйкес келтіру мақсатында, 2004 жылғы 1 тамыздан бастап жеке тұлғалардың қайтарылуы жөніндегі міндеттемесіне Қор кепілдік берген жаңадан тартылған салымдары (депозиттері) бойынша мынадай ең шекті ставкалар (мөлшерлер) бекіткенін хабарлайды: 
                                                                                                                                       25 
мерзімді салымдар (депозиттер) бойынша теңгемен: 
- 6 айға дейін қоса алғанда - 6 % жылдағы; 
- 12 айға дейін қоса алғанда - 9 % жылдағы;  
- 36 айға дейін қоса алғанда - 10 % жылдағы; 
- 36 айдан жоғары - 11 % жылдағы; 
 
мерзімді салымдар (депозиттер) бойынша шетел валютасымен: 
- 6 айға дейін қоса алғанда - 4 % жылдағы; 
- 12 айға дейін қоса алғанда - 5 % жылдағы;  
- 36 айға дейін қоса алғанда – 6,5 % жылдағы; 
- 36 айдан жоғары - 7,5 % жылдағы. 
           “Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) кепілдік беру (сақтандыру) қоры” ЖАҚ Қордың Директорлар кеңесі қатысушы банктердің депозит саясатын жүргізу мақсатында рыноктың инвестициялық мүмкіндіктеріне сәйкес 2004 жылдың 1 ақпаннан бастап қайтарылуына Қор кепілдік беретін жеке тұлғалардың жаңадан тартылған салымдары (депозиттері) бойынша мынадай ең жоғары сыйақы ставкаларын (мөлшерін) белгілегенін хабарлайды: 
теңгемен мерзімді салымдар (депозиттер) бойынша: 
- 6 айға дейін қоса алғанда – жылдық 7%; 
- 12 айға дейін қоса алғанда – жылдық 10%; 
- 36 айға дейін қоса алғанда – жылдық 11%; 
- 36 айдан жоғары – жылдық 12%. 
шетел валютасындағы мерзімді салымдар (депозиттер) бойынша: 
- 6 айға дейін қоса алғанда – жылдық 4,5%; 
- 12 айға дейін қоса алғанда – жылдық 5,5%; 
- 36 айға дейін қоса алғанда – жылдық 7%; 
- 36 айдан жоғары – жылдық 8%.

 

 

 

III-ТАРАУ.Депозиттік  операцияларды   дамыту  жолдары

 

Еліміздегі   қалыптасқан   банктердің   депозиттік  операциялары  қазіргі  таңда  даму  үстінде   өзімізге   белгілі   депозит банктердің   негізгі   ресурс   көзі   болып табылады.  Бұл   ресурстардың   көбеюі,   қосымша несиелік  ресурстардың   көбеюін   қалыптастырады.

Депозиттік  операциялардың   дамуна   әсер  ететін   бірден – бір  көрсеткіш,   бұл   халықтың  сенімділік   дәрежесін   арттыру   үшін   банктер   өз   алдына   осы   бағытта   арнайы   стартегиялар   қабылдау  қажет   Шетел   тәжірибесіне   жүгінсек ,   банктер   туралы  қарапайым     халық  толық   ақпаратқа  ие.   Олардың   балансын,   тартылған   қаражаттар   көлемін ,   сыйақы   мөлшерін     толық бөледі.  Ал   біздің   елде   кейбір   банктерден   басқа   банктер   өз   балансын   жарияламайды.   Қазіргі таңда   кезкелген ел   тұрғынынан   депозит туралы   сұрасақ және   қай   банкке  сенімділігін   сұрасақ   жауап бере  алмайды.  Сондықтан осы   проблеманы   жою   үшін   банк   арнайы   маркетингтік   зерттеу   жүргізіп,   үнемі   призентациялар,   бұқаралық   ақпарат   құралдары   мен   сұқпат  өткізіп,   баспа   беттеріне   жариялау   керек.  Ашық   ақпарат   бар  жерде   сенімділік   те   бар.

Елде   депозиттік  операциялардың  дамуына  кедергі  жасайтын   тағы  бір   көрсеткіш   халықтың   әлеуметтік   жағдайы.   Онсыз   да  бір   айлықтан   екінші   жалақыға   өз   шығындарын   зорға   өтеп   отырған   халық   депозит   салуды    ойламайды   да.   Бұл тұрғыдан   мемлекеттің   және   банктердің   стратегиясын   дамыту   қажет.  Мемлекет   тарапынан    айлық   көлемін   өзгерту,   әлеуметтік   көмек   көлемін   ұлғайту   болса,   банк   стратегиясы,   мысалы  басқа операциямен   ұштастыру   болып   табылады.   Өзімізге   белгілі   қазіргі   таңда   елімізде   ипотекалық   несиелеу  дамуда.  Бұл   несие   шарты   бойынша белгілі   көлемде   алғашқы жарна   төлену   керек.   Егер  осы   жарнаны   депозит ретінде   қабылдаса,   онда   екі жақты   пайда болар еді.  Банктен депозиті   бар   тұлғаға   пайызы   төмен   қызмет   көрсету   сияқты  шараларды   қолдану   ыңғайлы.  

Қазақстан  Республикасында  2000  жылдан  кері  жеке   тұлғалардың   салымдарын   сақтандыру   қоры   жұмыс  істейді.  Соңғы   кезде  осы  қордың   сақтандыру   сомасын   400  мың   теңгеден  600  мың  теңгеге  дейін  өсіруді   қарастыруда.   Көптеген  қаржыгерлердің   ойлары әр  түрлі   болуда.  Біреулері   дұрыс деп   санаса,  біреулері   қарсы. 

ҚБА   төрағасының   айтуынша   қор  туралы   заңдық   жоба   осымен   қатар   тағыда  басқа.  Кемшіліктері   бар,  бірақ   депозиттік   операциялардың  дамуына   ондай   көп   кедергісін  тигізіп   жатқан  жоқ.  Идеалды   модельді   қазіргі   таңда  құру   өте   күделі.   Өйткені,   қор   аз   депозиттер,   бірақ   көп  халықпен   жұмыс   істеуі   керек   немесе   үлкен  салымдармен,  аз  халықпен   жұмыс   істеуі  керек.   Оларды   бір   орталыққа   теңестіру өте   күрделі.   Б.Жамшиевтің   айтуынша  «Кішігірім  депозиттермен,  көп   халықпен  жұмыс   істеу   оңтайлы   нұсқалардың бірі   болып   табылады».

Болашақта   кепілдендіру   қорының   дамуы   халықаралақ   ең   жақсы  тәжірибе  негізінде   болады.   Банктердің   еріксіз  жабылу   кезінде   тезарада   салымдарды   қайтару,   жүйенің   қызмет   атқару   тәуекелін   минимализациялау,   сақтандырылатын   депозиттерінің   түрін   көбейту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Алдыма   қойған  мақсаттар   мен   міндеттерді   анықтай   отырып,  республикадағы   депозиттік   операцияларға   талдау   жасадым.

Еліміздің    тәуелсіздік   алғанына   14  жыл   уақыт   өттті.   Осы   аз   уақыт   ішінде   республикамыздағы   банктік   жүйе   айтарлықтай   деңгейде   дамыды.   Қазіргі   таңда   ТМД   елдерінің   ішінде   елдегі   банк   жүйесі   алғашқы  орындарда.   Банктердің   жоғарғы   сапалы   қызмет   көрсетуі,   операцияларының   түрлерінің   дамығандығы   ел   экономикасын   жоғарғы   деңгейге  көтеруде.

Соның   ішінде   банктердің   депозитті   тарту   стратегиясы   айтарлықтай   даму   үстінде.  Мысалы,  банктердің   депозитке   төленетін   пайыз   мөлшерінің   жоғарлауы   талап   еткенге   дейінгі   депозит   түрлерінің   көбеюі   халыққа   ыңғайлы   жағдайлар  тудыруда.

Нарықтың   негізгі   сипаты  бәсекелестік  болып  табылады.  Осы   бәсекелестік  нәтижеснде   банктер   өз   жұмыстарын   жоғарғы   дәрежеге   жеткізуге   тырысады.  Қазақстан  Республикасында   34  коммерциялық   банк   қызмет   етеді.   Осы   банктер   өздеріне   қаражатты   көбірек   тарту   үшін  арнайы   стратегияларын  дамытуда.

Бұл   жетікіліктерді   айтып,   кемшіліктерді   айтпау   мүмкін   емес.  Өйткені   әр  нәрсенің   өзінің   жағымды   және   жағымсыз   жақтары   да   бар.

2002,2003,2004,2005   жылдардағы  депозиттік   салымдардың   көлеміне   статистикалық   талдау   жасу   барысында,   бұл   көрсеткіштер   жылына   шамамен  10 %-ке   өсіп   тұруда.  Бұл   еліміздегі   халықтың   жағдайының   әлдеқайда   жақсарғанына   дәлел.  Осы   тұрғыдан   депозиттерді   сақтандыру   қорының   атқартын   қызметі  де   зор.  Бұл   қордың   оңтайлы   жұмыс  істеу   дәрежесінің   дамуы   оның   капиталының  6 млрд   теңгеге   жетуінде  болып   табылады.  Жоғарыдағы   бөлімдегі   көрсеткендей,  егер  ұсыныстардың   барлығы   орындалса  депозит   нарығының   Республикада  даму   дәрежесі   жоғары   болар   еді.  Қазақстан   Респуликасында   бір   адам   басына   шаққандағы   депозит  көлемі  47,5  АҚШ  доллар   болса,   ал   Ресеймен салыстырса   бұл   көрсеткіш үш  есе үлкен.   Бірақ   біздің   елімізде  де   депозиттік   операциялардың   бірнеше   кемшілікткері бар.  Бұлар ел   халқының  банктерге деген    сенімсіздігі,   кепілдендіру   қорындағы бірнеше   проблемалар.  

Өзімнің   мақсатттарымның   бірі    депозитттерді   сақтандыру   қоры   туралы   зерттеу   болып   табылатын.  Осы   қор  қызметінде   мен  бірнеше   кемшіліктерді   анықтадым.   Қазіргі   таңда   міндетті   қайтару   қаражаттарының   көлемін   өзгерту   туралы   мәселелер   талқылануда.  Яғни   400  мың   теңгені   орнына   600  мың   теңгеге   көтеру.   Бұл   мәселе   дұрыс  та,   дұрыс  емес  те   болып   табылады.  Өйткені   бұл   қор   жеке   тұлғалардың   депозиттерін  ғана  кепілдендіреді.   Олардың   салымдарының   көлемі   ондай   көп   болады   деп   ойламаймын.   Осы   сияқты   ұсақ   түйек   проблемалар   жеткілікті.  Бірақ   менің   ойымша   банктердің   бұл   проблемаларды   жеңу   мүмкіндігі   бар.

Елімізде   банк   жүйесінің   жұмыс   істегеніне   аз   уақыт болды.  Сондықтан   ондай   кемшіліктердің   болуы   дұрыс   деп   санаймын.  Қорыта   айтқанда   Қазақстан Республикасындағы   коммерциялық  банктердің   депозиттік   операцияларына   «жақсы» деген баға  беруге   болады.   

Информация о работе Депозит және банк депозиті