Депозит және банк депозиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 20:35, курсовая работа

Краткое описание

Депозиттік операциялар банктердің негізгі ресурс көзі болып табылады. Сондықтан өз курстық жұмысымды банктердің ресурстарды тарту шараларына арнадым. Осы курстық жұмыста алдыма мынандай мақсаттар қойдым. Олар :
1. Депозит түсінігін жетік білу және оның нарықтық ортада қалыптасқан түрлерімен танысу;
2 . Республикада қалыптасқан коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын талдау ;
4 . Қазақстан Республикасының жеке тұлғалардың депозитттерін кепілдендіру ( сақтандыру ) қорына кіру шарттарын анықтау және қордың қазіргі жағдайын сипатттау.

Оглавление

Кіріспе
I-ТАРАУ. Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау
1.1.Депозит туралы түсінік
1.2.Депозиттің сыныпталуы
II-ТАРАУ. Республикадағы банктердің депозиттік операцияларын сипаттау
2.1.Коммерциялық банктердің депозиттік операциялар
2.2.Жеке тұлғалардың депозиттерін сақтандыру
III-ТАРАУ.Депозиттік операцияларды дамыту жолдары
Қорытынды
Қолданылған Әдебиеттер

Файлы: 1 файл

ДЕПОЗИТ ЖӘНЕ БАНК ДЕПОЗИТІ.doc

— 274.50 Кб (Скачать)

Жинақ  салымдарының  төмендегідей  ерекшеліктері  болады:

    • ақшалай  қаражаттар  сақтауда  тұрақты  мерзім  болмайды;
    • шоттағы  қаражатты  алдын  ала  алу  барысында  ешқандай  да  ескерту  талап  етілмейді;
    • ақшаны  шотқа  саларда  немесе  шоттан  аларда  міндетті  түрде  ақшалай  қаражаттар  қозғалысы  көрсетілетін  жинақ  кітапшасының  болуы  талап  етіледі.

Отандық  банктік  тәжірибеде  жинақ  шоттар  тек  жеке  тұлғаларға  ғана  ашылады.  Ал,  шетел  тәжірибесінде  мұндай  шоттар  коммерциялық  емес  ұйымдарға  және  іскер  фирмаларға  ашыла  береді.

Отандық  банктік  тәжірибеде  жеке  тұлғаларға  ашылатын  жинақ  салымдары  салым  операцияларының  мерзіміне  және  мазмұнына  қарай  төмендегідей  түрлерге  бөлінеді:

    • мерзімді  жинақ  салымдары;
    • қосымша  жарна  қосатын  мерзімді  жинақ  салымдары;
    • ұтыс  салымдары;
    • ақшалай-заттай  ұтыс  салымдары;
    • мақсатты  және  ағымдық  салымдар;
    • алдын  ала  алуын  хабарлайтын  салымдар;
    • валюталық  салымдар.

Мерзімді  жинақ  салымдарға   тұрақты мерзімі белгіленетін  және  сол мерзім  өткенше алуға мүмкін  емес  салымдар  жатады. Мерзімді  жинақ салымдарына басқа жинақ салымдарға  қарағанда жоғарғы мөлшерде  пайыз төленеді.

Қосымша  жарна  қосатын  салымдар  -  бұл  шоттағы  қаражатқа  алдын  ала  келісілген  уәде  бойынша  үздіксіз  ақшалай  соманы  қосып  отыруға  болатын  салымды білдіреді.  Бұл шотта жинақталынған соманы  белгілі бір күнде (жаңа  жылдық  салым,  бойжеткен кезде және т. с . с.)  толық төленеді. 

Ағымдық  жинақ  салымдар,  негізінен,  жалақы,  зейнетақы,  үздіксіз  төлемдерді  төлеу  үшін  жинақталатын  және  пайдаланылатын  қаражаттарды  білдіреді.  Мұндай  салымдар  бойынша  өте  төменгі  пайыз  төленеді. 

Мерзімді  депозиттер  мен  жинақ  салымдарының  бір  түріне  депозиттік  және  жинақ  сертификаттарын  жатқызуға  болады. 

Депозиттік  және  жинақ  сертификаты  -  бұл  салым  иесіне  белгілі  мерзім  өтен  соң,  тиісті  қаражатты  және  оған  есептелетін  пайызды  алуға  құқық  беретін  және  оның  шотындағы  ақшалай  қаражатының  барлығын  куәландыратын  банк  эмитенттің  жазбаша  куәлігі.

Депозиттік  және  жинақ  сертификаттары  иемденуіне  қарай  екі  түрлі болып  келеді:

Атаулы  сертификаттар;

Мәлімдеуші  сертификаттар.

Атаулы  депозиттік  және  жинақ  сертификаттары  бұл  салым  иелерінің  атына  толтырылып  беріледі. Ал,  мәлімдеуші  сертификаттарда  салым  иесінің  аты-жөні  көрсетілмейді, яғни  оны  кім  иеленсе,  сол  қаражаттың  иесі  болып  саналады.

Депозиттік  және  жинақ  сертификаттар  сатылған  тауарлар  және  көрсетілген  қызметтер  үшін  төлеуге  болатын  төлем  құралы  немесе  есеп  айырысу  қызметін  атқара  алады.  Депозиттік  сертификаттар  көбінесе  ірі  сомада  шығарылатындықтан  да,  оларды  заңды  тұлғалар  сатып  алады. 

Әлемдік  банктік  тәжірибеде  депозиттік  сертификаттардың  мынадай  екі  түрі  бар:

    • Аударылатын;
    • Аударылмайтын.

Аударылмайтын  депозиттік  сертификаттар  салым  иелерінің  қолдарында  болып,  уақыты  жеткен  соң  банкке  ұсынылады.

Аударылатын  депозиттік  сертификаттар  басқа  бір  тұлғаларға  екінші  нарықта  сатып  алу  -  сату  арқылы  өтеді.

Жинақ  сертификаты  жеке  тұлғаларға  арналып  шығарылады.  Жинақ  сертификатының  мерзімі  1 жылдан  3  жылға  дейінгі  мерзім  аралығын  құрайды.  Жинақ  сертификаты  да  жеке  тұлғаларға  ғана  беріледі.

Мерзімді  депозиттік  және  жинақ  сертификаттары  мерзімінен  бұрын  төлеуге  ұсынылуы  мүмкін.  Мұндай  жағдайда  банк  сертификатты  сатып  алады,  бірақ  төменгі  мөлшерде  пайыз  төлейді.  Коммерциялық  банктер  үшін  бұл  сертификат  ресурсты  жинақтау  тиімділігімен,  яғни  ірі  соманың  белгілі  бір  мерзімге  түсуін  сипаттайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II-ТАРАУ. Республикадағы  банктердің депозиттік операцияларын   сипаттау

2.1.Коммерциялық банктердің депозиттік  операциялар

 

  Қазіргі   таңда  коммерциялық  банктердің  депозит  ашу  үшін  өздерінің   клиенттеріне  үлкен  қызметтер   көрсетуде.

Казкоммерцбанктің  5 наурыз  2005  жылдың  жаңа  стратегиясына  байланысты  жаңа  салым  түрлері  және  жаңа  пайыз  мөлшерлемелері  қалыптасуда.

Жаңа  салым  «Свобода»:

    • Алғашқы  минималды  жарна  көлемі  75000  теңге  немесе  500$/Э
    • Салымды  сақтау  мерзімі  - 1-12,  13-18  ай.
    • 12  айға  дейінгі сақталатын  салым бойыншп пайыз мөлшері тұрақты.
    • Бөлшектеп  алу  мүмкіндігі  бар
    • Салымшының  ағымдағы  шотына  аудару  немесе  салымшының  қалауы  бойынша  жинақталуы  мүмкін.

Сонымен  қатар  төмендегі  салым  түрлеріне  өзгерістер  енгізілуде.

Салым  «Лучший»:

    • қазіргі  алғашқы  минималды  салым  көлемі  500$/Э  немесе  75000  теңге
    • қосымша  жарналар  кезкелген  мерзімде  және  кезекпен  қабылданады.

«Доверительный»,  «Детский»  салымдары  бойынша:

    • алғашқы  минималды  жарна  көлемі  100$/Э,  15000  теңге  болды.

«Классический»  салымы

    • алғашқы  минималды  жарна  көлемі  100$/Э,  100  теңге.
    • Қосымша  жарналар  кезкелген  уақытта  немесе  кезекте  салу  мүмкіндігі  бар.

«Пенсионный»  салымы  бойынша:

    • алғашқы  минималды  жарна  көлемі  100$/Э  немесе  15000  теңге.
    • Жаңа  сақтау  мерзімі  енгізілді  - 24,36  және 36  айдан  жоғары;
    • 36  айға  дейінгі сақтау  мерзімі бар депозиттерге  пайыз мөлшерлемесі  тұрақты.
    • Қосымша  жарна  салу  мүмкіндігі  бар.

АҚ  «Казкоммерцбанк»  16.02.2000  жылдан  бастап  салымдарды  кепілдендіру  жүйесінің  №0000009  куәлігі  бойынша  мүшесі  болып  табылады.

«Лучший»  салымы:

«Лучший»  салымы  -  бұл  қосымша  жарналар  арқылы  депозит  сомасын  өзгерту  мүмкіндігі  бар  салым  түрі.

    • сақтау  мерзімі  3,6,12,18,24,36  және  36  айдан  жоғары.
    •   Пайыз мөлшерлемесі  3,6,12,18,24  және  36  айға  салынған  салым пайызы  тұрақты,  ол  36  айдан жоғары  мерзімге  салынған  пайызы  тұрақсыз.

                                                                                                                    10

    • Салым  бойынша  марапат  келісім – шарт   тоқтатылғаннан  кейін  сіздің  ағымдағы  шотыңызға  аударылады  немесе  салым  үстіне  капитализацияланады.
    • Салымның  минималды  сомасы  75000  теңге  немесе  500$/Э. [15] .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          «Лучший»  салымы  бойынша   марапат  мөлшері. ( 1 кесте ) [15]

 

3 ай

6 ай

12 ай

13 ай

18 ай

24 ай

36 ай 

36айдан жоғары

 

  Теңге

  АҚШ  доллары ($)

   Евро ( Э )

 

5,9 %

3,9 %

3,5 %

 

6,0 %

4,0 %

4,0 %

 

9,0 %

5,0%

5,0 %

 

9,5 %

6,5 %

5,4 %

 

9,7 %

6,5 %

5,5 %

 

10,0%

6,5 %

6,0 %

 

10,0%

6,5 %

6,5 %

 

11,0%

7,5 %

7,0 %


 

« Банк Туран  Алем » - нің  салымдары  « Формула  успеха »,  « Сезонный »,  «Детский»,  « Пенсионный »,  « Копилка »,  «  Спринт »,  « Platinum »,  « Прогрессия »,  « Люкс »,  « Вклады  до  востребования »,  « Гарантирование ». [ 16 ].

 

« Формула  успеха »  салымы. ( 2 кесте ).

 

 

3 ай

6 ай

7 ай

9 ай

12 ай

12,5 ай

18 ай

24 ай

Теңге      

АҚШ доллары

Евро

5,9 %

5,9 %

 

3,9 %

6,0 %

4,0 %          

 

4,0 %

8,0 %

4,8 %

 

4,8 %

8,5 %

4,9 %

 

4,9 %

9,0 %

5,0 %

 

5,0 %

9,0 %

6,0 %

 

6,0 %

9,5 %

6,2 %

 

6,2 %

9,7 %

6,49 %

 

6,49 %


 

 

 

 

« Сезонный »  салымы. ( 3 кесте  )

 

 

3 ай

6 ай

7 ай

9 ай

12 ай

12,5 ай

18 ай

24 ай

Теңге      

АҚШ доллары

Евро

5,9 %

5,9 %

 

3,9 %

6,0 %

4,0 %          

 

4,0 %

8,0 %

4,8 %

 

4,8 %

8,5 %

4,9 %

 

4,9 %

9,0 %

5,0 %

 

5,0 %

9,0 %

6,0 %

 

6,0 %

9,5 %

6,2 %

 

6,2 %

9,7 %

6,49 %

 

6,49 %


 

                                                                                                                       11     

«  Детский » ( 4 кесте )

                          Қосымша  жарналар  бойынша   аралық  мерзім.

 

3 ай

6 ай

9 ай

12 ай

 теңге

АҚШ  доллары

Евро

5,9 %

3,9 %

3,9 %

6,0 %

4,0 %

4,0 %

8,5 %

4,9 %

4,9 %

9,0 %

5,0 %

5,0 %


 

« Пенсионный »  салымы. ( 5 кесте )

 

1 ай

3 ай

6 ай

7 ай 

9 ай

12 ай

18 ай

24 ай

Теңге

АҚШ доллары

Евро

4 %

3 %

 

3 %

5.9 %

3.9 %

 

3.9 %

6.0%

4.0 %

 

4.0 %

8.0 %

4.8 %

 

4.8 %

8.5 %

4.9 %

 

4.9 %

9.0 %

5.0 %

 

5.0 %

9.7 %

6.2 %

 

6.2 %

9.29 %

6.49 %

 

6.49 %


 

 

 

« Капилка  »  салымы. ( 6 кесте )         

 

 

1 ай

2 ай

3 ай

4 ай

5 ай

6 ай

7 ай

8 ай

9 ай

теңге

1,0 %

1.5 %

2.0 %

2.5 %

3.5 %

4.5 %

5.5 %

6.5 %

7.5 %


 

АТФ –  Классик  салымы  Классикалық  депозит  ақшаны  салу  мерзімімен  ыңғайлы.

Информация о работе Депозит және банк депозиті