Бжджеттен тыс қорлар

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 21:20, реферат

Краткое описание

Жалпымемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.
Бірақ нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.

Оглавление

Бюджеттен тыс қорлар 2
1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні 2
2. Қазақстанда бюджеттен тыс қорларды қолданудың ерекшеліктері 7
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры 15
Қорытынды 21
Қолданылған әдебиеттер тізімі 23

Файлы: 1 файл

finance_ref_11.doc

— 118.00 Кб (Скачать)

Қор бюджеттерінің атқарылуы  туралы есептерді Үкімет бекітетін.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы  қорын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорын, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорын басқаруды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізді. Міндетті әлеуметтік медициналық қор Үкімет жанындағы құрылым болып табылады. Қордың құрылымы облыстық, қалалық бөлімдерді, аудандарда халықты әлеуметтік қорғаудың аудандық бөлімдерін, еңбек және жұмыспен қамту бөлімдерін кіріктірді. Қордың қаражаттарын мақсатты пайдалануға бақылауды жергілікті атқарушы органдар, қордың жоғарғы оргаңдары, Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінің мамандандырылған бақылау органдары жүзеге асырды.

1999 жылдан бастап  халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру мемлекеттік бюджет арқылы әлеуметтік салықты алу және онда шоғырландыру есебінен жүзеге асырылып келеді (12.8 бөлімді қараңыз). Бұдан басқа қаржының едәуір бөлігі, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы жүйесінде шоғырландырылып, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары арқылы еңбекақы қорының 10% мөлшеріндегі барлық сақтандырушылардың міндетті зейнетақы жарналары есебінен жұмсалады. Зейнетақымен қамтамасыз етілуі үшін Мемлекеттік жинақтаушы Зейнетақы қорын таңдап алған тұлғалар үшін де зейнетақы жарналарының осындай мөлшері белгіленген. Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмекке жұмсалатын шығыстар (барлық шығыстардың 90 пайыз-ындайы) көбінесе республикалық бюджеттің есебінен қаржыландырылады.

Халыққа көрсетілетін медициналық көмек кепілді медициналық көмектің нормалары шегінде негізінен жергілікті бюджет есебінен (денсаулық сақтауға жұмсалатын барлық шығыстардың 86%) қаржыланады; нормадан тыстары ақылы негізде жүргізіледі.

Жұмыссыздарға материалдық көмек (табыстың белгіленген ең төменгі шегін ескере отырып) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының орнына бұл мақсатқа тиісті қаражаттарды қарастырған кезде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылады.

Экономикалық  арналымның бюджеттен тыс қорлары  қоғамдық дамудың кезеңдерінің мақсаттары мен міндеттерін негіздей отырып жасалды. Мұны бұрын іс-әрекет еткен қорлардың практикасы растайды: мысалы, әр түрлі мезгілде әр түрлі қорлар іс-әрекет етті: Инвестициялық қор, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Экономиканы жаңғырту қоры, Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекені дамыту қоры. Экономикалық қорлар қаржыны орталықтандыру және дамудың белгілі бір бағыттарын немесе негізгі салаларды, сондай-ақ дамудың салааралық бағдарламаларын қаржыландыру үшін құрылды. Сөйтіп, бүкіл экономиканы теңгерімді, үйлесімді дамытуды қамтамасыз ету міндетін қойды. Мәселен, Инвестиция-лық, қордың қаражаттары негізгі капиталды ұдайы жаңғыртудың қол жеткен ауқымын қолдау, әлеуметтік сфераны одан әрі дамыту үшін пайдаланылды. Күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру республика Үкіметі бекіткен жоспарлар мен лимиттер бойынша рентабелді өнім шығаруға, оларды қайта құру үшін мүмкіндіктер жасауға, өнеркәсіп кәсіпорындарын қайта пішіндеу үшін жүргізілді. Экономиканы жаңырту қоры меншік түрлеріне қарамастан шаруашылық қызметпен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдар өнімінің (жұмысының, қызмет көрсетуінің) өзіндік құнының 5% мөлшерінде міндетті аударымдар есебінен құрылды және оның қаражаттары салалар мен объектілер бойынша пайдаланылды.

Бюджеттен тыс  Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекені дамыту қоры нарықтық қатынастарды дамыту және баламалы экономикалық құрылымдарды қалыптастыру, меншіктің түрлі нысандарының кәсіпорындары мен ұйымдарына қолдау көрсету, бюджеттік қаржыландыруды кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі шараларды несиелендірудің прогрессивті нысандарымен тиімді үйлестіру, бәсекені дамыту және монополиялық қызметті шектеу мақсатында құрылды. Қор қаражаттарын қалыптастырудың көздері мыналар болды:

республика  аумағында орналасқан кәсіпорындар, бірлестіктер мен ұйымдар меншік нысанына қарамастан, пайдаға салынған салықты төлегеннен кейін өз қарамағында қалатын пайданың 1% мөлшерінде қорға аударатын міндетті аударымдар;

республикалық бюджеттен оның кіріс бөлігінің  жалпы сома-сының 1% мөлшерінде қаржы  бөлу;

консультациялық, әдістемелік және баспа қызметінен, сондай-ақ бағалы қағаздардан түсетін табыстар;

ерікті жарналар мен қайырымдылық көрсетулер.

Жалпыға арналған автомобиль жолдарын, сондай-ақ олардағы ғимараттарды ұстау, жөндеу және салу, қайта құру арнаулы қордың — Жол  қоры есебінен жүргізілді. Сөйтіп, Жол қоры қаржы жүйесінде өзгешелігі бар шаруашылық қызметпен байланысты тар мамандандырылған буыны болды.

Қорды қалыптастырудың  көздері мыналар болды:

автомобиль  жолдарын пайдаланушылардың (заңды  ұйымдардың) аударымдары;

Қазақстан аумағы бойынша кіру, шығу және транзиттік өту үшін төлем;

бөлшек саудада  сатылатын бензин мен дизель отынын сатқаны үшін төлем;

ақылы автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін төлемақы.

Жол қорының  қаражаттары белгіленген үйлесімде  Республикалық жол қоры мен облыстық жол қорлары арасында бөлініп отырды. Республикалық қордан автомобиль жолдары желісінің даму деңгейлерін теңдестіру үшін облыстық қорларға демеуқаржы бөлініп отырды. Басқарудың жергілікті органдары республикалық автомобиль жолдарын дамытуға қосымша қаражат бөліп отырды.

Жол қорын Көлік  және коммуникациялар министрлігі, облыстық жол қорларын автомобиль жолдарының қазыналық кәсіпорындары басқарды. Қаражаттардың мақсатты және ұтымды пайдаланылуына бақылауды жергілікті өкілдікті және атқарушы органдар, Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінің органдары жүзеге асырып отырды.

3. Қазақстан Республикасының  Ұлттық қоры

 

Қазақстан Республикасының  Ұлттық қоры мемлекеттің қор-ланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың жағдайына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында құрылды. Яғни, Қазақстанның Ұлттық қорын қалыптастыру болашақ ұрпақ үшін қорланымды және елдің экономикасын келеңсіз сыртқы факторлардан қорғау үшін қаржы резервтерін шоғырландырады. Бүгінде қор активтерінің ауқымы 2 миллиард АҚШ долларына жуық болып отыр. Сөйтіп, қор екі функция орындайды: жинақтаушы және турақтандырушы функциялары.

2001 жылдың ішінде  Қордың жұмыс істеу тетігі  іс жүзінде толығымен орнықты  және іске қосылды.

Жинақтаушы функциясымен қатар Қор қаражатының қалыптасуы мен пайдаланылуының қолданылып жүрген тетігі ағымдағы экономиканың жағдайына тұрақтандыру ықпалын көрсетеді.

Қордың тұрақтандырушы функциясын іске асыру мемлекеттік  бюджетті орта мерзімді жоспарлауға  көшуге мүмкіндік берді.

Қордың активтері  Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ұлттық банктегі шотына шоғырландырылады, ол Қорды сенімді басқару туралы келісімшартқа сәйкес инвестициялық  операцияларды жүзеге асыру ережелері  шеңберінде сенімді басқаруды жүзеге асырады.

Қаражаттардың көздері мен қорды қалыптастырудың  тәртібі мынамен анықталады. Қазақстан  Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының бесжылдық индикативтік жоспарының құрамында қазақстан экспортының  едәуір үлесін құрайтын шикі мұнайға, мысқа және басқа шикізат тауарларына есептік тұрақты дүниежүзілік бағалар белгіленеді, олардың негізінде республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеп, бекіткен кезде Қазақстан тауар өндірушілері шикізат тауарларын өткізудің орташа бағаларын және оларға сәйкес шикізат секторынан түсетін мемлекеттік бюджеттің кірістерін есептеп шығарады. Шикізат тауарларының есептік тұрақты бағалары дүниежүзілік бағалардың серпінін сақтанпаздық болжауды негіздей отырып белгіленеді.

Қор республикалық  және жергілікті бюджеттердің атқарылуы процесінде оған шикізат секторы ұйымдарынан (заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша) бюджетке түсетін салық және өзге міндетті төлемдердің республикалық және жергілікті бюджеттердегі түсімдердің олардың мына түрлері бойынша: корпорациялық табыс салығының, қосылған құнға салынатын салықтың, үстеме пайдаға салынатын салықтың, бонустардың, роялтилердің бекітілген сомаларынан асып түсуін есепке жатқызу жолымен қалыптасады.

Қор мына түсімдердің  есебінен қалыптасады:

1) республикалық және жергілікті бюджеттерден алынатын ресми трансферттер, олар бюджетке жоғарыда көрсетілген салықтар мен өзге міндетті төлемдер бойынша түсімдердің республикалық және жергілікті бюджеттерде жоспарланатын сомаларының 10% мөлшерінде есептеледі;

2) қорды басқарудан  түсетін инвестициялық кірістер;

3) Қазақстан  Республикасының заңнамасымен тиым  салынбаған өзге түсімдер мен  кірістер.

Қаражаттарды  қорға есептеудің тәртібін Үкімет анықтайды.

Қордың қаражаттары  мына бағыттар бойынша жұмсалады:

1) шикізат секторы ұйымдарынан түсетін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің бекітілген және іс жүзіндегі сомасының арасындағы айырмасы ретінде анықталатын ысыраптарды өтеу үшін;

2) қордың мақсатты  трансферттері түріндегі одан  республикалық және жергілікті бюджеттерге Қазакстан Республикасының Президенті анықтайтын мақсаттарға берілетіні;

3) қорды басқарумен  және жыл сайынғы сыртқы аудитті  жүргізумен байланысты шығыстарды  жабуға.

Қордың қаражаттары  оларды сақтау және инвестициялық кіріс  алу мақсатында сенімді және өтімді шетелдік қаржы активтеріне орналастырылады. Оларды жекеше немесе мемлекеттік ұйымдарды несиелендіруге және міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды.

Қорды басқару  кезіндегі мемлекеттік биліктің өкілеттігі мынада. Қазақстан Республикасының Президенті:

1) Қазақстан  Республикасының Ұлттық қорын  басқару жөніндегі Кеңестің құрамын  құрады;

2) қор мәселелері  жөнінде Кеңеске, Үкіметке және  Ұлттық банкке орындау үшін  міндетті нұсқаулар береді;

3) қорды басқару  жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асырады;

4) ұсыныстар  беру үшін Кеңеске қорды басқарумен  байланысты, оған бекітуге берілген  құжаттарды бағыттайды;

5) қордың қызметімен  байланысты өзге өкілеттіктерді  жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының  Үкіметі қорды басқару кезінде мына өкілеттіктерді жүзеге асырады:

1) есептемені  жасау ережелерін, ақшаны қорға  есепке алу және оны пайдалану  тәртібін әзірлеп, бекітеді;

2) Ұлттық банкпен  бірлесіп ақпараттық материалдардың  және қорды басқарумен байланысты  қызмет бойынша қаржылық есептеменің графигін жасап, бекітеді;

3) Президентке  қордың қалыптастырылуы және  пайдаланылуы туралы есепті және  Парламентке қорды қалыптастыру  және пайдалану жөніндегі ақпаратты  ұсынуды қамтамасыз етеді;

4) қордың жыл  сайынғы сыртқы аудитін жүргізуді қамтамасыз етеді;

5) қорды қалыптастыру  мен пайдаланудың бухгалтерлік  есебін қамтамасыз етеді;

6) қордың қызметімен  байланысты өзге өкілеттіктерді  жүзеге асырады.

Қорды сенімгерлік  басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалынған сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Ұлттық банк жүзеге асырады:

1) Қорды оның  бір бөлігін сыртқы басқарушыны  басқаруға беруді қоса дербес  инвестициялау;

2) инвестициялық  операцияларды жүзеге асырудың  ережелерін әзірлеп, бекіту;

3) Үкіметке қорды  сенімгерлік басқарудың нәтижелері туралы есепті ұсыну;

4) сенімгерлік  басқару туралы ережелер мен  шартта қарастырылған өзге өкілеттіктер.

Қорды тиімді сенімгерлік  басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банктің шешімімен арнаулы  лауазымды тұлғаны (Ұлттық банк төрағасының  орынбасарынан төмен емес деңгейде) — өкілетті өкілді анықтайды, оның өкілеттігіне Ұлттық банктің атынан қорды сенімгерлік басқару жөнінде шешімдерді оперативті қабылдау кіреді.

Қазақстан Республикасының  Үкіметі мен Ұлттық банк қорды  басқару мәселелері бойынша болжалды іс-әрекеттер мен қол жеткен нәтижелер туралы бір-біріне ақпарат беріп отыруға міндетті.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңес  беру органының — Кеңестің негізгі  міндеті қорды пайдалану мәселелері бойынша Президентке жәрдемдесу және ұсыныстар жасау болып табылады. Кеңестің, мәжілістері Президенттің немесе оның тапсыруы бойынша Кеңес мүшелерінің бірінің төрағалық етуімен жүргізіледі және хаттамамен ресімделеді. Кеңес шешімі Кеңес мүшелерінің жалпы санының жай көп даусымен қабылданады және заңнамамен бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен іске асырылады. Кеңестің құрамына мыналар кіреді: Қазақстан Республикасының Президенті, Премьер-министрі, Сенаттың төрағасы, Парламент мәжілісінің төрағасы, Президент Әкімшілігінің басшысы, Ұлттық банктің төрағасы, Премьер-министрдің орынбасары, Қаржы министрі, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы.

Кеңестің жұмыс  органы Қазақстан Республикасы Президентінің  Әкімшілігі болып табылады. Кеңестің функциялары:

1) қорды пайдаланудағы  тұжырымдамалық тәсілімдемелерді (көзқарастарды)  қарау;

2) қордың ауқымдары  мен пайдалану бағыттары жөніндегі  ұсы-ныстарды, сондай-ақ қорды қалыптастыру  және пайдалану туралы жылдық  есепті талқылау.

Қазақстан Республикасының  Үкіметі Ұлттық банкпен бірлесе  отырып келесі есепті жылдан кейінгі  жылдың 1-ақпанына дейін қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті жасайды.

Қазақстан Республикасының  Үкіметі келесі есепті жылдан кейінгі  жылдың 1-сәуіріне дейін қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті сыртқы аудиттың нәтижелерімен бірге Президентке бекітуге ұсынады.

Қорытынды

 

 

Бюджеттен тыс  қорлар — мемлекеттің қаржы жүйесінің  маңызды буыны; мемлекеттің қатаң  белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің мақсатты қажеттіліктерін қанағаттандыруды қаржыландыруға бағытталатын қаржы ресурстарын шоғырландыру үшін ұлттық табысты қайта бөлу жөніндегі қатынастар болып табылады.

Информация о работе Бжджеттен тыс қорлар