Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 21:20, реферат
Жалпымемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.
Бірақ нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар 2
1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні 2
2. Қазақстанда бюджеттен тыс қорларды қолданудың ерекшеліктері 7
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры 15
Қорытынды 21
Қолданылған әдебиеттер тізімі 23
ЖОСПАР
Жалпымемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.
Бірақ нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс
қорлар — мемлекеттің қаржы жүйесінің
маңызды буыны; мемлекеттің қатаң
белгілі бір мақсаттарға
1991 жылдан бастап
бюджеттен тыс қорлардың пайда
болуы әлеуметтік-экономикалық
Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Халықты әлеуметтік қолдаудың бірыңғай одақтық-республикалық қоры уақытша қызмет етті — бұл экономиканың дағдарысты жағдайыңда мұндай қорлардың қаражаттарын қалыптастырудың қиындықтарымен, оған жұмылдырылатын қаражаттардың белгілі бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы қорды қалыптастыру субъектілерінің мүдделіксіздігімен түсіндіріледі.
Қорларды қалыптастыру кезінде шаруашылық жүргізу субъектілеріне қайтарылмайтын тәртіппен ақша қаражаттарының бір бөлігін салудың қосымша міндеті жүктеледі. Егер мұндай бөлік қосымша өнімнің (пайданың, табыстың) құны есебінен төгілсе, онда кәсіпорындардың экономикалық мүдделеріне тиіп өтеді — ұдайы өндіріс пен тұтынудағы олардың мүмкіндіктерін шектейді (мысалы, 1995 жылға дейін қызмет еткен Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекені дамыту қорында). Қорларға аударылатын аударымдарды өнімнің өзіндік құнына жатқызған жағдайда құнның бұл бөлігі баға арқылы тұтынушыға аударылады, сөйтіп бұл жүктемені жалпы қоғам шегеді. Сонымен қатар қорларды құру және пайдалану кезінде қайта бөлгіштік процестер пайда болады, бұл процестер шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір бөлігі үшін уақыттың белгілі бір межелдемесінде баламасыз болып табылады, яғни олардың экономикалық мүдделеріне нұқсан келтіреді. Сол бір мезгілде бүкіл қоғам ауқымында бюджеттен тыс қорлар арқылы әлеуметтік-экономикалық теңгерімділік пен түрлаулылық қолдап отырылады, өйткені халықтың жеке топтарын әлеуметтік қолдау, бүкіл экономика немесе аймақтың мүдделері үшін белгілі бір мақсатты бағдарламаларды орындау, әлеуметтік-экономикалық дамуды теңестіру жөніндегі жергілікті және жалпымемлекеттік ауқымдағы мәселерді шешу мүмкін болады. Бұл орайда бюджеттен тыс қорлардың қызметінде топтық және қоғамдық мүдделердің қарама-қайшылығы көрініп, білінеді. Жалпы бюджеттен тыс қорлардың қызмет етуі, сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылады, оны нығайтуға бағытталған және қаржы қатынаста-рының бұл нысанының әлеуметтік-экономикалық мәні осында. Бюджеттен тыс арнаулы қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуі қаржы қатынастарын саралауға, олардың бір бөлігін тармаландандырылған сфераларға бағыттауға, қаржылық қызметтің әр түрлі бағыттарында бұл қатынастардың өзіндік әртараптандыруына жетуге мүмкіндік береді.
Бюджеттен тыс қорлар өзінің функционалды-мақсатты арналымы бойынша да, басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі.
Бюджеттен тыс қорлар мынадай белгілер бойынша сыныпталады: мақсатты белгісі бойынша — әлеуметтік (зейнетақы қоры, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, міндетті медициналық сақтандыру қоры, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қоры), экономикалық (жол қоры, жер қойнауын қорғау және минералды-шикізат базасын толықтырудың республикалық қоры, табиғатты қорғаудың республикалық қоры), ғылыми-зерттеу, табиғат қорғау (экологиялық), көші-қон, құқық қорғауға жәрдем-десу, мәдени арналым және басқалары;
басқару деңгейі бойынша — мемлекетаралық, мемлекеттік және аймақтық (жергілікті).
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды ажырата білген жөн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға, мысалы мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгілікті, соның ішінде халықаралық қорлар ұқсас болғанымен өзінің мақсатты арналымы бойынша өте сан алуан болып келеді. Сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар және мақсатты қаржыландыру қорлары болып ажыратылады, бұл қорлар 1996 жылға дейін (оны қоса) мемлекеттік бюджеттің құрамында болып келді: жер қойнауын қорғау және минералды-шикізат базасын толықтырудың республикалық қоры, табиғатты қорғаудың республикалық қоры. Мұнда қаралған басқа да қорлар мезгіл-мезгіл, 1992-1996 жылдар бойы, мемлекеттік бюджетке енгізіліп, одан шығарылды. Бұл қаржы жүйесінің қалыптасу процесін, оның құрылымының онтайлы нұсқасын іздестіруді қамтып көрсетеді.
Барлық бюджеттен тыс және басқа қорлар, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорлары (жарғылық капитал, резервтік капитал, амортизациялық, валюта, жөндеу, қорлану, тұтыну және басқа қорлар) үшін қабылдауға болатын "арнаулы қорлар" термині қолданылуы мүмкін, мұның өзі олардың мақсатты арналымын баса көрсетеді.
Ұйымдық жағынан
қорлар арнаулы аппараттың немесе министрліктің
басқаруында болады, мұның өзі
қаржы ресурстарының
Бюджеттен тыс қорлар арқылы қаржы ресурстарының едәуір ауқымы қайта бөлінеді: Қазақстан Республикасында қайта бөлудің ауқымы елдің ішкі өнімінің 10-12% жетті.
Өтпелі кезеңдегі бюджеттен тыс қорлардың жалпы проблемасы төлеушілердің қаржылық жайсыз жағдайынан жобаланған көлемдегі олардың қаржысын қалыптастырудың қиындықтары: олардың көбісінің залалдығы, өзара берешектер, төлем қабілетсіздігі болып табылады. Нәтижесінде қордың бюджеттері теңгерімсіз болды және шұғыл әлеуметтік-экономикалық мұқтаждарды мақсатты қаржыландыру жөніндегі көптеген шаралар қамтамасыз етілмеді.
Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1996 жылдан бастап қаржы саясатының мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандыру жағына өзгеруімен байланысты мақсатқа сәйкес емес деп мойындалды: қорлардың қаражаттары республикалық бюджетке шоғырландырылды. Алайда дүниежүзілік практика орталықсыздандырудың және қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына кідіртуге болмайтын бақылауды қамтамасыз ету кезіндегі оларды жедел басқару үшін мемлекеттің қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін растайды.
Бюджеттен тыс
қорлардың ақша қаражаттары қозғалысының
ерекшеліктерін 1995-1998 жылдар ішіндегі
Қазақстан Республикасындағы
Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары мыналар болды:
Зейнетақы қоры;
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры;
Міндетті медициналық сақтандыру қоры;
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры.
Олардың жұмыс істеуі "Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы", "Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелініп отырды. Оларда міндетті әлеуметтік сақтандырудың қаражаттары жұмыс берушілердің сақтық жарналары және басқа түсімдер есебінен қалыптасады деп белгіленді. Жарналардың мөлшері жыл сайын бекітілетін "Республикалық бюджет туралы" заңда белгіленіп, қорлар арасында бөлініп отырды. Бұл нормалар 1998 жылға дейін тұрақты болды және шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаларды қоса заңды тұлғалар үшін еңбекақы қорының 30% құрады, ал шетелдік заңды тұлғалардың өкілдіктері үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы қорының бөлігінде құрылды. Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар ай сайын әрбір қызметтерге бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлеп отырды.
Жарналарды
төлеу бойынша мүгедектердің
ұйымдарына, еңбекке қабілеттігі
шектеулі адамдарға, ардагерлерге, бірқатар
ізгілікті, балалар мен басқа
ұйымдарға жеңілдіктер
Міндетті әлеуметтік сақтандырудың аударым сомасы мынадай нормативтер бойынша бөлінді:
Зейнетақы қорына — 85% (немесе еңбекақы қорының 25,5%); Міндетті медициналық сақтандыру қорына — 10% (еңбекке ақы төлеу қорының 3%);
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына — 5% (еңбекке ақы төлеу қорының 1,5%).
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қоры шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жұмыс берушілердің еңбекақы қорының 2% мөлшерінде міндетті сақтық аударым жарналары есебінен құрылды. Бюджет мекемелері, ауған-мүгедектер қоғамдары, Қызыл жарты ай мен қызыл крест қоғамы, бірқатар балалардың қайырымдылық ұйымдары үшін жарналардың мөлшері 1% болып белгіленді. Мылқаулар, зағиптар мен мүгедектер қоғамы-ның ұйымдары қорға жарна төлеуден босатылды.
Жоғарыда аталған қорларды қалыптастыруға аударылған қара-жаттардың аударымдарын заңды және жеке тұлғалар, ұйымдар мен мекемелер өндіріс немесе айналыс шығындарына қосып, өнім, жұмыстар, қызметтер көрсетудің өзіндік құнына жатқызды.
Әлеуметтік арналымның қорларын қалыптастыруға басқа көздердің қаражаттары бағытталып отырды:
мемлекеттік бағалы қағаздарға бос қаражаттарды орналастырудан алынатын кірістер;
белгіленген мерзімде жарналар төленбеген жағдайдағы есептелген өсімпұл сомасы;
қажетті жағдайларда — бюджет қаражаттары мен банк кредиттері (ағымдағы төлемақыларға шоғырландырылған қаражаттардың жеткіліксіздігі кезінде); мәселен Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына жаңа зейнетақы заңнамасы іс-әрекет еткенге дейін зейнеткерлерге зейнетақы төлеу үшін бюджет қаражаттары беріліп тұрды.
Міндетті әлеуметтік сақтандырудың жарналары салық заңнамасына сәйкес жиынтық жылдық табыстан шегірлетін шығыстарға жатқызылды, ал бюджет және коммерциялық емес ұйымдары үшін оларды ұстауға жұмсалатын шығыстардың сметасында қарастырылды.
Әлеуметтік қорлардың бюджеттерін республика Үкіметі бекітетін.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорларының уақытша бос қаражаттарын мемлекеттік бағалы қағаздарға, Ұлттық банктің бағалы қағаздарына және мемлекеттік банктердің депозиттеріне инвестиялауға рұқсат етілді.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры:
1) болған зейнеткерлерге
және зейнетақы алушыларға
2) егер зейнетақының мөлшері
заңнамамен бекітілген ең
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақыларды төлеуді, жұмыссыздарды қайта даярлау мен қайта оқытуды, мұқтаж азаматтарды қолдау үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қаржыландырды. Бір кездері қоныс аудару шаралары жөніндегі шығындарды қаржыландыру осы қор есебінен жүзеге асырылды.
Әлеуметтік сақтандыру қоры еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі, жүктілігі және босануы жөніндегі жәрдемақыларды, бала туғанда және жерлеуге берілетін бір жолғы жәрдемақыларды, сауықтыру сипатындағы қызметтер көрсетуді төлеуді қаржыландырды.
Міндетті медициналық
сақтандыру қорының қаражаты есебінен
келісімшарттарға сәйкес сақтандырушыларға
медициналық қызмет көрсету жөнінде
медицина ұйымдарының немесе жекеше
медициналық практикамен