Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 18:50, курсовая работа

Краткое описание

Қазахстан Республикасының жоспарлы экономикадан түбегейлі жаңа, нарықтық, мемлекет реттейтін экономикаға өтуі елімізге қаржы нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етеді. Бұл өте күрделі және ауқымды мақсат. Көптеген жылдар бойы елімізде шын мәнінде де ия қаржы нарығы, ия оның инфрақұрылымы, яғни 2-ші деңгейлі және инвестициялық банктер, биржалар, сақтандыру қоғамдары болған жоқ. Қаржы саласының барлығын мемлекет айрықша құқықпен өзіне қаратып, барлық кіріс көздерін халықтың қажетін өтемейтін міндеттерге жұмсап отырады.

Оглавление

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………3
1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ШЫҒАРУ МЕХАНИЗМІ..............................................5
1.1 Бағалы қағаздарды шығару және оның элементтері..........................................5
1.2 Жекеменшіктендіру – бағалы қағаздар нарығын дамытудың негізі................7
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ..........8
2.1 Бағалы қағаздар туралы Қазақстан Республикасының қазіргі заңдары..........10
2.2 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы..........9
2.3 Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер....................................................13
3 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР. ҚОР БИРЖАСЫ.......14
3.1 Бағалы қағаздар нарығының мамандары...........................................................19
3.2 Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар..........................................................17
3.3 Қор биржасы және оның қызметі.......................................................................17
3.4 Биржалық операциялар........................................................................................18
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................20
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................................................22

Файлы: 1 файл

КР багалы кагаздар нарыгы каз.21.doc

— 147.00 Кб (Скачать)
p style="text-align:justify"> 

 

 

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ

    2.1 Бағалы қағаздар туралы Қазақстан республикасының қазіргі заңдары

Кез келген заңның мазмұны қоғамда орын алып және одан әрі дамып келе жатқан экономикалық құбылыстарға сай болуы шарт. Себебі құқықтық нормаларды шығару белгілі экономикалық мүдделерге қызмет көрсетуге бағытталған. Бағалы қағаздар нарығын құқықтық ережелерімен қамтамасыз ету мемлекеттік органдардың бағалы қағаздар айналымы тиімді және мағыналы болуы үшін белгілі бір жағдай жасайтын заңдар шығару. Және сол заңдардың мемлекет мүддесімен халық керегін қанағаттандырып нарық қатынастарға бет алған қоғамның объективті экономикалық заңдарына сай келді. Қазіргі кезде Қазақстанның мемлекеттік заңдарына егемендік алғаннан бергі шыққан заңдар, Президенттің жарлықтары және үкіметтің қаулылары, сонымен қатар бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның құқықтық актілері жатады. Аталып өткен бағалы қағаздар нарығындағы мүліктік құқық олар туралы шыққан заңдарда көрсетілген ерекше құжатпен расталады. Ол құжат бағалы қағаздар деп аталады. Экономиканы қайта құру идеясы өндірісті қосымша инвестициялау көздерін табу, кәсіпшіліктің тиімділігі арттыру механизмінің құру жолдарын табу керектігін меңзейді. Қазіргі заңдар Республикасы Конституциясына негізделген. Олар мемлекеттік және жекеменшікті мойындап қорғауға кепіл болады. Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес мемлекет басшысы заң күші бар жарлықтар шығарды. Олар азаматтардың кодекспен бірге бағалы қағаздар нарығын дамытудың заңды негіздерін құрайды:

1995 жылдың 21 сәуіріндегі "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" №2227 Президенттің заң күші бар жарлығы.

2. "Шаруашылық серіктестіктері туралы" №2255 Президенттің заң күші бар жарлығы 2.05.95 ж.

3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы" №2155 Президенттің заң күші бар жарлығы 30.03.95 ж.

4. "Акционерлік қоғамдар туралы" №281-1 "Қазақстан Республикасының заңы 10.07.98 ж.

5. Басқа заңдар және нормативтік құқықтық актілер.

Оған бағалы қағаздарды шығару және айналымға түсіру мәселелерін, Ұлттық комиссияның өкілдігін реттейтін Президенттің заңдық күші бар жарлықтары жатады. Мысалы, валютаны реттеу туралы заң бойынша Ұлттық комиссия валюта қатынастарын, соның ішінде, ішкі нарыққа шетел бағалы қағаздарын түсірудің тәртібін реттейтін орган болып тағайындалады.

Басқа нормативті-құқықтық актілердің ішінде төмендегілерді атап айтуға болады:

- бағалы қағаздар нарығының кейбір мәселелерін реттейтін ережелерді бекіткен Қазақстан Республикасы қаулылары.

- бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның актілері - бағалы қағаздар нарығын реттейтін ережелер.

- басқа орталық атқару органдарының бағалы қағаздар айналымына байланысты актілері.

Жоғарыда айтылған құқықтық негіздерге сай қазіргі кезде Қазақстанда бірсыпыра қор биржалары құрылды, брокерлік және дилерлік кеңселер ашылып, олар акциялардың мемлекеттік бумалары және басқа мемлекеттік бағалы қағаздар түрлерімен мәмілелерге қатысты. Сонымен қатар, Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізу іске асырылып, көптеген азаматтар бағалы қағаздар нарығында қызмет істеуге мамандандыру куәлігін алды. Қазіргі уақытта бағалы қағаздар туралы шыққан заңдар жетілген және бағалы қағаздар нарығының құқықтық негіздерін қалыптастыру процесі аяқталды деуге болмайды. Дегенмен, бүгінгі күні айтылған заңдарды пайдаланудың нәтижесінде республикадағы бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз етудің жетістіктері мен кемшіліктері анықтауға мүмкіншілік бар.

 

         2.2. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы

Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқаулары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-шы жылдардың басынан бастап пайда бола бастады. Елде дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Олар:

- сұраныс пен ұсыныс;

- делдалдар мен басқа қатысушылар;

- нарықтық инфрақұрылым яғни екінші деңгейдегі банктер, қор биржасы, инвестициялық институттар және т.с.с;

- нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер.

Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі көп жағдайда халықтың әл-ауқатына байланысты. Себебі бағалы қағаздарға сұраныс халықтың тұрмысын айқындайды. Сондықтан халықтың табысының өсуі - Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы дамуының басты шарты. Республикада қалыптасқан жағдай сипаттағандай бағалы қағаздардың ең көлемдісі және ең өтімдісі мемлекеттік қарыз міндеттемелері. Мемлекеттік қарыз міндеттемелері нарығының ерекшелігі оған қатысушыларға байланысты:

біріншіден, мемлекеттік бағалы қағаздардың элементі - Қаржы Министрлігі;

екіншіден, Ұлттық банк — оның (Қаржы Министрлігінің) қаржы агенті, сонымен бірге мемлекеттік бағалы қағаздардың дилері.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың төмендегідей түрлері бар:

a) мемлекеттік қазыналық вексельдер;

b) мемлекеттік қазыналық облигациялар;

c) Қазақстан Ұлттық банкінің қысқа мерзімді ноталары;

d) жекеменшіктендіру купондары.

а) Вексель дегеніміз — вексель берушінің вексель иесіне мерзімі жеткен кезінде онда көрсетілген ақша сомасын сөзсіз төлейтіні туралы жазбаша міндеттеме. Қазіргі кезде вексельдің екі түрі қолданылады: жай вексель; аудармалы вексель.

Жай вексель — бұл 2 адамның өзара келісімі, ал аудармалы вексельде ақша үшінші адамға төленеді. Вексельдің иесі оны есеп айырысуға пайдаланады. Оның қайырма бетіне басқа адамға беретінін жаза алады. Нәтижесінде төлеуші мүлдем басқа адам болады. Мемлекеттік қазыналық вексельдері халық арасында ерікті негіз орналастыратын мемлекеттік құнды қағаздардың бір түрі. Ол осы қағаздарды ұстаушылардың бюджетке қаражаттар аударған және бұл қағаздарға ие болған бүкіл мерзім ішінде дивиденд түрінде табыс алуына құқық беретінін растайды. Қазыналық вексельдер ұзақ мерзімді 5 жылдан 25 жылға дейін, орта мерзімді 3 айдан 12 айға дейінгі мерзімде шығарылады.

- Ұзақ мерзімді қазыналық міндеттемелер жөніндегі табыс жыл сайын купондар бойынша төленіп отырады.

- Орташа және қысқа мерзімді міндеттемелер номиналға процентпен есептеу арқылы, яғни орташа мерзім міндеттемелер бойынша мерзімі біткен соң сатып алу негізінде төленеді.

қазыналық вексельдер номиналдан кемітіліп сатылады, бірақ вексельдер толық өз құқымен шығарылады. Қазыналық вексельдерін Қаржы Министрлігінің тапсыруымен, шығарылуынан бір ай бұрын шарттары ескеріліп, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі таратады. Шығарылым жарияланғанда қазына вексельдерінің нақты құны, жазылу сомасы, проценттік ставка көлемі көрсетіледі. Алушылар қанша сатып алатынын және дисконттың қандай көлемі қолайлы екенін айтады. Қазыналық векселі бойынша бәсекелестік саудасы да болуы мүмкін. Бұл жағдайда неғұрлым қолайлы шарттар тандап алынады.

Қазақстан Республикасының заңды ұйымдарының облигацияларынан басқа айналымға мемлекеттік қазынаның облигациялар шығарылады. Мемлекеттік қазыналық облигацияларға: орта және ұзақ мерзімді бондар мен қазыналық вексельдер жатады.

Орта мерзімді бондар Қаржы Министрлігімен шығарылады, ал ұзақ мерзімді бондар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің шешімімен шығарылады.

Ұзақ мерзімді қазыналық бондар 5 жылдан 25 жылға дейінге мерзімге шығарылып, заңды және жеке тұлғалар арасында тартылады. Қазынаның бондар бойынша кіріс процент аудару арқылы төленеді.

Ұзақ мерзімді бондарға қарағанда, орта мерзімді бондар 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімде шығарылады. Оның өшірілуі жыл сайынғы тираждар негізінде жүргізіледі. Ұстаушының талабы бойынша олар мерзімінен бұрын өшірілуі мүмкін, бірақ міндетті түрде сатып алғаннан 6-ай өткеннен кейін.

Облигация деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны төлеуді міндеттенген жазбаша қарыз құжатын айтады. Сонымен қатар облигация несие беруші мен осы құжатты шығарушы мекеме орындары арасындағы қатынасты куәландырады. Облигацияның мынадай түрлері болады:

- ішкі мемлекеттік және жергілікті займдар облигациялары;

- кәсіпорындар облигациялары.

Кәсіпорындар облигацияларының барлық түрлерін өздерінің еңбек ұжымдары қарамағына түсетін қаражаттар есебінен, ал азаматтар өзінің және құжаттары есебінен сатып алады.

Ішкі мемлекеттік және жергілікті займдарды сатудан түскен қаржы тиісті бюджеттік немесе бюджеттен тыс қорларға жіберіледі. Бұл займдардың облигацияларын банк таратады. Проценттерді ішкі мемлекеттік және жергілікті займдар үшін займдарды қайтару кезінде проценттерді есептеу арқылы немесе купондар төлеу жолымен беріледі.

b) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қысқа мерзімді валюталық ноталары дегеніміз — бұл айналымдағы ақша массасын реттеуге арналған ақша-несие және валюта саясатының құралы. Сонымен қатар ол айналысқа түсетін мемлекеттік бағалы қағаздардың бір түрі болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі валюта ноталарын 90 күнде дейінгі айналыс мерзімімен айналымға шығарады және оның есеп айырысуы теңгеде жүргізіледі. Валюта ноталары құжаттамасыз нысанда шығарылады және оның нақты құны 100 валюта бірлігін құрайды. Кесімді бағасы тапсырыстарды қанағаттандырумен аяқталатын ең төменгі дисконтталған бағаға тең. Ноталарды орналастыру Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі белгілеген бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларды — "Алғашқы агенттер" арқылы жүзеге асырылады. Валюта ноталарын орналастыру 2 әдіспен жүргізіледі:

1. Аукцион әдісі.

2. Алғашқы агентпен келісілген баға бойынша сату әдісі. Аукциондық әдісте тапсырыстарды қанағаттандыру ең аз дисконттан басталады да, барлық жарияланған эмиссия көлемі таламдалатын негіздегі дисконтпен аяқталады.

Ноталарды орналастыруға байланысты барлық ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі белгілеген мәліметтер беретін электронды жүйе арқылы беріледі. Ноталардың аукционын жүргізуден 1 күн бұрын алғашқы агенттерге хабарлау керек және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының қатысушылары аукцион өткізілетін күні шығару шарттарында белгіленген көлемде, бәсекелік және бәсекелік емес ұсыныстармен бірге өтініштер бере алады. Берілген өтініштің бәсекелік ұсыныстарында ноталар саны, валютамен көрсетілген бір нотаның ұсынылған дисконтталған бағасы көрсетіледі.

Егер алғашқы агенттен белгіленген уақытқа дейін валюта ноталарының ақысына қаражат түспесе, сол сағаттан кейін түскен ақша бір күнге мерзімі өтіп түскен ақша есебіне қаралады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіне деректер хабарлайтын электрондық жүйе арқылы ноталарды сатып алуға түскен ақша туралы хабарламаны алғаннан кейін алғашқы агенттер инвесторға қағаз жүзінде, егер инвестордың алғашқы агентпен шартында басқа көзделмесе, ноталарға оның меншік құқығын куәландыратын куәлік береді. Ноталарды есепке алу және ол бойынша құқықтар, сондай-ақ олармен жасалатын мәмілелерде ашылған "депо" шоттары бойынша жүзеге асырылады.

Құнды қағаздардың төмендегідей түрлері бар:

1. Акция - үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Акционерлердің жылдық кірісінің көлемі баланста көрсетілген пайдаға тәуелді болады. Акционерлердің жалпы жиналысында пайданың қандай мақсатқа бөлінуі туралы сұрақ шешіледі. Пайданың бөлінуі акционерлерге тиесілі акциялар көлеміне байланысты болады. Бағалы қағаздар нарығында бір кәсіпорынның акциялары әртүрлі бағада болуы мүмкін. Қор биржасында банктерде акцияларды сату және сатып алу бағасы — акция курсы деп аталады.

Акция курсы = Д/Қарыз проценті х 100%.

Акция курсы сұраныс пен ұсынысқа байланысты үнемі ауытқуда болады. Акция курсының құрылуы бірқатар факторларға байланысты. Соның ішінде ол қарыз %-ң көлемінде тәуелді. Акция құны депозит түріне қарамастан Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің валютасымен анықталады. Дивидендтер процент түрінде немесе теңгелей көрсетіледі:

1 акция құны = номинал құны/шығарылған акция көлемі.

2. Варрант - ұзақ мерзімді бағалы қағаз. Әдетте, оны корпорация облигацияларымен және артықшылықты акциялармен қоса шығарады. Бұл, бір жағынан, бағалы қағаздарды алғашқы орналастырғанда тартымды етсе, екінші жағынан корпорацияның эмиссиялық шығындарын азайтады. Варрант корпорацияның басқа бағалы қағаздарымен қоса шығарылғаннан кейін, олардан бөлініп, өз алдына айналымға түседі.

З. Депозиттік сертификат — ол эмитенттің мерзімді салымын алғандығын куәландыратын банктік бағалы қағаз. Оның иесі ұсынушы адам. Депозиттік сертификат екінші нарыққа белсенді түсетін және қолдан қолға тез өтетін бағалы қағаз. 4.Чек — занды түрде бекітілген ақшалы құжат. Ол қаржы инстиутындағы ағымдарды есепшот иесінің чек иесіне көрсетілген соманы төлеуін талап еткен жарлығы. Чек төлем айналымын көздету мақсатында шығарылады. Чектер бірнеше түрге бөлінеді:

атаулы чектер;

ордерлі чектер;

иесі ұсынушы чектер.

 

         2.3 Бағалы қағаз нарығының реттейтін жүйелер

Информация о работе Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы