Лекции по "Философии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 21:04, курс лекций

Краткое описание

Философия мәнін түсіндірмелеудің негізгі типтері. Дүниеге қатынас және дүниетаным ұғымдары. Дүниетаным және дүниенің жалпы мәденилік суреті. Дүниетаным және фплософия. Философия пайда болуының тарихи-әлеуметтік детерминанттары. Мәдениет дүниесіндегі философияның қатынасы мен тағайыны. Философия адам құштарлығының әр түрлі төрт саласының - ғылым, поэзия, дін, логика - негіздемесі ретінде. Философия және мифология. Философия және дін. Философия және өнер. Философия және ғылым. Философия және саясат.

Файлы: 1 файл

Философия лек)).doc

— 977.50 Кб (Скачать)

Нақты қандай қасиеттер ?

    • Сыпайылық, кеңдік, шыншылдық, зиялылық, мейірбандық

Сыпайылық – сыйынды арттырады.

Кеңдік – құрмет туғызады.

Шыншылдық – сенімге  жеткізеді.

Зиялылық – табысқа  бастайды.

Мейірбандық – билікке  жол ашады.

Конфуций мемлекеттің  тұрақтылығы туралы мәселе алдыңғы  шепке шығып, қоғамдық маңызға ие болған ерекше тарихи дәуірде өмір сүрді. Сондықтан қоғамда баянды тұрақтылық немесе өмір сүру заңдылықтары ұдайы орын алуы үшін оны қалай басқару керек деген сұрақ ойшылдың көкейінде әруақытта тұрды. Ал адам Конфуцийді белгілі бір жүйеліктің заңды бөлшегі ретінде қызықтырады. Сондықтан да оның адам туралы ілімі мемлекетті басқару ілімімен тығыз байланыста болады. Өйткені, Конфуций әртүрлі жағдайларда адам өзін - өзі қалай ұстауы керек екендігін көрсетуге тырысады. Оның ізденістерінде адам туралы теориялық пайымдаулардан гөрі практикалық ақыл – кеңестер басым болып отырады.

Конфуций пікірі Қытай  халқының дүниеге көзқарасының ерекшеліктеріне  сүйенеді.

Ол адамды табиғаттың оған бағынатын заңды құбылысы ретінде  қарастырады, сонымен қатар адамның  табиғатқа өзін қарсы қоя алатындығын  да ескереді. Мұның өзі адамның Аспан мен Жердің ортасында тұрғандығымен түсіндіріледі. Бір жағынан, адам жер мен көкті өзара біріктіретін дәнекер ретінде дүниенің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Екіншіден, өзінің дүниедегі өзіндік орнына байланысты ол жермен де, көкпен де ерекше қарым – қатынаста бола алады.

Конфуций дүниенің құрылымы және дүниеге көзқарас мәселесімен  айналасуды қаламаған, рухтар туралы да айтудан бас тартқан.

Барлық адамдардың өзін - өзі ұстауы туралы өте құнды  ілім жасады. Ұстаз айтыпты:

Адамды жақындастыратын – тумыс, табиғат, алыстататын – болмыс, ғадет.

Конфуций жүйесінде  көне дағдылардың дәрежесі және олардың  ілімдері өте жоғары бағаланды, дегенмен алдыңғы қатарға білімнің тек  өзі емес, дұрыс әдеп шығып отырады.

Білімнің құндылығы  оның жақсы әдептердің қалыптасуына жағдай жасауында болып табылады. Конфуций ілімдері этикет тәртібі бойынша қолданылады. Оларды дұрыс қолдану әр адамның өзіне байланысты болады. «Ритуал» нормаларына сәйкес болу үшін өзін - өзі ұстай білу – осының өзі адамгершілік. Адамгершілікті іске асыру адамның өзіне байланысты, оған басқалардың қатысы бар ма? Сөйтіп, адамгершілік ритуалға бағынышты болып табылады. Ізгілікті адам болу үшін өзін - өзі әруақытта жеңіп, этикет тәртіптерімен басқарылатын қоғамдық қарым – қатынастарға толығымен еніп, оның міндеттерін керекті дәрежеде орындау қажетті шарт болып табылады. Қытай дәстүрінде адам табиғаты екі жақты: бір жағынан оның туа біткен қасиеттері, екінші жағынан, ұдайы өзін - өзі дамытып отыру қабілеттілігі бар. Өйткені адам өзінің көптеген қасиеттерін еркін жұмсап, тәртібін қадағалап дұрыс пайдалануға тырысады. Басқаша айтсақ, адам өзін - өзі басқара білуі керек. Конфуций ізденістері осы қисынға бағытталған.

Ұлы ойшыл мұрасының  тамаша бір жалғасы – тәрбие мәселесі. Ол ерекше көңіл бөлген, дамсытқан қағидалар қазіргі уақытта да өзінің ғылыми – практикалық, дидактикалық маңызын жойған жоқ.

 

 

5-лекция

Антикалық мәдениеттегі философия

Көне грек философиясының қалыптасуы мен дамуының мәдени-әлеуметтік контексті. Философия генезисі. Грек мифологиясының әсері Философияның өзіндік анықталуы және мифтен ажыратылуы. Философиялық ізденістердің эпистемологиялық бетбұрысы. Саяси-этикалық сұрақтардың қойылуы. Көне Грек философиясының әрі қарай дамуындағы софистер   мен Сократтың   ролі.   Парменид:   философиялық   дәлелдеу қалыптасуының қайнарында.

Платонның білім  және құзырлылық мәселесін қоюының  іргелілік сипаты. Платон философиясы  табнғат пен қоғам үстінен  Зерде басымдылығын орнықтыруды  іздестіру формасы хақында.

Аристотель  философиясы антикалық мәдениет энциклопедиясы хақында. Зерделі өмірге қол жеткізу үшін білім мәселесінің мәртебелілік және маңыздылығы. Білім алу жолдары мен құзырлылықтың мәселелену Этикалық құзырлылықтың қалыптасуы және оның зерделі іс-әрекетте туралы білімдер жинақтаудағы рөлі. Логика салиқалы ойлаудың органон ретінде. Өркениетті адам табиғатын айқара ашудың формасы ретінде. Қоғамдағы өмір Зерде мүмкіндіктерін шығармашылықпен іске асырудың шарты ретінде.   Қоғамдағы   зерделі  өмір   ретіндегі   «полития»   -   адам қоғамдастықтың мақсаты.

Жеке бас  бақытын қамсыздандыру жайлы  философиялық ізденістер. Эпикуреизм - жеке бастың игілікті болуының философиясы  ретінде. Гедонизмге қол жеткізу  жолдарының рационализациялануы. Стоицизм жеке бас бақьггына қол жеткізудің философиясы ретінде. Киниктер немесе өмірдің табиғи салтын іздестіру философиясы. Римдік стоицизм аскеза мен саяси борыш аралығындағы қызу ізденістің рухани жолы ретінде. Табиғи құқық идеясы жалпы құқықтық тәртіп орнықтырудың негізі ретінде. Рим мемлекеттік және құқықтық өмірді ұйымдастыруға құқықтың стоицистік тұғырнамасының әсері.

Антикалық      философияның       адамның      дүниеге       рационалдық  қатынасының, оның табиғат пен әлеуметтік дүниеге рационалды үстемдігі стратегиясының      қалыптасуына      әсері.      Антикалық      философияның дүниетанымдық бағдарларының адамның мәдени  және  саяси-әлеуметтік активнзмінің қалыптасуына әсері.

Антикалық философия  – бүкіл дүние жүзілік философияның дамуындағы керемет құбылыс. Ол Көне Грекияда біздің дәуірімізден бұрынғы VII ғасырдың соңында қалыптасып, біздің дәуіріміздің VI ғасырына дейін өмір сүрді.

Көне Грекияда мың  жылдан артық уақытта әртүрлі  сарындағы философиялық ілімдер  пісіп, жетіліп кейінгі философиялық ойлаудың дамуына негіз, бастау болды.

Антикалық философияның өзіндік келбеті, ерекшелігі бар, оның ең бастапқысы табиғат туралы ілімдермен тікелей байланыстығы. Алғашқы грек философтарын «физиктер» деп сипаттау кездейсоқтық болмаса керек.

Көне грек философиясының тағы да бір маңызды ерекшелігі –  оның онтологиялық сипаты. Грек ойшылдары табиғаттың, бүкіл әлемнің мәнін білуге тырысты. Алғашқы бастаулар, түпнегіздер сияқты қарапайым ізденістерден бастап, жалпы болмыс мәселесіне көтеріледі.

Антикалық философияға  әлемді біртұтастық тұрғысынан пайымдау тән.

Антикалық философ – ол дана, оның таным процесіндегі жалғыз қаруы өзінің ақылы, ал құралы – байқау. Осыдан келіп оның пайымдау және жалпылау сияқты сипаттары туындайды.

Антикалық философияның дамуында бірнеше кезеңді бөлуге болады. Бұл мәселеде әртүрлі көзқарастар  бар. Біз ұсынған дәуірлер екі маңызды факторға сүйенеді: біріншіден, көне грек қоғамның өзіндік дамуы, екіншіден философиялық мәселелердің өзгеріп отыруы.

  1. натурфилософиялық кезең.
  2. гуманистік кезең.
  3. классикалық кезең.
  4. эллиндік кезең.
  5. римдік кезең.

Антикалық философияның натурфилософиялық дәуірі шамамен  біздің дәуірімізден бұрынғы VII ғасыр  мен IV ғасырлар аралығын қамтиды. Натурфилософияға милет мектебінің өкілдерінің, Гераклиттің, элеаттардың, атомистердің, пифагоршылдардың ілімдерін жатқызуға болады.

Бұл кезеңдегі философиялық ілімдердің мәнін түсіну үшін мынадай  іргелі ұғымдарды игеру керек:

  1. түпнегіз – барлық заттардың негізі
  2. апейрон – шексіз, мәңгі, белгісіз, ұдайы қозғалыста болады
  3. «логос» - жалпы заң, Гераклит философиясындағы қажеттілік, сөз, сонымен қатар, ақыл, заң дегенді білдіреді.
  4. апория – шешім табудың қиындығы, тығырыққа тірелгендік деген мағынада қолданылады
  5. атом – Демокрит философиясында өте кішкене, бөлінбейтін бөлшек.

Милет мектебі - антика философиясындағы ең алғашқы мектептердің бірі. Оның өкілдері – Фалес, Анаксимен, Анаксимандр.

Фалес әлемнің түпнегізі  су деп есептеген. Бәрі судан пайда  болады, бәрі суға айналады. Фалестің шәкірті  Анаксимен әлемнің негізі ауа, ал Гераклит от деп есептеді. Анаксимандр барлық заттар мен құбылыстар шексіз, шетсіз апейроннан пайда болған деді.

Эмпедокл әлемнің негізі ретінде төрт затты, яғни отты, суды, ауаны және жерді алды.

Аталған философтардың  бәрі дүниенің негізі материалдық субстанция деп есептеді. Субстанция дегеніміз түпнегіз, ол өзінің басқа арқылы түсіндірілуін қажет етпейді.

Гераклит бәрі өзгереді, бәрі өткінші деп пайымдады. Өзгерістердің  қозғаушы күші мен негізі -  қарама – қарсылықтардың өзара күресі.

Элеаттар мектебінің өкілдері Парменид, Зенон, Ксенофан.

Субстанцияны түсіндіру мәселесінде олар нақты бір зат пен құбылыстан гөрі өзімен өзі болмыс деген ұғымды қарастырады.

Парменид философиясының негізгі тезисі – болмыс бар, болмыс емес жоқ, болмыс еместі тануға, тіпті  ол туралы айтуға да болмайды.  Ол мәңгілік, пайда болмайды, жойылмайды, ол біркелкі және үздіксіз.

Ксенофанның пікірінше, болмыс дегеніміз - Құдай. Құдай әлемнің  субстанциясы.

Зенон шекті және шексіздік, жалғыздық пен көптік, қозғалысты ойлаудың мәселерін қойып, зерттеді.

Зенон бос кеңістік, көптік, қозғалыс мәселелерінің сезімдер үшін бар екендігін мойындады, ал оларды ұғымдар деңгейінде қалай түсіндіру қажет. Мәселенің түп төркіні осыда болса керек.

Аристотель Зенонды  диалектиканың негізін қалаушы  деп бағалаған, өйткені, ол ақиқатты, қарсыласының ойындағы ішкі қайшылықтарды айқындап, оны шешудің жолын қарастырған.

Зенонның апориялары қозғалысты терістейтін аргументтер. Осы уақытқа дейін оның «Дихотомия», «Ахилл», «Ұшатын жебе», «Стадион»  деген апориялары жеткен.

2. Атомистік ілімнің  негізін Демокрит қалаған. Атом – дегеніміз бүтін, бөлінбейтін кішкене бөлшек. Оның бірігуінен және бөлуінен бүкіл әлемдегі заттар мен құбылыстар құралады. Олар бос кеңістікте үнемі қозғалады.

Адам да атомдардың бірлігі, бірақ оның жаны бар. Жан дегеніміз  де зат, ол ерекше атомдардан, яғни жеңіл және тез қозғалуға бейім атомдардан құралады.

Демокрит осы принципімен  таным процесінде түсіндіреді. Таным  дегеніміз заттардың бетінде  ағып жүретін атомдарды қабылдау. Олар – заттармен құбылыстардың  бейнесі.

3. Софистер философиясымен антикалық философияның гуманистік дәуірі басталады.

Софистер біздің дәуірімізге  дейінгі кәсіпқой оқытушы, философ.

Маңызды мәселесі – адам мәселесі, оның әлемге қатынасын анықтау. Адам болмысы – субъективті болмыс. Олардың ілімі – субъективті  идеалистік ілім, олар адамды барлық заттардың өлшемі деп қарастырады.

Софистер – Протагор, Горгий, Гиппий, Продик, Ликофрон, Алкидамант.

Софистер адамдардың барлық ұғымы мен этикалық қалыптары, баға берулері салыстырмалы деп есептеді.

 

8. Классикалық  дәуірдегі антикалық философия.

1. Сократ философиясы.

2. Платон философиясы.

3. Аристотель философиясы.

Сократ – философия  тарихындағы ең атақты тұлға. Көне дәуірдің өзінде – ақ ол даналықтың, дана адамның  идеалы болып саналды. Сонымен қатар, Сократ - ең жұмбақ тұлға. Өйткені, ол ешнәрсе жазған жоқ, ешқандай жазба мұра қалдырмаған. Афина көшесін ұзаққа кезіп жүріп, философиялық ойларын айтқан. Көшеде кім кездессе сонымен әңгіме дүкен құра берген. Сократ философиясының барлық мағынасы мен мәнін оның шәкірті  Платонның философиялық жағынан терең, көркемдігі жағынан тартымды шығармаларынан білеміз.

Сократ философияның негізгі мәселесі адам деп шешті. Сондықтан адам адамгершілігінің табиғатын  зерттеуге көңіл бөлді. Адамның  ішкі жан дүниесінің мәнін анықтайтн  игілік, жамандық, жақсылық, әділеттілік, сүйіспеншілік сияқты құндылықтарды анықтауға кірісті. Осыдан келіп өзін-өзі тану мәселесі туындайды.

Көне Стоя Китилік  Зенон, Клеланпф, Хрисипп біздің заманымызға  дейінгі II – I ғасырлар. Кейінгі Стоя – Анней Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий – біздің заманымызға дейінгі V ғасыр – біздің заманымыздың 65, 121, 180 жылдары.

Негізгі мәселе – мораль мәселесі. Философияның негізгі міндеті  адамгершіліктің кемшіліктерін  жою, игіліктерге тәрбиелеу. Стоицизмнің  көптеген мәселелері христиан философиясына ұқсас.

Рим стоиктері тұлға  психологиясымен айналысты. Ұждан  моральдың функционалды ұғымы, ал еркіндік моральдық, әрекеттің тетігі ретінде  қарастырылды. Адамның күнәлы болуы  түсіндірілді. Адам, тіпті ұлы адамның  өзі де кей уақытта кінәлы болады. Өйткені, Құдай ғана күнәсіз. Сенека тағдыр алдындағы адамдардың бірлігі туралы идея ұсынады.

Жалпы платоншылдық ағымы Плотин, Прокл есімдерімен тығыз байланысты. Плотин өзінің көзқарасын «Эннеадтар»  деген еңбегінде жариялаған. Барлық тіршіліктің бастауы, қайнар көзі – Құдай. Ол болмыстан да, ойлаудан да жоғары. Бәрінен де жоғары болмыс – Құдай эманация арқылы бәрін жаратқан. Құдай, ең алдымен әлемдік ақылды, сонан соң әлемдік жанды, соңында құбылыстардың сезімдік әлемін жаратты. Адам өмірінің мақсаты - өзін тән құрсауынан босатып құдайға қайта оралуы.

Плотин ілімін Порфирий мен Ямвлих одан әрі дамытқан.

2. Платон философиясы

Платон (б.з.д. 427-347) – көне Грекияның  көрнекті философы, Сократтың шәкірті, Академия мектебінің, философиядағы  идеалистік бағыттың негізін қалаушы.

Информация о работе Лекции по "Философии"