Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2012 в 15:24, курсовая работа
Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендей түсуіне әсер ететін бірден - бір факторлардың бірі. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 наурыздағы: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында
Авсу вКІРІСПЕ
Уауаувкуамуа\\\
Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендей түсуіне әсер ететін бірден - бір факторлардың бірі. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 наурыздағы: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажат»,-делінген. Осыған байланысты Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына байланысты мақсаттар мен бағдарламалар жүзеге асырылды.
Ұсынылған бағыт Қазақстан экономикасын дамыту қағидаларына негізделген, ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары Ел Президентімен Қазақстан халқына: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауында, яғни Қазақстан экономикасын жақсарту және оған серпінді сипат беру, өзара байланысты мақсаттар кешенін шешу көзделді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасынаң «Банк және банктік қызмет туралы» Заңына сәйкес, шағын кәсіпкерлікті несиелендірудегі банктік несиелеудің аумағын арттыру.
Курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі жағдайдағы кәсіпкерлік қызмет нарығының ахуалын талдау және экономикалық тұрақтылық жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізуде ұсыныстар жасау.
Міндеттері:
- шағын бизнестің экономикадағы алатын орны мен маңызын ашу;
- оны дамытудағы несиелендірудің рөлін қарастыру;
- шағын бизнесті несиелендірудегі шетелдік тәжірибелердің мазмұнын ашу;
- Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуын талдау;
- шағын бизнестің заңдық негіздерін қарастыру мен қалыптасқан механизмдеріне талдау жүргізу;
- қазіргі кездегі шағын бизнесті несиелендірудегі негізгі проблемаларды ашып көрсету;
- шағын бизнесті басқарудағы экономикалық жетілдіру жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі елдің кәсіпкерлік қызмет саласындағы бағыттарын жүзеге асыру, кәсіпкерлік субъектілері қызметінің аясын барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетілдіру болып табылады.
Зерттеу пәні қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметті жүргізудің әдіс - тәсілдерін жетілдіру бағыттарын топтастыру.
Қазіргі таңдағы шағын кәсіпкерліктің дамуы нарықты әртүрлі қызметтермен толтырып отыратын негізгі жетілдіруші факторлардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, қазіргі жағдайда экономиканы сауықтандыруға шағын кәсіпкерліктің қосатын үлесі де маңызды деп айтуға болады.
1. ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ МЕХАНИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Шағын бизнестің экономикадағы орны мен маңызы
Шағын кәсіпкерлік базар қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, базардың тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады. Дамыған елдердің тәжірибесі шағын кәсіпкерлік экономиканың даму қарқынын арттыра түсетінін көрсетеді. АҚШ-та барлық жұмыс күшінің 50 пайызы шағын кәсіпкерлікпен шұғылданады. Ішкі өнімің 33 пайызын нақ сол қамтамасыз етеді. Жапонияда жұмыс күшінің 80 пайызы шағын кәсіпкерлікте жұмылдырылған, жалпы өнімнің 55 пайызы солардың үлесіне тиеді. АҚШ-та шағын кәсіпкерлік ғылыми - зерттеу жұмыстарының 3 пайызын ғана жүзеге асырса да, өндіріске енгізілетін ірі жаңалықтардың 50 пайызын қамтамасыз етеді. Шағын кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі соншалықты айқын: ірі кәсіпорындар жаңа өнім өндіруге жұмсаған бір доллар шығынмен салыстырғанда, осы көрсеткішпен шағын кәсіпорындар жаңа өнімдерді 17 есе көп шығарады, шағын фирмалар мен дербес өнер тапқыштар жаңа технологияның 90 пайызынан астамын жасайды.
Қазақстанда шағын кәсіпорындар жүйесін қалыптасыру әлі жүріп уваввжатыр. 1990-жылдардың басында Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің анықтамалары болмаған еді. Сондықтан, әрқилы құрылымдарға түрлі анықтамалар қолданылды. Кейбіреулер он немесе одан да аз жұмысшысы бар кәсіпорындарды шағын бизнеске жатқызса, енді біреулер мұны 200 және одан да көп жұмысшысы қамтылған кәсіпорындар үшін қолданады. Соның салдарынан бірыңғай статистикалық ұғым қалыптаса қоймады, шағын бизнеске жатызылатын кәсіпорындардың нақты белгілері айқындалмады. Мұның өзі, республиканың экономикалық дамуына осы сектордың қосар үлесіне лайықты баға беруге және шағын кәсіпорындарды нақты топтастыруға мүмкіндік бермеді.
Бизнеске қатысына қарай, «шағын» деген анықтама жұмысшылардың саны, жалпы табыс, сондай-ақ, жылдық айналым ұғымында түіндірілуі мүмкін. Фирмаларды көлемі бойынша топтастыру кезінде негізінен бірінші белгі ескеріледі: шағын бизнеске жұмысшы саны 100 адамға дейін, ал Қазақстанда 50 адамға дейін болатын, кәсіпорындарды жатқызу қабылданған.
Бүгінгі күні шағын кәсіпорындар тиімді болып табылатын өндіріс түрлері аз емес. Көптеген ғалымдар өркенияты базарлы экономиканың материалдық және әлеуметтік базасында ұсақ, сондай-ақ, орташа бизнес тиімді қызмет көрсетеді деп санайды. Олар жеке меншікке негізделген шаруа қожалығы ғана ауыл экономикасын өркендетеді десе, басқалары ірі шаруашылықтардың басымдылығын алға тартады, үшіншілері осы және басқа да меншік пошымдарын мойындайды. Бірақ шаруашылықты басқарудың кез-келген пошымы, орнықты экономикалық орта қалыптасқанда ғана табысты жұмыс істей алады, яғни меншіктің барлық пошымы үшін бірдей базар шарттарын орнықтырып, нағыз бәсекелестікке жол ашудың маңызы зор. Шағын кәсіпкерлік тек бәсекелестіктің ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы олып табылады. Ол шағын және орташа қалалар мен аудандар аумағында тұратын адамдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етеді. Шағын кәсіпкерлік мемлекет тарапынан оңай қадағаланады және оны дамытуға көп шығын жұмсалмайды.
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мен колдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген. Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, экономикада оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орнының санын арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген.
Кәсіпкерлік әлемдік қоғамдық дамудағы барлық кезеңдеге қатысты болып табылады. Ортағасырлық араб ойшылы Ибн-Хальдун (1332-1406 жж) кәсіпкерлікті меншікпен, еңбекпен, адамның қабілеттілігімен сәйкестендіре отырып зерттеген. Батыс Европада кәсіпкерлікті оқып білу физиократтар иелігінде болған. Ф.Кенэ «Экономикалық кестеде» басты орынды жер иелері - кәсіпкерлеріне берген, яғни «егер де кім жерді жалға алса, ол ауыл шаруашылығын жоғары өндірістік дәрежеде көрсетеді»,-дейді. Кәсіпкерлік түсінігінің дамуы одан кейін физиократтар түсінігінде А.Тюргоның еңбегінде көрсетілді. Оның схемасында қоғамның өндірістік тобының міндеттілігі қарапайым жұмысшыларға еңбекақы төлейтін, аванс беретін капиталистерге немесе кәсіпкерлерге түсті. Ж.Б.Сэй «Саяси экономия трактатында» кәсіпкерді «қандай да бір өнімді өзінің меншігіне және өзінің есебіне әкелуге іс-әрекет жасайтын тұлға» ретінде сипаттады. Сонымен қатар, ол кәсіпкерлікті тәуекел факторына, ал кәсіпкерді өзіне пайда келтіру үшін тәуекелге баратын адам деп көрсетті. Кәсіпкерлікті дамытудағы қажетті шарттардың бірі деп ол өндіріс факторларын қозғалысқа келтіретін (табиғат, еңбек, капитыл) адамның білімі деп есептеді.
А.Маршал бойынша оның негізілігі шығармашылық процесс функциясы ретінде қойылған бағыттар деп көрсетіледі. Ал,И.Шумпетердің айтуы бойынша, кәсіпкерлік бұл қоғамдық жүйенің және ғылыми - техникалық қозғалыстың негізі ретінде капитализмнің «адамдық» факторы болып табылады. Капитализмнің орталық фигурасы ретінде ол кәсіпкерлікті қарады. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті технологияның дамуымен, жаңашылдықпен және экономикалық өсумен байланыстырды. Кәсіпкерлікті жаңа негізгі өндірістік факторлар комбинациясын жасаудағы шаруашылық субъектілері деп түсінді.
Соңғы 20-25 жылдарда жаңа нарықтық экономикада шағын кәсіпкерлік рөлінің әдістемелік өзгергені айқалады. Бірігіп жұмыс істеу қарым - қатынасында орнықты және тиімді келісімдер жүргізу және тәуелсіз өндірушілер массасының өсуі байқалады. Шағын кәсіпорындарды ірі кәсіпорындармен салыстырғанда, экономикалық тиімділіктің жергілікті нарыққа жақындығы, тұтынушылардың сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Шағын кәсіпорын өндірістік және дербес тұтынудың бөлінуімен байланысты өркендейді. Шағын және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес экономиканы жетілдіруге септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда болады, тұтыну секторы ұлғаяды. Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды.
Қазіргі жағдайда, экономиканы сауықтандыруға шағын кәсіпорындардың қосқан үлесі жоқтың қасы. Оның себебі, жалпы өндірістің төмендеуі және ТМД елдерімен экономикалық қатынастардың үзілуінен болып отыр. Сонымен бірге, шағын кәсіпорынға мемлекеттік қолдау орындала алмай келеді. Шағын кәсіпорындарға жан - жақты қолдау болмаған жағдайда олар өз бетімен жұмыс істеп кете алмайды. Дүние жүзіндегі барлық елдерде шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау қоры болады. Мысалы, Жапонияда жыл сайын 2-3 млрд.доллар бюджетте қаралады. Біздің Қазақстан жағдайында мемлекеттік қолдау тек қана пайдаға салынатын салық жеңілдігі ғана. Шағын бизнестің басты проблемасы - ол несие беру саясаты. Несие тек қана кепілдеме ретінде мүліккке беріледі. Ал кепілдікке жарайтын шағын кәсіпорында жоқтың қасы, сондықтан шағын кәсіпорындардың керекті несиесіне кепілдік бере алмайды. Сондықтан, шағын бизнесті қолдайтын арнайы банк, несие банктің бір бөлімі болуы керек. Шағын кәсіпкерлік фирмалар қәзіргі жағдайда делдалдық сферада, сонымен қатар тез айналатын сала сауда - саттық, қоғамдық тамақтану, азаматтық құрылыс, техника және машиналарды жөндеу, басқада салаларда орын алып отыр. Шағын кәсіпорын өзінің жеке пайдасын аттыру мақсатында және кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігіне қарай сұраныс бар тауарлар шығару мен қызметтер атқару үшін өзінің әлеуметтік дамуы негізінде жұмыстарын алдын - ала жоспарлауы керек. Жоспардың негізінде тауар алушылармен және шикізат, материалдар сататын кәсіпорындармен, өндіріске керекті өнімдермен жабдықтау туралы шарттар болуы керек. Қазіргі кезде, нарықтың жасақталуы - көпқырлы процесс. Мұнда ірі монополистік кәсіпорындармен қатар шағын бизнесті дамытуға үлесін қосатын кәсіпорындардың дамуы жалпы экономикалық тиімді шара. Оның ірі кәсіпкерлік фирмаға қарағанда тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы, тұтынушылардың сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі, қосымша жұмыс орнының жасақталуы, жергілікті шикізаттарды ұтымды пайдалану және тағы басқалар. Қазақстан Республикасында экономикалық реформа барысында алдын-ала түбегейлі ойластырылған бағдарламаның жоқтығынан ірі индустриалды кәсіпорындарды шағын, орташа кәсіпорындарға жаппай көшуден тарихта кешірімсіз қателер болды. Бұл өрескел қателіктерді жою үшін мемлекет ірі индустриалды кәсіпорындарды қайта құрумен байланысты шағын кәсіпорындарға арнайы бағдарламалар бойынша жан-жақты көмек көрсету керек. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындардың әлеуметтік қызметі жұмысқа қамтылмаған көптеген жұмыс күшін қамту, ол әлеуметтк қайшылықты, қиындықтар мен жұмыссыздықты жоюға септігін тигізеді.
1.2 Шағын бизнесті дамытудағы несиелендірудің рөлі
Көптеген шағын кәсіпорындар қаржылық тұрақсыздық және құрал-жабдықтардың жетіспеушілігінен өзінің даму жолында қиыншылықтарға кездеседі, олардың алдын - алу барысында жаңа технологиялар енгізіп, өнім мен қызметтің сапасын жоғарылатып, ұзақ мерзімді инвестициялар тартып, сондай-ақ, жаңа нарық жасау жолдарын енгізу сияқты бағыттарды ұстанады. Кәсіпкерліктің сәтті жүргізілуі үшін белгі бір активтер санын басқаруы керек. Олар тез пайдаға түспейді, яғни белгілі бір уақыт арасында ретке келіп отырады. Осы активтерге кеткен жиынтық шығындар капиталдағы кумулятивті қажеттілікпен анықталады.
Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар үшін ең өзекті мәселе болып меншік құралдары мен капиталдың ұзақ мерзімді көздер есебінен туындайтын қаржылық стратегия табылады. Ғылыми зерттеулер көрсеткіштері тек қана 5% шетел кәсіпорындары инвестициялық қорлар есебінен қаржыландырылады. Көбінесе, шағын кәсіпкерлік меншік жинақтарынан, туыстарының, достарының жинақтарынан, сондай - ақ коммерциялық банктердің несиелерімен қаржыланады.
Қазақстанда меншікті құралдар шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады. Бірақ олар қаржыландырудың барлық қажеттіліктерін жаба алмайды. Бұл жағдайда қаржыландырудың альтернативті көзі болып банк несиелері және мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың арнайы жүргізілетін
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде келісім бойынша кепіл заты болуы қажет. Кепілхаты мыналар болуы мүмкін: есеп құжаттарының материалдық бағалылығы; бағалы қағаздар; валюталық құндылықтар;. Сондай-ақ, кепіл зат ретінде тек қана өндіріске тез араласып кететін бағалы құндылықтар болады. Кепіл түрлері болып, мүлік және құқық кепілдері табылады. Клиенттің мүлік кепілі, бұл тауарлы - материалды құндылықтар келілі; дебиторлық шоттар кепілі; бағалы қағаздар кепілі; вексельдер кепілі; депозиттер келілі (сол бөлікте болып саналатын); ипотека; аралас кепіл. Құқықтық кепіл, бұл несие алушының өзінің мүлігіне құқы бар кепіл. Мұнда несие алушы кепіл туралы келісім және несие беруші банк арасындағы байланыс көрсетіледі.
Информация о работе Шағын бизнесті несиелендіру механизмінің теориялық негіздлері