Шағын бизнесті несиелендіру механизмінің теориялық негіздлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2012 в 15:24, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендей түсуіне әсер ететін бірден - бір факторлардың бірі. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 наурыздағы: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында

Файлы: 1 файл

САЛТА (КУРСОВАЯ).doc

— 218.50 Кб (Скачать)

          Қазіргі күрделі жағдайда аймақтарда әртүрлі ұйымдық - құқықтық  пошымдағы шағын кәсіпкерлікті дамыту бірінші кезектегі іс. Айта кетелік, шағын кәсіпкерлікке заңды тұлға құрмай - ақ кәсіпкерлікпен айналысатын барлық субъектілер және қызметтерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны орта есеппен алғанда есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен аспайтын заңды тұлғалар жатады.

        Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдар бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекет нақты қолдау көрсетеді.

        Айта кетейік, қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны орта есеппен алғанда есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен аспайтын шаруа қожалықтарының да шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде мемлекеттік қолдауға құқығы бар.

         Аймақтарды дамытуға қаражат жұмсайтын инвесторлар үшін тікелей қаражат жұмсауды мемлекеттік қолдау туралы заңдарда көзделген тәртіппен және шарттармен бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар қолданыла алады. Атап айтқанда, біріншіден, бұл мемлекеттік заттай гранттар; екіншіден, келісімшарт жасалған сәттен бастап табыс салығының, жер салығының және мүлікке салынатын салықтың ставкасын 5 жылға дейінгі мерзімге негізгі ставканың 100 пайызына дейін кеміту, сондай - ақ одан кейінгі 5 жылға дейінгі кезеңге табыс салығыны, жер салығының  және мүлікке салынатын салықтың ставкасын негізгі ставканың 50 пайызынан аспайтын шекте кеміту, үшіншіден, инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті жабдықтар, шикізатпен материалдар импортына кеден бажын салудың толық немесе ішінара босату.

         Жеңілдіктер мен преференциялардың мөлшері тікелей инвестиция көлеміне, инвестордың жобаны іске асыру мерзімі жөніндегі міндеттемелеріне, оның өзін - өзі өтеуіне, экономика секторының басымдылығына және басқа жағдайларға байланысты айқындалады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001 - 2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік бюджеттен жыл сайын 50 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр.

                   Кәсіпкерлік қызмет субъектілері заңдық тұлға құрмай тұрып, азаматтық - құқықтық қатынастардың, әсіресе шетелдік заңдық тұлғалармен қатынаста белседі қатысушысы болуы белгілі дәрежеде қиын екендігін мойындау қажет. Сондықтан да  соңғы жылдары еліміздің кейбір аймақтарында, әсіресе солтүстікте, шаруа қожалықтарының заңдық тұлға құра отырып, шаруашылық жүргізудің ірірек ұйымдық - құқықтық түрлеріне бірігу фактілері елеулі құбылыс болып отырғаны кездейсоқ  емес. Мұндай шешім кәсіпкерліктің осынау жаңа субъектілерінің еңбек, материал және басқа ресурстарын біріктіруге, сондай - ақ оңтайлырақ еңбек бөлінісін және өндірістің мамандандырылуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

             Бүгінде аймақтарда  кәсіпкерліктің бәрінен көп кездесетін субъектілері әзірге азаматтардың заңдық тұлға құрмай - ақ, дербес яки біріккен  кәсіпкерлік  болып отырғаны белгілі. Жоғарыда айтқанымыздай мұндай азаматтар өздері барып мемлекеттік тіркеуден өтуге, сондай - ақ, тұрғылықты жеріндегі аумақтық салық органында жеке кәсіпкер ретінде есепке тұруға тиіс.

 

                                                    

 

 

 

 

 

 

 

                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы жаңа заң еліміздің құқықтық, саяси  және экономикалық жүйесінің дамуының жаңа кезеңін ескере отырып, жаңа өкілеттіктер белгіледі. Оларды біліктілікпен жүзеге асыру, әсіресе кәсіпкерлік сияқты аса маңызды және үнемі дамып отыратын салада, басқарушылық және құқықтық сауаттылыққа, олардың жаңашылдық қабілетіне және ең бастысы - бастамашылдығына байланысты болып табылады. 

           Шағын кәсіпорындардың әлеуметтік қызметі жұмысқа қамтылмаған көптеген жұмыс күшін қамту, ол әлеуметтік қайшылықты қиындықтар - жұмыссыздықты жоюға септігін тигізеді. Шағын кәсіпорындар мемлекеттің жан - жақты қамқорлығына мұқтаж, себебі ол тұрақсыз кәсіпкерлік құрылым ретінде  нарықтың тұрақсыздығына тәуелді. Бұлай дейтін себебіміз, кәсіпкерлік қызметті жүргізуді ең алдымен мемлекет, содан кейін кәсіпкер қолдайды. Соған байланысты оны жүргізудегі қиыншылықтардың алдын – алу шараларын жүргізеді.

   Қазіргі таңда, шағын бизнесті жүргізуде несиенің орны маңызды болып табылады. Президентіміздің биылғы Жолдауына байланысты шағын кәсіпкерліктің дамуы экономикалық және әлеуметтік жағдайға  өз әсерін тигізеді. Сондықтан, кәсіпкерлікті дамытуға байланысты әртүрлі несиелендіру көздері қарастырылып жатыр.

   Шағын кәсіпорындар  кадрларды даярлау, банктік несие  алу және  информациялық  қызметтерге мұқтаж. Шағын кәсіпкерлік  фирмалар қазіргі  жағдайда делдалдық сферада,  сонымен  қатар  тез айналатын  сала сауда - саттық, қоғамдық  тамақтану, азаматтық құрылыс, техника және  машиналарды жөндеу, т.б. салаларда  орын алып отыр.Жоғарыда келтірілген осы жағдайлардың барлығы кәсіпорындағы басқару шараларына келіп сүйенеді. Қазіргі таңда қызметтерді басқару саласы экономиканың көптеген жақтарына маңызды әсерін тигізетін бірден бір факторлардың бірі болып табылады.

   Шағын бизнес әкімшілігінің негізгі міндеттемелеріне: шағын кәсіпорындарды қаржылық қолдаумен қамтамасыз ету; басқару бойынша  техникалық және консультативтік қызметтер көрсету. Шағын бизнес әкімшілігі тек қана жеке кәсіпкерлікті дамытуға емес, сонымен қатар әртүрлі топтағы қаржылық институттарға да қолдау көрсетеді.

          Біздің Қазақстан жағдайында мемлекеттік қолдау әртүрлі бағыттарда жүзеге асырылады. Болашақта елде шағын кәсіпкерлікті дамытуды одан әрі кеңейту бағыттары жоспарланып отыр. Осыған байланысты кәсіпкерлік бағытты жандандыру шаралары да ұйымдастырылу үстінде.

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

1. ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ МЕХАНИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1.1. Шағын бизнестің экономикадағы орны мен маңызы.................................5

1.2. Шағын бизнесті дамытудағы несиелендірудің рөлі...................................10

1.3. Шағын бизнесті несиелендірудің шетелдік тәжірибесі..............................13

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КІШІ БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАРЖЫЛЫҚ-НЕСИЕЛІК ҚОЛДАУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ.

2.1. Қазақстан Республикасындағы кіші бизнес және оны қаржыландырудың заңдылық негіздерін талдау..................................................................................18

2.2. Шағын бизнесті несиелендірудің қалыптасқан механизмін талдау..........22

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ. .

3.1. Кіші бизнесті несиелендірудегі негізгі проблемалар..................................27

3.2. Шағын бизнесті басқарудың экономикалық механизмдерін

жетілдіру.................................................................................................................31

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................36

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................37

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 

                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ :

 

1.      Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006ж 31 қаңтардағы Заңы.

2.      Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» 1997ж 19 маусымдағы №131-1 Заңы.

3.      К. Хамзин  «Шағын кәсіпкерлікті қолдау», Егемен Қазақстан, 2004, №24.

4.      Алшынбай АйнұрМұқтарқызы «Нарық және баға белгілеу» 2008ж  1-бет

5.      Бекмағамбет Г. «Шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселелері» 2006. №2 16-18 бет

6.      Абленов Дүйсенбек «Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі.

7.      Алшанов Р. «Жаңа экономика, инновация және бәсекеге қабілеттілік». Егемен Қазақстан 2006 ж 16 қыркүйек 36\-бет

8.      Әубакірова Я. «Экономикалық теория және нарықтық қатынастың қалыптасуы» Ақикат 1996ж №1 21-25-бет

9.      Барлықов Е.К. «Сапа – нарықтық экономика жағдайында табысты қызметтің негізгі факторларының бірі ретінде» 2009ж №4 97-101 бет.

10. Абдрахманова Б.  Теоритические содержание категории «Рыночная инфраструктура» 2002ж №3 стр 50-57

11. Абленов Дүйсенбек Оңғарұлы. Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі.

12. Абибулаева Ж. Тұтынушы: («Экономикалық білім негіздері») 2004ж №1-3 50-52 бет

13. Айтжанбай Г. «Самұрық-Қазына» Біз қазір сыннан өтіп жатырмыз, мұнан кейін даму жолына түсеміз.  Айқын 2009ж 7- тамыз 36 бет

14. Абдрасұлы Р. Қосымша құн салығының Қазақстан экономикасында алатын рөлі.  Қазақстан экономикасы, экономикалық ғылымдар, экономикалық реформа

15. Дискин И.Е. Өтпелі экономиканың әлеуметтік құрылымы // Қоғам және экономика. 1997ж №1-2 12-бет

16. Раицкий К.А. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы. 1999ж 625 бет

17. Ихданов Ж.О., Орманов Ә.О. «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері» Алматы, 2003ж 134- бет

18. Смит А. Халықтардың байлығының табиғаты және себептері туралы зерттеу. М., 1962ж, 535 бет

19. Самуэльсон П.  Экономикалық ғылымдар. 1990ж, 282 бет

20. Мамедов О.Ю. Қазіргі таңдағы экономика. 1998ж 633 бет 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              D:\Копия\САЛТА (КУРСОВАЯ).doc              6

 



Информация о работе Шағын бизнесті несиелендіру механизмінің теориялық негіздлері