Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 17:22, курсовая работа
Қазақстан салық және оны жинау жұмыстары республикалық және жергілікті орындарда жүргізіледі. Республикалық салық төлеу мөлшерін және оны жинауды Қазақстан Республикасының Парламенті белгілейді және оны өзгертіп те отырады. Салық, баж дегеніміз – салық төлеушілерден міндетті түрде жиналып алынатын ақшалай қаражат. Оның мөлшері мен төленетін міндетті уақыты заң бойынша анықталып отырылады. Салықтар мен баждарды жеке адамдар да, мекемелер де төлейді. Жеке адамдар дегенге Қазақстан Республикасының азаматы да, шетелден келген, бірақ азаматтығы жоқ адамдар да жатады. Демек, салықты тек өзіміздің республикамыздыңының азаматтары ғана емес, шетелден келгендер де төлеуге міндетті.
КIРIСПЕ.....................................................................................................................1
I САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ..................................................................................................3
1.1. Салық жүйесінің құрылымы..................................................................3-9
1.2. Салық салу жүйесінің негізгі элементтері мен
салық салудың түрлері............................................................................9-12
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ
ЖҮЙЕСIНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.........................................................13
2.1. Қ. Р-ның экономикасында салық жүйесiнің қалыптасуы.................13-19
2.2. Қ. Р-ның салық жүйесінің қазіргі жағдайы........................................19-24
2.3. Қ.Р-ның салық жүйесін шетел тәжірибесімен салыстыру................25-30
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................31-32
ҚОСЫМШАЛАР................................................................................................33-36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................37
Ұлыбритания салық жүйесі
Ұлыбританияның қазіргі кездегі салық жүйесі мынадай салықтардан тұрады:
Салықтар ағылшын мемлекеттік бюджетінің табыс бөлігінің 90% - ын құрайды.
Мемлекеттік бюджетке тікелей салық ретінде келіп түсетін түсімдердің 64% - ы халықтан алынатын табыс салығының; ал 19%-ы компания табыстарынан алынатын салықтардың үлесі.
Салық салу заңдылықтары Ұлыбританияның 1970 жылғы, 1979 жылғы, 1996 және 1999 жылғы Заң актілерімен бекітілген.
Салық ісін ұйымдастыру және жүргізу екі Үкіметтік департаментке жүктеледі екен, олар;
Кәсіпорындарға салық салу. Корпорациялардың табыс салығы.
Корпорациялық салық барлық резидент компаниялардың табыстарына салынады. Ағылшын салық заңдылығында «компания» ұғымына корпаративтік органдарды және корпаративтік емес ассоциациаларды жатқызады.
Компаниялар корпаративтік табыс салығын импутациялық жүйеге негізделген жолмен, жүйенің мынадай ерекшелігін ескере отырып төлейді:
Ұлыбританияда да, біздің елдегідей, қосылған құн салығы бойынша есепке тұру тәжірибесі қолданылады.
Салық төлеушінің жылдық айналымы 52000 фунттан (80600 АҚШ доллары шамасында) асқан жағдайда, салық төлеуші салық органына барып, қосылған құн бойынша салық төлеуші болып тіркелуі тиіс.
Сонымен қатар Ұлыбританияда жергілікті салықтар да алынады. Олар мүлік салығы, жер салығы. Салық салу базасы ренталық төлемдер.
Жеке тұлғаларға салық салу. Жеке табыс салығын барлық жеке тұлғалар төлейді. Салық жеке тұлғаның 6 – шы сәуір мен келесі жылдың 5 – ші сәуір аралығындағы жылдық жиынтық табысынан алынады. Салық салудың қағидасы шедуралық қағида. Бұл қағида бойынша:
Соқырларға, толық емес отбасыларға және үй қызметшісінің көмегін қажет ететін жеке тұлғаларға салық жеңілдігі қарастырылған.
Ұлттық жинақ сертификаттары бойынша проценттер, мүгедектерге жәрдемақылар, шәкіртақы, студенттерге, ауырғандарға, жұмыссыздарға және т.б. берілетін жәрдемақыларға табыс салығы салынбайды.
Елде салық салуға қатысты заң шығарушы билікке британдық парламент ие. Парламенттің заңдық өкілеттігі бұл жөнінде Англияға, Уэльс, Шотландияға, Солтүстік Ирландияға бірдей жүреді.
Германия салық жүйесі.
Германия салық жүйесі салықтардың 50 түрін белгілген. Олар төлеушілер тобымен, салық базасы мен ставкасымен ажыратылады. Салықтардың көптігімен бірге олардың шоғырлануға деген тенденциясын да ескеру қажет. Түсімдердің көп бөлігіне ең ірі салықтар келеді. Сондықтан түсімдердің үлесі негізінен екі ірі салықпен - жеке тұлғалардың табыс салығы және импорт айналымына салынатын салықты қоса алғанда қосылған құнға салынатын салықпен анықталады. Одан кейін мұнай өнімдері мен темекіге акциздер корпоративтік салық автокөлік иесінің салығы, жер басыеа салынатын салық, сақтандыру, мүлік басына салынатын салық, мұра мен сыйға салынатын салық.
Германияның салық жүйесінің ерекшелігі – бюджет жүйесінің буындары арасында жиынтық салық түсімдердің күрделі көп сатылы бөлінуі. Федерация, жерлер және общиналар құқықтары салық салу аясында қатаң бөлінген және Конституциямен бірқатар арнайы заңдармен реттеледі.
Қазіргі салық жүйесі 1969 жылғы ірі қаржылық реформа барысында қалыптасқан. Біріккен мемлекеттік бюджетке түсетін барлық салықтарды екі топқа бөлуге болады:
Біріншісі – белгілі бір әкімшілік аумақтық буынға белгіленнеді және соған толық көлемде түседі. Екіншісі – белгіленген нормалар бойынша федерациялар, жерлер, общиналар арсында бөлінген және әр түрлі деңгей бюджеттеріне бір мезгілде келіп түседі.
Реформаға дейін
федерациялардың жалпы
Табыс салығы декларация
негізінде немесе төлем көзінен
салынатын салық ретінде
Заңды тұлғаларға табыс салығы
Табыс салығын құқықтың түрлі формаларындағы компаниялар төлейді. Салық ставкасы – 40%. Салық салу обьектісі жылдық жиынтық табыс пен заңға сәйкес шегерістердің айырмасы ретінде анықталады.
Қосылған құнға салынатын салық
Германияда бұл салық – негізгі салықтардың бірі. Бюджет кірісіндегі үлес 28 пайызға жуық. Салық екі түрлі ставкамен алынады. Негізгі салық ставкасы 16 пайыз, ал негізгі азық түлік тағамдарына, кітап, газет – журналдарға салынатын салық ставкасы 7 пайыз.
Жеке тұлғалардың табыс салығы
Бұл салық жоғарыда айтып өткендей, жеке тұлғалардың азаматтығына байланыссыз алынады.
Салық базасы – жеке тұлғаның табысы. Салық төлеуші жеке тұлғалар қызмет түріне байланысты бірнеше категорияға бөлінеді. Әрбір категориядағы төлеушілер үшін дербес шегерістер қарастырылған. Салық прогрессивтік шкаламен, жеке тұлғаның табысынан заңға сәйкес шегерістерді алынанғандағы айырмалардан төленеді.
Салық төлеуші жеке тұлға ретінде салық төлейтін болса, мына төлемдегі салықтармен, табыс көлеміне байланысты салық төлейді.
Мұрагерлерге және сыйлыққа салынатын салық - әрбір мұрагерлер үлесінен алынады. Салық ставкасы мүліктің құнына және мұрагерлердің туысқандық деңгейіне ставкалармен алынады. Салық салынатын мүліктің ең төменгі құны 100000 маркі.
Жылжымайтын мүлікке орта есеппен 1,5 пайыз мөлшерінде салық салынады.
Америка Құрама Штаттарының салық жүйесі
Америка 50 құрама штаттардан құралады, олардың әрқайсысының өзінің жеке бюжеті бар. Әр штаттың билік органдары өзінің жеке тәуелсіз бюджет – салық саясатын жүргізеді және бүкіл аумақта салықтар мен алымдарды енгізеді. Жеке түсімдер шамамен бюджеттің 80 % - ын құрайды, ал қалған 20% федералдық субсидиялардың үлесінде.
Штаттар бюджетінде алдыңғы орында тауарларды сатудан түскен түсімге деген салық алады (Salex tax).Олардың түсімдердің ішіндегі үлесі 40%. Салықты сатып алушылар әр түрлі тауарларды сатып алғанда төлейді. Салық ставкаларының көлемі штатқа байланысты өзгеріп отырады. Ең максималды ставка 8%, штаттар бойынша орташа – 4-5%. Бұл салық көбінесе тұтыну тауарларына , дәрілерге салынады.
Американдық заңға сәйкес сатудан түскен түсімге салынатын салыққа жалпы түсім және халыққа қызмет көрсеткен айналым жатады. Кейбір тұтыну тауарлары, қымбат тауарлар мен өндірістік айналымды тауарларды, қымбат тауарлар мен өндірістік айналымды тауарларға ішінара сату салығы жатады.
Жеке тұлғалардың табыс салығын алу тәртібі
Алдымен жалпы тәртіп бойынша салық салынатын табыс анықталады:
Халықтан алынатын табыс салығы жеке тұлғалардан және жеке кәсіпорындардан алынады. Әр салық төлеуші – жеке тұлға, өзінің жеке мәртебесіне ие:
Салық төлеушінің қай топқа жататынына байланысты салық жеңілдіктері болады.
Салықтарды пайдалана отырып, АҚШ үкіметі тек бюджет түсімі ғана емес, сонымен қатар әр түрлі әлеүметтік – экономикалық мәселелерді де шешіп отырады. Салықтарды көбейту мақсатында салық жеңілдіктерін белгілейді.
Көптеген штаттар компанияға
салықтық жеңілдіктер береді. Көбінесе
жеңілдік инвестициясы сол аумақта
жұмсайтын корпорацияларға
Мүлік салығы барлық штаттардан алынады. Оны заңды және жеке тұлғалар төлейді. Салық ставкалары штаттар бойынша ерекшеленеді. Минималды көлемі – 0,5%, ал максималды – 5%. Жалпы бюджеттегі үлес – 2%.
Штаттарда мұраға салынатын салықта алынады. Оның жалпы табыс көлемі ішіндегі үлесі 1%. Кейбір штаттарда мұрагердің табысы жатады. Оның ставкасы мұрагердің дәрежесіне байланысты қолданылады.
Осы аталған елдедің салық жүйесін көре отырып, біздің елдегі салық жүйесінің дәрежесін де байқауға болады. Дамыған елдердегі салық жүйесі біздің елдегі салық түріне бір жағынан ұқсас болса, ал екінші жағынан мүлдем өзгеше. Сондықтан да біз әрқашан да дамыған елдің жағдайымен , біздің елдің жүйесін салыстыра отырып, қорыта білуіміз қажет. Біз неғұрлым олардан көп сабақ ала білсек, соғұрлым елдегі салық жүйесі дамып, дұрыс жолға түседі. Яғни, салықтың дамуымен қалыптасуынан біз мемлекет жағдайының талпынысын білеміз. Біз ел әрдайым дамыған мемлекеттердің салық жүйесін қарап, сабақ алып отыруымыз керек деп білем..
Қорытынды
Қорыта келгенде, қазіргі кезде экономика тұрақталды деуге болады. Салық елдің экономикасының өсуіне үлкен ықпал келтіріп отыр. Салықтар - бұл мемлекеттің біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Бірінші теориялық бөлігінде - салық жүйесінің құрылымына, салық жүйесінің негізгі элементтері мен салық салудың түрлеріне сипатама бердім.
Ал екінші аналитикалық бөлігінде - ҚР салық жүйесін қарасытыра отырып, біз оның қазіргі жағдайын, соңғы жылдары болған өзгерістер мен толықтырулар, жаңа қабылданған заңдар жайлы айтып кеттім. Сонымен қатар, соңғы жылдарда өзгерістер мен толықтырулардың, жаңа заңдардың арқасында біз қандай жағдайға жеткеніміз жайлы мәселеге тоқталдым.
Салық қызметі органдарының лауазымды адамдары қызмет міндеттерін атқару кезінде заңмен қорғалады. Қызметтегі жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық қызметі органдарының лауазымды адамының денсаулығына ортақ ауырлықтағы зиян келген жағдайда, оған республикалық бюджет қаражатынан бес айлық жалақы мөлшерінде бір жолғы төлемақы төленеді, кейін бұл сома Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кінәлы адамдардын өндіріліп алынады.
Қазіргі заманғы салық заңына сәйкес жұмыс істеген жеті жылдың ішінде Қазақстанда салық мәдениетінің негізі толығымен қаланды. Осы жылдар ішінде белгілі бір дәстүрі, тілі, түсінігі мен технологиясы қалыптасты. Жұмыс жүргізудің принциптері мен әдістері жетілдіріліп, салық рәсімдері автоматтандырылды, жаңа салық кодексі қолданысқа енді. Бұдан Қазақстан Республикасының салық саласы тұтас бір жүйе ретінде қалыптасты деп айтуға болады. Елімізде салық мәдениетінің қалыптасқандығын және оның жетіліп келе жатқандығын осыдан–ақ аңғаруға болады. Бұл әсіресе салық кодексінің жобасын талқылау барысында көрінген халықтың белсенділігінен анық байқалды. Сол кезде Парламетте, бұқаралық ақпарат құралдарында, қоғамдық ұйымдар мен барлық мүдделі тұлғалардың арасында болған қызу пікірталас, осының өзі халықтың салық мәдениеті күрт көтерілуіне әсер еткен болатын.
Салық мәдениеті
дегенді - әрбір азаматтың салықты
мемлекеттің өмір сүруі мен
дамуының негізі екендігін