Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 17:22, курсовая работа
Қазақстан салық және оны жинау жұмыстары республикалық және жергілікті орындарда жүргізіледі. Республикалық салық төлеу мөлшерін және оны жинауды Қазақстан Республикасының Парламенті белгілейді және оны өзгертіп те отырады. Салық, баж дегеніміз – салық төлеушілерден міндетті түрде жиналып алынатын ақшалай қаражат. Оның мөлшері мен төленетін міндетті уақыты заң бойынша анықталып отырылады. Салықтар мен баждарды жеке адамдар да, мекемелер де төлейді. Жеке адамдар дегенге Қазақстан Республикасының азаматы да, шетелден келген, бірақ азаматтығы жоқ адамдар да жатады. Демек, салықты тек өзіміздің республикамыздыңының азаматтары ғана емес, шетелден келгендер де төлеуге міндетті.
КIРIСПЕ.....................................................................................................................1
I САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ..................................................................................................3
1.1. Салық жүйесінің құрылымы..................................................................3-9
1.2. Салық салу жүйесінің негізгі элементтері мен
салық салудың түрлері............................................................................9-12
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ
ЖҮЙЕСIНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.........................................................13
2.1. Қ. Р-ның экономикасында салық жүйесiнің қалыптасуы.................13-19
2.2. Қ. Р-ның салық жүйесінің қазіргі жағдайы........................................19-24
2.3. Қ.Р-ның салық жүйесін шетел тәжірибесімен салыстыру................25-30
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................31-32
ҚОСЫМШАЛАР................................................................................................33-36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................37
Салық Кодексiндегi төлемақылар:
Қазақстан Республикасы салық жүйесiн басқару Қазақстан Республикасы конституциясы бойынша Президентке, Парламентке, Үкiметке, Қаржы министрлiгiне жүктеледi. Салық қызметi органы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгi Салық Комитетiнен және облыс, Астана, Алматы қалалары, аудандар мен қалалар бойынша салық комитеттерiнен тұрады. [5, 25-29 б]
Уәкiлеттi мемлекеттiк орган салық орындарына басшылық жасауды жүзеге асырады. Салық орындарының бiрiншi басшыларын қызметке уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшасы тағайындалады.
Елiмiздегi салық қызметi органдары келесiдей қызметтер атқарады:
Салық салу iсiн ұйымдастыруда
және iске асыруда негiзгi жұмыстарды
аудан бойынша салық
4. Құқықтық қамтамасыз етудiң негiзгi мақсаттарына келесiлердi жатқызуға болады:
5. Ұйымдастыру-бақылау қызметiнiң бөлiмiнiң негiзгi қызметтерi:
2.2. Қ. Р-ның салық жүйесінің қазіргі жағдайы
Жаңадан жасалған Салық кодексінің баяндалуы жеңілдеді, неғұрлым жатық түсіндірілетін болды. Мұның өзі салық ережесі үшін аса маңызды, өйткені оның жекелеген нормаларының түрліше түсінідірілуі көп ретте үлкен проблемаларға апарып соғып жатады. [11, 2-3 б]
Экономиканың көптеген маңызды секторлары үшін, әсіресе шағын және орта бизнес, аграралық сала, әлеуметтік сала үшін салық жүктемесі айтарлықтай төмендетіледі. Қоладынысқа түскендігіне көп уақыт өте қоймаса да оның нәтижесі айтарлықтай. Оны осы салаларда жұмыс жасайтын субъектілер қатарының артқандығынан да аңғаруға болады. Мәселен, бір ғана шағын бизнес субъектілерін алар болсақ, елімізде олардың саны дерек бойынша 35844 болса, жаңа Салық кодексіне сәйкес бұл салаға арнайы салық жеңілдіктері жасалғаннан соң бұл көрсеткіш 80565-ке артқан. Бұл өсімнен бюджет түсімдерінің де артатындығы белгілі.
Қазір салықтық есептеменің
электрондық нысанына көштік. Бұл
да Салық кодексі арқылы енгізілген
жаңалық. Бұдан салық төлеуші
мен мемлекеттік бюджет арасындағы
қарым-қатынас барынша
Салық кодексі қолданысқа енген алғашқы айлардың нәтижесін бағамдасақ, оны көпшіліктің қабылдауы да жаман болмаған сияқты. Байқасаңыз жаңа салық бойынша салықты адал және уақытында төлейтіндер үшін салықтық қарым-қатынас біршама жеңілдеді, салықтық салмаңы азайды, ал салықтан жалтаратындар үшін керісінше, талап күшейді. Бұл қарапайым ғана мысалмен түсіндірілсе керек: жұмысы жақсы жүріп жатқан, салықты дұрыс әрі уақтылы төлейтін салық төлеушіні салық органдары текке мазаламайды. [11, 25-26 б]
Салық кодексі – бұл қоғамдағы үлкен пікірталаспен дүниеге келген құжат. Ол алғашқы кезекте салық төлеушілер үшін өте қолайлы заң болып шықты.
Шындыңын айту керек,
Қазақстан Республикасының
Кез келген мемлекеттің
экономикасының жағдайы, ғылыми-техникалық
әлеуеттік оның негізгі құралдарға
негізделген материалдық-
Салық кодексіне ауылшаруышылық өнімін өндірушілерге бюджетпен салық салудың жеңілдетілген түрі қарастырылған. Бұл шаруа қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі және ауылшаруышылық өнімдерін заңды тұлғаларға арланған арнаулы салық режимі. Арнаулы салық режимін пайдаланатын салық төлеушілер салықтың бірнеше түріне босатылады,бірақ олар бюджетпен жалпы белгіленген тіртіппен де есеп айырыса алады.
Шаруа қожалығымен айналысатын салық төлеушілер арнаулы салық режимін біріңғай жер салығы негізінде пайдаланады. Олар кірісінде, шығынына да қарамасытан, өзінің жер учаскесі құнына қарай 0,1 пайыздық ставка бойынша есептелетін біріңғай жер салығын төлейтін болғандықтан, оларға шығынын алдын ала ескеру міндетті емес.
Ал патентепн жұмыс істейтін салық төлеушілер, яғни ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін заңды тұлғалар арнаулы салық режимін пайдалану үшін салық органына өтініш жазған кезде, патент құнының да есебін толтырып өткізеді. Оны толтырғанда заңды тқлғалар өзінің өнім өндіруге және оны өңдеуге шығаратын шығынын да ескере алады. Сонда патент құнын есептеген кезде төленуге тиіс салықтың сомасы 80 пайызға кемиді.[10, 25-26]
Салық кодексіндегі 470- баптың 1-тармағна сәйкес, орманды тікелей және жанама түрде пайдалануға, яғни орманда шөп шабу, мал бағы, омарта ұстау, дәрілік шөптер мен техникалық шикзаттарды жинап, әзірлеу және т.б. үшін ақы төленеді. Оның төлем ставкаларын орман шаруашылығына жауапты органдардың мәліметтеруне сүйене отырып жергілікті мәслихаттар белгілейді. (473- бап 1-тармақ).[8, 2-3 б]
Табыс табатын әрбір азамат өз табысынан тиісті түрде жеке табыс салығын төлейді. Барлығымыз салық төлеуші болып табыламыз дейтініміз осы болар. Көбіне жалақы алған кезде осы салқты ұстап қалып жатады. Және бұл жеке табыс салығы тек қызметкерлердің жалақы табыснан ғана емес, біржолға төлемдерді, жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін, дивидендтер, ұтыстар, сыйақылар, степендия жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыстары төленгенде ұсталады. Бұлар төлем көзінен салық салынатын табыстар деп аталады.
Сондай-ақ мүліктік табыстан, жеке кәсіпкердің салық салынатын табысынан, адвокаттар мен жеке нотариустардың табысынан және басқа табыстардан, оның ішінде Қазақстаннан сырт жерде жүріп тапқан табыстан жеке табыс салығы төленеді. Бұл табыстардан төленетін салықты жеке тқлғалар өзі төлейді және бұлар төлем көзінен салық салынбайтын табыстар деп аталады.Салық заңын бұзушылықтар барлық елде кездеседі. Біздің елімізде де бар. Олардың көпшілігі салықтың есепке тұру мерзімін бұзу, салық органдарының және оның лауазымды тұлғаларының заңды талабын орындамау, салықтар мен төленетін басқа да төлемдер сомасын төмендетіп көрсету, салықтық есептемені және басқа салықтық құжаттарды тапсырмау сияқты әкімшілік құқық бұзушылықтар. Оларға салық органдары Қазақстан Республикасының “ Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” кодексіне сәйкес түрлі әкімшілік шаралар қолданады. 2001 жылдың ішінде салық органдары 7648 әкімшілік құқық бұзушылықтың бетін ашып, одан айыппұл есебінде 79516,3 мың теңге өндіріліп алынды. [11, 15-16 б]
Салықтан жалтару қылмыстық іс болып саналады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексіне сәйкес мұндай категориялы қылмыстық істерді қаржы полициясы тексереді. Салық кодексіне сәйкес салық органдарының қызметкерлері салық полициясы органдарымен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
ҚР Бас прокуратурасы
жанындағы Құқықтық статистика және
ақпарат орталығының
Қазір кедендік әкімшіліктендірудің сапасы жақсарды. Тауарлардың кедендік құнына бақылау жасау, контрабандамен және кеден ережесін бұзушылықпен күрес күшейтілді. Кеденнен өтетін тауарларды жалған декларациялаудың жолы кесілді. Кедендегі оң істердің нәтижесі де айтарлықтай. Мәселен, 2002 жылдың басынан бері мамыр айының 22-ісіне дейін кеден төлемдерімен салық бойынша болжанған 50,8 млрд. Теңгенің орнына 52,2 млрд теңге түсті, яғни жоспар 103 пайызға орындалды. Кеден органдарының ай сайын мемлекет бюджетіне құйып жатқан қаржысы 72,2 млрд доллар. Бұл 2001 жылдың көрсеткішінен 30,7 млн долларға артық.
2001 жылмен салыстырғанда 2002 жылы ТМД-дан тыс елдерден келетін импорттың көлемі айтарлықтай төмендеді. Соған қарамастан, 2002 жылы кедендік төлемдер мен салықтардың импорт көлеміне қатынасының серпіні 2001 жылға қарағанда 46,5 пайызға артқан. Айырмашылықты салыстырып көріңіз. [10, 5-6 б]
Салыстырмалы түрде Ресей Федерациясын алып қарайық. 2001 жылы онда жеке тұлғалардың табысына салынатын салықтың бірыңғай ставкасы 13 пайыз көлемінде белгіленді. Ал Қазақстанда жеке табыс салығы 5 пайыздың ең төмен ставкадан прогресті шкала бойынша есептеледі, яғни төлем және орташа жалақыға 13 пайыздан анағұрлым төмен салық салынады.
Сонымен, әркім
салықтың өзіне түсетін
2.3. Қ.Р-ның салық жүйесін шетел тәжірибесімен салыстыру
Салық жүйесін көп жылдардан бері дамытып, біздің елімізбен тығыз сауда және экономикалық байланыс жасап келе жатқан Ұлыбритания, Германия, Америка Құрама Штаттарының салық жүйесімен қысқаша да болса айтуға тура келіп тұр.