Салық жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 17:22, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан салық және оны жинау жұмыстары республикалық және жергілікті орындарда жүргізіледі. Республикалық салық төлеу мөлшерін және оны жинауды Қазақстан Республикасының Парламенті белгілейді және оны өзгертіп те отырады. Салық, баж дегеніміз – салық төлеушілерден міндетті түрде жиналып алынатын ақшалай қаражат. Оның мөлшері мен төленетін міндетті уақыты заң бойынша анықталып отырылады. Салықтар мен баждарды жеке адамдар да, мекемелер де төлейді. Жеке адамдар дегенге Қазақстан Республикасының азаматы да, шетелден келген, бірақ азаматтығы жоқ адамдар да жатады. Демек, салықты тек өзіміздің республикамыздыңының азаматтары ғана емес, шетелден келгендер де төлеуге міндетті.

Оглавление

КIРIСПЕ.....................................................................................................................1

I САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ..................................................................................................3
1.1. Салық жүйесінің құрылымы..................................................................3-9
1.2. Салық салу жүйесінің негізгі элементтері мен
салық салудың түрлері............................................................................9-12

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ
ЖҮЙЕСIНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.........................................................13
2.1. Қ. Р-ның экономикасында салық жүйесiнің қалыптасуы.................13-19
2.2. Қ. Р-ның салық жүйесінің қазіргі жағдайы........................................19-24
2.3. Қ.Р-ның салық жүйесін шетел тәжірибесімен салыстыру................25-30

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................31-32

ҚОСЫМШАЛАР................................................................................................33-36

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................37

Файлы: 1 файл

Салық жүйесі ҚР. 28.doc

— 327.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасындағы  салықтардың, салық сипатындағы  алымдардың тізбесі мыналарды қамтиды:

  1. Салықтар:
  2. Корпороциялық табыс салығы.
  3. Жеке табыс салығы.
  4. Қосылған құнға салынатын салық.
  5. Акциздер.
  6. Жер қойнауын пайдланушылардың салықтар мен арнаулы төлемдері.
  7. Әлеуметтк салық.
  8. Жер салығы.
  9. Көлік құралдарына салынатын салық.
  10. Мүлікке салынатын салық.
  11. Алымдар:
  12. Заңды тұлғаларды мемлекеттк тіркегені үшін алынатын алымдар.
  13. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттк тіркегені үшін алынатын алымдар.
  14. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
  15. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
  16. Механикалық көлік құралдары тіркемелерді мемлекеттк тіркегені үшін алым.
  17. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
  18. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
  19. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым.
  20. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқыл жүру алымы.
  21. Аукционнан алынатын алым.
  22. Елтаңбалық алым.
  23. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.
  24. Телевизия және ражио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектірін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.
  25. Төлемақылар:
  26. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
  27. Қоршаған ортан ластағаны үшін төлемақы.
  28. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
  29. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
  30. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
  31. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.
  32. Кеме жүретін су жолдарын пайдаанғаны үшін төлемақы.
  33. Сыртқы (көрнекті) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.
  34. Мемлекеттік баж.

1. Мемлекеттік баж.

  1. Кеден төлемдері:

1. Кеден бажы.

2. Кеден алымдары.

3. Төлемақы.

4. Алымдар.

Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің  сомасы «Бюджет жүйесі туралы» Заң  мен тиісті арналған республикалық бюджет туралы заңда белігленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі. [8, 45-52 б]

Салық жүйесі өзінің құрамына мемлекеттік салық службасының – Қаржы министрлігін, облыстардағы, аудандардағы және  қалалардағы аудандардың салық комитетін қамтиды. Салық службасы органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамассыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндедемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.

«Салық» және «салық алу» ұғымдарын ажырата білген жөн: бірінші  жағдайда  - бұл экономикалық және қаржы категориясы, екіншісінде экономикалық – құқықтық механизмді пайдаланып отырып салық төлемдерін өндіріп алу (есептеу және алу) процессі. [2, 25-26 б]

 

    1. Салық  салу  жүйесінің  негізгі элементтері мен  салық 

салудың түрлері

Бюджеттік   немесе  қазыналық   үрдістің   негізгі   кезеңдері  мыналар:

бюджетті   талдап жасау;

бюджетті қарау;

бюджетті бекіту;

бюджетті бақылау;

бюджеттің  орындалуын   қадағалау;

бюджеттің орындалуы  туралы   есеп беруді  бекіту  [11, 198 б]

«Бюджеттік  жүйе  туралы»  ҚР  заңында республикалық қазынаға  түсетін     түсімдердің  тізімі бекітілген:

Республикалық бюджетке  мыналар түседі:

1)  республикалық бюджет  табыстары,   бұған    қаржы   қорларына,   арнайы  экономикалық  аймақтардың  қорларына   аударылатын   сомалар  кірмейді. Республикалық  бюджет  табыстары  мыналар:

а) салықтан,   жиналымдардан  және   басқа да міндеттік  төлемдерден түскен   түсімдер;

б) салықтық  емес  түсімдер;

в) капиталмен  жасалған  операциялар барысныда  түскен табыстар;

2) заңды  немесе  жеке тұлғалардан,   шетелдік  мемлекеттерден түскен  ресми  трансферттерден түскен  сомалар;

3) республикалық   бюджеттен бұрынырақ  берілген   несиелер бойныша борыштарды өтеу;

Жергілікті  бюджеттер   Қазақстан Республикасының  «Бюджеттік  жүйе туралы» заңымен  және жылдық республикалық  бюджет туралы   Заңмен   үйлестіріледі. Осынау заңдармен  сонымен  бірге,  бюджетке түсетін   салықтық,   салықтық емес  және өзге  де түсімдер   бекітіледі.

Республикадағы қолданыстағы салықтар мен басқа да міндетті түсімдер   «Бюджеттік  жүйе  туралы»  ҚР Заңында  белгілінген ереже  бойынша   түседі. [8, 45-46 б]

Салықтардың  экономикалық  мазмұны бір жағынан, шаруа ісін жүргізуші   субъектілер мен  азаматтардың, екінші жағынан, мемлекет     қаржысын   жасақтаумен  айналысатын мемлекеттің   өзара  қарым-қатынасына негізделеді.   Салық  -  қаржылық  ғылымның   негізгі  ұғым-түсініктерінің бірі.   Сондықтан да,  оның  мәні мен  мазмұнын,  халық шаруашылығы үшін  берер  маңызын  түсіну  аса маңызды.

Салық -   заңды   және  жеке тұлғаның    бюджетке немесе  бюджеттен  тыс  қорға  салатын  міндетті жарнасы.  Бұл    тетік  міндетті түрде  ел заңнамасымен   анықталып,    заң ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Жекелеген  салықтар   мемлекеттік экономикалық тетігіндегі  салықтың   ролін  анықтайтын типтік   белгілермен,   есептесудің   және  салық жинаудың ережелерімен мазмұндалады.    Салықтық типтік  белгілерінің  бүкіл жиынтығы   үш топқа  бөліп қарастыруға болады: олар  мақсатты  белгілер,   ұйымдық және   жүйелік   типтік   белгілер.  

Мақсатты   белгілерге -  қолдау көрсетуші  басқару  органдары,  салықтың мақсатты  жұмсалуы (салықпен  жабылатын   шығыстардың құрамы),   берілген  жеңілдіктердің  мақсаттылығы (салық төлеушінің         таңдауына берілген қаржы салу саласы) жатса, салықтың  ұйымдастырушылық белгілеріне  -    салық  нысаны,  яғни,  салық  салынып отырған  табыс,  мүлік  және т.б.,   салық төлеудің көзі  -  қор немесе  қаржы қоры, салықтың базасы -  салық  салынатын  сома,   салық  ставкасы,  салық  салу субъектісі -  заңға сәйкес салық төлейтін тұлға  кіреді. [7, 20-21 б]

Әр салықтың  өзіне  төмендегі  элементтер  кіред:

Салық  субъекті  немесе салық төлеуші  - салық  төлеу міндеті   заңмен  жүктелген   заңды  немесе   жеке тұлға;

Салық  тасымалдаушысы -   салық   төлеу  жөніндегі   шығысына  тартатын   заңды  немесе жеке тұлға; 

Салық нысаны -   салық  салынатын  бұйым не зат:  табыс, тауарлар,  мүліктер.   Салықтың  атауының  өзі осынау нысаннан туындап жатады,  мысалы,   табыс   салығы,    мүлік салығы,   қосымша құнға салық,  тағысын тағы.

Салықтың  көзі -  салық төленетін  субъектінің  табысы (жалақы,  пайыз   рента).

Салық  салудың  маштабы –  салық өлшемінің  негізіне қойылатын  бірлік;  өнеркәсіптік  салықта  бұл  кәсіпорынның айналымы немесе  табысы,   жұмысшыларының немесе станоктардың саны,  жұмысжайдың  аумағы  немесе    ол үшін төленетін    ақы  болуы мүмкін.

Салық  салу бірлігіне -   нысан өлшемінің  бірлігі, яғни,   табыс салығы  бойынша  - елдің    ақшалай  бірлігі – теңгемен,  жер салығы бойынша   - гектар, акр  және т.б. өлшенеді.

Салық  ставкасы  салық салу  бірлігінің көлемін көрсетіп,   пайыз  түрінде есептеледі. [11, 52-53 б]

 

II  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  САЛЫҚ ЖҮЙЕСIНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

2.1. Қ. Р-ның  экономикасында салық жүйесiнің  қалыптасуы

Қазіргі таңда Қазақстан  Республикасы егемендік алып, дербес мемлекет болған және белсенді түрде  рыноктық экономикаға өту кезінде салық жүйесі елеулі орын алады. Өзінің тәуелсіздігін және дербестігін алған кез-келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база қажет. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің қаржылық негізі шаруашылық субъктілерден және халықтан жиналған салық болып табылады. [2, 12 б]

Салық ұғымы мен салық жүйесi ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерiнiң оны  құру мен алудың нысандары мен  әдiстерiнiң, салық қызметi органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттiң салық жүйесiн құрайды.

Салық жүйесiн мемлекет пен заңды тұлғалар арасындағы қаржы  қатынастары анықтайтын салықтар, салық  механизмi яғни, салық салу әдiстерi мен тәсiлдерi, жолдары, салық заңдары  мен салыққа қатысты кесiмдердiң, салық қызметi органдарының жиынтығын құрайды. Салық жүйесi мемлекет қаржы көздерiн жасаудың ең негiзгi құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндiрiстiң ұлғайып дамуына  және саяси әлеуметтiк шаралардың толығымен iске асуына мүмкiндiк туғызады. [3, 25-29 б]

Қазақстан Республикасының  салықтық қатынастардың дамып, салық  жүйесiнiң дамуын төрт кезеңге бөлiп  қарастыруға болады.

1 кезең, (1992 1995 жж.) – жаңа салық жүйесiнiң базисiнiң салық кезеңiнен өңделуi және iске қосылуы;

2 кезең, (1996-1998 жж.) – жаңа нарықтық экономика талаптарына сай келетiн салық жүйесiн құруды аяқтау;

3-кезең, (1998-2000 жж.) – барлық қағидалардың ескерiлуi арқылы салық жүйесiне өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу, салық жүйесiн одан әрi жетiлдiру:

4-кезең, (2001-2004 жж.)  Жаңа салық кодексi қабылданып, iске қосылды және ол бүгiнгi таңда да өз қызметiн жалғастыруда.[1, 64-65 б]

Қазақстан Рсепубликасының 1991 жылдың 25 желтоқсанында қабылданған Қазақстан  Республикасындағы Салық  жүйесi туралы Заңға тәуелсiз салық жүйесiн  құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылады. Бұл елiмiздiң экономикасын реформалаудағы күрделi жұмыстардың бiрi болып саналады.  Осы кезеңде елде көптеген өзгерiстер болды және экономиканың дамуына көптеген құбылыстар, атап айтқанда меншiктiң көптеген түрлерiнiң дамуы, шаруашылық жүргiзушi субъектiмен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негiзде жүргiзiлуi және т.б. құбылыстар iске аса бастады. Осы алғашқы Заң бойынша Қазақстан Республикасында 42 салық түрi қызмет еттi, олар үш топқа бөлiндi:

  1. жалпы мемлекеттiк салықтар – 10;
  2. мiндеттi түрде төленетiн жергiлiктi салықтар мен алымдар – 11;
  3. жергiлiктi салықтар мен алымдардың 18 түрi.

Бұл салықтардың негiзiн  табыс салығы, пайдаға салынатын  салық, қосылған құнға салынатын  салық, акциз салығы, жер салығы және т.б. салықтар құрады.

Салық iсiн тиiмдi ұйымдстыру мақсатында салықтарды белгiлi топтарға бөлiп жiктеймiз:

  1. Салық салу объектiсiне байланысты;
  2. Қолданылуына қарай;
  3. Салық салу органына байланысты;
  4. Экономикалық ерекшелiгiне байланысты;
  5. Салық салу объектiсiн бағалау дәрежесiне қарай;

          Қазақстан Республикасы Президентiнiң  24.04.95 жылы қабылдаған “Салық  және бюджетке төленетiн басқа  да төлемдер туралы” Заң күшi  бар Жарлығы табылады. Ол заң  1995 жылдың шiлде айынан бастап iске қосылды. Соның нәтижесiнде бұрын қызмет еткен 42 салық түрiнiң орнына 11 салықтар мен алымдар қызмет ететін болды. Бұл салық Заңдылығы бойынша елiмiздiң салық жүйесi нарықтық қатынастар талабына бiршама бейiмделiп, халықаралық тәжiрибеге мейлiнше жақындатылады.

1999 жылы салық жүйесi 5 рет қайта күрделi өзгерiстерге ұшырады. Осыған орай 2000 жылы 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында 17 салықьар мен алымдар түрлерi қызмет еттi.

4-шi кезеңде, яғни 2001 жылдың 12 маусымында Жаңа салық  Кодексi қабылданып, 2002 жылдың 1-шi қаңтарынан бастап ол iске қосыла бастады. Бұл салық кодексiнде Қазақстан Республикасында қолданылатын салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, атап айтқанда 9 салық, 13 алым, 9 төлем, 1 мемлекеттiк баж, 4 кедендiк алым белгiлендi. [7, 54-57 б]

Жаңа Салық Кодексi 2002 жылдың 1-шi қаңтарынан Қазақстанда  мынадай салықтар енгiзiлдi:

  1. корпорациялық табыс салығы;
  2. жеке табыс салығы;
  3. қосылған құн салығы;
  4. акциздер;
  5. жер қойнауын пайдаланушылардың салықтар мен арнайы төлемдерi;
  6. әлеуметтiк салық;
  7. жер салығы;
  8. көлiк құралдары салығы;
  9. мүлiк салығы.

Осы Салық Кодексiндегi 13 түрлi алымдар:

  1. заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
  2. жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
  3. жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасаған мәліметерді мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
  4. радиоэлекторндық құралдары және жиiлiгi жоғары құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
  5. механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
  6. теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
  7. азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
  8. дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
  9. автакөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы;
  10. аукциондардан алынатын алым;
  11. елтаңбалық алым;
  12. жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым;
  13. телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожилiк спектiрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алым.

Информация о работе Салық жүйесі