Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 16:29, доклад
Өнеркәсіптің дамуының маңызды мақсаттарының бірі ең алдымен оның тиімділігін көтеру және шаруашылықтың ішкі резервтерін толығымен пайдалану есебінен өндірісті қамтамасыз ету. Ол үшін негізгі өндірістік қорлар тиімдірірек пайдалану керек. Өнеркәсіп өнімінің өндірісінің көлемін ұлғайту келесілер есебінен жеткізіледі: 1. негізгі қорларды іске қосу; 2. пайдаланылып жатқан негізгі өндірістік қорларды пайдалануды жақсарту. Өнеркәсіптің, олардың салаларының және кәсіпорындардың негізгі қорлардың өсуі жаңадан құрылыстар арқылы қол жеткізіледі, және сонымен бірге қайта құрастыру және жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды кеңейту арқылы жүзеге асады. Жалпы өнеркәсіпте өнім өндірісінің өсімін жыл сайын жаңадан іске қосылатын қорлардан артық болатын жұмыс істеп жатқан негізгі өндірістік қорлар арқылы алуға болады. Негізгі өндірістік қорларды пайдалану деңгейін анықтау үшін өндірілген өнімнің натуралды және құндылық (ақшалай) бірліктерде және уақыт бірліктерінде қолданылады.