Нарық құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 15:11, курсовая работа

Краткое описание

Куртық жұмытың міндеті: Нарықтық экономиканың атқаратын рөлі зор. Нарықтық жұмыстың жалпы ішінде: Нарық жүйесінің мәні, элементтері, принциптері, кемшіліктері, Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы сипатталады.

Оглавление

КІРІСПЕ ...................................................................................................................3
Нарық – қоғамның экономикалық өмірінің негізі
Нарық ұғымы, нарықтың мәні, ерекшеліктері..............................................4
Нарықтың пайда болуының шарттары, қызметтері, түрлері.......................................................................................................................8


2.Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасу механизмі.

2.1 Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы..................................................................................................................13

2.2 Нарықтық құрылымды қалыптастырудағы мемлекеттің ролі..........................................................................................................................19

3. Қазақстан Республикасындағы нарық жағдайы:оның функцияларының даму принциптері.

3.1 Нарық экономикадағы қазіргі басымдылықтары мен кемшіліктері...........................................................................................................24

3.2 Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы............................................................................................................29

Қорытынды.......................................................................................................33

Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................34

Файлы: 1 файл

курс Нарық құрылымы.doc

— 256.00 Кб (Скачать)

     Нарықтық экономика ұдайы өз  арнасымен «өз заңдылық шартымен» ілгерілеп отыруы тиіс,өйткені оның өзіне тән кезеңдері мен соған сәйкес келетін нақты міндеттері бар.

      Бірінші кезең 1992-1995 жылдарды  қамтиды және макроэкономикалық  тұрақтандырудың екі негізгі  процесімен сипатталуы тиіс;олар  меншікті мемлекет иелігінде белсенді түрде алу,оны жекешелендіру және тұтыну нарығын тауарлармен толтыру.

      Меншік реформалау бұл уақыт  ішінде белгілі бір формада  мемлекеттік меншіктің барлық  объектілерінде,стратегиялық маңызы  бар және ұлттық қауіпсіздік қамтамасыз етуден басқа салаларда іс жүзінде жүргізілуге тиіс.

     Сонымен қатар,ғылыми зерттеулердің  қысқа мерзімдік жобалары қайтарылып,коммерциялық  өнімді тез алуды қамтамасыз  ететін дүниежүзілік деңгейдегі  жаңалықтарды анықтау және алмасымды  кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен республиканың ғылыми-техникалық потенциялдарына егжей-тегжей тексеру жүзеге асуы қажет.

      Екінші кезең (1998-2005 ж).Экономиканың  шикізаттық бағытын біртіндеп  жою жалғасады,бірақ оның басты  мазмұны көлік жүйесі мен телекоммуникацияны жедел дамыту,сондай-ақ дамыған тауар және валюта нарығын бұдан басқа:капитал,жұмысшы күші,бағалы қағаздар құру болмақ .

    Екінші кезең ішінде экономиканың  қарқынды дамуының қозғаушы күшері  мен ынталандырмалы:

  • толыққанды механизмдер;
  • барлық тауар өндірушілердің шынайы еркіндігі;
  • табиғатты ұтымды пайдалану;
  • шапшаңдығы үдей түскен жоғары технологияларды игеру процессі мен дүниежүзі экономика шектерді жеңіп алу;
  • отандық және халықаралық бизнес салаларында білікті кадр корпусы пісіп-жетілуі тиіс.

1991 жылы КСРО құлады, соның нәтижесінде Қазақстан басқа да КСРО құрамындағы республикалар сияқты егемен, тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Әкімшіл-әміршіл жүйе, жоспарлы экономика өмірден кетті. Бұл жүйе өмір сүрген 70 жылдың көлемінде елдің экономикасы тұрақты дағдарысқа ұшырай бастады. КСРО экономика саласында индустриялы елдерден барлық көрсеткіштер бойынша артта қалды: ғылыми-техникалық жаңалықтар, өндірістің тиімділігі, өнімнің сапасы, т.б. Осы көрсетілген және басқа да кемшіліктер КСРО-ның құлауына әкелді. Оның құрамындағы 15 республика өздерінің дербестігін жариялады, оның бірі-Қазақстан.

      ҚР  нарықтық экономикаға өтудің, оны  қалыптастырудың өз үлгісін жасауы қажет болды. Бірде-бір мемлекет нарықтық экономиканы бірден тәжірибеге елде отырып, алдын-ала оның моделін-үлгісін жасамайды. Әрқайсысы экономикалық мақсатқа қол жеткізу үшін өз бетінше жол салады.

      Қазақстандағы реттелетін нарықтық экономикаға көшуін кезең-кезеңімен жүзеге асырылды.

      Бірінші кезең. (1990 жылдың аяғына дейін) республиканың  атқарушы өкілетті саяси жағдайды тұрақтандыру мақсатында мемлекеттік тәртіп пен реттілікті нығайту, ұлтаралық қатынастарды жақсартуда және т.б. жүзеге асырылады.

      Екінші  кезең (1991 жыл) тұрақтандыру шаралары жүзеге асырылып, нарықтық инфрақұрылым мен  экономиканы нарықтық реттеу белсенді қалыптастырылды.

      Үшінші  кезең (1992 жыл)- республикалық әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру нарықтық саланы жеделдете қалыптастыру, белсенді шаруашылық кезеңі.

      Нарыққа көшудің қиындығы да, күрделігі де, ұзаққа созылатын процесс. Сондықтан республика ерекшеліктерін ескере отырып, нарыққа кезеңдей кірісу қажет болды.

      1990 жылы, желтоқсанда «Қазақ КСР-нің  экономикасын тұрақтандыру және  нарыққа көшу» бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламада нарықтық құрылымдар  құруды жеделдету, экономиканы нарыққа сәйкес реттеу, республиканың әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, нарық тарапын қалыптастыру, шаруашылық әрекеттерді белсендіру қаралған.

      «Дағдарыстарға  қарсы және әлеуметтік-экономикалық қайта құруды тереңдете жүргізудің кезек күттірмейтін шаралары туралы» екінші бағдарламада 1992-1995 жылдардағы алғашқы кезеңге мынандай міндеттер қойылды:

  • мемлекет меншігінен алып, меншікті жекешелендіруді белсене жүргізу;
  • тұтыну нарығын тауарлармен қалыптастыру;
  • республиканың әлем шаруашылығына енуі.

     Мұнда күштің басым жағын ұлт мүддесінің тәуелсіздігіне деген экономикалық  саясатты белсене жүргізуге, инфляцияны мүмкін болғанша төмендету, өндірістің құлдырай беруін тоқтату, оны өркендете  беруге жағдай жасау, халықтың әлеуметтік жағына жарық кеселінің салдарын жеңілдету мәселелері топтастырылған.

     1996-2005ж.ж.  барысындағы кезеңде көзделген  міндеттер:

  • республиканың шикізат қана өндіруге бағыт ұстауын жойып, нарықтық толық мезанизмін құру, транспорт тараптарын тезірек дамыту және нарықтық барлық түрлерін қалыптастыру;
  • экономиканы монополизацияға соқтырмай, дұрыс бәсеке атаулына кезеңінен қолдау арқылы барлық тауар өндірушілерге шын мәнінде еркіндік жасау;
  • ҚР әлемдік саудада алатын орнын нығайту, бюджет тапшылығы мәселелерін шешу;
  • Республиканы әлемдегі индустриялдық өнеркәсібі озық елдер қатарына қосылған жағдай жасау.

     1992 жылы Қазақстан экономикасы үшін  қоғамдық өндіріс деңгейінің  төмендеуі сипатты болды. Бұл  тенденция, әсіресе, өнеркәсіптің  негізгі салаларында, күрделі  құрылыста және тұтыну нарығы саласында ерекше көрінді. Мұның себептерінің бірі көптеген кәсіпорындардың мемлекеттік бақылаудан шығып кеткені болды.

     Қазақстанның  нарыққа көшуде бастапқы капитал  дәрежесі төмен болды. Республикада адам басына шаққанда кіріс төмен  болды. Республикадағы 214 селолық аудандардың 180-і жәрдем қаржымен күнелтті, 70 аудан экономиканың даму жағынан өте артта қалды, ал 30 аудан кедейліктің күйін кешті. Республикадан толып жатқан байлық көздері алынып ал мұнда қоршаған ортаның экологиялық былғанышы ғана қондырылды, экологиялық жүдеулік жер-жерде қоюлана түсті.

     Ұзақ  жылдар бойы тауар-ақша қатынасын өлшеу, экономиканы монополиялығы, тауардың жеткіліктігіне қарамастан тапшылыққа, тауар-ақша тепе-теңдігі бұзылуына, байланысты елімізде жетілдіру жұмыстарын жүргізу қолға алынды.

     ҚР  нарықтық экономикаға енген кезіндегі  алғашқы  басталған ұзақ та күрделі  ісі меншікті мемлекет иелігінен  алу, жекешелендіру. Республикада жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы мынандай бағыттарға жүргізілді:

  • ірі және бірегей мүлік кешендерін дара жобалар бойынша жекешелендіру;
  • орташа кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру;
  • шағын кәсіпорындарды міндетті түрде жекешелендіру. 1993 жылы аяқталған бірінші кезеңде сауда және қызмет көрсететін ұсақ кәсіпорындар жекешелендірілді. Осы жылдары 9 мыңдай кәсіпорын жекешелендіріп, олардың 21% жеке меншікке беріліп, 57% акционерлік қоғамдарға айналдырылды.

     1995 жылдары ҚР екі сатылы  банк  жүйесі құрылды. 1996 жылдың басында  республикада 170 астан банк жұмыс  істеді. ҚР Ұлттық банкісі Республика  валюта қалыптастыру міндетін атқарады. Бірқатар шетел банкілері Қазақстанда өздерінің өкілдіктерін ашты. Олардың саны 1996 жылы 31-ге жетті. АҚШ, Англия, Франция, Германия, Жапония т.б. елдермен қаржылық-несиелік қатынастар орнады ҚР халықаралық-экономикалық көптеген ұйымдарға мүше болып енді.

         ҚР әлеуметтік-экономикалық салаларын дамытуға байланысты шетелдің инвестициялар тартылып жатыр. Бүгінгі  таңда ҚР нарықтық қатынастардың  дамуы бір арнаға түсті деуге  болады әрі тиімді дамып келеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

Қорыта  айтқанда, қазіргі нарық күрделі жүйені  құрап, ол көптеген саладан және табиғаты  әртүрлі функционалды жүйелер тобынан тұрып, өндіруші мен тұтынушы  арасындағы шаруашылық байланыстарын құрайды. Адамзат қызметінің әрбір аясы ұлтық нарықтың жекелеген элементін қалыптастырып, нақты өмірде  біркелкі тұтастықты байқатады.  Олар өзара бір бірімен тәуелді.

 Қазақстан  Республикасының нарық жағдайы  туралы түсінік беріп,жазылып  кетті. Жалпы айтқанда нарық  дегеніміз – тауарларды сату-сатып алу формасындағы өнім өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы жанама,тікелей екі жақты байланыс;тауар-ақша қатынастарын іске асыру саласы,сонымен бірге құралдардың, әдістердің, жабдықтардың, ұйымдық-құқықтық нормалардың,құрылымның және тағы басқа сондай қатынастардың орнығуларын қамтамасыз ететін барша жиынтықты айтамыз.

      Біздің ойлауымызша осы Қазақстан   Республикасында нарықтың жүйесін  жүзеге асыру керек.Жалпы алғанда  табыс немесе пайда алу мақсатында  ақшалай қаражаттарды бағалы  қағаздарға жұмсау керектігін ескере өткен жөн.

Қазақстан Республикасы үшін өзінің ұлтгық нарығын құру басты нәрсе және 
оны реттеудің өзіндік және шетелдік тәсілін бір мезгілде меңгеру 
қажет. Аралас әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономикаға 
көшуді тезірек жүзеге асыру. Ондай экономика барлық азаматтарға 
кәсіпкерлік пен қабілетін еркін жүзеге асыруды қамтамасыз етіп. 
кедейлеу топтар мен тұрғындарды қорғауы керек.

      Нарықтық қатынастарға сай экономиканың  тиімді дамуын қамтамасыз ететін  несие түрлерінен несиелеу принциптерінен,несиелеу әдістері мен тәсілдерінен және несиелік тәуекелді басқарудан тұратын экономикалық механизмдерінің құрамдас бөліктерін қарастырып кеттік.

     Нарықтық экономика ұтымды жұмыс  істейді,егерде мына жағдайлар  айқын болжанып және анықталса:

  1. Тауарды қанша көлемде өндіру керек,қандай қызмет атқару керек.
  2. Не өндіру керек,яғни қоғамның материалдық тұтынымын толығырақ қамтамасыз ететін тауарлар мен атқаратын қызметті анықтау.
  3. Қоғамға қажет тауарлар қалай өндіріліп,қандай қызмет атқаруы керек.
  4. Өндірілген өнім кімге арналған,оны кім алу керек,яғни өндірілген өнім нақты тұтынушылар арасында қалайша бөлінбек.
  5. Өзгерістер бола қалса қатысушылырдың соған бейімделе беруіне қол жеткізу.

      Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасының нарық жағдайы және алдына қойылған мақсаттары туралы жалпы түсініктеме беріп,толық ашып кеттік.Осы курстық жұмысты осындай мәліметтермен толық ашып кеттік деп ойлаймыз. 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі. 

1. Әубәкіров  Я.Ғ., Байжұманов Б.О.  «Экономикалық  теория» Алматы 1999 ж.

2. Абугазин  Д. «Регулирование инвестиционной деятельностив экономике           Казахстана».

3. Василевский  А. «Конспект лекций по экономической  теорий».

4. Жүнісов  Б.А. «Жалпы экономикалық теория»,  Алматы 2002 ж.

5. Крымова  В. «Экономикалық теория», Алматы 2003 ж.

6. Сейтқасимова Ғ.С. «Ақша,несие,банктер», Алматы 2001 ж.

7. Егеменді  Қазақстан,2005 ж.1 ақпан,4 маусым,6 сәуір,11 мамыр.

8. Жетісу,2003 ж.25 қаңтар.

9. Атамекен,2002 ж.1 ақпан, 5 маусым, 17 қаңтар.

10. Атамекен,2006 ж. 1 ақпан,11 қаңтар.

11. Осипова  Б. «Экономикалық теория»

12. Колесникова  В. «Экономикалық теория», Москва 2000 ж.

Информация о работе Нарық құрылымы