Нарық құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 15:11, курсовая работа

Краткое описание

Куртық жұмытың міндеті: Нарықтық экономиканың атқаратын рөлі зор. Нарықтық жұмыстың жалпы ішінде: Нарық жүйесінің мәні, элементтері, принциптері, кемшіліктері, Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы сипатталады.

Оглавление

КІРІСПЕ ...................................................................................................................3
Нарық – қоғамның экономикалық өмірінің негізі
Нарық ұғымы, нарықтың мәні, ерекшеліктері..............................................4
Нарықтың пайда болуының шарттары, қызметтері, түрлері.......................................................................................................................8


2.Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасу механизмі.

2.1 Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы..................................................................................................................13

2.2 Нарықтық құрылымды қалыптастырудағы мемлекеттің ролі..........................................................................................................................19

3. Қазақстан Республикасындағы нарық жағдайы:оның функцияларының даму принциптері.

3.1 Нарық экономикадағы қазіргі басымдылықтары мен кемшіліктері...........................................................................................................24

3.2 Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы............................................................................................................29

Қорытынды.......................................................................................................33

Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................34

Файлы: 1 файл

курс Нарық құрылымы.doc

— 256.00 Кб (Скачать)

    Табыс пен шығындардың айналуы  үкіметке әсер етеді және ол елді мемлекеттің басқару қызметтік жүзеге асырып,экономиканы әр деңгейде реттеп отырады.Үкімет фирмалардан салық алып,жеке кәсіпорындарға дотация,субсидия береді,кәсіпкерлермен қажетті ресурстарды сатып алады.Үкімет жұмысымен қамтамасыз ету саясатын жүргізді және инфляция деңгейіне,ұлттық өнімнің қозғалысы мен құрылымына әсер етіп,табыстарды үлестіреді. Салықтан түскен қаржыны шоғырландырып,жалақыны, трансферттік төлемдерді (зейнетақы,жұмыссыздарға жәрдем ақы) төлейді. Экономиканы тиімді дамыту үшін мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынады.Демек,табыс пен шығындардың шеңбер айналымы үнемі қозғалыста болып,теңгеріледі.Нәтижесінде өндірістің жалпы көлемін байқатып,тұрғындардың жұмыстылығы мен табысы көрсетілді.

   Адамдардың әрекет ету ортасына (өндірістік, әлеуметтік, қаржы, рухани) және сатып алу – сату ортасына қарай жалпы ішкі ұлттық нарықты шартты түрде бірнеше түрлерге бөлуге болады.Олар біртұтас болып табылатын ұлттық нарықтың жеке элементтерін құрайды,бір-бірімен өзара байланысты және өзара тәуелділікте болады.Мәселен өндірістік және өндірістік емес (әлеуметтік) салалар - өндіріс құрал-жабдықтары,тұтыну және жұмыс күші нарықтарын құрайды.Дегенмен,нарық түрлерін саралап көрсететін терең құрылым жасау факторы – нарық қатынастары объектілерінің экономикалық бағдары болып табылады.Осы фактор бойынша олар өндіріс құрал-жабдықтары,тұтыну және қызмет көрсету,қаржы (бағалы қағаздар,қарыз,валюта,капитал),еңбек,ғылыми-техникалық,ақпарат,астыртын экономика нарықтары болып бөлінеді.

      Нарықтық экономиканың қажетті элементтерінің бірі – инфрақұрылым. Ол институттар (ұйымдар,фирма,мекемелер) жиынтығынан тұрады,оның мәні – нарықтың дамуы мен қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастырады және қызмет көрсетеді.Нарықтың инфрақұрылымының элементіне – тауарлық,қор биржасы,еңбек биржасы,делдалдық және маркетингтік қызметтер,ақпараттық жүйелер,банктер,көтерме сауда орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер, т.б. жатады.

      Дамыған нарықтық инфрақұрылым  кәсіпкерліктің пайдалы бағыттары  мен нысандарын іздеуді жеңілдетеді.

      Нарықтың инфрақұрылым проблемасының  өндіріс пен тұтыну арасындағы  пропорция және осы саладағы  бүкіл ұдайы өндіріс прцесінің  дамуының объективті заңдылықтары  мен халық шаруашылығының барлық  саласында ресурстарды ұтымды  пайдалануды анықтау үшін өзекті маңызы бар.

      Қазақстанның «Дағдарысқа қарсы  шұғыл және әлеуметтік экономикалық  реформаларды тереңдету бағдарламасында»  нарықтық инфрақұрылымның инвестиция  мен қорлары және холдингілері,сақтандыру  компаниялары мен қорлары,аудиторлық  фирмалар,консультация орталықтары мен фирмалар,сауда-өнеркәсіп палаталары,көлік-экспедиция,заң консалтинг орталықтары мен фирмалары сияқты қызмет салаларын ұлғайтуға ерекше көңіл бөлінген.

        Нарық инфрақұрылымның тиімділігі  көбінесе экономикалық коньюнктураға  байланысты,яғни нарықтық белгілі мерзімдегі уақытша жағдайы.

        Коньюнктура туралы мына көрсеткіштер  жүйесі мәлімдейді:

  • өндіріс пен құрылыс динамикасы,тауар запастарының мөлшері,баға,процент,бағалы қағаздар курсының қозғалысы;
  • пайда,еңбек ақы,өндіріс шығындары дәрежесінің өзгеруі;
  • еңбектегі және жұмыссыздар саны арасындағы қарым-қатынас.
 
 
 
 
 
 
 

2. Қазақстанда нарықтық  қатынастардың қалыптасу  механизмі

2.1 Нарыққа  өту кезеңіндегі Қазақстанның  экономикалық және әлеуметтік  жағдайы. 

     Қазақстанда көп салалы экономика. Оны нарық жолына салуға бағытталған қайта құру 1990 жылдардың басында басталды.Қазақстанды нарыққа көшірерде республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуында өзіне тән бірқатар ерекшеліктер бар еді. Олар ең алдымен Қазақстан экономикасының құрылылымындағы қайшылықтар да болды.Өнеркәсіп дәрежесі өте төмен болды.Реформаға кірісерде республиканың қоғамдық табысындағы өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі бүкіл КСРО бойынша орта есеппен 61%болса,Қазақстанда 46%ғана болды.Қор және капиталды көп жұмсайтын салалардың үлесі өте жоғары еді,КСРО-да химия,мұнай-химия өндірудің үлесіне орташа9%келсе,Қазақстанда 15% еді.Машина жасау өнеркәсібінің үлесі КСРО бойынша 27%болса,Қазақстанда17%-кеғана жетті.Республика экономикасында шикізат өндіру және оның бағасы төмен болғандықтан,адам басына шағатын өнім өте төмен болды.

Қазақстанның  халық шаруашылығының құрылымы мен  дамуының аймақтық ерекшеліктері бар.Республикамызда  әртүрлі пайдалы қазбалар мол  және жер қойнауының геологиялық  құрылымы біркелкі емес.

Солтүстік және Батыс Қазақстан-өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өндірісінің жылдам дамуымен сипатталатын аймақтар. Орталық Қазақстанда негізінен жоғары деңгейде көмір өнеркәсібі,түсті және қара металлургия,машина құрылысы және металл өндеу,химия өнеркәсібі дамыған.Жеңіл өнеркәсіптің дамуы бүгінгі күннің талабына сай келмейді.Өндірілетін жалпы өімнің 7%-і ғана жеңіл өнеркәіп өнімі. Шығыс аймақтары өздерінің табиғат-ауа райы ерекшеліктеріне байланысты дамыған.Семей облысында ет,жүн, тігін бұйымдарын өндіру,т.б. салалар басым.Шығыс Қазақстан облысында түсті металлургия, энергетика, ағаш, қағаз, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің дамуы ерекше көзге түседі.

Оңтүстік  аймақтарда республикада дағдарысқа дейін  өндірілетін аяқ киімнің 60%-і,тері өндірісінің 40%-і орналасқан.

    Өркендеу бағыты болып табылатын республика экономикасын нарық жолына бағдарлау кең көлемде жүргізіле бастады.

    Нарықты қалыптастырудың алғышарты-нақты  тәуелсіздік.

Тәуелсіздік не үшін қажет? Бұл сұраққа жауап  бермес бұрын мына деректерге көңіл  аударайық.Бұл сұраққа жауап бермес бұрын мына деректерге көңіл аударайық.Бұрыңғы Одақта орталықтандырылған одақтық басқару федостволары менминистірліктерінде басты-басты 30 өндіріс олардың ішінде көмір және металлургия өнеркәсібі,мұнай,газ,химия және мұнай айыру,жалпы машина жасау,т.б.қазақстан экономикасын дамытуға елеулі үлес қосатын салалар қалып қойған.

      Осының салдарынан республикадп  өндірілетін осы салалар өнімдерінің  басым мөлшері сыртқа кетіп,сырттан  еңбек құралдары мен тұтыну  заттарын әкелуге мәжбүр болдық.

 Халық тұтынатын тауарлар өндіретін салалардың үлесі Қазақстанда кем еді.Ол өнімдердің 60%-ке дейін республикаға сырттан әкелінді.Қазақстаннан жуылған жүннің 70%-іжиналған астықтың жартысынан астамы мақтаның мал терісінің,аң терісінің 50%-і өңделген күйінде сыртқа жіберілген өнім құны 6-7 млрд рубль болса, оны республикадан тыс жерлерде өңделген соң

Қайта әкелгенде әлгілердің құны 13,8млрд болып  шықты.

Республика  бюджетіндегі кірісте салық айналымының  үлесі небәрі 9%елі,Эстонияда 45%болатын.

         Бұдан шығатын қорытынды:Қазақстан өз экономикасының құрылымын өзі айқындап,оның салаларының арақатынас пропорцияларын белгілеу және оған уақытында керекті түзетулер енгізу,күрделі қаржыларды пайдалану жағдайда ғана республика қандай өнімді қанша мөлшерде және оларды қандай бағамен сыртқа шығарудан дұрыс реттей алады.

      Қазақстанның нарыққа көшуде  бастапқы капитал дәрежесі төмен  болды.Республикада адам басына  шаққанда кіріс төмен болды.Экономиканы  қайта құра бастағанда түрмыс  дәрежесі төмен 5-6млн адам болды,бұл  Қазақстан халқының 1/3-денастамы.

     Республикадағы 214 селолық аудандардың  180-іжәрдем қаржымен күнелтті,70 аудан  экономикалық даму жағына өте  артта қалды,30 аудан кедейліктің  күйін кешті.

    Ұзақ жылдар бойы тауар-ақша  қатынасын елемеу экономиканың  монополиялығы, бұйрық-әкімшілік басқару тәсілі қор және тауарлардың жеткіліктілігіне қарамастан тапшылыққа,тауар-ақша тепе-теңінің бұзылуына,қайта-қайта бөле берудің тууына,мемлекетке арқа сүйеушілікке әкеп соқты.

      Нарыққа көшудің қиындығы да,күрделілігі  де,ұзаққа созылатындығы да осы себептерден болып отыр.Сондықтан республика ерекшеліктерін ескере отырып,нарыққа кезеңдей кірісу қажет болды.

         1990 жыл желтоқсанның аяғында Қазақ  КСР-ның экономикасын тұрақтандыру  және нарыққа көшу бағдарламасы  қабылданды. Бұнда нарықтық құрылымдар құруды жеделдету,экономиканы нарыққа сәйкес реттеу,республиканың әлеуметтік-экономкалық жағдайын тұрақтандыру, нарық тарапын қалыптастыру,шаруашылық әрекеттерді белсендіру қаралған.

      1992жыл Қазақстан экономикасы  үшін қоғамдық өндіріс деңгейінің төмендеуі сипатты болды. Бұл тенденция,әсіресе өнеркәсіптің негізі салаларында,күрделі құрылыста тұтыну нарығы саласында ерекше көрінді.Себебі көптеген кәсіпорындардың мемлекеттік бақылаудан шығып кеткені болып отыр.Мұның өзі өнім бағаларын күрт арттыруға әкелді.Азық-түлік тауарлары-23есе,басқа тауарлар-18есе қымбаттады.

        1993жыл Қазақстан Республикасыны%%%жүргізіле  бастады. Екіншіден, өндірісті  құрылымдық жағынан қайта құру  және экономиканы басқаруды жетілдіруді  ілгерілету шаралары жүзеге асырылды. Үшіншіден, қаржы-несие және инвестициялық саясаттарға түбегейлі өзгерістер енгізілді.

    Осы шараларға қарамастан,материалдық  өндіріс салаларында өндіріс  көлемінің кеміуі тоқтамады,1993жылы  таза материалдық өнім 1992жылмен  салыстырғанда 14,8%-ке кеміді.

     1994жылдың бірінші жартысы өндірістің  төмендеуі, инфляцияның өрістеуі,халықтың  әл-ауқатының,тұрмыс жағдайының  төмендеуімен сипатталады.1994жыл  1 шілдеде 730 кәсіпорын толық немесе  олардың бірен-сараны тоқтап тұрды,соның  ішінде55,2мың жұмыскерді қамтитын 106 кәсіпорын толық жұмыс істеген жоқ.Сөйте тұра көп қаржыны несиеге алды,бюджеттен қаржы сұрады, қарызды өтей алмады,қарыз болса өсе берді.

      Осылардың нәтижесінде Ж/Ө осы  жылдың қаңтар-маусым айларында  1993жылдың осыған сәйкес кезеңінен 27%-ке,өнеркәсіп өндірісінің көлемі-29,4мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттердің курделі қаржылары-61,2%-ке кемиді.

     Табыс деңгейі  1994жылы 1сәуірде  Қазақстанда орташа жалақы 23,8 долларға  тең болса,бұл көрсеткіш Өзбекстанда-39,6 Түркменияда-57,7 Ресейде-94 доллар болды.

       Экономикалық реформа осындай  қиын жағдайда жүргізілді.

Республикада  реформаны жүзеге асыруға бағытталған3 бағдарлама қабылданды.Біріншісі 1991-1992жылдарға арналған мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасы.Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар және әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасы және мемлекеттік меншікті мемлект иелігінен алу және жекешелендірудің 1993-1995жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы.

        Дағдарыстарға қарсы және әлеуметтік-экономикалық қайта құруды тереңдете жүргізудің кезек күттірмейтін шаралары туралы екінші бағдарламада 1992-1995жылдарға алғашқы кезеңге мынандай міндеттер қойылды:

         -мемлекет меншігінен алып,меншікті  жекешелендіруді белсене жүргізу:

         -тұтыну нарығын тауарлармен қанықтыру;

         -республиканың әлем шаруашылығына  енуі.            

           Мұнда күштің басым жағын ұлт  мүддесінің тәуелсіздігіне деген  экономикалық саясатты белсене  жүргізуге,инфляцияны мүмкін болғанынша  төмендету,өндірістің құлдырай беруін  тоқтату,оны өркендете беруге  жағдай жасау,халықтың әлеуметтік  нәзік жағына рынок кеселінің салдарын жеңілдету мәселелері топтастырылған.

           1996-2005жылдар барысындағы екінші  кезеңге көзделген міндеттер:

-республиканың  шикізат өндіруге бағыт ұстауын  жойып,

  нарықтың  толық механизмін құру транспорт  тараптарын

  тезірек  дамыту және нарықтың барлық түрлерін де

  қалыптастыру;

-экономиканы  монополизацияға соқтырмай,дұрыс  бәсеке атаулыны кеңінен қолдау  арқылы барлық тауар өндірушілерге  шын мәнінде еркіндік жасау;

  -отандық  және халықаралық бизнес саласын  кадрлармен толықтыру,

5-7 жылға арналған кезеңде ашық экономиканы дамыту негізінде Қазақстанның әлемдік саудада алатын орнын нығайту,бюджет тапшылы мәселелерін шешу,ұлттық валютаға толық жол ашу,республиканың әлемдегі өнеркәсібі озық елдер қатарына қосылуы көзделген.

Информация о работе Нарық құрылымы