Нарық құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 15:11, курсовая работа

Краткое описание

Куртық жұмытың міндеті: Нарықтық экономиканың атқаратын рөлі зор. Нарықтық жұмыстың жалпы ішінде: Нарық жүйесінің мәні, элементтері, принциптері, кемшіліктері, Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы сипатталады.

Оглавление

КІРІСПЕ ...................................................................................................................3
Нарық – қоғамның экономикалық өмірінің негізі
Нарық ұғымы, нарықтың мәні, ерекшеліктері..............................................4
Нарықтың пайда болуының шарттары, қызметтері, түрлері.......................................................................................................................8


2.Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасу механизмі.

2.1 Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы..................................................................................................................13

2.2 Нарықтық құрылымды қалыптастырудағы мемлекеттің ролі..........................................................................................................................19

3. Қазақстан Республикасындағы нарық жағдайы:оның функцияларының даму принциптері.

3.1 Нарық экономикадағы қазіргі басымдылықтары мен кемшіліктері...........................................................................................................24

3.2 Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы............................................................................................................29

Қорытынды.......................................................................................................33

Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................34

Файлы: 1 файл

курс Нарық құрылымы.doc

— 256.00 Кб (Скачать)

          Сонымен, нарықтық экономика кемшіліктеріне  мыналар жатады:

  1. табыс алуға кепілдік бермейді;
  2. толық жұмыс бастылыққа кепілдік бермейді;
  3. қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді;
  4. қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды ендіруді әлсіз ынталадырады;
  5. ұжымдық пайдаланылатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді дамытуды қамтамасыз етпейді.

       Нарықтық экономиканың әрекет  ету жиынтығында нарық жүйесін құрайтын оның белгілі бір элементтерінің болуын көздейді.

      Нарықтық экономиканың бірінші  әрі маңызды элементі - өндірушілер  мен тұтынушылар.Олар еңбектің  қоғамдық бөлінуі процесінде,біреулері  тауар өндіріп,басқалары оны тұтынған кезде қалыптасады.Тұтыну жеке өзіндік және өндіруші болып бөлінеді.Жеке тұтыну кезінде тауарларды өндіріс сферасынан шығарып,олар халықтың жеке қажеттілігін қанағаттандыру үшін пайдаланылады.

        Өндіруші тұтыну өндіріс процесінің  жалғасы ретінде жүреді,бұл кезде тауар басқа өндірушілер ары қарайғы өңдеу үшін пайдаланылады.Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара әрекет қызмет нәтижелерін алмасу үшін орнатылады.Нарықтық шаруашылықта ол тұрақтылығымен ерекшеленіп,мамандандыру негізінде құрылады және көтерме нарықтық мәселе нысанында көрінеді.

      Нарықтық экономиканың екінші  элементі ретінде өндірістік  бірліктерді корпоративті басқару  базасындағы меншіктің жеке немесе  аралас нысандарымен ерекшеленетін  экономикалық ерекшелік жүреді.

      Үшінші маңызды элемент – баға.Ол айрықша зерттеуді қажет етеді.Бұл жерде екі ескерту бар: 1)баға арақатынасы әрекет етуші коньюнктураға байланысты ауытқитын сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады.2)баға осы географиялық ауданда өндірілетін осы тауарға деген нарықтық қатынастың әрекеті сферасын анықтайды.Осы сфераның шекарасы трансакциялық шығындармен,яғни айырбаспен байланысты айналым шығындармен анықталады.

  Нарық күрделі экономикалық категория бола тұра өзімен өзі болған емес. Ол белгілі және нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайла өмір сүреді және көптеген факторларға тәуелді:

а) меншік түрлерінің көп болуы;

  ә) нарыктағы шаруашылық субъектілерінің қойылатын экономикалық жауапкершілікке сай болып, тәуелсіз әрі өз-өзінше болуы;

  б) тауар өндірушілер мен сауда делдалдарының бәсекелестігі (аз 
дегенде 5-7 бәсекелес);

в) белгісіз нарыққа өнім шығару;

г) өнімге бағаны контрагенттердің қою құқықтығы;

д) керекті инфрақұрылымның болуы. 
 
 
 
 
 

    1.2 Нарықтың пайда  болуының шарттары, қызметтері, түрлері,  субъектілері. 

 Нарық қатынастарының зерттеуін экономикалық теорияның классикалық мектебі өкілдерінің еңбегінен іздегеніміз дұрыс. Оған-Адам Смит мен Давид Рикардо жатады. Адам Смит нарыктык экономикаға барынша еркіндік беру қажет деп есептеген. Мемлекет «laissez faire» — «өзінше жүре берсін» саясатын жүргізгені абзал. Нарықтың өзі ұлы үйлестіруші саналады. Нарықтық тепе-теңдік жай адам эгоизмінін негізінде жүзеге асады-пайдаға (табыска) мүдделі және еркін бәсекенің болуы. А.Смиттің ойынша, адам нарықта өз пайдасын көздей отырып, «каперінде жок нәрсеге көрінбейтін қол арқылы мақсатқа бағытталады. Өзінің мүддесін көздей отырып, қоғам мүддесіне жиірек қызмет жасайды». Еркін нарыққа бар ниетінің артуының арқасында А. Смит либерализм мектебінің көрнекті идеологы болды (liberalis-еркін деген латын сөзі).2 К. Маркс экономикалық теорияда, нарық тепе-тендігі мәселесін үш деңгейде қараған: микродеңгей-көп салалы шаруашылық деңгейін және қоғамдық шаруашылыктың ең жоғарғы, көп факторлы, ұдайы өндіріс дәрежесінің деңгейі.

Мысалы, К. Маркс «Капиталдың» екінші томында нарықтық 
тепе-тендіктің жалпы схемасын экономиканың әртүрлі аясындағы 
өндіріс пен қорланудың өзара байланыстылығына қатысты 
қарастырған. К. Маркс схемасында ұдайы өндіріс, қоғамдық ұдайы 
өндірістің екі бөлімшесі талданады (І-өндіріс құрал-жабдығының 
ұдайы өндірісі, ІІ-тұтыну заттарының ұдайы өндірісі) және өзара 
айырбастың болуы қарастырылады.

Нарық әртүрлі факторларға байланысты белгілі бірнақты әлеуметтік – экономикалық жағдайларда өмір сүреді.

   Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдеді:

  • шаруашылық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі;
  • меншік қатынастарының әртүрлі нысандары;
  • өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы;
  • нарық инфроқұрылымын жасау;
  • тауар өндірушілердің сан алуан түрлерінің болуы; (бәсекелестік)
  • контрагенттер өздерінің өнімдеріне баға белгілеу құқы.

Нарықтың  мәні оның атқаратын қызметінен көрінеді:

  • ұдайы өндіріс процесін үнемі қамтамаыз ететін реттеуші;
  • ұсынымның көлемі мен құрылымының жедел өзгеруі және оның сұраным төлем қабілетіне икемделді;
  • бәсеке арқылы тиімсіз шаруашылық түрінен экономиканы сауықтыру (санациялау),тазалау;
  • экономикалық оқшауланған тауар өндіруші мен тұтынушылар арасын байланыстыратын буын;
  • құрылымдық тұтыну,тұтынысынан (табыстың осы кездегі деңгейіне қарай) ыңғайлы рационалды таңдауға тұтынушыны экономикалық мәжбүр ету.

Ақпараттық  қызмет.Нарық тауарлар бағасы мен  қызмет ақыларының,несие және банк депозитінің проценттік ставкасының,т.б. үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы өндіріске  қатысушыларға олар сататын немесе сатып алатын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық қажетті сапасы мен ассортименті туралы ақпарат беріп отырады.

    Сонымен бірге нарық бәсеке  күресінің жәрдемімен қоғамдық  өндірісті тиімсіз шаруашылық  бірліктерінен тазартады,үміт артатындардың  дамуына ыңғайлы жағдай жасайды.Біздің нарық терең монополияланған.Нарықтағы барлық тауардың 50-70%солардың өндірген өнімін құраса,онда кәсіпорын қызыметі монополияланған саналады.Сондықтан рыноктық ортаны қалыпта ұстау үшін бәсекелестер әлемін жасау қажет.Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы,бұндай жағдайда тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуға байланысты кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысуға мүдделі болады.

Нарықтың  құрылымын әртүрлі белгілеріне  қарай өзара байланысты бірнеше  түрлерге бөлуге болады. [Әубәкіров Я.Т. 308б]

   Территориялық белгілеріне қарай  нарық:дүниежүзілік,еларалық бірлестіктер,ұлттық,аймақтық,оқшауланған  немесе жергілікті нарықтар деп  бөлінеді.

          Дүниежүзілік нарық,сатушылар мен  сатып алушылар арасындағы тауарлар  мен қызметтерді айырбастау жүйесі түрінде көрінетін бүкіләлемдік шаруашылықтың құрамдас бөлігі. Ол халықаралық еңбек бөлінісінің, валюталық-несие, қаржы қатынастарының негізінде құрылды. Дүниежүзілік нарық өндірістік кооперация және интергация, сыртқы сауда, тауар-айырбас операциялары арқылы ішкі нарықпен байланысты болады.

     Еларалық бірлестіктер нарығы  деп экономикалық айырбастың  ерекше формалары мен шарттары,терең  еңбек бөлінісі арқылы байланысқа,бірнеше  мемлекеттердің қатысуымен құрылған  нарықты айтады.

     Ұлттық нарық-бір елдің мемлекеттік шекарасының аумағымен шектелген жалпы ішкі нарық.Ұлттық нарықта белгілі бір нысанда экономикалық қатынастар дамиды.Бұл қатынастар,нарық қызметінің шарты – ақша және тауар айналысының болуының анықтайтын тауар ақшалы форма түрінде көрінеді.

       Аймақтық нарық – бөлек территориялық  бөлімше нарығы (республика, облыс, аймақ, аудан).

      «Жергілікті оқшауланған» нарық  деп негізінен,халық тұтынатын  тауарлар мен ақылы қызмет  нарығына қатысты айтылады. Нарықтық  қатынастардың жетілу шамасына қарай үстіндегі және  әртүрлі дәрежедегі бәсекеге шектеу рыногы (олигополиялық,монополиялық, т.б.) деп айырады.  Олигополиялық нарық баға белгілеу саясатына тым сезімтал және бірегей немесе дифференцияланған өнімдерді өндіретін аз ғана сатушылардан тұрады. Монополиялық бәсеке нарығы сапасы,қасиеті,сыртқы безендірілуіне қарай ерекшеленетін тауарлардың әртүрлі вариантын ұсынатын көптеген сатушылар мен сатып алушылардан тұрады.Осыған байланысты нарықты «сатушылар нарығы» және «сатып алушылар нарығы» деп те бөледі.

    

НАРЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ

    Нарық мынадай қызметтерді атқарады: 

- ұдайы өндіріс процесін үнемі қамтамасыз ететін реттеуші;

— ұсынымның көлемі мен құрылы-мының жедел өзгеруі және оның сұраным телем қабілетіне икемделуі;

— бәсеке аркылы тиімсіз шаруашылық түрінен экономиканы сауықтыру (санациялау) тазалау;
— экономикалық оқшауланған тауар өндіруші мен тұтынушылар арасын байланыстыратын буын; — құрылымдық тұтыну, тұтынысынан (табыстын осы кездегі денгейіне қарай) ыңғайлы рацио-нальды тандауға тұтыну-шыны экономикалық мәжбүр ету;
— экономиканың жағдайы туралы объективті ақпарат кезі (барометрі, экономиканың айнасы); — ендірістік шығындарды темендетуге тауар өндіру-шілерді экономикалық ынталандыру және олар-ды ете қажетті қоғам аясына жұмсау;
— тауар мен еңбекгің қоғамдық маңызын анықтау және мойындаушы құрал. — Тауар ендірушіні жоғары сапалы және жоғары еңбек енімділігіне экономикалык тұрғыдан мәжбүр ету.
 

  Нарықтың ролі өте-мөте жалпы түрде оның қызметі арқылы ашыла түседі.  [Әубәкіров Я.Т. 307б]

  Нарық қызметінің кеп түрлерінің ішіндегі ерекшесі реттеуші роль атқаруы болып табылады. Ол үдайы ендіріс процесін тиімді әрі үздіксіз қамтамасыз етеді. Нарықтың реттеуші ролін әкімшілік басқарудың ауыстыруы экономикалык жүйенің түрінің өзгеруіне алып келіп, сүйкессіздікке, тапшылықтың тууына, адамның экономикалык есудегі қозғаушы күші ролін жоюға алып барады.  
 
 

 Қолданылып  жүрген заңдылықтарға сәйкес  нарықты көлеңкелі (астыртын) және  ресми (ашық) нарық деп те айтады.

     Нарықтың дамуының сәйкестігіне (пропорционалдығына) байланысты теңдестірілген (балансыланған) және теңдестірілмеген (балансыланбаған) нарық деп бөлу көзделген.Сұраным мен ұсынымның арасында толық сәйкестік орныққан нарықты теңдестірілген нарық деп атайды.

    Тауар ерекшеліктеріне қарай  нарық – салалық және сала ішіндегі нарық болып бөлінуі мүмкін.Өткізу объектісі халық шаруашылығының бір дербес саласының өнімі болып табылатын нарықты салалық нарық дейді.Қоғамдық өндірістің бір саласының өз ішіндегі өнім өткізу нарығын сала ішіндегі деп айтады.

      Нарықты көлемді тауар топтары,бөлек  тауарлар нарығы деп те бөледі.Тауар  топтары нарығына нан-бөлке,макарон  өнімдері,т.б. нарығы жатады.

    Нарықтық экономикалық негізгі  шаруашылық субъектілеріне үй  шаруашылығын,фирма мен үкіметті  жатқызамыз.Олар бір-бірімен ресурс нарығында,қаржы мен тұтыну нарығында өзара әрекет жасап,шығыс пен кірісті айналым жасайды.Үй шаруашылығы материалдық (жер мен капитал) және адами (еңбек пен кәсіпшілдік) ресурстарды өткізе отырып,оларды фирмаларға нарық ресурстары арқылы ұсынады.Соңғылары тауар өндірісін қажетті сұраным ресурстарын талап етеді.Сұраным мен ұсыныстың өзара әрекеті әрбір ресурс түріне нарықтық бағаны белгілейді.Үй шаруашылығы тұтыну нарығында тауарға сұраным жасай отырып,ресурстарды сатудан алынған табысты қажетті өнім мен қызмет жасауға жұмсайды.Ал фирмалар өз өнімін өткізе отырып,ақшалай табыс алады.Үй шаруашылығы тапқан табыстың барлығын өнім сатып алуға жұмсамайды,бір бөлігін жинайды (қор) және ресурстар мен салық төлеуге жұмсайды.Фирмалар өндіріс ресурстарын біріктіреді және қозғалысқа келтіріп,өнім шығарады,осы тауарды ұсынады,сату арқылы табыс алады.фирмалар да табысты ресурстарды төлеуге толық жұмсайды,салық төлейді,инвестицияны жүзеге асырады,т.б.

Информация о работе Нарық құрылымы