Ұлттық инновациялық жүйелерді ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 13:47, курсовая работа

Краткое описание

Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей «мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек» деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр.

Оглавление

Кіріспе...............................................................................................................
3
1
Ұлттық инновациялық жүйелерді ұйымдастыру: институционалдық аспект

1.1
Инновациялық қызмет түсінігі, мәні және оның түрлері..........................................................................................................

5
1.2
Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесі мен оның құрылымы.......................................................................................
8

2
«High tech logistic» ЖШС инновациялық кәсіпорынның дамуын талдау

2.1
Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау...........................................................................................................
15
2.2
Кәсіпорындағы инновациялық кәсіпкерлік дамуын бағала...........................................................................................................

17

3
Қазақстан Республикасының инновациялық жүйесінің даму бағыттары мен мәселелері

3.1
Үдемелі индустриялы-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы аясындағы өтпелі шарттары..................................................................

21
3.2
Инновациялық жүйенің институционалдық базасының дамуы............................................................................................................

27

Қорытынды.........................................................................................................

41

Файлы: 1 файл

Ұлттық инновациялық жүйенің қалыптасуы тнституционалды аспект курстык жумыс.doc

— 523.50 Кб (Скачать)

«High tech logistic» компаниясының қоймалары  жаңашыл технологияларды, қойма есебінің автоматизирленген жүйесін қолдануда. Бұл жүк өңдеудің жоғарғы динамикасын қалыптастырып, тауарлардың қоймаға қабылданған мерзімі мен өндіріс мерзімін қадағалауға мүмкіндік бер отырып, жүк сақтау процесін қадағалаудың оңай жолдарын ұсынады. Бұл дегеніміз іске асып отырған аудандарды қолданудың әсерлі жолдары, жеке қоймаларды қолдануда арендада туатын ұйымдастырушылық сұрақтардың шешілуі, іске асып тұрған  аудандарды кеңейту мүмкіндіктері, компанияларға өте маңызды болып келетін жүк сақтау көлемі мен аудандарын арттыру немесе кеңейту мүмкіндіктері, жаңашылданған есеп жүйелерін пайдаланy (WMS).

      Осылай «High tech logistic» компаниясының көрсететін қызметтерін пайдалану арқасында тұтынушылар транспорттауда, жүк сақтауда және қоймаландыруда пайда болатын шығындарын азайтуға, жоғарғы сапалы көрсетілетін қызметтерді пайдалануға, өздерінің қоймалық бюджетін экономдауға, өздерінің бизнестерінің қоймалық құрылымын басқаруға мүмкіндік алады.

      Қызмет көрсету:

  • кедендік қоймаларда жүк сақтау, тауарлық қоймаларда жүк сақтау;
  • арнайы температуралық жағдайларды қажет ететін тауарларды сақтау;
  • жүктеу, тиеу жұмыстары;
  • жалдауларға сортировка жасау және комплекттау;
  • жалдаушылардың арнайы талаптары бойынша тәулік бойы тауарларды өңдеу жұмыстары;
  • қоймадағы тауарлар қимылының есебін беру;
  • штрихкодтау;
  • қаптау және маркировка;
  • инвентаризация;
  • WMS-тің (қоймалық есептеу жүйесі) тұтынушылар жүйелерімен интеграциясы;
  • жарнамалық пакеттер құру.

     Жүк сақтау режимдері.

     Фармацевтикалық қоймалар:

  • дәрілік препараттармен жұмыс істеу үшін арнайы технологиялары бар СВХ және ТС;
  • Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен батыс стандарттарына сай құрылған дәріханалық қоймалар;
  • сертификаттау.

  Тоңазытқыш, мұздатқыш камералар: 

  • тоңазытқыш камерада жүк сақтаудың температуралық режимі +2 +6 С, мұздатқыш камерада -40 С дейін;
  • қатал гигиеналық талаптарға сай келетін, суық қоймаларға үйренген техникалар қолданысы;
  • тоңазытқыш қойма мемлекеттік стандарттар талап ететін өнімді сақтау режимдерін іске асырады және керек кезінде оперативті түрде салқындату параметрлерін өзгертеді.

      Алкоголь өнімдерін сақтау:

  • есептік-бақылаушылық маркалары бар тауарларды, соның ішінде алыс және жақын шетел мемлекеттерінен келетін алкоголь өнімдерін Қазақстанға импорттау кезінде көрсетілетін логистикалық қызметтердің толық спектрі;
  • есептік-бақылаушылық маркаларымен жұмыс істеу, қабылдау және штрихкодтау;
  • алкоголь өнімдерінің лицензирленген қоймаларының жұмысы.

      Жүктерді транспорттау қызметі.

  Транспорттық логистика – логистиканың ең маңызды бөлімі. Компанияның сенімді, тез және әсерлі транспорттауының арқасында тауарлар, былай айтқанда, тіріліп, қалалар мен мемлекеттерге тарайды. «High tech logistic» транспорттық логистика қызметтерінің төмендегідей түрлерін ұсынады:

  • әсерлі транспорттық-логистикалық шешімдерді қабылдау; 
  • «есікке дейін» принципі арқылы Алматы және Алматы облысы бойынша іске асатын жүкті қабылдаушыға жеткізуге арналған толық қызмет көрсету комплексі;
  • авто және теміржол транспорттары көмегімен тауарларды Қазақстанның барлық қалаларына жеткізу;
  • жүктердің қай жерде тұрғанын немесе келе жатқаны туралы толық оперативті ақпарат беру;
  • жүктің қауіпсіздігін және жеткізілуін қамтамасыз ету;
  • жүк тасымалын кедендік бақылау арқылы ұйымдастыру;
  • әрбір тұтынушыға қызмет көрсетуші персоналды менеджерлердің болуы;
  • консалтингтік қызметтер;
  • кең агентті байланыс;
  • экспорт және импорт жүктерін «есіктен есікке дейін» жеткізу жүйесі;
  • қызмет көрсету сапасын бақылау жүйесі.

 Қорытындылай келе «High tech logistic»  компаниясы және оның құрамына кіретін «Даму» индустриалды-логистикалық орталығының қызмет көрсету деңгейі сапалы екендігін талдау барысында көрсетіп кеттім.Бұл компания Қазақстанның ең білімді әрі бәсекеге қабілетті мамандармен жұмыс істейді.Сонымен қоса, кеден заңдылықтарымен қатаң нормаларына сай жұмыс атқарады. «High tech logistic»  компаниясы қазіргі таңда тұтынушылардыі талабына сай, бәсекеге қабілетті, лидер компаниялардың қатарында. Қазақстан үшін оның үлкен территориясымен қайта шығарудың жергілікті ерекшеліктері, соның ішінде жергілікті транспорттық факторлар: транспорттық коммуникациялар, сол аудандағы транспорттық және транспорттық-экспедициялық кәсіпорындар, транспорттық түйіндер, терминалдар және т.б. маңызды орын алады. Әрбір ауданының экономикасының қолдану саласында қандай да бір логистикалық функцияларды атқаратын кәсіпорындардың үлкен тобы жұмыс жасайды: транспорттық фирмалар, көтерме сауда делдалдары, банктер, транспорттық-қоймалық кешендер, жүктік терминалдар және т.б. Тұтынушыларға қызмет көрсету сапасының заманауи біріккен логистикалық технологияларды енгізу және логистикалық сервистің жергілікті өндірістік техникалық базасының дамуы арқасында әлемдік стандарттарға сай бола алады. Компания сыртқы экономикалық байланыстарды шетелдік инвестицияларды және серіктестерді қалыптасып жатқан макрологистикалық жүйеге тарту, әлемдік стандарттарға сай экспорттық-импорттық операциялардың транспорттық-логисткалық қызмет көрсетудің жоғары деңгейін, транспорттық тасымалдаудағы әлемдік нарықтағы Қазақстандық тасымалдаушылар мен логистикалық фирмалардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатумен жұмыс істеуде.

3 Қазақстан Республикасының инновациялық жүйесінің даму бағыттары мен мәселелері

 

3.1 Үдемелі индустриялы-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы аясындағы өтпелі шарттары

 

    Біздің еліміздің болашағы оның интеллектуалды қоры,  ғылым және инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арналған Жолдауында айтылған болатын. Өмір өзі көрсеткендей, шикізат сатуға бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы ғылыми жетістіктеріне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтіп, халық өмірін  жақсартуға қабілетті. Сондықтанда,  ғылымға және ғылыми-техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

     Ғылыми-техникалық әлеует кез-келген мемлекеттің  ұлттық байлығының негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, экономикалық даму, көркеюдің негізгі жолы негізгі жолы – ғылыми-техникалық және инновациялық салада көшбасы болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құрылуына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен  бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады. Сондықтан бүкіл дүние жүзіндегі кәсіпкерлер инновацияларды тиімді басқару мен ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі. Ал мемлекет өз тарапынан ғылыми-техникалық және инновациялық даму саласына қолдау жасап, тиімді саясат жүргізіп отырады. Өйткені мемлекет ғылыми-техникалық және инновациялық саясат – ғылыми-техникалық жетістіктерді адам игілігі үшін пайдаланып, адамзат өмір сүру  жағдайларын сапалы түрде жақсартуға бағытталған. Ал бұл бүкіл  адамзат тіршілігі мен шаруашылығының негізгі басты мақсаты. Қазір Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық зерттеулері мен  инновациялық саласы дағдарыстық жағдайда. Бірақ сол қиындықтарға қарамастан Қазақстан кәсіпкерлері шет ел жаңалықтары мен ғылыми-техникалық жетістіктерін табысты түрде игеріп, оларды жоғарғы қарқынмен  қызметтеріне енгізіп келеді. Әрине  бұл инновациялар халықаралық технологиялық деңгейге көтерілуге мүмкіндік береді, бірақ сол ғылыми-техникалық жетістіктердің көбісі тек біз үшін ғана инновация, ал шетелдіктер үшін олар кешегі күн жаңалықтары. Сондықтан да  шетел технологиясы мен техникасын игерумен қатар өз ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетіміздің дамуына жағдай жасап, отандық ғалымдардың ғылыми жетістіктерін өндіріске енгізіп, оларды бағалай білуіміз керек.

      Инновациялық прогрестің инновациялық саясатпен тікелей байланысты екендігі ақиқат. Осы тұрғыдан алғанда, инновациялық прогресті жаңа жағдайда мемлекеттік реттеу былай түсіндіріледі:

  • ірі инновациялық жобаларды іске асыруда белгілі бір уақытта кәсіпорын өзін-өзі  қаржыландыра алмаса, оған мемлекет тарапынан құрылған орталықтың көмегі керек болады. Бұл өз кезегінде ғылыми ізденістің тәуекелшілік элементтерімен байланысын көрсетеді;
  • мемлекеттік үйлестірушілік қызметін керек ететін және технологиялық жүйелердің мызғымастығын анықтайтын кешенді өндірісті білдіретін, өнеркәсіптің тиімділігін арттыратын және технологиялық жылжушылыққа әкелетін ғылым мен техниканың жеті<span class="dash041e_0431_044b_

Информация о работе Ұлттық инновациялық жүйелерді ұйымдастыру