Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 13:47, курсовая работа
Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей «мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек» деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр.
Кіріспе...............................................................................................................
3
1
Ұлттық инновациялық жүйелерді ұйымдастыру: институционалдық аспект
1.1
Инновациялық қызмет түсінігі, мәні және оның түрлері..........................................................................................................
5
1.2
Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесі мен оның құрылымы.......................................................................................
8
2
«High tech logistic» ЖШС инновациялық кәсіпорынның дамуын талдау
2.1
Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау...........................................................................................................
15
2.2
Кәсіпорындағы инновациялық кәсіпкерлік дамуын бағала...........................................................................................................
17
3
Қазақстан Республикасының инновациялық жүйесінің даму бағыттары мен мәселелері
3.1
Үдемелі индустриялы-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы аясындағы өтпелі шарттары..................................................................
21
3.2
Инновациялық жүйенің институционалдық базасының дамуы............................................................................................................
27
Қорытынды.........................................................................................................
41
Шағын инновациялық кәсiпорындарды дамыту мен қолдаудың пәрмендi тетiктерiнiң бiрi бизнес-инкубация процесi болып табылады, яғни табыстың мүмкiндiгiн айқындау әлi күрделi, оларды дамытудың әлi ерте, қауіптi кезеңiнде инновациялық жобаларға қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ технологиялық компанияларды жедел дамыту үшiн процесс. Инновациялық жүйенi қалыптастырудың бастапқы барысында инновациялық кәсiпорындарды дамытудың бастапқы барысында жинақталған, инновациялық инфрақұрылымның бөлiгi болуы тиiс, «технологиялық бизнес-инкубаторлардың» жүйесiн Қазақстанда құру инновациялық кәсiпкерлiктi дамытуда мемлекеттiң басты мiндеттерiнiң бiрi болады.
Технологиялық бизнес-инкубаторлар дербес бiрлiк және технологиялық парктердiң бөлiгі ретiнде көрiнiс бередi. Бұдан өзге, инновациялық компанияларды қаржыландыру желiсi бойынша технологиялық бизнес-инкубаторлар қаржыландырылатын жобаларды басқару және оларды ағымдағы мониторинг бойынша ҰИЖ агентiнiң функциясын орындайтын болады. Осы функцияларды iске асыру үшiн технологиялық бизнес-инкубаторлар бiлiктi менеджерлердiң, бухгалтерлердiң, экономистердiң және заңгерлердiң штатына ие болады. Бұл ретте, технологиялық инкубаторлардың қызметi инкубацияланатын шағын инновациялық компаниялар үшiн тегін болады. Технологиялық бизнес-инкубаторлардың бiрiншi кезеңдегі оларда орналастырылған инновациялық кәсiпкерлер мен инновациялық фирмаларға, ҒЗТКЖ-ға мемлекеттiк гранттарды алушыларға қызмет көрсетумен байланысты шығындарын тиiстi даму институттарын капиталдандыру жолымен мемлекет өтейтiн болады. Инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту көзқарасынан технологиялық бизнес-инкубаторлар мынадай функцияларды орындауы тиiс:
1.Жаңа технологиялық компанияларды ұлғайту және оларды «Start-up» кезеңiнде қолдау, өйткенi инкубаторлар кәсiпорынды басқаруда тұрақты көмек көрсететi н болады, қаржыландыруға қол жеткiзуге және кәсiпорынды бизнестi жоспарлау,бухгалтерлiк және заңгерлiк мәселелерiнде маркетингтiң жоспарларын жасау кезiндегi көмектi қоса алғанда, қажеттi қызмет пен технологиялық көмектiң кешенiн қамтамасыз етедi.
2. Компания иелерiн
инновациялық менеджмент
Тәжірибе көрсететiндей, технологиялық инкубаторлар кәсiпорындарға кез-келген басқа жерде бастайтын кәсiпорындармен салыстырғанда, олардың дамуын 7-12 есе жылдамдата отырып, «жедел мәре» бередi. Инкубаторлар бұған арнайы дайындалған мамандардың, рәсiмдердiң және әдiстердiң көмегiмен қол жеткiзедi. 2007 жылға дейiнгi кезеңде технологиялық парктердiң құрамынан Қазақстанның әртүрлi өңiрлерiнде және Қазақстанның жетекшi техникалық, аграрлық және медициналық жоғарғы оқу орындарының жанынан кем дегенде 12 арнайы технологиялық бизнес-инкубаторлар және технопарктер жанындағы 8 оқу орталықтарын құру болжануда.
Жетекшi технологиялық жоғары оқу орындары жанынан бизнес инкубаторлар мен технопарктер құру қазақстандық әзiрлеушiлер ұсынатын барлық инновациялық бастамаларды бiрте бiрте қамтуға алып келедi деп болжанады, бұл жыл сайын 300-ден астам жобаларды құрайды.
Қорытындылайтын болсам ұлттық инновацияны жүзеге асыру үшін стратегияларды жүеге асыру нәтижесінде жетістіктерге қол жеткізу. Инновациялық идеялардың туындауына септігімізді тигізу болып табылады. Ғылыми зерттеу ұйымдарын, ғылыми зерттеу институттарын, қаржылық институттарды қолдап, дамыту. Әлемдік экономиканы жаһандандыру аясындағы проблемаларға төтеп беру. Яғни, экономиканың шикiзаттық бағыттылығы, әлемдiк экономикамен елеусiз ықпалдастық, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалуы, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға шығыстардың төмендігі және т.с.с.
2 «High tech logistic» ЖШС инновациялық кәсіпорынның дамуын талдау
Мен өзімнің тақырыбымды талқылауда «High tech logistic» атты компаниялар тобын және құрамына кіретін «ДАМУ» индустриалды-логистикалық орталығын қарастырғым келеді.
«High tech
logistic» компаниясын
Компанияның үлкен, кең көлемді ғылым базасы мен бай тәжірибесі бар және де ол логистика сферасындағы ең жаңа, ең күшті жетістіктерін пайдалануда.
«High tech logistic» - бұл Ресей мен Қазақстанның ең білімді де, бәсекеге қабілетті мамандарын құрамына кіргізген берік команда. Компанияның көрсететін қызметі барлық бизнес түрлерін дамытуға әсерін тигізеді. Компания тұтынушыларының тауарларын сақтау жүйелері, оларды тасымалдау және көптеген кеден операцияларын іске асырады. Тауарлардың запаста тұрып қалу тәуекелділігін азайту жолымен тұтынушы компаниялардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға көмектеседі. «High tech logistic» қызметін қолданып отырған тұтынушы компаниялар келесілер: Gallaher, Stada, Oriflame, Raimbek bottlers, Schwarzkoph &Henkel, Procter &Gamble, Colgate-Palmolive, Tetra Pak, Tupper Ware, Adidas, Nokian Tyres, Food Master, RG Brands, Samsung және т.б.
Компания ҚР-ның кеден заңдылықтарын қатал нормаларына сай жұмыс атқарады және технологиялық құрылымның жоғарғы деңгейі тұтынушыларды көрсетілетін сапалы қызметтің кең спектрімен қамтамасыз етеді:
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
2011 ж. |
2012 ж. |
|
Ауытқу | |
(+;-) |
% | |||||
Өнімді өткізуден түскен табыс |
мың тг. |
147851,2 |
196358,3 |
48507,1 |
13,2 | |
Өткізілген өнімнің өзіндік құны |
мың тг. |
108569,2 |
135363,4 |
26794,2 |
12,4 | |
Жалпы табыс |
мың тг. |
39282 |
60994,9 |
21712,9 |
15,5 | |
Кезең шығындары |
мың тг. |
36942,4 |
58687,5 |
21745,1 |
15,8 | |
Негізгі қызметтен түскен табыс |
мың тг. |
2339,6 |
2307,4 |
-32,2 |
9,8 | |
Негізгі емес қызметтен түскен табыс |
мың тг. |
14455,6 |
12654,6 |
-1801 |
8,7 | |
Салық салғанға дейінгі жиынтық табыс |
мың тг. |
16795,2 |
14962 |
-1833,2 |
8,9 | |
Таза табыс |
мың тг. |
11756,6 |
10473,4 |
-1283,2 |
8,9 | |
Өткізілген өнімнің 1 тг кеткен шығындар |
тг. |
0,98 |
0,99 |
0,01 |
10,1 | |
Өнім рентабельділігі |
% |
2,15 |
1,7 |
-0,4 |
- | |
Сату рентабельділігі |
% |
7,95 |
5,33 |
-2,6 |
- | |
Өндіріс рентабельділігі |
% |
0,14 |
0,19 |
0,05 |
- | |
Жұмыскерлер саны |
адам |
347 |
386 |
39 |
11,1 | |
с.і.: жұмысшылар |
адам |
275 |
362 |
87 |
13,1 | |
Бір жұмысшының еңбек өнімділігі |
Мың тг. |
537,6 |
542,4 |
4,8 |
10,3 | |
Жұмыскерлердің еңбек ақы қоры |
Мың тг. |
51289,4 |
69631,7 |
18342,3 |
13,5 | |
с.і.: жұмысшылардың еңбек ақы қоры |
Мың тг. |
47786,3 |
61302,0 |
13515,7 |
12,8 | |
Бір жұмыскердің орта айлық еңбек ақысы |
тг. |
12317,3 |
15032,8 |
2715,5 |
12,2 | |
Бір жұмысшының орта айлық еңбек ақысы |
тг. |
14480,7 |
14111,9 |
-368,8 |
97,4 | |
Негізгі құралдардың орта жылдық құны |
Мың тг. |
148796,1 |
166257,1 |
17461 |
11,7 | |
Амортизация мөлшері |
% |
15,1 |
17,7 |
2,6 |
- | |
Айналым құралдарының орта жылдық құны |
Мың тг. |
(86,4%) 128559,8 |
(88,9%) 147802,6 |
19242,8 |
11,5 | |
Бір айналым ұзақтылығы |
күн |
313 |
271 |
-42 |
0,87 | |
Айналымдылық коэффициенті |
1,15 |
1,33 |
0,18 |
11,6 | ||
Қор қайтарымдылығы |
Тг. |
0,99 |
1,2 |
0,21 |
12,1 | |
Қор сиымдылығы |
Тг. |
1,1 |
0,85 |
-0,4 |
0,77 | |
Қормен қарулану |
Мың тг. |
541,1 |
459,3 |
-81,8 |
8,9 | |
Амортизация сомасы |
Мың тг. |
22468,2 |
29427,5 |
6959,3 |
13,1 |
Кестенің мәліметтеріне сәйкес кәсіпорынның өткізілген өнімнен түскен табысы 2012 жылы 196358,3 мың теңгені құрады, яғни 2011 жылмен салыстырғанда 13,2% пайызға өскені байқалады. Ол кәсіпорынның маркетингтік саласының артуы мен жұмыс өндірісінің дамуынан болған. Кәсіпорынның жалпы табысы 2012 жылы 60994,9 мың теңгені құрады, яғни 2011 жылмен салыстырғанда 15,5 пайызға өскені байқалады. Ол да жұмыс өндірісінің дамуынан болған. Кәсіпорындағы жұмыскерлер саны 2012 жылы 386 адам болды, яғни 2011 жылмен салыстырғанда 39 адамға көбейді. Ол кәсіпорынның қызмет көрсету саласының кеңейгенінен болды. Қор қайтарымдылығы 2012 жылы 1,2 теңгені құрады, яғни 2011 жылмен салыстырғанда 12,1 пайызға өскенін көрсетеді. Ол кәсіпорынның пайдалану деңгейінің өсуінен болды.
2.2 Кәсіпорындағы
инновациялық кәсіпкерлік
«High tech logistic» компаниясының жаңа проектілері.
«Икар» кедендік-қоймалық терминалы.
Көлемдері мен технологиялары:
«Первомайский» кедендік-қоймалық терминалы
Көлемдері мен технологиялары:
Ал, енді «Даму» индустриалды-логистикалық орталығын қарастырайық.
«Даму» индустриалды-логистикалық орталығының байланыстары.
«3А» стратегиясы – бұл Қазақстанның үш ең ірі транспорттық түйіндерін (Астана – Алматы – Ақтөбе) бірлескен жүйеге келтіру концепциясы. Әрбір транспорттық түйін өзіне арналған территорияны қызметпен қамтамасыз етеді: Ақтөбе – батысты, Алматы – оңтүстік-шығысты, Астана – солтүстікті. Мемлекеттегі сапа мен тауар айналым динамикасын жақсарту мақсатында осы транспорттық түйіндерде қуатты жаңашыл индустриалды-логистикалық комплекстер құрылды, осы арқылы «High tech logistic» компаниясы бірлескен логистикалық байланысты дамытуды жоспарлауда. Біздің мемлекетіміздің территориясын басып алатын жоғарғы сапалы логистикалық байланыстың пайда болуы Қазақстанның Еуропа мен Азияны байланыстырушы звено статусын одан әрі қуаттауға мүмкіндік береді.
«Даму-Алматы»
инновациялық-логистикалық
Орталық келесідей инфрақұрылым объектілерінен құралған:
Информация о работе Ұлттық инновациялық жүйелерді ұйымдастыру