Кәсіпорынның пайдасы, оның түсінігі және мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 09:30, курсовая работа

Краткое описание

Экономикада пайданың мәні өте үлкен. Оны білу әрбір кәсіпкердің міндеті. Өйткені капиталдың дұрыс жүруіне ықпал ететін негізгі фактор - пайда. Пайда болмаса, кәсіпорын немесе өнеркәсіп, яғни жалпы тілмен айтқанда, капитал, жүрмей, кәсіпкер банкротқа ұшырап, мекеме жабылып қалады. Осыны біле отырып, кәсіпкер қауіпті іспен шұғылданады. Мұндағы қауіпті іс деп отырғанымыз - бизнес. Бизнес шынында да қауіпті іс болып саналады. Өйткені банкротқа ұшыраған кәсіпкердің ұзақ уақыт бойы істелінген жұмысының күлі көкке ұшырайды. Сондықтан, пайда табуды білген кәсіпкер бұндай қауіпке ұшырамаудың жолдарын зерттеп білгені дұрыс.

Оглавление

КІРІСПЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3 - 4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Пайданың мәні, мазұмұны. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4 - 6

2.2 Пайданы бөлудің принциптері мен қызметтері . . . . . . . . . . . . . . . . . 6 -11

2.3 Пайданы бөлудің қажеттілігі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .11 - 18

2.4 Пайда нысаныдары және олардың жолдары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .18 - 26
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27 - 28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . .

Файлы: 1 файл

Кәсіпорынның пайдасы, оның түсінігі және мәні.doc

— 343.00 Кб (Скачать)
 

      Жетілген  бәсеке ұғымына және осы жағдайдағы форма тепе-теңдігіне тағы да оралайық. Бұрын көзіміз жеткендей, тепе-теңдік MC = p болғанда болады. P, яғни баға жетілген бәсеке жағдайында нақты табыспен сәйкес келеді, сондықтан былай деп жазуға болады: MC = MR = P фирмаға толық тепе-теңдікке жету үшін, Дж. Робинсон атап өткендей, екі шарт орындалуы керек:

  1. шекті табыс шекті шығындарға тең болуы керек;
  2. баға орта шығындарға тең болуы керек. Ал бұның мәні:

                               MC = MR = P = AC

    Монополист  фирманың рыноктағы тәртібі шекті табыстың (MR) және шекті шығындардың (MC) өсіңкілігімен де анықталады. Неге? Өйткені әрбір қосымша өнім жалпы табысқа және бір уақытта жалпы шығындарға да фирма қайсыбір көлемді қосады. Фирма барлық уақытта осы екі көлемді салыстырып отыру керек. MR мен MC арасындағы айырмашылық жағымды болғанға дейін фирма өндірісті ұлғайта береді. Мынадай ұқсастықты байқауға болады: потенциалдардың айырмашылығы электр тоғының қозғалысын қамтамасыз етсе, MR мен MC арасындағы жағымды айырмашылық фирманың өндірісінің ұлғаюын қамтамасыз етеді. Ал MR = MC болған жағдайда фирма тепе-теңдігі орнайды. Бірақ жетілмеген бәсеке кезінде қандай баға орнығады? Мұндайда орта шығындар (AC) қандай болады? MC = MR = P = AC формуласы сақтала ма?

      3-кестеге  көңіл аударайық. Монополист, әрине, өнімдер үшін жоғары баға белгілеуге ұмтылады. Алайда, егер ол 41 доллар баға қойса, онда ол 1 ғана тауар сатады және оның жалпы табысы 41 доллар, ал пайдасы (41 - 24) = 17 доллар.

      Пайда дегеніміз жалпы  табыс пен жалпы  шығындардың айырмашылығы. Айталық монополист бағаны біртіндеп төмендетіп 35 доллар қояды. Онда ол 1 тауардан артық 4 тауар өткізе алады, бірақ бұл да аз ғана сату көлемі. Бұл жағдайда оның жалпы табысы 140 доллар (35 * 4), ал таза пайдасы (140 - 72) = 68 доллар.

      Сұраныс қисық сызығына ілесе отырып, монополист бағаны төмендетіп, сату көлемін ұлғайтуы мүмкін. Мысалы, 33 доллар бағада ол 5 тауар сатуы мүмкін. Бұл жағдайда бір тауарға тиісті таза пайда азайғанымен пайданың жалпы көлемі өседі. Таза пайдасын ұлғайту үшін жетілмеген бәсекелес бағаны қандай шекке дейін төмендете алады? Айқыны, шекті табыс (MR) шекті шығындарға (MC) тең болғанда, бұл 9 тауарды сатқандағы жағдай. Нақ осындай таза пайданың көлемі ең жоғары болады, яғни (225 - 117) = 108 доллар. Егер сатушы бағаны 25 доллардан (яғни, ең жоғары пайда - 108 доллар пайда алған бағадан) 23 долларға дейін төмендесе, онда мынадай нәтиже болады: 10 тауар сатып алушы 5 доллар табыс ала алатын еді, ал шекті шығындар онда 10,5 доллар болар еді. Сондықтан 10 тауарды 23 доллар бағамен сату сатушының таза пайдасын азайтады: (230 - 125,5) = 104,5 доллар.

      Осы кестені қарағаннан қандай қорытынды  шығаруға болады. Жетілмеген бәсеке негізінде  фирма тепе-теңдігі, яғни шекті шығындар мен шекті табыстың теңдігі немесе (MC = MR) орта шығындар өзінің ең төмен деңгейіне жетпейтін өндірістің көлемі кезінде болады. Баға бұл кезде жеке өнімнің орта шығындарынан жоғары болады. Жетілмеген бәсеке кезінде MC = MR = P = AC теңдігі сақталады. Жетілмеген бәсеке кезінде (MC = MR) < AC < P график арқылы түсіндірейін. 2-суретте көрініп тұрғандай, фирма тепе-теңдік жағдайы E нүктесімен (MC және MR) қиылысу нүктесінде анықталады, одан ДД сұраныс қисық сызығына дейін тік сызық жүргіземіз. Осылайша барынша көп таза пайда қамтамасыз ететін бағаны білеміз. Бұл баға E1 деңгейінде орнығады. Торланған тік бұрыш монопольді пайданы көрсетеді.

      

      

      

      

      

      

      

        

      Жетілген  бәсеке жағдайында фирма сату бағасын  төмендетпей өз өндірісін ұлғайтады. Өндіріс MC мен MR теңдігіне жеткен сәтке  дейін ұлғаяды. Жетілмеген бәсекелес  те сол ережені басшылыққа алады. Өндірісті ұлғайту, тоқтату және қысқарту туралы шешім қабылдай отырып, ол қосымша табысты салыстырады, яғни өзінің MC және MR салыстырады. Ол өндіріс көлемі MC және MR теңдігіне дейін ұлғайтады. Бірақ өндіріс көлемі бұл кезде, жетілген бәсекеге қарағанда аз болады, яғни Q1 < Q2. Жетілген бәсекеге кезінде нақ E2 нүктесінде шекті шығындар (MC), орта шығындардың ең төменгі мәні (AC) және сату бағасының деңгейі (P) сәйкес келіп қалады. Егер (P2) бағасы E2 нүктесі деңгейінде орнықса, онда монопольді баға болмаған болар еді. Басқаша айтқанда жетілмеген бәсеке жағдайында монопольді пайда “қарапайым” пайданың деңгейінен асып түседі. Фирманың бағаны E2 нүктесі деңгейінде белгілеуі альтруизм деп қарауға болады. Бұл нүктеде MC = AC = P. Бірақ MC = MR. Рационалды түрде әрекет етуші фирма қоғамдық мүдделер үшін өндірістің ұлғаюы қосымша табыстарға қарағанда ол үшін үлкен қосымша шығындар орын алатынын дұрыс жағдай деп есептемейді.

      Қоғам өндірістің үлкен көлемі мен жеке өнімге аз шығындарға ынталы. Q1 -ден Q2 -ге дейін шығарудың өсуі кезінде орта шығындар азаяр еді, бірақ онда қосымша өнімді өткізу үшін не бағаны төмендету, не сатуды ынталандыратын шығындарды көбейту керек. Бұл жол жетілмеген бәсекелес үшін жарамайды. Ол өз рыногын бағаны төмендету арқылы бұзғысы келмейді. Фирма бағаны барынша көбейту үшін шекті шығындардан асатын бағаға себепші болатын белгілі бір тапшылық жасайды. Жетілмеген бәсеке рыногы үлесінде монопольді пайда жетілмеген бәсеке белгіленген әдеттегі пайдадан артық пайда ретінде түсініледі. Монопольді пайда жетілген бәсекені бұзу ретінде, рыноктағы монопольді фактордың көрінісі ретінде көрінеді.

      Маңызды сұрақ: бұл артық пайда қарапайым  пайдадан көп қаншалықты тұрақты  сақталады? Ол осы салаға жаңа фирмалардың  ену мүмкіндіктеріне байланысты. Жетілген бәсеке кезінде қосымша  пайда салаға (әдеттегіден жоғары) жаңа фирмалардың көптеп енуіне байланысты тез жоқ болып кетуі мүмкін. Егер салаға ену тосқауылдары жеткілікті жоғары болса, онда монопольді пайда тұрақты сипат алады. Жетілген бәсеке өндірістің барлық факторларының бір саладан екінші салаға еркін сақталуына жол ашады. Сондықтан жетілген бәсеке жағдайында, неоклассикалық мектеп атап көрсеткендей, нөлдік пайдаға деген тенденция анық көрінеді. Нөлдік, пайданың жоқ болуы емес, тек пайданың әдеттегі деңгейінде болуы. 

ҚОРЫТЫНДЫ 

     Айналыс шығындары өнеркәсіп капиталына өнім бермейтін шығындар болып көрінеді және шыныда да солай. Көпеске бұл шығындар пайданың көзі болып көрінеді, ал пайда, - егер жалпы пайда нормасын жорамалдайтын болсақ, - сол шығындар көлеміне сәйкес болады. Сондықтан, осы айналыс шығындарына жұмсалатын қаражат сауда капиталына өнім беретін шығын болып көрінеді. Демек, ол сатып алатын сауда еңбегі де ол үшін - тікелей өнім беретін еңбек.

     Айткан  сөзді қорытындылай келетін болсақ, кәсіпкер үшін пайда ролін және қызметін білген өте қажет. Себебі Қазақстанның қазіргі экономикалық өтпелі кезеңінде капиталмен айналысу үшін экономикалық теорияның негізін, пайда табудың мәнін білу ең керек білімдердің бірі болып табылады. Егер капитал жүрмесе, кәсіпкер банкротқа ұшырайды, бірақ бұл қауіпке қарамастан бизнеспен айналысады, демек, ол рискке барады. Пайда таппаса, дами алмайды, демек, нарықтық экономикаға бейімделе алмайды. Неге? Өйткені кәсіпкер пайда табудың мәнін білмейді. Экономикалық теорияда сұраныс пен ұсыныс қана қарастырылмайды, экономикалық теорияда жалпы экономиканың заңдылықтары зерттеледі.

     Демек, пайда - нарықтық экономиканың негізі болып табылады.

     Пайданың  нарықтық экономиканың негізі ретінде  қарастыра отырып, оның теориялары мен мәнін, қызметін және экономикадағы  ролін қысқаша айту мүмкін емес, оған себеп – жоғарыда айтылып кеткендей, пайда – нарықтық экономиканың негізі.

     Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда  түсімі болып табылады, яғни өндірісітің  және айналымның қаржы қорытындысын білдіретін кәсіпорын жұмысының  нәтижелі көрсеткіші. Сонымен, пайда дегеніміз - өнім сатудан және қызмет көрсетуден түскен ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы.

     Пайда өндіріс және таза табысты бөлу, экономикалық ынталандыру қорын  жасау және пайдалану үдерісі  кезінде кәсіпорын ұжымдары мен оның жеке мүшелерінің арасында, сонымен бірге мемлекеттік кәсіпорындар мен жеке кәсіпорындар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастардың белгілі бағытын білдіреді.

     Кәсіпорындар  пайдасының жалпы мөлшеріне мыналар  жатады: олардың өнімдерін сатудан түскен пайда, көмекші, қайта өңдейтін өндірістен және олардың салаларынан, қызмет көрсетуден алынатын кіріс, сатуға жатпайтын кірістер.

     Пайдалылық  дегеніміз – кәсіпорынның пайдамен және табыспен жұмыс істеуі.кономикалық категория ретінде пайдалылық кәсіпорынның тек қана ағымдағы өндірістік шығындарды өнімдер сатумен қызметі үшін ақшалай өндіріп алынған қаржымен өтеу қабілеттілігін ғана емес, сонымен қатар өндірісті ұлғайтуға және дамытуға, еңбекшілердің мәдени тұрмыс дәрежесін арттыруға қажетті пайда ала алатындығын да көрсетеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

  1. Кулагин   П. «Рынок  в социалистической экономике» -  Қаржы экономика 2005.- 356-361 бб.
  2. Чалбаев К.К. «Интенсификация производства  и рыночные отношения» - М., Экономика, 1999 ж. 134 б
  3. Блеутаева К. Б. Қаржы. Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2006 жыл.- 220-264 бб.
  4. Мельников В. Д., Ли В. Д. Қаржының жалпы курсы: Оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2005.- 165-167 бб.
  5. Шеденов Ө.Қ. Жалпы экономикалық теория,-Алматы 2002.- 236-239 бб.
  6. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: -   Алматы: Қазақ университеті, 2005 жыл.- 365-368 бб.
  7. Абилов Р.Д. «Нарықтық қатынастарды дамыту»// Қаржы-қаражат, 2005ж.№6. 35-37 бб.

Информация о работе Кәсіпорынның пайдасы, оның түсінігі және мәні