Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 09:30, курсовая работа
Экономикада пайданың мәні өте үлкен. Оны білу әрбір кәсіпкердің міндеті. Өйткені капиталдың дұрыс жүруіне ықпал ететін негізгі фактор - пайда. Пайда болмаса, кәсіпорын немесе өнеркәсіп, яғни жалпы тілмен айтқанда, капитал, жүрмей, кәсіпкер банкротқа ұшырап, мекеме жабылып қалады. Осыны біле отырып, кәсіпкер қауіпті іспен шұғылданады. Мұндағы қауіпті іс деп отырғанымыз - бизнес. Бизнес шынында да қауіпті іс болып саналады. Өйткені банкротқа ұшыраған кәсіпкердің ұзақ уақыт бойы істелінген жұмысының күлі көкке ұшырайды. Сондықтан, пайда табуды білген кәсіпкер бұндай қауіпке ұшырамаудың жолдарын зерттеп білгені дұрыс.
КІРІСПЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3 - 4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Пайданың мәні, мазұмұны. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4 - 6
2.2 Пайданы бөлудің принциптері мен қызметтері . . . . . . . . . . . . . . . . . 6 -11
2.3 Пайданы бөлудің қажеттілігі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .11 - 18
2.4 Пайда нысаныдары және олардың жолдары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .18 - 26
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27 - 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . .
Өнеркәсіп иесі өзінің 900 өлшем капиталына 162 өлшем өнеркәсіп пайдасын, ал саудагерлер өзінің 100 өлшем капиталына -180 өлшем сауда пайдасына ие болады:
Өнеркәсіп капиталистері саудагерлер тауарларын құнынан төмен бағамен сатады: 720с + 180v + 162р = 1062. Сауда капиталистері тауарлы өнімді құнына тең өндірістің қоғамдық бағасымен сатады.
720с + 180v + 162р + 18Һ = 1080 (р - өнеркәсіп пайдасы, һ - сауда пайдасы).
Бұдан шығар қорытынды, сауда капиталы қосымша құн өндірмейді, алайда оны бөлуге және орта пайдамен теңестіруде қатынасады. Нәтижесінде орта пайда 20-дан 18%-ке кемиді. Алайда бұл өнеркәсіпшілер мүддесіне қайшы келмейді. Егер, олар тауарларды сатумен тікелей айналысатын болса, айналыспен байланысты уақыт пен шығын анағұрлым көп кетер еді де, өнеркәсіп капиталының нормасы төмен болар еді. Сонымен сауда пайданың табиғаты өнеркәсіптік пайдасындай болғаны. Олар құнның бөліктері.
Қосымша
құнды бөлуде қызмет істеуші өнеркәсіп
және сауда капиталистерге ғана емес,
ақша қаражатының иесі қарыз капиталистері
де қатысады. Қарыз капиталды капиталдың
ең бүркемеленген түрі, онда қосымша құн
алудың көзі мүлдем жасырын көріністе.
Қарыз капиталының А - А1 қозғалысында
капиталдың өгейленуі мен оған құн өсімін
алумен байланысты аралық фаза түсіп қалады.
Мұнда құнның өсу көзі, шын мәнінде, жасырын
қалып отыр. Мұнда капитал аралық қозғалыссыз
"ақша түсімін" күтіп отырған ақша
ретінде көрініс алады. Бірақ, қосымша
құн теориясы бойынша ақша, шын мәнінде,
өздігінен өспейді, ол қызмет етуші капиталистердің
қолында жалдамалы еңбекті қанау арқылы
қосымша құн алуға пайдаланылатын нақты
капиталға айналады. Қарыз капиталы шаруашылық
қызметімен айналыспайды, тек купондарды
қиып отырумен шектеледі. Сонымен қарыз
капиталы капитал-меншік иесі, өзіндік
қозғалыс формасы бар ерекше тауар, оның
иесіне өндіріс саласына қатыспай-ақ қосымша
құнның бір бөлігін процент түрінде иемдену
мүмкіндігін береді. Қарыз берушінің қолында
қарызға берген капиталы үшін төлем қарыз
процент түрін қабылдайды. Қарыз
проценті - қосымша
құнның ерекше формасы.
Өндіріс немесе сауда қызметін
істеуші меншік иесі, қарыз
ала отырып, ақша иесіне алынған
соманың белгілі бір бөлігін процент түрінде
төлейді. Қарыз
проценті қосымша
құнның бір бөлігі, оны
кәсіпкерлер қарыз берушіге
беруге міндетті.
Қарыз капиталынан түскен пайда екі бөлікке
бөлінеді: Капитал
иесінің иемденетін
проценті мен қарыз
алушы иемденетін кәсіпкерлік
табыс. Қарыз процентінің белгілі дәрежесі
немесе нормасы бар. Процент нормасы қарыз
капиталына алынған жылдық табыс саласының,
қарызға берген капитал саласына қатынасы.
Қарыз капиталын пайдаланғаны үшін төлем
процент нормасы арқылы көрініс алады.
Процент нормасы қарыз капиталынан алынған
жылдық табыстың бүкіл қарыз капиталына
қатынасымен өлшенеді. Егер, қарызға берген
капиталды 100 мың долл. деп ұйғарсақ, ал
осыдан жылдық табыс 6 мың долл. болады,
онда процент нормасы
процентке
тең. Қарыз проценті белгісіз өлшем,
оның орта пайда нормасымен байланысты
болатыны, соңғысы ең жоғарғы шек, әдетте,
қарыз проценті одан асып кете алмайды.
Бұдан шығар қорытынды, пайда нормасының
төмендеу тенденциясының орын алуымен,
процент нормасы да төмендейді.
2.4 Пайда нысандары және олардың жолдары
Шекті пайдалылықтың мөлшері тауардың саны мен соған қажеттіліктің дәрежесіне тәуелді болады. Сонымен бірге адамның әр түрлі қарқындылық дәрежесімен сипатталатын қажеттіліктері көп болады. Қажеттіліктің қарқындылығын бағалау субъективті болғанмен, объективті түрде бірінші шұғыл қажеттіліктерді маңыздылығы кем қажеттіліктерден айыруға болады. Қажеттіліктерін қанағаттандыруды адам ең шұғыл қажеттіліктерден бастайды да, біртіндеп шұғылдығы аздауға көшеді, осындай қимылдардың арасында ең соңында тұтынылған игіліктерінің шекті пайдалылығы бірдей болады. Бірақ адам рыноктан қажетті игілікті сатып алғанда, әр түрлі сомадағы ақша мөлшерін жұмсайды. Өйткені әр тауардың өз бағасы бар. Егер игіліктің шекті пайдалылығын оның бағасына бөлсек, онда өлшенген шекті пайдалылық бағаға пропорционалды болғанша, немесе өлшенген шекті пайдалылықтар бірдей болғанша кеңітеді. Тұтыну тепе-теңдігінің шартын былай бейнелеуге болады:
Бұл жерде MU - жеке тауарлардың пайдалылығы, ал P - олардың бағасы.
Маржиналистік теорияда шекті пайдалылықтың абсолютті мөлшерін сандық өлшеу мәселесі маңызды орын алады. Осындай өлшеуіш деген нені есептеу керек, яғни қандай өлшем бірлігінде игіліктердің шекті пайдалылығы бағалануы және салыстырылуы керек? Осындай көрсеткішті табуға бола ма? Осы сұрақтардың жауаптарына байланысты шекті пайдалылық теориясын жақтаушылар екі бағытқа бөлінді: кардиналистер және ординалистер.
КАРДИНАЛИСТЕР шекті пайдалылықтың абсолютті мөлшерін өлшегішті іздеумен шұғылданады (У. Джевонс, А. Маршалл, Д. Робертсон). Алайда олардың бұл ізденістері нәтижесіз болды да, салыстыру кезінде бәрінен жиі пайдалылықты ақшалай бағалау қолданды.
ОРДИНАЛИСТЕР жалпы мұндай әмбебап өлшем бірлігін іздеуден бас тартты да, басқа жол ұсынды (В. Парето, Дж. Хикс, тағы басқалары). Мысалы, В. Парето шекті пайдалылықтың абсолютті өлшеуішінің орнына салыстырмалы талдауға көшкен жемісті болар еді деген идея айтты, яғни сатып алушылардың (сатушылардың) тауарларды бір қисындасуын басқа қисындасуынан таңдап алу себебін анықтау. Мұндай талдаудың құралы (тетігі) ретінде экономикалық процестерді зерттеуде неоклассикалық мектеп кеңінен талғаусыздық қисық сызығы дегенді қолданады.
Пайданы
көбейту жағдайларын талдаудан
бұрын алдымен жетілген және жетілмеген
бәсекелі екі фирма өкілдерінің
тауарларының қисық сызықтарын салыстырамыз.
Бұл графиктерден көрінгеніндей жетілген
бәсекелі фирма (1, а - сурет) рыноктық бағаға
әсерін тигізбей қанша сатамын десе, сонша
сата алады. Сондықтан оның ДД сұраныс
қисығы көлбеу жатыр. Рыноктың бағаға
әсер ете алмауы, салаға кіретін фирманың
өндірісі көлемінің салыстырмалы түрде
үлкен еместігінде.
Сондықтан жетілген бәсекелес фирма рынокқа қанша тауарлар шығарса да, бәрібір ол сол рынокта қалыптасқан бағаға әсер ету үшін мүлде жеткіліксіз.
Жетілмеген
бәсекелес фирма жағдайында (1, б
- сурет) ДД сұраныс қисығы төмен жылжиды,
өйткені Q сұранысы көп болған сайын соған
сәйкес төмен баға белгілейді. Сондықтан
монополист фирма рынокқа тауардың үлкен
көлемін шығарғанда, оның бағасы төмендейді.
Егер фирма толық монополияға ие болмаса,
P, яғни бағаны қысқарту 1, б - суретінде
көрсеткенімдей оның бәсекелесін ДД сұраныс
сызығын солға Д1Д1 жағдайына
жылжытады, сондықтан қарсыласушы фирмаға
байланысты баға төмендеген күнде енді
аз көлемде тауарларды сатуға болады.
Жоғарыдағы графиктерді салыстырудан
шығаратын қорытынды мынадай: сұраныс
сызығының көлбеу болуы фирманы жетілген
бәсеке ретінде сипаттайды. Егер сұраныс
сызығы төмендесе, онда
фирма жетілмеген бәсекеде
болады. Сұраныс қисық сызығының өзгерген
сипаты жетілмеген бәсеке кезіндегі шекті
табыстың (MR) өсіңкілігіне әсер етеді.
Шекті табыс n бірлікті сатудан алынған
жалпы табыс пен n-1 бірлікті саудадан алынған
табыстың арасындағы айырмашылығымен
анықталады. Мысалы, егер бірдей 100 тауар
100 доллар бағамен сатылса, онда жалпы
табыс 10000 доллар. Ал, 101 тауарды сату үшін
бағаны 99,5 доллар төмендету керек, онда
жалпы табыс 99,54 * 101 = 10044,5 доллар аламыз.
Осыны шекті табыс деп атайды. Шекті
табыс деген қосымша
тауарды сатудан алынған
қосымша табыс. Мына 2-кесте арқылы осыны
көрсетемін.
2-кесте
Өндірілген тауарлар саны | Бағасы | Жалпы табыс | Шекті табыс |
1
2 3 4 5 6 7 8 9 10 |
41
39 37 35 33 31 29 27 25 23 |
41
78 111 140 165 186 203 216 225 230 |
41
37 33 29 25 21 17 13 9 5 |
3-бағаның
мәні соған сәйкес 1-бағаның мәнін
2-бағаның мәніне көбейту
Тағы да еске алатын нәрсе, жетілген бәсеке жағдайында жеке кәсіпорын үшін баға тұрақты әрі белгіленген болады. Бірақ ондай шекті табыс қандай болады? Санды мысалмен түсіндірейін. Егер жетілген бәсекелес болса, онда ол 101 тауарды сол өзгермеген бағамен 100 долларға сатады, сондықтан, шекті табыс 10100 долл. - 10000 долл. = 100 долл. болады. Осымен мынадай қорытынды жасауға болады: жетілген бәсеке жағдайында шекті табыс тауар бағасына тең.
Жетілмеген
бәсеке кезінде MR қандай болады? Шекті
табыс пен сұраныстың жетілмеген
бәсеке кезіндегі өсіңкілігін
Графиктен MR сызығы ДД сұраныс сызығымен қарағанда тезірек төмендейтіні көрінеді. Жетілмеген бәсеке жағдайында шекті табыс бағадан аз. Қосымша өнімді сату үшін жетілмеген бәсекелес бағаны төмендетеді. Бұл төмендету оған қайсыбір ұғыс береді. (2-кестеден жалпы табыстың ұлғайғаны көрінеді), бірақ бір мезетте кейбір залал әкеледі. Ол қандай залалдар. Мысалы, өндіруші 3 тауарды 37 долларға сатып, әрбір өнімнің бағасын төмендетті (41-ден, 39-дан, 37 долл.). Сондықтан барлық сатып алушылар 41 және 39 долларға тауарлар сатып алғандарды қосқанда төмен баға төлейді. Алдындағы сатылған тауардан шеккен зиян 4 доллар. Бағадан алынып тасталады, сонда 33 доллар тең шекті табыс қалады.
Қайтадан фирма шығындарына оралайық. Өнімнің орта шығындарында (AC) алдымен, өнімнің саны ұлғайған кезде азаю тенденциясы болады. Алайда, белгілі бір өндіріс көлеміне жеткеннен кейін және одан асқан сайын шығындар өсе бастайды. Орта шығындар өсіңкілігі график түрінде бейнеленгенде жоғарыда көрсетілгендей, И - бейнелі қисық сызық болады. Абстрактілі санды мысал арқылы жетілмеген бәсекелес фирманың орта, жалпы және шекті шығындарын бейнелейміз. Бірақ алдымен мынадай белгілеулерді кіргіземіз:
TC = Q * AC, яғни жалпы шығындар тауарлар санының орта шығындарға көбейтіндісіне тең;
MC = TCn - TCn - 1, яғни шекті шығындар n санындағы тауарлардың жалпы шығындарымен n-1 санындағы тауарлардың жалпы шығындарының арасындағы айырмашылыққа тең;
TP = Q + P, яғни жалпы табыс тауар санының бағасының көбейтіндісіне тең;
MP = TPn - TPn - 1, яғни шекті табыс n сандары тауардың жалпы табысы мен n-1 сандағы тауардың жалпы табыстың айырмашылығына тең.
2,
3, 4-бағаналар (3-кесте)
Фирманың
рационалды тәртібі оның ең жоғары
пайда алуға ұмтылатынын
3-кесте
Өндірілген тауарлар | Орта шығындар | Жалпы шығындар | Шекті шығындар | Баға табыс | Жалпы табыс | Шекті саны |
1
2 3 4 5 6 7 8 10 11 12 13 14 15 16 17 0 |
24
21,75 19,75 18 16,5 15,25 14,25 13,5 12,75 12,75 13 13,5 14,25 15,25 165 18 AC |
24
43,5 59,25 72 82,5 91,5 99,75 108 127,5 140,25 156 175,5 199,5 228,25 264 306 TC |
24
19,5 15,75 12,75 10,5 9 8,25 8,25 10,5 12,5 16,25 19,5 24 29,25 36,75 42 MC |
41
39 37 35 33 31 27 29 23 21 19 17 15 13 11 9 P |
41
78 111 140 165 186 211 203 230 231 228 221 210 195 176 153 TP |
41
37 33 29 25 21 13 17 5 1 -3 -7 -11 -15 19 23 MR |
Информация о работе Кәсіпорынның пайдасы, оның түсінігі және мәні