Кәсіпорынның пайдасы, оның түсінігі және мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 09:30, курсовая работа

Краткое описание

Экономикада пайданың мәні өте үлкен. Оны білу әрбір кәсіпкердің міндеті. Өйткені капиталдың дұрыс жүруіне ықпал ететін негізгі фактор - пайда. Пайда болмаса, кәсіпорын немесе өнеркәсіп, яғни жалпы тілмен айтқанда, капитал, жүрмей, кәсіпкер банкротқа ұшырап, мекеме жабылып қалады. Осыны біле отырып, кәсіпкер қауіпті іспен шұғылданады. Мұндағы қауіпті іс деп отырғанымыз - бизнес. Бизнес шынында да қауіпті іс болып саналады. Өйткені банкротқа ұшыраған кәсіпкердің ұзақ уақыт бойы істелінген жұмысының күлі көкке ұшырайды. Сондықтан, пайда табуды білген кәсіпкер бұндай қауіпке ұшырамаудың жолдарын зерттеп білгені дұрыс.

Оглавление

КІРІСПЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3 - 4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Пайданың мәні, мазұмұны. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4 - 6

2.2 Пайданы бөлудің принциптері мен қызметтері . . . . . . . . . . . . . . . . . 6 -11

2.3 Пайданы бөлудің қажеттілігі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .11 - 18

2.4 Пайда нысаныдары және олардың жолдары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .18 - 26
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27 - 28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . .

Файлы: 1 файл

Кәсіпорынның пайдасы, оның түсінігі және мәні.doc

— 343.00 Кб (Скачать)

     Мысалы, инвестор компанияны жарты миллион  долларға алды делік. Содан кейін  ол бір миллионға акция шығарады. Бұдан ары олардың бэрін сатып, жарты миллионын қалтасына салады немесе тек жарты миллионын ғана сатуы мүмкін. Соңғы жағдайда инвестор алғашқы шығынын қайтарады жэне жарты миллионға акцияны әншейін алады, соларға дивиденд шығарады.

     Батыс елдері соңғы уақытта заң шығару арқылы мұндай пайда келтіруге кедергі  жасауда. Капиталдың "екіге бөлінуі" деген сөздің төркіні ертедегі малды базарға апарар алдында түз жегізу деген тәжірибеде жатыр. Сату алдында жаңағы түз жеген малға су ішкізіп, сөйтіп оның салмағын қосымша өсіреді.

     Пайда және процент қазіргі экономикалық теорияда өте бір күрделі әрі  пікірталас мәселелер қатарына жатады. Бұл мәселелерді талдау пайда мен проценттің көзін анықтау ғана емес, оның рыноктық экономикадағы атқарар қызметін қарастыру.

     К. Маркстік пайда теориясы еңбек, құн  теориясына негізделген және қосымша  құн теориясының тікелей жалғасы  болып табылады. Қосымша құн маркстік пайымдауда пайданың, сауда пайдасының, қарыз процентінің өзгерген түрі, соңғылардың шыққан тегі.

     Өндірілген  тауар қүны: W = с + V + т, мүнда (с + V) капитал орнын толықтыратын эквивалент, меншік иесінің өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күшін сатып алуға жұмсағаны, немесе тұрақты капитал (С) мен өзгермелі капиталға (V) жұмсаған шығыны. Тауар құнының өндіріс құрал-жабдықтары күшінің құнының орнын толықтыратын бөлігі капиталистік өндіріс шығындарын құрайды. Ол капиталист үшін тауар өндірудің қаншаға түскенін көрсетеді. Өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күшіне жұмсалатын қаражаттың өзгеруі өндіріс шығындарына бірдей ықпал етеді, өндіріс шығындарында тұрақты және өзгермелі капитал айырмашылығы жойылады. Осымен байланысты үстірт қарағанда тауар қүнының бір бөлігі (с + V) капиталистік өндіріс шығындарының формасын (К), ал басқа бөлігі (m) - пайда (Р) формасын қабылдайды. Тауар құнының формуласы мынадай көрініс алады: W=(С + V)+ Р немесе К + Р пайда маркстің экономикалық теориясында қосымша құн болып табылады, ол бүкіл авансыланған капиталдың туу көрінісін алады. Пайда сандық тұрғыдан қарағанда тауар құнынан өндіріс шығындарына шегергенде қалған артық бөлігі. Ал саналық тұрғыдан алғанда пайда қосымша құнның өзгерген формасы. Рыноктың пайдаға ықпалын жалпылама түрде былайша сипаттауға болады: егер тауар құнынан жоғары бағамен сатылатын болса (сұраныстың ұсыныстан арту жағдайында), өткізілген пайда өндірілген қосымша құннан көп болады (Р > m); егер тауар бағасы құннан төмен болса (тауарларға ұсыныс сұраныстан асып кетсе), өткізілген пайда мөлшері өндірілген қосымша құннан кем болады (Р < m). Ал егер тауарларға сұраныс ұсынысқа сай келсе, баға құнымен теңеседі, капиталистер алатын пайда массасы, өндірілген қосымша құнмен тең болады. Қосымша құнның пайдаға айналуы, қосымша құн нормаларыныц пайда нормасына айналуын да түсіндіреді.

     Пайданың  жалпы нормасы түрлі пайда  нормаларының белгілі уақыт дәуіріне, айталық, бір жылға авансыланған капиталдың әр жүзіне келетін орташа нормасынан құралады, сондықтан түрлі капиталдардың айналым уақытындағы өзгешеліктен туған айырмашылық та осының өзінде жойылып кетеді. Бірақ бұл айырмашылықтар түрлі өндіріс салаларындағы әр түрлі пайда нормалары үшін анықтаушы тетік болып табылады, бұлардың орташа мөлшері жалпы пайда нормасын құрастырады.

     Егер  қосымша құн нормасы m = mv * 100% өзгермелі капитал дәрежесінің ұлғаюын көрсетсе, пайда нормасы (р1) бүкіл авансыланған капиталды пайдалану тиімдігін сипаттайды. Ол (р) қосымша құнның бүкіл авансыланған капиталға қатынасын көрсетеді, яғни 

      

     Капиталистік  өндірістің ынталандырушы күші - пайданы өндіру мен иемдену. Пайда нормасы жоғары болады. Пайда нормасы капиталистік шаруашылық етудің тиімділігінің бір белгісі. Капиталистің біліктілігі мен оның қолдағы бар өндіріс ресурстарын рационалды пайдалана білуі пайда нормасы, қосымша құн нормасына тікелей әсер етуі даусыз. Бірдей жағдайда пайда нормасы қосымша құн нормасының жоғарылауымен байланысты жоғарылайды, төмендеуімен байланысты төмендейді. Пайда нормасына капиталдың органикалық құрылымы үлкен ықпал етеді. Бұл кері тәуелділікті көрсетеді: капиталдың органикалық құрылымы төмендеген сайын, пайда нормасы жоғары болады, ал органикалық құрылымының жоғарлауымен байланысты пайда нормасы өсіп отырады. Мұның мәні, қосымша құн тек капиталмен өндіріледі. Капиталдың органикалық құрылымы жоғары болғанда, өзгермелі капитал үлесі азаяды (Жапониялық құрылымның төмен болғандығымен салыстырғанда). Сондықтан органикалық құрылымы жоғары бірдей мөлшерлі капитал, аз көлемді қосымша құн массасын экеледі, осыған орай пайда нормасы да төмен болады.

     Пайда нормасы капиталдың айналым жылдамдығына тәуелді. Жыл бойынша капитал айналымының санының өсуі қосымша құнның жылдық массасының өсуіне ықпал етеді. Авансыланған капитал жыл бойына көп айналым жасаған сайын, осындай жағдайда пайда нормасы жоғары болады. Бұдан шығар қорытынды: пайда нормасы капиталдың айналым жылдамдығына тіке қатынаста. Пайда нормасына ықпал ететін факторлардың бірі тұрақты капиталды үнемдеу. Мұндай үнемдеу кәсіпкерлік тұрақты капиталдың аз шығынымен бұрынғы дәрежеде қосымша құн өндіріп, пайда нормасын арттыру мүмкіндігін береді. Пайда нормасының динамикасы (ұзақ мерзімді тұрғыдан капиталдың қорлану қарқыны) нэтижесінде қоғамдық өндірістің өсу қарқынын анықтайды. Осы көрсеткіштің өзгеру тенденциясынан экономиканың әр қилы саласының даму сипаты тәуелді. Пайда нормасының қозғалысымен акция курсының, процент ставкасының, басқа да экономикалық көрсеткіштердің өзгерісімен байланысты. 

    2.3 Пайданы бөлудің қажеттілігі

     Нарықтық  өндірістің жекелеген салаларына пайда нормасына ықпал ететін әр түрлі техникалық-экономикалық факторлар әр қилы күшпен әрекет етеді. Өнеркәсіптердің жаңа салалары ескілерімен салыстырғанда техникалық тұрғыдан тезірек дамиды. Сондықтан капиталдың  органикалық  құрылымы  әр  салада  әр  түрлі.  Бірдей қосымша құн нормасымен бірдей мөлшердегі капиталға қосымша құн массасы, осыған сэйкес әр түрлі саладағы пайда нормасы өзгермелі капиталдың көлеміне орай бірде жоғары, бірде төмен болады. Өндіріс салалары капиталдың органикалық құрылымы бойынша ғана емес, оның айналым жылдамдығы бойынша да ажыратылады. Капитал айналымдылығы салыстырмалы төмен салада, қосымша құнның жылдық массасы аз, ал капитал айналымдылығы жоғары саламен салыстырғанда пайда нормасы төмен болады.

     Егер  тауарлар құнмен сатылатын болса, капиталистер бірдей мөлшерлі капиталға әр түрлі пайда алар еді, ал капиталдың органикалық құрылымы жоғары және капитал айналымы жылдамдығы төмен саладағы капиталистер пайданың ең төменгі дәрежесіне ие болар еді. Бірақ жағдайында бұлай болуы мүмкін емес, өйткені ешкім де кәсіпкерді өз капиталын ең төмен пайда нормасы бар салаға жұмсауға міндеттей алмас еді. Егер оның капиталы басқа өндіріс саласына жұмсалған бірдей мөлшерлі капиталға қарағанда аз пайда әкелетін болса, онда өз капиталын одан алып пайданы көбірек әкелетін кәсіпорындарға жұмаған болар еді. Бірдей көлемді капитал бірдей дәрежедегі пайда әкелуі үшін, тауарлар құнымен сатылмауы керек.

     Салалық пайда нормасының жалпы, орта нормасына  айналуы стихиялы, бэсеке күресінің  нәтижесінде орын алады. Капитализм тұсындағы бәсеке күресінің екі түрі бар: ішкі салалық және салааралық.

     Ішкі  салалық бәсеке бірыңғай өнім өндіретін кәсіпкерлер арасындағы талас-тартыс. Бұл өндірістің бір саласының өндірушілерінің өндірістің тиімді, ұтымды жағдайы мен қосымша пайда табу мақсатымен тауарларды сату үшін күреседі. Бірыңғай тауар өндіретін әр түрлі кәсіпорындарда өндіріс жағдайының айырмашылығы орын алады, осымен байланысты тауарлардың жеке құны бірдей болмайды. Рынокта сатушылар мен сатып алушылардың бәсеке күресі барысында (сұраныс пен ұсыныс арақатынасының көрінісіндей) қоғамдық қажетті шығындар анықталады, яғни тауардың рыноктық құны. Бұл тауарлар құны, сол саланың орташа өндіріс жағдайында өндірілген және тауарлардың осы түрінің басым көпшілігін құрайды. Рыноктық құнның ақшалай формасы рыноктық баға деп аталады.

     Салааралық  бәсеке капиталды тиімді, ұтымды пайдаланумен байланысты  әр  қилы  саладағы кәсіпкерлердің өзара күресі, яғни капиталдың пайдалылығын арттыру. Бұл бәсекенің тетігі капиталдың пайда нормасы төменгі саладан, пайда нормасы жоғары салаға еркін ауысуы болып табылады. Капиталдың ауысуы қандай нәтиже береді? Капиталдың пайда нормасының төмен саладан ауысуы өндірісті қысқартады, тауарларға деген ұсынысын азайтады, баға өседі, осымен байланысты пайда нормасы да өседі. Капиталдың пайда нормасының жоғары салаға ауысуы өндірісті және тауарларға деген сұранысты ұлғайтады, бағаны, пайда нормасын төмендетеді. Капиталдың бір саладан екіншісіне стихиялы ауысып отыруымен, түптеп келгенде пайда нормасы теңеледі де, орта пайда немесе барлық өндіріс саласында бірдей мөлшерлі капиталға жалпы пайда нормасы құрылады.

     Орта  пайда нормасы  жиынтық қосымша құнды бөлумен байланысты әр қилы саладағы кэсіпкерлер арасындағы экономикалық қатынастарды сипаттайды. Ол жиынтық қосымша құнның бүкіл қоғамдық капиталға қатынасы ретінде де анықталады. Салааралық бәсеке нәтижесінде бірдей капиталға бірдей пайда массасы келеді. Орта нормаға сәйкес авансыланған капиталға алынған пайданы орта пайда деп атайды.

     Пайданың  орта пайдага айналуы  тауарлардың құнымен емес, өндіріс бағасымен сатылуына байланысты, яғни өндіріске авансыланған капитал мен орта пайданың қосындысы.

    1-кесте

Құнның өндіріс бағасына айналуы

     Бұл мысалда (1-кестеде) барлық салада капитал айналымы бірдей бір өлшемге тең әрі әр салада өндіріс шығындарына бүкіл капитал енеді, яғни авансыланған және тұтынылған капитал бір-біріне тең.

     Кестеден көріп отырғандай, әрбір салада өндірілген тауарлар өндіріс бағасы бойынша сатылады немесе 120-ға тең. Дегенмен, капиталдың органикалық құрылымы төмен III салада тауар құны 130-ға тең. Нәтижесінде тауарларын өндіріс бағасымен сатқан саланың кәсіпкерлері 10 өлшемге ұтылады. Ал капиталдың органикалық құрылымы жоғары - I саланың кәсіпкерлері керісінше 10 өлшемге ұтады, яғни тауар құны 110-ға түсіп еді, ал сатылғанда өндіріс бағасы бойынша 120 болды. Міне қосымша 10 өлшем табыс алды.

     Көрсетілген салалар бойынша тауарлардың өндіріс бағасын тауар құнымен салыстырудан шығар қорытынды, өндіріс бағасы құннан ауытқиды. Бірінші капиталдың органикалық құрылымы орта дәрежеден жоғары салада, өндіріс бағасы құннан жоғары, ал үшінші -капиталдың органикалық құрылымы қоғамдық орта дәрежеден төмен, түптеп келгенде, бұл ауытқулар - өзара бір-бірімен теңеседі, кәсіпкерлер өндірілген қосымша құнның барлық массасына ие болады. Бірақ салааралық бәсеке нәтижесінде бұл қосымша құнның массасы жұмсалған капитал мөлшеріне сай пропорционалды қайта бөлінеді. Сонымен, ішкі салалық бәсеке нәтижесінде көптеген жеке құндар біртұтас рыноктық қүнға айналатын болса, салааралық бәсеке нәтижесінде рыноктық құн барлық өндіріс саласындағы пайда нормасын теңестіруші, өндіріс бағасына айналады. Өндіріс бағасының құрылуымен рыноктық баға өндіріс бағасының шеңберінде ауытқып отырады. Рыноктық бағаның құрылуын реттеуші рөлді тауарлардың рыноктық құны атқарады, тек тікелей емес, өндіріс бағасы арқылы атқарады.

     Нарықтық экономикада өндіргіш күштердің дамуы, қоғамдық еңбек өнімділігінің артуы капиталдың органикалық құрылымының өсуінен байқалады. Ол жоғары болған сайын пайда нормасы төмен болады. Капиталистік өндірістің дамуымен, капиталдың органикалық құрылымы артады, алайда пайда нормасының төмендеуіне әкеліп соғады. Дегенмен капиталдың органикалық құрылымының өсуімен, пайда нормасының төмендеуі абсолютті, міндетті заң емес, тек тенденция ғана. Бұдан шығар қорытынды, пайда нормасының төмендеуіне қарсы әрекет ететін бірнеше факторлардың орын алатындығы. Оған ең алдымен жалдамалы еңбекті қанауды күшейту жатады. Қосымша қүнның нормасының артуы оның массасын ұлғайтады, ол кезегінде пайда нормасының төмендеуін тежейді. Екіншіден, жалақының жұмыс күші құннан төмен ауытқуы, капиталдың   органикалық   құрылымының   өсуі өнеркәсіп резерв армиясының құрылуына әкеледі, ол болса кәсіпкерлерге жұмыс күшін оның құнынан төмен сатып алуға, жалақыны төмендету, жұмысшылардың қосымша еңбегінен басқа қажетті еңбегінің бір бөлігін иемдену мүмкіндігін береді. Үшіншіден, тұрақты капитал элементтерін арзандату капиталистерге қосымша құн массасын көп мөлшерде алу мүмкіндігін береді, сол қолдағы тұрақты капиталмен ірі өндірісті ұйымдастырып, көптеген жұмысшыларды қанап және пайда нормасын көтеруге болады. Сонымен капиталистік елдердің экономикалық дамуының басты қозғаушы күші - пайда нормасы. Ішкі қайшылық капиталдың шексіз өсу тенденциясына пайданың орта нормасының төмендеу тенденциясы қарсы әрекет етеді. Бұл заңдылық капиталдың түбірі экономикалық мүддесін қозғайды, яғни қоғамның өндіргіш күштері тез дамыған сайын, пайда нормасының төмендеу тенденциясы активті көрініс алады.

     Сауда экономиканың шынайы көзі капиталистік өндіріс процесінде жалдамалы жұмысшылар өндірілген қосымша құн болып табылады. Өнеркәсіп капиталистері қосымша құнның бір бөлігі саудагерлерге тауар капиталын ақша капиталына айналдыру қызметі үшін беруге мәжбүр болады. Сауда пайдасы сауда капиталистерінің иемденетін қосымша құнының бір бөлігі. Сауда капиталы, қосымша құнды өндіруге қатыспай оны бөлуге қатынасады. Былай деп ұйғарайық, жыл бойғы авансыланған өнеркәсіп капиталы 900-ге тең, ол 720 және 180 тұрады. Қосымша құн нормасы 100% болғанда, оның массасы 180-ге тең болады, ал жылдық өнім құны (W) = 720с + 180v = 1080. Пайда нормасы 20%, яғни

     

     Тауарларды  сату үшін тағы да қосымша 100 өлшем тауар  капиталы керек делік. Мұндай жағдайда қоғамдық капитал 1000 өлшемге тең болады, ал бүкіл қоғамдық капиталға орта пайда нормасы 18% болады. 

Информация о работе Кәсіпорынның пайдасы, оның түсінігі және мәні