Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 22:04, курсовая работа
Мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға өтуімен бірге кәсіпорындардың өздігінен жұмыс істеуі, сонымен қатар олардың экономикалық және заңгерлік жауапкершіліктері артуда. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні, сонымен қатар олардың бәсекеге қабілеттілігі жылдам артады. Шарушылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып табылады.
Мазмұны
Кіріспе....................................................................................................................3
Негізгі бөлім..........................................................................................................4
1. Кәсіпорындағы баға стратегиясы..............................................................4
2. Салалардағы тарифтік жүйелер.................................................................7
3. Кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетінің мәселелері және арттыру
жолдары……………………......................................................................23
Қорытынды..........................................................................................................26
Әдебиеттер тізімі................................................................................................27
* «Dalakom» компаниясының байланыс станциялары орнатылған қалалар мен елді
мекендер үшін ғана.
Кестеден байқап отырғанымыздай, ең төмен тариф «Dalakom» компаниясының өз желісі ішінде орнатылған, сонымен қатар қалалық телефондарға қоңырау соғу бағасы да аталған компанияның баға саясатының тартымдылығын көрсетеді. Дегенмен, өзге компаниялардың бәсекелестік саясаты басқа көрсеткіштер бойынша өзіндік артықшылықтары бар. Мәселен, «Beeline» компаниясы барлық телефондарға соғылатын қоңыраулар үшін секундтық тарифтік бағалар орнатқан, ал «K-Cell» компаниясы көрсетілген тарифтерден басқа қосымша жеңілдіктер қарастырады (кешкі уақыттарда байланыс бағасының 75%-ға дейін төмендетілуі және т.с.с.).
Ұялы байланыс компанияларының баға бәсекелестігі олардың өнімдеріне деген бағаның төмендеуіне алып келді. Алғашқы кездері ұялы байланыс нарығында монополистік үстемдік құрған «Алтел» компаниясының қызметі үшін тұтынушылар тіпті қабылданған қоңыраулар үшін де есеп айырысатын, ал уақыт бірлігінің бағасы сол кездері бір АҚШ долларынан асатын.
Министрліктің мәліметі бойынша, Қазақстанда ағымдағы жылы интернет және мобильді байланыс қызметтерінің тарифтері арзандады. Тарифтер кең жолақты интернетке қосылу үшін ғана емес, ұялы байланыс үшін де арзандатылып жатыр. Желі ішіндегі байланыс құны 33 пайызға, роуминг шегі 48 пайызға және интернетконнект бойынша 20 пайызға төмендетіліп, нәтижесінде интернет пайдаланушылардың саны 34 пайызға өсіп отыр. Қазір Байланыс және ақпарат министрлігі мобильдік желілер арқылы 4 G жобасын жүзеге асыруға жақын, бұл мақсат үшін сәйкес диапазондар бөлініп отыр.
Баға бәсекелестігінің
нысаны ретінде бағалық дискриминацияны қарастыруға
3.2-кесте
«Қазақтелеком» АҚ белгілеген автоматтық қалааралық
байланыс тарифтерінің коэффициенттері
|
Кестеден «Қазақтелеком» АҚ автоматты қалааралық байланыс қызметтеріне тұтынушылардың категорияларына қарай әр түрлі тарифтер орнатқанын көреміз. Тарифтер апта күніне және тәулік мерзіміне қарай бөлінеді: түнгі сағат 3-тен бастап ең тарифтер қолданылады. Сонымен қатар, компанияның қызметі әр түрлі абоненттерге түрлі бағалар бойынша ұсынылады: мемлекеттік мекемелер мен заңды тұлғаларға байланыс қызметі жеке тұлғалармен салыстырғанда арзанырақ түседі.
2.4 Еңбекақыны
төлеудегі тарифтік жүйе
Жұмысшының еңбек
Жұмысшы, қызметші жалақысы екі бөлімнен
тұрады: тұрақты және өзгермелі. Тұрақты
жағы тарифтік стафкалар мен кесімдерден,
оклаттардан, үстемақы мен қосымақылардан
(надваки и доплаты) тұрады. Оның бәрі мемлекет
тарапынан күні бұрын белгіленіп қойылады.
Өзгермелі жаағы – нормалар мен тапсырмаларды
асыра орындағаны, қаржы үнемдегені үшін
берілетін қосымша,сыйлық ақыдан, жұмыстың
жылдық қортындысы үшін төленетін 13-айлықтан
және сыйлықтардан тұрады. Мұның бәрі
арнайы қосымша сыйлық қорлар есебінен
беріледі.
Жалақыны тұрақты бөлігі – қажетті өнім
есебінен, екіншісі, өзгермелі бөлігі
қосымша өнім есебінен төленеді.
Экономикалық реформа бойынша жалақы
төлеу саясаты мүлдем өзгереді. Оның мәнісі
ортаалық тараптан реттеуді жергілікті
кәсіпорын, мекемелерге жақындатып, еңбек
ақы қорын жасауды салық өтеу тәсілін
байланыстыру. Әрбір жұмысшыға жалақысынан
оның жеке өндірген өніміне сай келтіру,
жалақының тек төменгі кепілді мөлшері
мемлекет тарапынан белгіленіп, жоғарғы
мөлшерін кәсіпорын, ұйымдардың өздері
белгілейтін болады. Осыған байланысты
оларда қолданылатын тарифтік жүйенің
атқаратын
қызметі мүлдем өзгереді – ол жалақы төлеуді
шектеуіш факторынан әлеументтік кепіл
факторына айналып отыр. Тарифтік кесімдер
мен ақылар жалақы мөлшерінің өсуін шектемей,
оның мемлекет тарапынан белгіленетін
төменгі мөлшерінің нормасы болып табылады.
Сөйтіп барлық кәсіптер мен қызметтер
үшін бірінғай тарифтік жүйе енгізіледі.
Онда мемлекет тарапынан тарифтік стафкалардың
төменгі, бірінші разряды мен тарифтік
коэфциенті белгіленеді. Ол ел, жер, аудан
аралығы, олардың табиғи –климаттық жағдайы,
шаруашылық салалардың ерекшелігі мен
өмір–тұрмыс жасау деңгейі – құны ескеріледі.
Осылайша негізгі, базалық тарифтік жүйе
жасалады да, оған қарап әрбір өнеркәсіп,
ұйымдар өз жұмыскерлері үшін өздерінің
тарифтік кесімдері мен ақыларын белгілейді.
Оларды өздерінің экономикалық хал– ахуалдарына
қарай, жоғарылатып,
төмендетіп реттеп отыруларына болады.
Оған қоса олар сыйлық, қосымша ақыларын
өз еркімен қолданып отыруға ьқұқығы бар.
Сонымен қатар орталықтан реттелетін
көп жыл сіңірген еңбегі үшін берілетін
ақының да шешімі жергілікті мекемелерге
жетті.
Тарифтік жүйеге:
- сағатына немесе күніне еңбекақы мөлшерін анықтайтын тарифтік жүйе;
- еңбекақы төлеудегі жұмыстың және жұмысшылардың әр түрлі разряд арасындағы арақатнастарын көрсететін тарифтік тор;
- тарифтік тормен сәйкес жұмысшылардың және жұмыстың разрядтарын анықтауға болатын тарифтік біліктілік анықтамалар кіреді.
Жұмысты тарифтеу – бұл еңбек түрлерінің күрделілігіне тәуелді еңбек түрлерін біліктілік категориясына немесе тарифтік разрядқа жатқызу.
Тарифтік разряд қызметкердің біліктілігін және еңбек күрделілігін қамтып көрсететін шама және тарифтік разряд әр өндірістік операцияларда, әр жұмыста қолданылады. Еңбекті тарифтеу және тарифтелуразрядының қызметкерлерге иемденіп кетуі қызметкердің біліктілігіне, ұсынылған талаптарымен көрсетілген.
Нарық жағдайында тауар ретінде еңбек өнімінің нарығы мойындаған еңбекақы төлемі жұмсалған шығындарға емес, еңбектің нәтижесіне төленеді. Тауарларды өткізуден түскен қаражаттар тауар өндірушілердің еңбегінің саны мен сапасын бағалаудағы және олардың жеке табыстарының негізгі көзін бағалаудағы жоғарғы белгі болып табылады.
Еңбек қатнастарын реттеудің нормасы болып тарифтік келісімнің және ұжымдық келісім шарттың негізінде жасалған жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың арасындағы еңбекақы төлеу бойынша келісім шарттың қағидасы табылуы керек.
Реформада міндетті төлемге жататын мемлекеттік әлуметтік норматив тәрізді еңбекақының ең аз мөлшері бекітілген. Ең төменгі еңбекақы ең төменгі тұтыну бюджетінің негізінде тағайындалады және әлуметтік факторларға байланысты сараланады. Ең төменгі еңбекақының экономикалық мағнасы өнімді еңбектегі және жұмыс күшін ұдайы өндірудегі жұмысшының қаблеттілігін қолдауды білдіреді.
Еңбекшілер табысын кепілденген деңгейін қорғауды жүзеге асыратын бірінғай тарифтік тор еңбекақы төлеу реформасының негізі болып табылады.
Осының нәтижесінде, оның базалық бөлігі болып, халық шаруашылығының саласындағы әрбір жұмысшыға кепілденген минималдық еңбекақы табылады. Еңбекақының екінші бөлігі ұйымдарда, кәсіпорындарда және салаларда балдық жүйемен бағаланатын, разрятқа, біліктілік топқа, атаққа және дәрежеге байланысты, жұмысшылардың еңбек стаждарына, біліктіліктеріне, қаблеттіліктеріне және қолда бар ақшалардың мөлшеріне байланысты төленеді.
Еңбекақы күрделі еңбекті жақсы ынталандыру үшін, кәсіпорындарда жауапкершіліктің деңгейі, орындалатын жұмыстың күрделілігі, қызметкердің біліктілігі және еңбекақының деңгейі арасындағы тікелей байланыстарды орнатқан. Кәсіпорында еңбекақыны төлеуді оңтайлы ұйымдастыру қызметкерлердің қызметін және еңбектің нәтижелерін ынталандыруға, өнімнің рентабельділігін және пайдалылығын, дайын өнім және еңбек нарығының бәсекеге қаблеттілігін қамтуға мүмкіндік береді.
Еңбекақы төлеу реформасының негізін Біртекті тарифтік кесте құрайды. Біртекті тарифтік кестені (БТК) құрайтын 21-разрядты шкала ішіне барлық кәсіптер мен қызметтердің разряд бойынша тізімі жазылған. Жұмыскерді қандай-да бір мамандық-қызметтік топқа жатқызу олардың еңбегінің күрделілігіне негізделіп жүргізіледі.
Лауазымға бөлу
17 блок құруға мүмкіндік берді. Қызметкерлерді
тарифтеу диапазоны 2-ден 21-разрядқа дейін орын
алады, соның ішінде өндіріс саласының
Тарифтік разрядты қызметкерлер үшін қолданудың жалғыз мақсаты – БТК төлеміне сәйкес тобын анықтау.
Қазіргі кезде мұндай тарифтік кесте тек бюджеттік мекемелер үшін қолданылады, ал жеке кәсіпорындарға ол ұсыныс түрінде қалды.
2.5 Интернет желісіндегі тарифтік жүйелер
"Жеке
тұлғалар" және "жеке
кәсіпкерлер"
|
барлық «Megaline» тарифтік жоспарларының пайдаланушылары үшін - "Қазақтелеком" АҚ Интернет желісінің ішкі ресурстарына (Қоғамның IP-адрестері) шектелмеген қосылыс беріледі. Бұл ретте, ішкі ресурстарға/дан кіріс/шығыс трафик тарифтелмейді. Егер сессия бір тарифтік жоспардың (тарифтің) әрекет ету кезеңінде басталып, басқа тарифтік жоспардың (тарифтің) әрекет ету кезеңінде аяқталған жағдайда, қызметтің ұсыныла басталу күнінде (сессияның басталу күнінде) тарифтеледі.
«Megaline Start» тарифтік жоспарының пайдаланушылары үшін - "Қазақтелеком" АҚ-ның ішкі ресурстарына және Интернет желісінің сыртқы ресурстарына қатынау жылдамдығы трафикті генерациялау кезінде кіріс/шығыс арналар бойынша екі бағытта да жалпы қатынау жылдамдығы 1024 Кбит/с /1024 Кбит/с дейін құрайтындай жинақталады, бұл ретте сыртқы ресурстарға кіріс/шығыс арналар бойынша кепілді қатынау жылдамдығы 256 Кбит/с/256 Кбит/с құрайды.
«Megaline Hit», «Megaline Light», «Megaline Box» тарифтік жоспарларының пайдаланушылары үшін - "Қазақтелеком" АҚ-ның ішкі ресурстарына және Интернет желісінің сыртқы ресурстарына қатынау жылдамдығы трафикті генерациялау кезінде кіріс/шығыс арналар бойынша екі бағытта да сыртқы ресурстарға жалпы қатынау жылдамдығы 2048 Кбит/с /1024 Кбит/с, бірақ Астана мен Алматы қ. үшін кем дегенде 1024 Кбит/с/1024 Кбит/с және қалған аудандарға 512 Кбит/с/512 Кбит/с құрайтындай жинақталады.
"Megaline Turbo", "Megaline Turbo Plus", "Megaline Turbo Light" тарифтік жоспарының пайдаланушылары үшін - деректерді беру жылдамдығы "Қазақтелеком" АҚ желісінің ішкі ресурстарына да, Интернет желісінің сыртқы ресурстарына да динамикалы түрде (бейімді түрде, "соңғы миляның" техникалық параметрлеріне байланысты) кіріс арна бойынша 8 Мбит/с дейін (жинақ) және шығыс арна бойынша 1024 Кбит/с (жинақ) дейін, бірақ кем дегенде 1024 Кбит/с/ 512 Кбит/с өзгереді.
* - Аудандық мәндегі қалаларда
және аудандық мәндегі
** - тариф "Астанателеком" ҚТО және
«Алматытелеком» ҚТО абоненттеріне қарастырылған
*** - тариф облыс орталықтары мен Семей
қ. қарастырылған
**** - тариф облыс орталықтары мен Семей
қ. қоспағанда, Ақмола ОТД, Ақтөбе ОТД,
Атырау ОТД, Алматы ОТД, Шығыс Қазақстан
ОТД, Жамбыл ОТД, Батыс Қазақстан ОТД, Қарағанды
ОТД, Қостанай ОТД, Қызылорда ОТД, Маңғыстау
ОТД, Павлодар ОТД, Солтүстік Қазақстан
ОТД, Оңтүстік Қазақстан ОТД абоненттеріне
қарастырылған.