Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 22:05, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорынның капиталының жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Оглавление

Кіріспе . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . , , , , , , . . . . . 4
1. Нарықтық жағдайдағы кәсіпорынның капиталының экономикалық мәні мен мағынасы, қалыптасу қағидалары мен құрылымы және оның ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
1.1 Кәсіпорынның капиталының экономикалық мәні мен мағынасы . . . . . .6
1.2 Кәсіпорын капиталының экономикалық ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . .10
1.3 Кәсіпорынның капиталының қалыптасу қағидалары мен құрылымы 13
2. «Сары - Арқа» ЖШС– нің капитал көрсеткіштерінің жағдайын талдау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
2.1. «Сары - Арқа» ЖШС– нің капиталының құрамы мен құрылымының динамикасын талдау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .16
2.2. «Сары - Арқа» ЖШС нің 2004-2005 жылдардағы негізгі құрал – жабдықтардың көрсеткіштерін талдау . .. .. . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19
2.3. «Сары - Арқа» ЖШС– нің төлеу қабілеттілігін талдау . .. .. . . . . .. . . . . . 20
3. Кәсіпорынның капиталын тиімді пайдалану және оны оңтайландырудың механизмін жетілдірудің негізгі бағыттары . . . . 23
3.1. Кәсіпорынның капиталын оңтайландырудың негізгі бағыттары . .. . . . 23
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 28
Қолданылған әдебиеттер . . . . . . . . . .

Файлы: 1 файл

Жузбаева Бану.doc

— 199.00 Кб (Скачать)

      Қоғамдық  өмірде қаржының диалектикасы тұлғалау нсыандарының және әрекет жасау әдістерінің  өзара байланысы, іс-қимылы арқылы көрінеді.

      Нақты өмірде, шаруашылық және қаржы механизмдерінде  абстрктты экономикалық (құндық) категориялар нақтыланады және нақтылы нысандар түрінде болады.

      Қаржылық  ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау  мақсаты үшін де, сондай-ақ бүкіл қаржы процесін  оперативті басқару үшін де зор маңызы бар. Жоспарлау процесіндегі басқару шешімдері қаржы ақпаратына талдау жасау негізінде қабылданады, ол осыған байланысты жеткілікті толық әрі ақиқат болуы тиіс. Ақпаратты алудың ақиқаттығы мен уақыттылығы негізделген шішімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есеп беруге негізделеді.

      Жоспарлау ( болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады. Бұл – жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша қаражаттарының мөлшерін және оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорлары арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік – аумақтық бірліктері арасында қаражаттарды бөлудің нақты бағыттарын анықтау және т.б.

      Ұйымдастыру – басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын, айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелігін, басқару қызметкерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.

      Қаржыны басқаруды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Көбінесе қаржыны оперативті басқарудың нәтижесі қаржы субъектілерінің – қаржы органдарының, салық комитеттері мен қаржы полициясының және ұлттық шаруашылық салаларындағы қаржы бөлімдерінің толып жатқан аппаратының жұмысының қалай ұйымдастырылып отырғанына байланысты болды. Қаржы аппаратының ұйымдастырылу дәрежесі жоғары болуы тиіс.

     Жалпы қоғамдық өнімнің құны, сонымен бірге  ақша нысанында тұлғаланатын ұлттық байлықтың  бір бөлігі қаржының бөлгіштік  функциясының іс-әрекетінің обьектілері  болып табылады.

     Қарамағында мақсатты арналымның қорлары қалыптасатын ұдайы өндірістік процестің қатысушылары болып табылатын заңи және жеке тұлғалар қаржылық бөлуде субьектілер болып келеді.

      Қаржының  көмегімен бөлгіштік процесс  қоғамдық өмірдің барлық сфераларында – материалдық өндірісте, айналыс және тұтыну сфераларында өтеді. Бөлудің қаржылық әдістері экономиканы басқарудың түрлі деңгейлерін: жалпыұлттық, аумақтық, жергілікті деңгейлерді қамтиды. Қаржылық бөлініске бөлінудің әр түрлі түрлерін – ішкішаруашылық, ішкісалалық, салааралық, аумақаралық бөліністі тудыратын көпсалық тән.

      Шаруашылық  және қаржы механизмдерінде қаржы-экономикалық нормативтер мен лимиттер пайдаланылады. Нормативтер – шығындардың немесе ресурстарды бөлудің есептік  түрде негізделген мөлшерлері, лимиттер – ресурстарды пайдаланудың шекті мөлшерлері (көлемдері) қаржылық жоспарлауда пайдаланылады. Олардың көмегімен жалпы мемлекеттік, ұжымдық және жеке мүдделердің бөлгіштік қатынастарындағы оңтайлы ұштастыру, экономикалық және әлеуметтік дамудың перспективалық және ағымдағы жоспарларының тапсырмаларын іске асыру үшін мемлекеттің, аймақтың, басқарудың салалық және ведомстволық органдарының, шаруашылық құрылымдарының ресурстарға деген қажеттіліктері қамтамасыз етіледі.

     Кәсіпорынның  қаржылық саясаты экономикалық жағдайларды  ескере ұзақ мерзімге дайындалуы керек. Бірақ кәсіпорындар ағымдағы қызметтерін жоспарлау кезінде көптеген қаржы- экономикалық қиындықтармен бірге салық сияқты қиындықтармен де кездеседі. Салықтар кәсіпкерлер үшін негізгі шығындар болып табылады және де пайданы қысқартатын негізгі фактор болып табылады.

     Мемлекет  жеке және заңды тұлғаларды салық  ставкаларының көптігімен және барынша  үлкен көлемде салық салғысы  келеді, ал салық төлеушілер болса  заң шегінде және заңсыз жолдармен  салық ауыртпалығынан қашуды ойластырады, өздерінің салық төлемдерін  минималды етуге тырысады.

     Әрине, кәсіпорындардың салықтар есебінен экономдау ең басты мақсаттары емес.

     Кәсіпорын салықтарды өз пайдасының бір бөлігін  заң күшімен азайтатын сыртқы фактор деп есептейді.

     Егер  салық салу көп емес дәрежеде ұсталса, онда кәсіпорындар еш қиналмай-ақ, уақытылы салықтарды төлеп тұрар еді. Егер де кәсіпорынның пайдасы азайса, онда кәсіпкер өзінің шығындарын азайтады, яғни жер жалдауды қысқартады, тартылған қаражаттарының көлемін азайтады. Дәл осылай кәсіпорын салықтарға да қарайды. Егер салықтар кәсіпорынның бар пайдасын жұтуға қауіп туғызса, онда ол кәсіпорынды сақтау үшін іс-шаралар қабылдауға тиіс. Осындай жағдайда кәсіпорынның негізгі мақсаты салықтарды азайту.

      Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қалыпты ағыны экономикалық саясат пен механизмнің құрамды бөлігі ретіндегі қаржы саясаты мен қаржы механизміне байланысты. Дұрыс тұжырымдалған қаржы саясаты, анық етіп қалыптастырылған, синхронды жұмыс істейтін қаржы механизмі қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуына жәрдемдеседі. Кері тенденция да болады: егер қаржы саясаты экономикалық заңдардың іс-әрекетін толық ескерілмесе немесе олармен қарама-қайшылықта болса, онда тиісті қаржы механизмі ұлттық шаруашылықтың, саланың, аймақтың және тағы басқа өндірістің мүмкіндіктерін толық пайдалана алмайды немесе пайдалануға оның халі жоқ; мұндай жағдайда қоғамның экономикалық дамуы тежелінеді, жағымсыз құбылыстар қордаланылады, қоғамға қарсы процестер пайда болады. Мұндай жағдай объективті экономикалық заңдардың талаптарын елемейтін басқарудың әкімшіл-ерікшіл, тым орталықтандырылған әдістерін қолданғанда қалыптасады.

      Қаржы механизімінің әрбір сферасымен жеке буыны бірыңғай бүтіннің құрамды  бөлігі болып табылады. Олар өзара  байланысты және өара тәуелді. Сонымен  бірге салалар мен буындар біршама дербес іс-әрекет етеді. Бұл жағдай қаржы механизмі құрамдастарының үнемі қиысуын қажет етеді. Қаржы механизімінің құрамды буындарының іштей үйлесуі оның ұтымдылығының маңызды шарты болып табылады.

      Қаржы механизмінің сфералары мен буындары жеке элементтердің күрделілігімен және тарамданушылық дәрежесімен ерекшеленеді. Мысалы, бюджет механизмі салықтардың көп түрінен тұратын жүйе, оған қаржыны пайдаланудың сан-алуан бағыттары мен қаржыландыру әдістерінің болуы тән. Шаруашылық жүргізуші субьектілерде қорланымдардың жеке нысандары арасындағы қарым-қатынас анықталады, табыс бөлініске түседі, қорлар құрылып, пайдаланылады. Сақтық ұйымдарында резервтік қор жүйесі кең дамыған.

      Қаржы механизмінің маңызды құрамды бөлігі қаржы ынталандырмалары – іс-әрекеті шаруашылық жүргізуші субьектілердің материалдық мүдделерімен байланысты болатын экономикалық тұтқалар болып табылады. Ұдайы өндірістің сапалық жағын ынталандыру кезінде қаржы экономикалық мүдделерді, ынталандырмаларды қамтамасыз ету бағытында пайдаланылады. Бұл орайда экономиканы сапалық ынталандыру басым болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

      Ресурстар бұл экономикалық игіліктерді  өндіруге пайдаланатын фактордар.  Олар материалдық және еңбек  ресурстарын болып бөлінеді. Ресусртар  нарығының ерекшелігі олардың тапшылығы, өндіріс көлемінің және ресурстарға ұсыныстың шектелуіне байланысты.

       Ресурстарды сақтауды экономикалық, ұйымдастырушылық және техникалық  сипатының шаралар кешені ретінде  пайдаланылған инвестиция, еңбек  және басқа да ресурстармен салыстырғанда озық сапалы және сандық өнімінің өзуінің аса ұстмадылықпен қарау қажет.

        Ресурстарды сақтау проблемасын  шешу ұдайы өндіріс процесіндегі  барлық сатыларды қамту қажет  етеді. Қалдықсыз және қалдығы  аз технологияны өндіріске енгізу  кезек күттірмейтін, мәселеге айналғаны жөн. Себебі, қалдықсыз технологияны үнемдеуді кешенді түрде жүзеге асыруға толық жағдай жасайды.

        Нарықтық экономика жағдайында  ресурстардың сақталу процесі  ұдайы өндірісті арттырады.  Ол  ұлттық табыс серпінінде тұтыну және қолдану арасындағы қатынастар өзгеріп қана қоймайды, сонымен өзінің қорлану қорында ресурстарды сақтау есебінен өндірісітік қорланудың бөлігі үлкен орын алады. Сондықтан, практикада ресурстарды сақтау қорланудың заңдылықтарын ұдайы өндірісті кеңейтуді қамтамасыз етуге пайдалану қажет.  
 
 
 
 
 
 
 
 

                                  Қолданылған әдебиеттер

     

    1.«Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк туралы» ҚР заңы,   31.03.1995 ж.

    2.«Қазақстан  Республикасындағы банктер және  банктік қызмет туралы», ҚР заңы 30.08.1995ж.

    3..«ҚР-ның  ақша жүйесі» ҚР заңы, 1993.

    4.«Қазақстан Республикасындағы инвистициялық қорлар туралы» 6011997            Заңы.

    5.Мақыш  С.Б. Ақша айналымы және несие,  Алматы-2004 ж.

    6.Саниев  М.С. Ақша,Несие, Банктер : Алматы-2001 ж.

    7.Ілиясов  Қ.Қ.,Құлпыбаеов С.Қаржы: Оқулық-Алматы 2003 ж. 

    8. Ильясов  К.К Финансы-Учебник-Алматы 2001 г. 

    9.Смагулова  Р.О., Қаржы нарқы Оқулық-Алматы 2001ж.

    10.Қ.Р.Ұлттық  статистикалық агенттігінің статистика  жинақтамасы 2005ж.

    11 Құлпыбаев  С.,Баязитова Ш. Қаржы теориясы.Оқу құралы-Алматы 2001ж

    12.Банки  Казахстана-№9- 2006 г.

    13.Сахариев  С.С., Сахариева А.С. Жаңа кезең  – экономикалық теориясы. –Алматы, 2004.

     14.Төлепберген М. Ақша // Егемен Қазақстан.-1997.-№3.

    15.Ақыпбекұлы  Ө. Тиынға тоғысқан тарих тылсымдары //Қаржы-қаражат, 1998.-№10.

    16.Мәжитов  Д. Ақша айналысы – экономиканың  айнасы //Егемен Қазақстан.- 2004.-№127.- 6б.

    17.Деньги, кредит, банки / Под ред. Лаврушина  О.И. – М.: Финансы и статистика, 1999. 

Информация о работе Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу