Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 22:05, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорынның капиталының жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Оглавление

Кіріспе . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . , , , , , , . . . . . 4
1. Нарықтық жағдайдағы кәсіпорынның капиталының экономикалық мәні мен мағынасы, қалыптасу қағидалары мен құрылымы және оның ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
1.1 Кәсіпорынның капиталының экономикалық мәні мен мағынасы . . . . . .6
1.2 Кәсіпорын капиталының экономикалық ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . .10
1.3 Кәсіпорынның капиталының қалыптасу қағидалары мен құрылымы 13
2. «Сары - Арқа» ЖШС– нің капитал көрсеткіштерінің жағдайын талдау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
2.1. «Сары - Арқа» ЖШС– нің капиталының құрамы мен құрылымының динамикасын талдау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .16
2.2. «Сары - Арқа» ЖШС нің 2004-2005 жылдардағы негізгі құрал – жабдықтардың көрсеткіштерін талдау . .. .. . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19
2.3. «Сары - Арқа» ЖШС– нің төлеу қабілеттілігін талдау . .. .. . . . . .. . . . . . 20
3. Кәсіпорынның капиталын тиімді пайдалану және оны оңтайландырудың механизмін жетілдірудің негізгі бағыттары . . . . 23
3.1. Кәсіпорынның капиталын оңтайландырудың негізгі бағыттары . .. . . . 23
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 28
Қолданылған әдебиеттер . . . . . . . . . .

Файлы: 1 файл

Жузбаева Бану.doc

— 199.00 Кб (Скачать)
 

     Сонымен, бұл кестедегі мәліметтері көрсеткендей, қаражаттарды ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер арасына тарату жыл аяғына ағымдағы активтердің пайдасына  шешілді.  Яғни, ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу коэффициентінің өсуі. Коэффициент артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады, яғни мүлік әлдеқайда іске тартылған болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдылығын және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.

     Әрі қарай, келесі 4 –кестені құрастыра отырып, ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет.

         
 

Кесте  4 - «Сары -Арқа» ЖШС нің 2004-2005 жылдардағы ағымдағы  активтерінің құрамы мен құрылымы

                                                                                                             мың теңге

Көрсеткіштер 2004 жыл 2005

жыл

Ауытқуы

(+,-)

Өсу қарқыны, %
1 Ағымдағы активтер, соның ішінде: 2130560 1008631 -1121929 47,34
1.1 Тауарлы – материалдық  қорлар 3118 640130 637012 20530,1
1.2 Дебиторлық  борыш - - - -
1.3 Ақша қаражаттары  және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар 1214 18126 16912 1493,1
1.4. Басқа да ағымдағы активтер 2126228 350675 -1775553 16,49
 

     Сонымен, бұл кестеде ЖШС –нің 2004 – 2005 жылдардағы ағымдағы активтердің  құрамы мен құрылымының көрсеткіштері берілген. Мұндағы ағымдағы активтер 2004 жылы 2130560 мың теңгені құраса, ал  2005 жылы 1008631 мың теңгені құрады, яғни екі жылды салыстырғанда 1121929 мың теңгеге (1008631-213560) немесе 47,34% кемігенін көріп отырмыз.  Оның ішінде тауарлы – материалдық қорлар 637012 мың теңгеге, ақша қаражаттары және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар 16912 мың теңгеге артқан, ал басқа да ағымдағы активтер 1775553 мың теңгеге кемігенін байқаймыз. Сонымен келтірілген мәліметтер кәсіпорын активтерінің жалпы алғанда жағымды динамикасын көрсетеді.

     Төмендегі 5 – кестеде осы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі құрал – жабдықтарының жағдайының өте жақсы екендігін көруге болады. Барлық баптар бойынша соңғы екі жыл ішінде олардың құны артып отыр.

2.2.     «Сары - Арқа» ЖШС нің 2004-2005 жылдардағы негізгі құрал – жабдықтардың көрсеткіштерін талдау 

     Бұл  бөлімде кәсіпорынның негізгі құрал  – жабдықтардың көрсеткіштері туралы мәліметтері берілген. Көрсетілген  мәліметтер бойынша 2004 жыл мен 2005 жылдың көрсеткіштерін  салыстыру арқылы талдау жүргіземіз.  

Кесте  5 - «Сары - Арқа» ЖШС нің 2004-2005 жылдардағы негізгі құрал – жабдықтар

                                                                                                           мың теңге

Жыл аяғында бары, бастапқы ( ағымдағы) құны бойынша 2004 жыл 2005

жыл

Ауытқуы

(+,-)

Өсу қарқыны, %
1 Үй жайлар 74462 55143 -19319 74,06
2 Ғимараттар 855547 1257827 402280 147,02
3 Беріліс құрылғылары - - - -
4 Машиналар мен  жабдықтар, барлығы: 672050 625993 -46057 93,1
  Соның ішінде:        
- Қуатты машиналар 35019 30365 -4654 86,7
- Жұмыс машиналары мен жабдықтары 453895 569181 115286 125,4
5 Көлік құралдары 282379 90443 -191936 32,02
6 Аспап, өндірістік және шаруашлық мүмкіндігі 5003 5057 54 101,08
7 Жұмыс және өнім малы - - - -
8 Көп жылдық ағаштар - - - -
9 Негізгі құралдардың  басқа түрлері 95624 97488 1864 101,9
10 Жер учаскелерінің  жалпы көлемі, га 203,7 990,6 786,9 486,3
 

     Бұл  5 – кестеде кәсіпорынның негізгі құрал – жабдықтардың көрсеткіштері туралы мәліметтері берілген. Көрсетілген мәліметтер бойынша 2004 жыл мен 2005 жылдың көрсеткіштерін  салыстыру арқылы талдау жүргіземіз. Мұндағы  ғимараттар 402280 мың теңгеге, аспап, өндірістік және шаруашылық мүмкіндігі 54 мың теңгеге, негізгі құралдардың басқа түрлері 1864 мың теңгеге, жер учаскелерінің жалпы 786,9 га артқан, ал үй – жайлар 19319 мың теңгеге, машиналар мен жабдықтар 46057 мың теңгеге, көлік құралдары 191936 мың теңгеге азайғанын байқаймыз.  

     Сонымен, осы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі құрал – жабдықтарының жағдайының өте жақсы екендігін көруге болады. Барлық баптар бойынша соңғы екі жыл ішінде олардың құны артып отыр. 

     2.3. «Сары - Арқа» ЖШС– нің төлеу қабілеттілігін талдау 

     Баланс  өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның «өтімділігін» анықтап алу керек.

      Өтімділіктің  екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші  тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі  ұғынылады. Мысалы, О.В. Ефимова өтімділік деп – «кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлеу қабілеттілігі», деп жазады. Дәл осынысымен, оның пікірінше, өтімділік төлеу қабілеттілігінен өзгешеленеді. И.Т. Балабанов та өтімділікке осы сияқты анықтама береді: кәсіпорынның  өтімділігі – ол оның өзінің борыштарын тез өтеу қабілеттілігі, егер кәсіпорын өзінің ағымдағы активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді кәсіпорын болып саналады.

      Кәсіпорынның  өтімділігі өзінің міндеттемелерін  уақыты келгенде төлеу үшін, қолда  бар қаражаттарды (активтерді) тезірек  жұмылдыру мүмкіндігінде.

      Баланс  өтімділігін талдаудың мәні –  активтегі өтімділік дәрежесі бойынша  топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, -  өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық елдерде осыны қолданады. 

Кесте  6 - «Сары - Арқа» ЖШС– нің ағымдағы активтерінің өтімділік көрсеткіштері

                                                                                                           мың теңге

Көрсеткіштер 2004 жыл 2005 жыл Ауытқуы
1. Ағымдағы активтер, мың теңге, оның ішінде: 13781 21956 8175
1.1. Ақша қаражаттары  және қысқа мерзімді қаржылық салымдар 1463 1425 -38
1.2. Дебиторлық  борыш және т.б. активтер 1165 2914 1749
1.3. Алдағы кезең  шығындарынсыз тауарлы – материалдық  қорлар қосылған басқа кәсіпорындардың  жарғылық капиталға салған салымдарының мөлшеріне азайтылған құрылтайшылар мен есеп және ұзақ мерзімді қаржы салымдары 11153 17617 6464
2. Қысқа мерзімді міндеттемелер, мың теңге, оның ішінде: 4643 9681 5038
2.1. Қысқа мерзімді несиелер мен заемдар - - -
2.2. Кредиторлық борыш 4294 8081 3787
2.3. Басқа да ағымдағы міндеттемелер 349 1600 1251
3. Өтімділік көрсеткіштері - - -
3.1. Абсолюттік  өтімділік коэффициенті 0,315 0,147 - 0,168
3.2. Аралық өтімділік  коэффициенті 0,566 0,448 -0,118
3.3. Ағымдағы (жалпы) өтімділік коэффициенті 2,968 2,268 -0,700
 

     Бұл 6 – кесте мәліметтері жыл аяғындағы өтімділік жыл басына қарағанда біршама төмендегенін көрсетеді. Осылай, абсолютті өтімділік коэффициенті 0,168 мың теңгеге, аралық 0,118 мың теңгеге және ағымдағы 0,7 мың теңгеге төмендеді. 

     Бұл кестедегі мәліметтер бойынша 2004 жыл мен 2005 жылдардағы көрсеткіштерді салыстыратын болсақ, ағымдағы активтер 8175 мың теңгені құраған, яғни оның ішіндегі ақша қаражаттары және қысқа мерзімді салымдары 38 мың теңгеге кеміген, ал дебиторлық борыш және т.б. активтер  1749 мың теңгеге, ұзақ мерзімді қаржы салымдары 6464 мың теңгеге артқан.  Қысқа мерзімді міндеттемелер 5038 мың теңгені құраған, оның ішіндегі қысқа мерзімді несиелер мен заемдар нәтижесізболған, кредиторлық борыш 3787 мың теңгеге артқан. Ал өтімділік көрсеткіштері нәтижесіз болғанын көреміз.

     Қорыта  келе, жалпы өтеу, яғни ағымдағы өтімділік  коэффициен,ті жыл басында да, жыл  соңында да талап етілген шектеуге жауап берді, бірақ жыл басына қарағанда 0,7 мың теңгеге төмендеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3.  Кәсіпорынның капиталын тиімді пайдалану және оны оңтайландырудың механизмін  жетілдірудің   негізгі  бағыттары

3.1. Кәсіпорынның  капиталын  оңтайландырудың  негізгі бағыттары 

     Кәсіпорынның  активтерін қалыптастыру және пайдалану  механизмі құрылымын сипаттау үшін оның буындары ретінде анықталатын жүйелі талдаудың қосалқы жүйесі (бөлігі), блогы, элементі сияқты  ұғымдарын пайдаланған орынды.

      Кәсіпорынның  активтерінің механизмі қосалқы  жүйесі (блогы) оның неғұрлым маңызды  қозғаушы күші болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржы тұтқалары мен ынталандырмалары, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықтық режимі, қаржыны ұйымдастыру.

      Қаржы механизмінің элементі – бұл қарапайым  шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың мүдделері  айрықша түрде білінеді.

      Әрбір элемент біріңғай қаржы механизмінің құрамды бөлігі болып табылады, бірақ өзінше жұиыс істейді және  барлық элементтер келісуді талап етеді.

      Қаржы механизмі элементтерінің – қаржы  қатынастарын ұйымдастырудың нысандарының, түрлерінің, әдістерінің үйлесуі  «қаржы механизмінің конструкциясын» құрайды, ол механизмінің әрбір элементінің сандық параментрлерін белгілеу жолымен, яғни алудың мөлшерлері мен нормаларын, қорлардың көлемін, шығындардың деңгейін және басқаларды анықтау арқылы қозғалысқа келтіріледі. Сандық параметрлер мен оларды анықтаудың сан алуан әдістері қаржы механизмінің ең шамдағай бөлігі болып табылады. Олар түзетулерге жиі ұшырамайды, өндіріс жағдайлары мен қоғам алдында тұрған міндеттердің өзгерісін сергек сезіп отырады. Мысалығ табысты (пайданы) бөлудің  әдістері және кәсіпорын мен мемлекет арасында оның бөлінуінің ара қатысы әлденеше рет өзгереді, салықтардың мөлшерлемелері түзетіледі және т.б.

Информация о работе Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу