Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 22:05, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорынның капиталының жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Оглавление

Кіріспе . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . , , , , , , . . . . . 4
1. Нарықтық жағдайдағы кәсіпорынның капиталының экономикалық мәні мен мағынасы, қалыптасу қағидалары мен құрылымы және оның ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
1.1 Кәсіпорынның капиталының экономикалық мәні мен мағынасы . . . . . .6
1.2 Кәсіпорын капиталының экономикалық ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . .10
1.3 Кәсіпорынның капиталының қалыптасу қағидалары мен құрылымы 13
2. «Сары - Арқа» ЖШС– нің капитал көрсеткіштерінің жағдайын талдау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
2.1. «Сары - Арқа» ЖШС– нің капиталының құрамы мен құрылымының динамикасын талдау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .16
2.2. «Сары - Арқа» ЖШС нің 2004-2005 жылдардағы негізгі құрал – жабдықтардың көрсеткіштерін талдау . .. .. . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19
2.3. «Сары - Арқа» ЖШС– нің төлеу қабілеттілігін талдау . .. .. . . . . .. . . . . . 20
3. Кәсіпорынның капиталын тиімді пайдалану және оны оңтайландырудың механизмін жетілдірудің негізгі бағыттары . . . . 23
3.1. Кәсіпорынның капиталын оңтайландырудың негізгі бағыттары . .. . . . 23
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 28
Қолданылған әдебиеттер . . . . . . . . . .

Файлы: 1 файл

Жузбаева Бану.doc

— 199.00 Кб (Скачать)
 
 

1.2. Кәсіпорын капиталының экономикалық ерекшеліктері  

          Ресурстар сатылатын және сатып  алынатын болғандықтан олардың  бағалары да болады. Сұраныс пен  ұсыныстың өзара іс – қимылының болашақ нәтижесінде, баға ресурстар нарығы ерекшеліктерінің жалпы барлық түрлері, олардың әрбір айрықшаларын қалай болса солай қамтиды.

         Ресурстар нарығының ерекшеліктері  – ең алдымен оладың шектелуіне  қарай өндіріс көлемінің өзінің де және ресурстар ұсынысында да шектелуінің қорытындысы болып табылады. Қоғам  өндіруде мүмкіндігі болмаған жағдайда, тауарлар мен қызмет көрсету мөлшері тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыра алмайды. Соған байланысты ресурстар нарығын шоғырландыру қажеттілігі туады.

         Экономикалық ресурстардың бағасы  әр түрлі басқа нарықтарда  ұсыныс пен сұраныстың ықпалымен  сәйкестендіріп үйлестіріледі. Ресурстар  ұсынысы олардың тікелей баға  арасындағы байланысы мен нақтылы  бар мөлшерін, ресурстарды иеленушілердің мүдделеріне сәйкес олардың бағаларын жоғары қоюын көрсетеді. Ал ресурстар сұранысы баға мен ұсыныс көлемінің арасындағы қарама – қарсы байланысты көрсетеді: егер де баға көтерілсе, онда кәсіпорын ресурстарды аз сатып алады немесе оларды арзандау басқалармен алмастырады.  

         Кесте 2 - Кәсіпорынның өндірістік ресурстары 

       Материалдық – заттай нысаны Ақшалай нысаны
Қабылданатын  есеп – қисапта  Нарықтық жағдайда
Жұмыс күші

Еңбек құралы (машина, жабдықтар, т.б.)

Еңбек заттары (шикізат, материалдар, т.б.)

Дайын өнім (тауарлардың босалқы қорлары)

Өндірістің  табиғи жағдайы (жер, пайдалы қазба  байлықтар, т.б.)

Ресурстар

Еңбекақы қоры

Негізгі қорлар

Айналмалы қорлар

Айналыс қорлары

Айналымдағы ақша (есептесу шоты, есептесу, касса) 
 
 
 
 
 

Ауыспалы капитал

Негізгі капитал

Айналмалы капитал

Айналыс қорындағы  айналым капиталы

Ақша нысанындағы  айналыс капиталы  
 
 
 

Жарғылық  капитал

     
 

Ресурстарға сұраныстың ерекшелігіне қысқаша тоқталайық:

  1. Ол дайын өнімнің сұранысқа деген туындысы (тәуелділігі) болып табылады. Демек, біріншінің өзгеруі ең алдымен екіншісінің өзгеруіне байланысты болады.
  2. Ресурстарға сұраныс еңбек өнімділігіне тәуелді: оның дамуы экономикалық ресурстарға деген сұраныстың серпініне байланысты, яғни орнындағы ресурстар мен қосымша ресурстар бағаларының өзгеруі;
  3. Ресурстардың туынды сұранысы көбейеді, егер де өнімге сұнаныс көбейсе, дайын өнімді шығаруда еңбек өнімділігі артса, орнындағы ресурстардың бағасы төмендейді. Бұдан туындайтыны, сұраныстың икемділігі мына төмендегі нысандарға байланысты:
    • Дайын өнімге сұраныстың икемділігі: ол неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ресурстардың сұраныстың икемділігі де жоғары болады;
    • Ресурстардың алмастырылуы: оларға сұраныстың икемділігі жоғары болса, егер де баға өскен жағдайда оларды басқа ресурстармен алмастыруға немесе артығырақ кәміл технологияны өндіріске енгізуге мүмкіндігі туады;
    • Жалпы шығындарда ресурстардың үлесі: егер де жалпы шығында ресурстардың үлесі жоғары болса, ал ресурстарға баға өссе, онда бұл оларға деген сұраныстың төмендеуіне әкеп соғады. Демек, жалпы шығында ресурстардың үлесі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сұраныс икемділігі де жоғары болады.

         Ресурстардың шектелуіне қарамастан, олар адамдардың ықпал жасауының  арқасында алмасып отырады. Мысалы, милторация жұмыстары жүргізілетін болса жерге ұсынысты арттыруға болады. Сонымен ресурстар ұсынысы заң сиректілігіне, ресурстардың шектелуіне байланысты. 
 

1.3.   Кәсіпорынның капиталының   қалыптасу  қағидалары мен  құрылымы  

     Ресурстарды сақтау дегеніміз – меншіктің  әр түрлі формалары және шаруашылық тетігінің ықпалымен жүзеге асатын нақты және өткен еңбекті үнемдеу. Оның практикалық мәні еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын үнемді жарату, өнімсіз және халық шаруашылықтарының дәрежесі мен сипаттамасы ретінде экономика және басқару жүйелерін қайта құруды, олармен табиғи байланысты ұштастыруды қажет етеді. Ресурстарды сақтау экономикалық қатынастар жүйесінің және шаруашлықты жүргізу әдістерінің қамы үшін ғана болмауы керек.  

           
          Кәсіпорының қаржы ресурстары

Меншікті және теңестірілген қаржы есебінен пайда болу   Қаржы нарығындағы  жұмылдыру   Қайта бөлу ретіндегі  түсетіндер
  • Негізгі қызметінен түсетін пайда
  • Кеткен мүлікті сатудан түскен пайда
  • Өткізуден тыс операциялар пайдасы
  • Орнықты пассивтер
  • Мақсатты түсімдер
  • Ұжым мүшелерінің үлестік және басқа да жарналары.
  • Меншікті  құнды қағаздарын сату
  • Дивидендтер және құнды қағаздар проценті
  • Нсие
  • Сақтандыру  өтемі
  • Концрндерден, ассоциациялардан, салалық құрылымдардан түсетін қаржы ресурстары
  • Үлестік жарналарды қалыптастырудағы қаржы ресурстары
  • Бюджеттік демеу қаржысы (субсидия) т.б.
 

Сызба 1 -      Кәсіпорынның қаржы ресурстарының құрылымы 
 

        Ресурстарды сақтау саясаты орасан  зор  потенциалдың мүмкіндіктері  бар Казакстан үшін өте үлкен  принциптік маңызы бар. Себебі, республикада ұзақ жылдар бойы халық шаруашылығының өркендеуі экстенсивтік, жоғары шығындылық негізінде болып келді. Шаруашылықты жүргізудің мұндай әдістері әлдеқашан өзінің сипатын жойып, өндірісті интенсивтендіруге үлкен тосқауыл жасады.

        Экономикалық реформа жағдайында ресурстардың сақталу процесі ұдайы өндірісті арттырады. Ұлттық табыстың серпінінде тұтыну мен қорланудың арасындағы арақатынастар өзгеріп қана қоймайды, сонымен бірге өзінің қорлану қорында ресурстарды сақтау есебінен шаруашылық  қорланудың сол блігі үлкен орын алады. Сондықтан, практикада ресурстарды сақтау қорланудың заңдылықтарын ұдайы өндірісті кеңейтуді қамтамасыз етуге пайдалану қажет болады. Ресурстарды сақтау ісі жүзінде тиімді экономикалық дамудың бірден – бір басты кезеңіне айналып отыр. Мысалы, энергия мен шикізаттарды үнемдеу шараларын іске асыруға кеткен шығындар, осындай мөлшердегі шығындарға қарағанда екі есеге кем болады. Алайда, өндірісті дамытудағы ресурстарды сақтау жолына өте - мөте баяу жүргізіліп келеді. Ресурстарды сақтаудың экономикалық негізіне қаржы –несие саясатты бағаның құрылуы және ынталандыру жатады.

        Ресурстарды сақтаудың басты  бағыттары - өнім бөлігінің материалдық  шығындылығын кеміту, ең алдымен  үнемді конструкциялық шешімдер  және ресурстарды сақтау техникасын және қалдықсыз технологияны кеңінен қолдану; өндірісітік процестерге отын- энергетика және т.б. да материалдық ресурстардың шығындарын азайту; шикізаттардың және екінші қайтарымды жылу ресурстарының, тұрмыстық қалдықтарын толық пайдаланып; оларды қайтадан пайдаға асыру, табиғи байлықтарды, бастапқы шикізаттар ресурстарын кешенді түрде өңдеу.

          Нарықтық экономика жағдайында  кәсіпорын жұмысын жүргізудің  экономикалық тетігін және оның  әрбір цехтарында, әрбір еңбек  ұжымдарында ресурстарды сақтаудың ынтатылығының ең тиімділік амалын қолданатын болу керек. Ресурстарды сақтау проблемасын шешуде ұдайы өндіріс процестерінің барлық сатыларын, сонымен бірге, ең алдымен шикізаттарды өндіру және шала фабрикаттарды қайта өңдеуді қажет. Себебі, бұл саладағы материалдық шығындар әлі де болса өте жоғары болып келеді. Мұнда бірінші орынды қалдықсыз технологияны қолдану негізінде өндірісті ұтымды ұйымдастыру жұмысы арқылы алады. Шикізаттардың қай түрі болмасын жарамды өнімдерді өңдеуде пайдалы заттардың алуан түрлерінен тұрады. Сонымен, бұл шикізаттарды өндіру және қайта өңдеу кешені тиімділігінің шешуші факторы болып табылады.

          Қазірдің өзінде қалдықсыз технологияны  өндіріске енгізуге техникалық  мүмкіншіліктер толық жеткілікті: толық немесе толыққа жақын өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату және т.б. Қалдықсыз өндірісте кешендік өнем толық іске асады. Біріншіден мұнда материалдық ресурстарды ұтымды пайдалануда кейбір аз байланысты шаралардың едәуір толық кәдеге жаратудың түбегейлі әдістерін қамтамасыз ететін ғылыми жүйеге өту. Екіншіден, ол ірі әлеуметтік экономикалық кешенді проблемаларды шешуге ықпал етеді: республикадағы шикізаттар ресурстарының   қамтамасыз етілу деңгейін арттыру, еңбек шартын арттыру, табиғи ортаны қорғау және т.б.

   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2. «Сары - Арқа» ЖШС- нің капитал жағдайын талдау

    2.1. «Сары - Арқа» ЖШС -нің 2004-2005 жылдардағы баланс активтерінің құрамы мен құрылымын талдау 

     Бұл бөлімде мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы ресурстарын басқаруды  ұйымдастырудың талдауы қарастырылады. Оның ішінде басты назар аударатын нәрсе қаржы ресурстарын қалыптастырудың қайнар көздерін талдау жүзеге асырылады.

     Баланс  активтерінің құрамы мен құрылымының  динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген  түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

     Қаржылық  есептің маңызды элементі болып  саналатын активтерді талдау барысында, осы активтердің нақты қолда  бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер талданады. Активтердің  жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді. Оны келесі 1 - кестеде қарастырамыз.                                                                                                           

       3 - кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының 2004 жылы 220125 мың теңгені құрайтынын  көретін болсақ, ал 2005 жылы 1235710 мың теңгені құрағанын көріп тұрмыз. Жалпы активтер құнынының көрсеткіштерін  2004 жылын 2005 жылмен салыстырғанда  965715 мың теңгені (1235710 – 220125) немесе 56,13% құраған.  Оның ішіндегі ұзақ мерзімді активтер 156214 мың теңгеге, негізгі құралдар 213114 мың теңгеге, өндірістік құралдар 392482 мың теңгеге, дайын өнім 244530 мың теңгеге, кәсіпорынның өндірістік потенциялының құны 605596 мың теңгеге артқан, ал қаржылық салымдар 56900 мың теңгеге, ағымдағы активтер 1121929 мың теңгеге кеміген.

     Сонымен бұл кәсіпорынның 2004 жылы әрі қарайғы  дамын көрсететіндігін, оның жұмысының  оң нәтижесін сипаттайды, ал 2005 жылы болса бұл көрсеткіштің құлдырағанын көрсетіп отыр.                                                                       

    

Кесте 3 - «Сары - Арқа» ЖШС нің 2004-2005 жылдардағы баланс активтерінің құрамы мен құрылымы

                                                                                                                  мың теңге

 
      Көрсеткіштер
 
2004жыл
 
2005жыл
 
Ауытқуы

(+,-)

Өсу қарқыны, %
1 Активтер құны, соның ішінде 2201425 1235710 -965715 56,13
1.1 Ұзақ  мерзімді активтер 70865 227079 156214 320,4
А Негізгі құралдар 13965 227079 213114 1626,1
Б Қаржылық салымдар 56900 - -56900 -
1.2. Ағымдағы активтер 2130560 1008631 -1121929 47,34
А Өндірістік  қорлар - 392482 392482 -
Б Дайын өнім 3118 247648 244530 7942,5
2 Кәсіпорынның өндірістік потенциалының құны 13965 619561 605596 4436,5

Информация о работе Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу