Коммерциялык банктердін инвестициялык кызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 16:40, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанда заңға сәйкес , инвестиция деп, кәсіпкерлік іс әрекет және басқада пайда әкелетін іс әрекет обьектілеріне салынатын ақша қаражаттары мен бағалы қағаздарды айтады.
Инвестициялық қызметтің қатысушылары- жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сол сияқты шетелдік инвесторлар бола алады. Берілген жағдайдағы әңгіме коммерциялық банктердің инвестициялыққызметіне қатысты./1/

Оглавление

Кіріспе…………………………………………..………………………..…...........3

I.Инвестициялық қызметтің экономикалық маңыздылығы............................4
1.1.Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы........................................4
1.2.Инвестициялық қызметтің мәні мен принциптері..…................................7

II.ҚР коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі.................................11
2.1.Коммерциялық банктердің инвестициялық операциялары.........................11
2.2.ҚР-дағы инвестицияны басқару...............................................................16

III.Коммерциялық банктердің ивестициялық қызметін дамыту.......................20
3.1.Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың факторлары................................20
3.2. Инвестициялық қызметті жетілдіру жолдары.............................................23

Қорытынды…………………………………...…………….……................…....29

Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………….....….……….....30

Қосымша

Файлы: 1 файл

2 Мадина Коммерциялык банктердін инвестициялык кызметі (2).doc

— 219.00 Кб (Скачать)

Қазақстан өз тәуелсіздігін  жариялағаннан кейін еркін бәсекелестік пен жеке  меншікке негізделген  нарықтық экономиканы құруға бағытталған  құрылымдық реформаларын сеніммен бастады.

1995 жылдан бастап Қазақстан  экономикасын қалыпқа келтіру жүргізілді. Қазіргі таңда нарықтық экономиканы құруға байланысты заңдылық және құрылымдық  реформалар аяқталу сатысында.

Қазақстан экономикасы Тәуелсіздік  кезінде жеке меншікке және бәсекені ынталандыруға негізделген дамудың  жаңа моделін қалыптастырады.

Қазақстан экономикасының таңдалған  жаңа даму бағыттарының дұрыстығы негізінде  аз уақаттың  ішінде жоғарғы көрсеткіштерге ие болып әлемге таныла бастады. Шетел  инвесторлары сенімділік пен Қазақстан  экономикасына өз құрамдарын салды.

Қазіргі таңда Қазақстан инвестиция тарту бойынша өзара пайдалы әріптестікті қамтамасыз ететін тұрақтылықты кепілдейтін инвесторлар үшін сенімді әріптес болып танылуда.

Шетел капмталын тартуға  байланысты мемлекеттік реттеудің  функциясы негізгі үш сферада  жүргізіледі:

1. Халықаралық несиелеу (Тікелей  инвестиция тартудағы қаржылық  нарықтың глобализациялау)

2. Халықаралық кәсіпкерлік  сферасында инфляцияны тұрақтандыру  мемлекетік бюджет тапшылығын қысқарту, жеке капиталды дамыту, салықтық ынталандыру, әлемдік қор нарығына шығу

3. Халықаралық сауда  сферасына  (халықаралық еңбекті  бөлу артықшылығын іске асыру,  қосымша сұраныс қалыптастыру  функциясы)

Экономика үшін негізгі  өндірістерді қаржыландыруға маңызды  қаржы көзі шетел инвестициясы болып  табылады. Шаруашылық қызметті қаржыландыруда шетел инвесторлары ұзақ мерзімде қызығушылықтары пайда болса , бұндай инвестиция ішкі қаржыландыруға қарағанда тиімді болып табылады.

Республикаға тартылатын инвестициялық капиталдық үш арнасын  қарастыруға болады:

экспорттық несиелер: инвестициялық және тауарлық

дамуға ресми көмек: қаржылық және техникалық

инвестициялар: тікелей  және портфельдік.

Қазақстанның инвестициялық саясатының дамуына шетелдік ірі компаниялардың, корпорациялардың басшылары оң бағалап, жоғары нәтиже беруде.

Елімізге әліде көптеген ірі инвесторларды тарту үшін біршама мынадай міндеттерді орындау керек – Республикамыздың инвестициялық имиджін жақсарту, салық салу және салық әкімшілігі жүйесін жетілдіру, шетелдік жұмыс күштерін енгізуді лийензиялау, көршілес мемлекеттер мен тарифтік саясатқа және көлік тарифтерін үйлестіру, заң шығарушылық процессінің ашықтығын арттыру, инвестициялық тартыстың алдын – алу және дауды соттан тыс шешу, шетелдік компанияладың басшылық құрылымдарды елге келу және елден кету тәртібін оңайлату саяси және реттеуші қателерден инвестицияларды сақтандыру және т.б.

Мемлекеттің экономикалық дағдарысын жеңу үшін, сонымен қатар  экономиканың нақты өсуіне инвестициялар  қажет. Жеке қзіміздің мемлекеттегі инвестицияладың жай тұрғыда  өсуіне байланысты олар мемлекеттің экономикасын дамытуда жеткіліксіз сондықтан мемлекеттің экономикалық саясатының инвестицияны тартудың приоритетті бағыттарының бірі тікелей шетел инвестициялары болып табылады. Тікелей шетел инвестицияларының негізгі бөлігі экспортқа немесе қысқа мерзімдегі табысты жобаларға бағытталады. Ал бұл территориялық теңсіздікке әсерін тигізеді.

Шетел инвестицияларының  аймақ бойынша салынуы инвесторларыдң шикізат көзіне бағытталғанын көрсетеді. Әрбір аймақтың инвестициялық ахуалы обьективті мүмкіндіктеріне байланысты және де қызмет шарттарына нақтылығы.

Қазақстандағы тікелей  шетел инвестицияларына келуі бірлескен  кәсіпорын құру негізінде, шетел  капиталының қатынасымен мемлекеттік  кәсіпорындарды жекешелендіру, ірі  өндірістік кәсіпоындарды шетел  фирмаларының басқаруына берілуі және банктік саланы инвестициялау. Республикадағы шетел тікелей инвестицияларын тартудың негізгі формасы бірлестік кәсіпорын болып табылады және сандық сипаттама бойынша ең көбі Турция, Ресей, Қытай, Германия, АҚШ, Италия, Оңтүстік Корея,Ұлыбритания және т.б. елдермен бірлесін құруға болады.

Жаңа тенденция шетел  инвесторлаын толық иемденетін кәсіпорындардың  өсуімен байланысты. Бұл былай  түсндіріледі: шаруашылықтаң әр түрлі  типін көрсететін шетел және қазақ  серіктестерінің қиыншылықтарының, соған байланысты бірлестік кәсіпоында батыстың өлшемдері бойынша икемді және тиімділігі желкіліксіз болып көрсетіледі. Бірлестік және шетел кәсіпорындарының көп бөлігі сауда саласына делдалдық, кеңестік қызмет көрсетулер, қаржылық және экспорт, импорттық операциялар сонымен қатар транспорттық, жарнамалық, туристік бизнес саласына жұмылдырылған. Шетел фирмалары біздіңжоғары технология және интелектуадық өндірістің дамуына, космостық, авиациялық техниканың, электроника, инженерия , яғни жоғары бәсекелестік потенциал иемденетін салаға қызығушылық танытпайды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2009 ж қантар қыркүйегінде 735,6 млрд. Теңгені құрады. Соның ішінде ен коп үлесті өндіріс саласы- 433656 млн тенге, ауыл шаруашылығы – 8998 млн тенге, көлік және байланыс-135769 млн тенге, тұтынушылық қызмет көрсету- 55236 млн тенге, құрылыс 9570 млн тенге, әлеуметтік қызметтер-8430 млн тенге.

2010 ж қантар қыркуйекте қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялардың бағалау көлемі 931 млрд тенгені құрады, оның 920 млрд тенгесі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар және ол өткен жылғы денгейден көп. 2010 ж осы кезенінде инвестицияның өсуі 2009 жылғы осы кезендегі денгеймен салыстырғанда республиканың 12 өңірінде байқалды.

Қазақстанда экономикалық реформаларды ойдағыдай жүргізу мәселесінде шетелдік инвестицияларды тартудың маңызы бар.

Шетел инвестициялардың тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назрға бірінші кезектегі мәселелер  қатарында ұсталады. Экономиканың бірнеше секторы бар: табиғи ресурстарды игеру, инфрақұрылым, комуникациялар және ақпарат, еліміз үшін бұлар тұрақты маңызға ие. Бұлар капиталды қажет ететін салалар, оларды дамыту үшін шетел капиталмен қатар мемлекеттің қатаң стратегиялық бақылауы қажет. Капитадың болуы инновациялық қызмет технология, тиімді ұйымдастырушылық және басқару тәжірибесі бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.

Президенттің Конституциялық заң күші бар жарлықтары мен басқа  да бірқатар Заң актілерпі айрықша  орын алды. Республикамызда сыртқы экономикалық қызметті реттеп отыратын ҚР «шетелдік инвестициялар туралы» жарлықтары шетелдік инвесторларға қатысты дейміз. Ал 1997 жылдың 28 – інші ақпанында «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» заң қаьылданды. Осы заңға сәйкес инвестициялар жөнінде агенттік (бұрынғы инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитет) құрылды.

Әділ әкімшілік бұлжытпай  орындайтын анық тиімді және қатаң  ұсынатын заңдары бал ашық және бәтуагерлік  инвестициялық саясат шетел инвестицияларын тартудың барынша қуатты ынталандыру тетігі болып табылады. Мұндац саясатты талдап жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болуға тиіс, өйткені Қазақстанның шетел капиталынсыз, технологиясыз тәжірибесінсіз жедел экономикалық өрлеу мен жаңартуға қалай қол жеткізетінін көз алдымызға келтіру қиын.

Біздің инвестициялық  ахуалымыз неғұрлым қолайлы, ал Қазақстан  тартылған шетел инвестицияларының  көлемі мен сапасы бойынша басты  орынға шығуы үшін бізге саяси  ерік – жігер мен нақты іс –  қимыл қажет. Әлемге әйгілі инвесторларды мүмкіндігінше көтеп тарту үшін бізге қажетті тетіктердіпайдалануда асқан шеберлік танытуға да тиіспіз. Сондықтан да президент өз жарлығымен инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетті құрып оған тіеклей инвестицияларды қорғаудағы саясатымызды іске асыру құқығы бар.Шетелдік инвестицияларды тарту ісі мемлекеттен нақты қолдау табуы тиіс.

Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына қатыстыру әртүрлері  нысанда жүзеге асырылуы мүмкін, оған шетел банктері мен халықаралық  ұйымдардан қарыз алудан бастап кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады. 1991 – ші жылдан бастап тәуелсіздік алғаннан бері республика сырқы нарыққа дербес шығу мүмкіндігіне ие болды.

Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметті жүргізуде жеткілікті тәжірибесі жоқ. Сондықтан негізгі проблемалар қатарына тікелей шетел инвестициясын тиімді тарту мен орналастыру жатқызылады. Қазіргі уақытты инвестициялық стратегияны тартылған шетел инвестициялары бағытында дамытуға тура келеді. Осыған орай шетел несиелерін тиімді қолдану сұрақтары өзекті проблема болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы  шетел инвестицияларын тарту  проблемелары экономиканы реформалауда негіз болып табылады. Инвесторлаға тарту уәкілдігә берліген. Мұндай басым салалардың тізімін Қазақстан Республикасы Президентті белгілейді.

Тікелей инвестицияларды  мемлекеттік қолдау келесі шаралар  жиынтығынан тұрады:

преференциялар мен  жеңілдіктер жүйесін белгілеу;

Инвесторлардың алдында  Қазақстан Республикасы атынан өкілдік  ете алатын мемлекеттік органның болуы.

2010 жылы тікелей шетелдік инвестиция 1193,1 миллиард теңге 2009 – ші жылмен салыстырғанда 19% жоғары.

2010 жылы негізгі капитал инвестициялардың 103,7 миллиард теңгені құрап, берілген көрсеткіш 2009 – ші  жылдан 22,8% артық болды.

Жаңа жағдайдағы Қазақстан  Республикасы шаталдік инвестицияларын  тартудың тиімді алғышарттарын орнатуды талап етеді.

Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларды тартудың бағыттары:

Қазақстан экономикасының шикізат емес секторына шетел  инвесторларын тарту;

Қазақстан Республикасы Президентті жанындағы шетел инвесторларының Кеңесі қызметін қамтамасыз ету;

Ивестицияларды мемлекеттік  қолдау шараларын жүзеге асыру болып  табылады.

Дүние жүзілік шаруашылық интеграциясының  қазіргі жағдайындатікелей шетел  инвестициясының тез өсуі байқалуда. Олардың өсу қарқыны басып озуда. Қазір, еліміз микроэкономикалық көрсеткіштердің салыстырмалы тұрақтылығына қол жеткізген уақытта экономикалық өсу шараларын жүзеге асыру маңызды міндет болып табылады. Экономикалық өсу концепциясы шетел капиталын кеңінен тартуды ұсынады. Инвестиция тарту бірден бінеше проблемеларды шешуге мүмкіндік береді: алдыңғы қатарлы технологиялар игеріліп, нарық отандық тауарлар мен толықтырылып экспорттық өнімніңбәсеке қабілеттілігі артады. Осы уақытқа дейін Қазақстанның ірі нарықтық потенциалына, табиғи ресурстардың алуан түрлілігіне, стратегиялық тиімді жер қойнауларына қарамастан, ол шетелдік кәсіпкерлер үшін аса тартымды болмай келеді. Тек жаңа «Тікелей ивестицияны мемлекеттік қорғау туралы заңның» шығуына байланысты жағдай дұрыстала бастады.

Қазрде сыртқы қаржыландыру ағысының 50% тікелей шетел инвестициясының  үлесіне тиеді. Тікелей шетел  инвестиция ағымы негізінен  біріккен бөлімшелік кәсіпорындар құру, мемлекеттік  кәсіпорындарды шетел капиталының қатысуымен жекешелендіру, шетел фирмаларының басқаруына ірі өнеркәсіптік обьектіледі беру банк секторын инвестициялау арқылы жүзеге асырылады. Көптеген дамыған елдер  тікелей шетел нвестициялардың көмегімен өз экономикасының дамуын жоғары деңгейде жеткізді.

Шетел инвестицияларының  Қазақстан экономикасына ағылуының  жаңа перспективалары ашылуда:

1  шетелдік капитал көмегіне Қазақстанның ҒТП игеру .

2Қазақстанның экспоттық  потенциалын кеңейту және диверсификациялау

3 Импортты ауыстырушы өндіріс  құру, халық  тұтынатын тауарлар, азық – түлік тауарларын, медикаменттерді өндірісін дамыту

4 көлік және байланыс, өңдеу  салаларын инфрақұрылым сферасын  кеңейту.

5 бай табиғи қорлары бар Оңтүстік, Батыс, Орталық аймақтарға шетел  капиталын салу. Шетелдік инвестицияларды тарту ісі мемлекеттен нақты қолдау таубы тиіс. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына қатыстыру әр түрлі нысанда жүзеге асрылуы мүмкін, оған шетел банктері мен қалықаралық ұймдардан қарыз алудан бастап, кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады. Мұның өтпелі формасы ретінде бірлескен кәсіпорындар ұйымдастырылуы мүмкін. Шетел капиталын ұлттыұ экономикаға тарту өте пайдалы процесс.  Біріншіден, шетелдік инвестицияшылар елдің өндірістік базасын жедел жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі. Екіншіден, шетел фирмалары жаңа өндіріс орындарын ашумен қатар, капиталистік бәсекелестік күресте шыңдалған еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін ала келеді.

Біздің экономикаға  ірі инвестицияларды келтіру үшін бірнеше шарттарды орындау қажет. Біріншіден, мемлекет шетелдік инвестицияларға қауіпсіздік кепілдігін беру қаже. Екіншіден, мемлекет шетел инвесторларына пайданы тұрақты валютаға ауыстырып әкетуіне жағдай жасау керек. Шетелдік инвестицияшылар қоғамдық санада әлі болса елді кіріптар етудің, оны шикізат шылауына айналдыру мақсатындағы экономикалық интервенцияшының құралы ретінде көрініп отыр.

Ал әлемдік тәжірибе болса, дамыған рыноктық экономикладың  шетелдік инвестицияларды молынан сіңіріп алып жатқанын көрсетеді. Мысалы, 20 ғасырдың соңына қарай шетелдіктер АҚШ жалпы саласы 329 млрд доллар тен өндірістік қорларды иемденді. Бұл саланы көзге елестету үшін Австралия сияқты дамыған елдің жалпыұлттық өнімінің құнымен тен десек те жеткілікті.Бұл, әрине , қарапайым американдықтарды мазасыздандыруда, бірақ Америка бизнесмендері 80% шетел капиталының ел экономикасына құйылуын белсенді түрде қолдайды және үкімет тарапынан да бұл жағдай толық қолдау табуда.

Информация о работе Коммерциялык банктердін инвестициялык кызметі