Коммерциялык банктердін инвестициялык кызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 16:40, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанда заңға сәйкес , инвестиция деп, кәсіпкерлік іс әрекет және басқада пайда әкелетін іс әрекет обьектілеріне салынатын ақша қаражаттары мен бағалы қағаздарды айтады.
Инвестициялық қызметтің қатысушылары- жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сол сияқты шетелдік инвесторлар бола алады. Берілген жағдайдағы әңгіме коммерциялық банктердің инвестициялыққызметіне қатысты./1/

Оглавление

Кіріспе…………………………………………..………………………..…...........3

I.Инвестициялық қызметтің экономикалық маңыздылығы............................4
1.1.Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы........................................4
1.2.Инвестициялық қызметтің мәні мен принциптері..…................................7

II.ҚР коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі.................................11
2.1.Коммерциялық банктердің инвестициялық операциялары.........................11
2.2.ҚР-дағы инвестицияны басқару...............................................................16

III.Коммерциялық банктердің ивестициялық қызметін дамыту.......................20
3.1.Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың факторлары................................20
3.2. Инвестициялық қызметті жетілдіру жолдары.............................................23

Қорытынды…………………………………...…………….……................…....29

Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………….....….……….....30

Қосымша

Файлы: 1 файл

2 Мадина Коммерциялык банктердін инвестициялык кызметі (2).doc

— 219.00 Кб (Скачать)

    Инвестиция қандай факторлаға тәуелді? Олардың ең маңыздыларын атап өтейік. Біріншіден, инвестиция процесі күтіліп отырған пайда нормасына немесе күрделі қаржылық рентабльділігіне тәуелді. Егер инвестордың пікірінше рентабельділік төмен болса, онда қаржылндыру жүзеге аспайды. Екіншіден (мұның өзі бірінші жағдаймен байлаысты) нвестор шешім қабылда кезінде күрделі қаржының альернативті мүмкіндіктерін есепке алады және мұндағы шешуші фактор процент ставкасының деңгейі болады. Инвестор ақшасын жаңа зауыт, фабрика құрылысына жұмсауы мүмкін, немесе ақша ресурстарын банкке орналастыруы да ықтимал. Егер процнет нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан төмен болса, инвестиция жүзеге аспайды, керісінше, егер процент нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан төмен болса кәсіпкерлер күрделі қаржыны іске қосады.

Сонымен, инвестиция процент ставкасының қызметі де, ал жинмқ – табыстың қызметі. Демек қазіргі кейнсиандық концепцияның мәні мынада болады: инвестиция мен жинақ қозғалысы, әр түрлі факторлармен анықталады.Жинақ пен инвестиция теңдігін талдау графигіне әлі ораламыз, бірақ басқаша жағдайда.Ал қазір инвестициялық процеске ықпал ететін жағдайларды анықтауды жалғастырайық.

Үшіншіден, инвестиция сол  елдегі немесе аймақтағы салық салудың  деңгейі мен ахуалына тәуелді. Салық  деңгейінің жоғары болуы инвестицияны ынталандырмайды, сонымен қатар салықтың қандай ставкасы жоғары немесе төмен деп үзілді – кесілді  айтуға да  болмайды.

Инвестициялардың, жинақ  пен табыстың өзара әеетін анықтаушы  маңызды макроэкономикалық пропорцияларды былайшы сипаттауға болады:

Y=C+I  яғни, ұлттық табыстың пайдаланылған бөлігін тұтыну (С) және жинақ (І)  шығындарының сомасына  тең. Мұнда тұтыну табыстың қызметін атқарады, яғни C=C(Y). Екінші жағынан, өндірілген ұлттық табысты былайша көрсетуге болады Y=C+S, мұндағы S – те (жинақ) табыс қызметін атқарады (тұтынуға бейімділік пен жинаққа бейімділік графигін еске түсіру керек), олай болса S=S(V) .

Сонымен егер C+I=C+S болса, онда I=S, инвестиция қызметі r:1=1(r), болады да, жинақ қызмет V:S=S(V) болады.

I(r)=S(V) ңдігі экономикада жиынтық  ұраныс пен жиынтық ұсыныс арасындағы тепе – теңдік үін белгілі бір пропорцияларды сақтаудың маңыздылығын көрсетеді. Мәселенің күрделілігі мынада, жинақ пен  инвестиция, бұрын атап өткендей, әр түрлі факторлаға тәуелді: «жинақтың табыстан», «пассивті» тәуелділік тенденциясы байқалады, ал үнемі өзгеріп отыратын инвестиция динамикалы өсудің дербес (автономиялық)  факторларына тәуелді./20/

Енді жинақ пен инвестицияның  тепе – теңдігі жағдайындағы ұлттық табыс деңгейін анықтайық. Графикалық талдауды қолдана отырып, кейнсиандық концепцияның  I=S түсіндіруінің классиктер теориясынан айырмашылығынан қарастырайық. Ілгері айтар болсақ, инвеитицияны мүдделендіру ісінде мемлекет өте маңызды рөл атқарады.

Екіншіден, классикалық модель рынокпен біте қайнасқан икемді баға тетігін  қолдайды. Кейнс бұл пікірге сенімсіздікпен қарады, оның ойынша кәсіпкерлер өз өнімдеріне сұраныстың төмендеуіне байлаысты бағаны төмендетпейді. Олар өндірісті қысқартады, жұмысшыларды жұмыстан шығарады, нәтижесінде әлеуметтік – экономикалық   қайшылықтар шиеленісіп, жұмыссыздық барлық жерде етек алады да, рыноктык механизмнің «көрінбейтін қолы» тұлақты түрде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ете алмайды.

Үшіншіден, жинақ классиктердің  теориясы көрсеткендей, процент деңгейі  ғана  емес, табыстың да қызметі.

Сонымен қоғам көлеміндегі өзара байланысты тауарлар мен қызмет көрсету рыноктарының тепе – теңдігі, яғни жиынтық сұраныс пен ұсыныстың өзара теңдігі жинақ пен инвестицияның тепе – теңдігін сақтауды талап етеді. Инвестицияның процент қызметін, ал жинақтың табыс қызметін атқаруы тепе – теңдік мәселесін сақтауды  өте қиындатады.

Макроэкономикалық тепе теңдік мәселесін ұғыну үшін қисық қисығын жүргізудің маңызы зор, себебі ол ақша рынгында орын алатын заңдылықтарды ескеру үшін қажет.

Ойткені нақты рыноктағы яғни тауарлар мен қызмет көрсету рыногындағы тепе теңдікті көрсетеді. Алайда мәселені толық түсіну үшін ақша рыногының тепе теңдік шарттарын білу қажет.

Осы кезге дейін біз ұлттық табыс  деңгейін жинқ пен инвестиция тендігі  негізінде талдау арқылы анықтап  келдік. Алайда, табыс деңгейінің тепе тендігінің анықтаудың басқа да әдістері бар, мысалы, тұтыну мен инвестиция әдісі арқылы.Ұлттық табыс деңгейін анықтау әдісінің графиакалық түрін былай көрсетуге болады. Ілгеріде тап кеткендей, ұлттық табыс екі бағытқа пайдаланылады: тұтынуға және инвестицияға, яғни V=C+I. Жиынтық шығындаға жеке тұтыну және өндірістік тұтыну шығындары жатады. Экономика тоқырау жағдайында болса, тұтынуға бейімділік жоғары болмайды және ұлттық табыс деңгейін шығыс пен кіріс тепе – теңдігіне сай нүктесінде орналасады. Алайда жеке тұтыну шығындарына инвестицияны қосатын болсақ, СС қисығы тіке жоғары көтеріледі де,С+І сызығының орнын басады.

Инвестицияның ұлғаюы ұлттық табыстың осуі мен белгілі бір тиімділік  арқылы жұмыспен толық қамтуды іс жүзіне асыруға ықпал етеді. Белгілі бір тиімділік деп отырғанымыз- мультипликатор әсері деп аталады.

Инвестициялық саясат – экономиканың салаларына және сферасына салынған капиталды пайдалануына бағытталуын  сипаттйтын шешімдер мен халық шаруашылығындағы әдістердің жиынтығын білдіреді. Инвестициялық саясаттың негізгі мақсаттары нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңінде ресурстарды өңдеу капитал салымы арасында қатынастардың оптимизациясы, ҒТП жеделдететін халықтың жағдайын жақсаруын қамтамасыз ететін салаларға капитал салымын қайта тарату, әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы.

Экономиканың құрылымын реформалауы  Қазақстанның болашағы мен келешек  мүмкіндіктерін есепке ала отырып, этап бойынша мемлекеттік инвестициялық  саясат негізінде жүзеге асырылды.

Жинақтаудың жеткіліксіз деңгейі, капиталдың мобильді нарықтың болмауы, инвестициялық саясаттың және оны  жүзеге асыру этаптылығынанң мінезін анықтайтын қаржы несиелік ресурстардың шектеулі болуы.

Бірінші этаптың мақсаты өнімділік  жинақтаудың көздерін кеңейту үшін жағдай жасау мен макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу болып табылады.

Екінші этаптың мақсаты экономикалық өсімнің бастамасы үшін артықшылықтарды  құру болып табылады.

Мемлекеттік инвестициялық саясат ең алдымен шарушылықтың дамуына  қолдау болатын және экспорттық патенциялы мен негізгі өнімділікті  Бағытталған құрылымдық саясаттың маңызды бағыттарын жүзеге асыруға бағдарланған.

Қазақстандағы және оның аймақтарындағы экономикалық жағдайы инвестициялық  процесстерді өзіндік оптивизациялау үшін нақты аршықтылықтары жоқ.

Инвестициялық белсенділікті ынталандыру  механизмі салықтық, бюджеттік, қаржы  – несиелік реттеудің, қаржылық қаражатты  ұлғайтуға жәрдемдесіп, ал ол экономиканы  қаржыландыру үшін қажет инструменттердің жиынтығы кіру керек. Нарықтық қатынастарды қалыптастыру жағдайында бұл механизм иерархиялық деңгейін қызығушылығына келісу керек және шарушылық субьектілердің меншіктің түрлі формаларын бірнеше блокты кіргізу керек:

орталықтандырылған капитал салымдарын пайдаланудың тиімділігі және рационалдық  таратуға мүмкіндік беру ұйымдастырушылық шаралад мен экономикалық тетіктер.

      Экономиканы қаржыландыру мақсатында тұрғндарды жинақтауға үлесін қосқан инструменттер ткедей және займдық шетелдік инвестицияларды тарту бойынша шаралар.

Басқарудың жалпы принциптерінің басқа және басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы басқарудың мақсаттары мен мінеттері, әдістер жүйесі, экономикалық орындаушылық және ұйыдастырушылық механизмдер, заңды рәсімделген ережелер мен орындау шарттары жатады. Басқару функциясын негізгі және қамтамасыз ету болып екіге бөлуге болады. Басқарудың негізгі функцияларының – үйлестірілген, реттелген және бақыланған жатады.қамтамасыз ететін функциялар – ақпараттық, экспеттік және нормативті.

 

 

2. ҚР коммерциялық  банктердің инвестициялық қызметі.

 

2.1. Коммерциялық банктердің инвестициялық операциялары

    Банк қызметіндегі  инвестициялаудың өзіндік ережелері  бар. Кең мағынада, банктік инвестиция  – пайда табуында банктің ресурстарын  орналастыруға бағытталған активтік  операциялардың жиынтығы.

     Ал тар мағынада, банктік инвестиция – табыс немесе пайда алу мақсатында ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы.

     Сонымен  қатар, банктік инвестициялау  деп негізгі капиталға жұмсаған  қаражаттарды да түсінуге болады.

     Сонымен  қатар, банктік инвестициялау деп негізгі капиталға жұмсаған қаражаттарды да түсінуге болады.

     Банктің  инвестициялық қызметі инвестициялық  саясат көмегімен жүзеге асырады.  Инвестициялық саясаттың негізгі  мазмұны қаражат жасау үшін  біршама тиімді бағалы қағаздың  түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне инвестиция портфельдің құрылымын оңтайландырудан тұрады.

     Банктердің  инвестициялық саясаты – банк  қызметінің тұрақты жұмыс жасауын,  нәтижелігін немесе пайдалығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамассыз  ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталған шаралар жиынтығы .

     Банктің  инвестициялық саясатының басты  бағыттары мынадай бөлімдерді  қамтиды:

      * инвестициялық  саясаттың басты мақсаты; 

      * баланс  активі мен пассивіндегі инвестициялық операциялардың шегін (үлесін) анықтау;

      * инвестициялық  операциялардың сапасы үшін жетекшілер  мен атқарушылардың жауаптылығын;

      * инвестициялардың  құрамы мен құрылымы;

      * бағалы  қағаздардың  сапасының  деңгейінің  және  өтеу  мерзімінің  тиімділігі;

      * инвестициялар  портфелінің  диверсифиакциялануына   қойылатын  негізгі  талаптар;

      * потрфельдің   құрамына  түзетулер  енгізу  механизмі;

      * сақтау  тәртібі  және  сақтандыру  механизмі;

      * пайдалар  мен  зияндардың  есебі;

      *компьютерлік  қамсызданлыру бағдарламалары.

          Банктердің  инвестициялық  қызметі   жаңа  бағалы  қағаздарға  қаражат  орналастыруға  кепілдік  беру  (андеррайтинг ), сондай-ақ  клиенттерге   қандай  бағалы  қағаз  түрін  , қай уақытта  шығаруға  және  ұсынысты  қалай  жасауға  болатыны  жайлы  кеңес  беруді  сипаттайды.

        Бағалы  қағаздар  бизнесіндегі  андеррайтинг – бұл  бағалы  қағаздарды  сатудан  ешқандай  да  төменгі  ақшалай  қаржаттың   келіп  түспейтіндігі  туралы  эмитентке  кепілдік беруді  білдіреді.  Мұндай  жағдайда  эмитент қор  құндылықтарын  орналастыру  жоспарын  құрады./21/

        Банктердің  инвестициялық  операциясы  бағалы  қағаздар  жасалатын   операцияларды  сипаттайды.  Банктің   инвестициялық  операция  жүргізетін  бағалы  қағаздары  екі топқа  бөлінеді: қор ( акция, обликация) және  коммерциялық  бағалы  қағаздар  ( коммерциялық  вексель, чек қоймалық , кепілдік  куәліктер ).

        Қор  бағалы  қағаздарының  өзін  екі  негізгі   топқа   бөледі:

        1. Мемлекеттің  бағалы  қағаздары:

        2. Мемлекеттік  емес ( корпоративтік ) бағалы  қағаздар.  Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттің  бағалы  қағаздарын  өзіндік  сипатына  қарай кестемен  беруге  болады.(1-Қосымша)

         Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстылығына  қарай үш  түрге  бөлінеді:

      - Дисконттық , мұндай бағалы  қағаздар  алғашқы   нарықта инвесторларға жеңілдікпен  ( номиналдық құнымен төменгі  бағамен )  сатылып, номиналдық  құны бойынша  өтіледі.

Мысалы, 91 күнге шығарылған , номиналдық  құны 100 теңге  тұратын  дисконттық  бағалы  қағазды 75 теңгеге сатып  алсаңыз, онда  одан  мынадай табыс  аласыз:

      

                                              100 – 75 = 25 теңге  немесе 

                                       25  теңге : 75 теңге ( бастапқы салынған инвестиция) х 100%=33,3%                            

                                              

           Сонымен  қатар,  егер  91  күнге салсаңыз,  онда  бір   күндік  табыс: 33,3 % : 91 күн = 0,3659  құрайды. Демек, бір жылдық  табыс: 0,3659  % х 364 күн = 133,19  % тең.

  •         - Купондық, яғни номиналдық  құнына  пайызбен  бейнеленген табыс әкелетін  бағалы  қағаздар . Купон мерзіміне қарай жылына  2 не 4  ретке дейін төленеді.
  •        -  Аралас, яғни  купон және дисконт  түрінде  қатар табыс  әкелетін  бағалы  қағаз.  Бұл  жағдайда  инвестор – банктің  табысы  екі  көзден : дисконт  түріндегі  табыстар  құралады.
  •           Бүгінгі таңда ҚР – дағы  екінші  деңгейдегі  банктердің  инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің  басым бөлігі  мемлекеттің бағалы  қағаздарға  жұмсалып  отырғаны  жасырын емес.  Себебі , мұндай бағалы  қағаздарға  салған  активтер:  біріншіден, өтімді,  яғни  банк  ондағы  қаражатты тез арада кқолма – қол ақшаға  айналдыра  алады ,  екіншіден,  олардан  алатын  табыс  төмен  болғанымен  тәуекел  төмен   немесе  жоқ  десе  де  болады.  Сонымен  қатар  активтерінің  бір  бөлігін  өтімді  коропоративтік  бағалы  қағаздарға  да  орналыстыруда.  Корпоративтік  бағалы  қағаздарға  мыналар  жатады:

Информация о работе Коммерциялык банктердін инвестициялык кызметі