Коммерциялык банктердін инвестициялык кызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 16:40, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанда заңға сәйкес , инвестиция деп, кәсіпкерлік іс әрекет және басқада пайда әкелетін іс әрекет обьектілеріне салынатын ақша қаражаттары мен бағалы қағаздарды айтады.
Инвестициялық қызметтің қатысушылары- жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сол сияқты шетелдік инвесторлар бола алады. Берілген жағдайдағы әңгіме коммерциялық банктердің инвестициялыққызметіне қатысты./1/

Оглавление

Кіріспе…………………………………………..………………………..…...........3

I.Инвестициялық қызметтің экономикалық маңыздылығы............................4
1.1.Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы........................................4
1.2.Инвестициялық қызметтің мәні мен принциптері..…................................7

II.ҚР коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі.................................11
2.1.Коммерциялық банктердің инвестициялық операциялары.........................11
2.2.ҚР-дағы инвестицияны басқару...............................................................16

III.Коммерциялық банктердің ивестициялық қызметін дамыту.......................20
3.1.Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың факторлары................................20
3.2. Инвестициялық қызметті жетілдіру жолдары.............................................23

Қорытынды…………………………………...…………….……................…....29

Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………….....….……….....30

Қосымша

Файлы: 1 файл

2 Мадина Коммерциялык банктердін инвестициялык кызметі (2).doc

— 219.00 Кб (Скачать)

               * акциялар;

               * облигациялар;

               * депозиттік және  жинақ  сертификаттары;

               * ипотекалық  куәліктер;

               * депозитарлық  қолхаттар.

             Осылардың  ішінде  инвестициялау  операциялары акция  мен облигацияларға  байланысты  көп болады. Ал  қалғандарының нарығы  әлі өз  деңгейінде   дами  қойған  жоқ.

            Акция – бұл  акционерлік   қоғамның  жарғылық  капиталына  үлес  қосқандығын  куәландыратын   және  басқару  ісіне  қатысуға  құқық  беретін , сондай – ақ  иесіне  табыс  әкелетін  бағалы  қағаз./15/

             Дивиденд  төлеу  тәсінің   айырмашылығына  байланысты  жай   және  артықшылықты  акцияларға  бөледі . Жай  акция, оның  иесіне  акционерлік  қоғамның  табысына  байланысты  табыс  әкеледі  және  қоғамды  басқару  ісіне  немесе  жалпы  жиналысқа  қатысуға  құқық  береді.  Ао артықшылықты  акция  иесіне  қоғамның тбысына  байланыссыз  тұрақты  табыс  алуға  құқық  береді ,  бірақ  басқару  ісіне  араласуға  немесе  акционерлер  жиналысына  қатысуға  құқық  бермейді.  Артышылықты  акцияның  келесі  бір  артықшлығы – қоғам  борыштық  тұрақсыздыққа  ұшыраған  жағдайда  мүлікті жай  акция  иесінен  бұрын  алуға  мүмкіндік  беруі.

               Акциялар  шығару  формасына  қарай  да  ажыратылады : құжатты  ( номиналдық  құны ) мен  пайызды  қайтарып  беру  туралы  міндеттемесін  растайтын  бағалы  қағаз.

              Қазақстандағы  айналыста   жүрген  облигациялар  табыстылығына   қарай  екі  түрге  бөлінеді:

           -  Купондық  облигация -  инвестор  – банкке пайызмөлшерлемесі   формасында , яғни  алты  айда  немесе  жылына  бір  рет   табыс  әкелетін  түрі.

          -  Дисконттық  облигация –  инвестор – ьанктің  облигацияны   шығарушыдан  номиналдық  құнынан  төменгі  бағада  сатып  алып,  оны өзінің  құнымен  қайта  сату  арасындағы  айырма  түрнде  банкке  табыс  әкелетін  түрі.

           Мысалға ,  облигацияның  ағымдағы  бағасы – 100 теңге , купон   мөлшерлемесі – 10 % , онда  облигацияның  ағымдағы  табысын  былай  есептеуге  болады:

 

    

                                                     Купон / баға х 100 = 10 / 100 = 10 %

 

                       Егер  облигация  бағасы  өсіп,   150 теңгені  құраса, онда  ағымдағы  табыс:

 

                                                     10 / 150 х 100 = 6,66 %

 

                       Бүгінгі  таңда  ҚР – дағы  екінші  деңгейдегі  банктердің  инвестициялық  операцияларға   бағытталған  активтерінің  басым   бөлігі  мемлекттің  бағалы  қағаздарына   жұссалып  отыиғаны  жасырын  емес.  Себебі,  мұндай  бағалы  қағаздарға  салған  активтер:  біріншіден,  өтімді,  яғни  банк  ондағы   қаражатты  тез  арада  қолма – қол  ақшаға  айналдыра  алады,  екіншіден ,  олардан  алатын  табыс  төмен болғанымен  тәуекел  төмен  немесе  жоқ  десе  де  болады.  Ал  мемлекеттік  емес  бағалы  қағаздардың  өз  деңгейінде  дамымауына  және  олардан  алатын  табыстардың  қаншалықты  жоғары  болғанымен  тәуекелдің  соғұрлым  жоғары  болып келетініне  байланысты  банктер  оларға  қаражат салуда  әлі де  болса пассивтік танытуда.

ҚР нарықтық қатынастарға көшу кезінде кредитті басқарудың жүйесін  және шаруашылық қызметінде банктік  қызмет көрсету механизмін құру, банктер  мен кәсіпорындардың қызметіне  жетекшілік етуде экономикалық әдістерді қолдану, банк пен олардың клиенттері, сонымен қатар банктің өз жүйесі шеңберіндегі оның жекелеген буындарынының арасындағы өзара қарым қатынастар жүйесін қайта құру, яғни, жаңа құбылыстармен процесстерді ескере отырып,  принципті түрде реформалау қажеттілігі туындайды.

Мемлекеттік кредит жүйесінде  коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олар қарыз капоталы нарығының  әр түрлі саласында жан – жақтан іс - әрекет етеді. Коммерциялық банктер  кредит ресурстарының негізгі бөлігін  шоғырландырады, өз клиенттеріне кредит беру, депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасн сатып алу, сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсететіні .

Коммерциялық банктер  – рыноктық экономикада кредит жүйесінің  негізгі буыны. Олардың міндеті – ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты кредиттің,  халық шаруашылығына қол жинау үшін жағдай жасау болып табылады.

Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын сала аралық және аймақ аралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық шараушылық қызмет атқарады. Капиталды салар мен жүйелерге бөлу және басқа бөлудің механизмі өндірістің обьективтік қажеттілігіне байласыты шаруашылықты таынтуға және экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік туғызады.

Соңғы кездері коммерциялық банктері басқа  кредит мекемелерінің  арасындағы бәсекелік күшейе түсуде. Бәмекелік банктердің жаңа қызмет түрін  іздестіруге клиенттерге ұсына  алатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету саласын жақсартуға ынталандырады.

Сондықтан қызметнарығындағы  өз орнын нығайту үшін банктік  емес мекемелер банктерге тән  емес операцияларды меңгеріп, қаржылық кәсіпкерлікте кең қолдануда. Сөйтіп, банктермен қатар, банктік емес мекемелердің экономикадағы ролі арта түсуде.

Қоммерциялық банктер  банктік жүйенің  екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды  шоғырландыра отырып , заңды және жеке тұлғалар мен кең көлемде банктік  операциялар мен қаржылық қызметтер  жүгеге асырады. ҚР екінші деңгейдегі банктері ҚР ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде қызмететеді. Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің  айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстанда берілетін лицензияны дамыған шетелдерден айырмашылығы – қөрсететін қызмет түрлерінің әмбебептығы болып табылады.

ҚР банк қызметінде мемлекеттік  орган банктердің мамандануын балгілемейді. Қазақстандық банктер бағалы қазғаздар  нарығына да тікелей қатысуға толық  құқылы.

Банк секторы қаржы  жүйесінің ең үлкен және тез дамитын бөлігі  болып табылады. Бүгінгі күні еліміздің банк секторының халықаралық ұйымдармен рейтинг агенттікері ТМД елдерінің ішіндегі қаржылық тұрғыдан тұрақты және тез дамып келе жетқан банк секторы деп танып отыр.

Банктік операцияларды  жүзеге асыруға алатын лицензиядан  басқа ҚР  Ұлттық  Банктен  валюталық  операцияларды жүзеге асыруға да лицензия алады. Бас валюталық лицензия оларға өз қызметі жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен  корреспонденттік қатынастар орнатуға сондай – ақ дамыған шет елдерде өз бөлімшелері мен өкілеттілігін ашуға құқық береді. Сонвмен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктер бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін де ҚР Ұлттық Банктің лицензиясына негізделеді.

Қоммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардң мамандануына, әмбебеаптығы мен қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.  

Банк ресурстарының  құрылымына мыналар жатады:

Банктің меншкті капиталы

Банктің қарыздық және тартылған  қаражаттары

Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%  жуық бөлігі өтелсе ал қалған бөлігі өтелсе ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.

Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырған өте жоғары , олардың есебіне банктің активтік операцияларынан басым бөлігі жүзеге асырылады. Рыноктык қатынастардың дамуына байлаысты , сондай ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымы толығымғен өзгертті десе де болады.

Коммерциялық банктер  өздерінің меншікті капиталы мен  банктік ресурстар көлемін ұлғайту  мақсатында аблинациялау арқыы қосымша қаражаттарды тартады.  Аблигацияларды  отандық тәжірибеде көбіне ірі коммерциялық банктер шығарып отыр.  Мұндай қарыздық міндеттемелер түрлерін шығару бір жағынан, банк капиталын , екінші жағынан оның ресурстарын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл операцияларды ұйымдастырудың  басы мақсаты – банктің өтімділігін жақсарту. Бүгінгі таңдағы банк ресурстар анрығы құрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Крммерциялықь банктердің қызметінің тұрақтылығы үшін , ең бастысы, олардың баланстары өтімді болуы керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен кредиттік жұмасалымдар арасындағы көлемі мен мерзімі бойындша тепе – теңдіктің сақталуын талап етеді.

    Банк ресурстары нарынығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы қағаздармен , факторинг , лизинг және басқа операциялармен тікелей жұмыс жасай бастайды. Бұл, яғни банктің ресурстық құрамына тек қана ақшалай қаражаттан емес сол сияқты тауарлы материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді. Ұлттық банкіміз «банктердің банкі» болып табылатындығын , коммерциялық банктердің ресурстардың бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да құралады.

    Демек коммерциялық банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байлаысты банктің ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып оны қажет ететің кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады.

   Банк ресурстары – бұл банктің пассивтік операциялаы негізінде қлыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталған банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынығы.

 

 

2.2.ҚР-дағы инвестицияны  басқару.

     Әр бір елде банктік қызметті әр түрлі аспектілерде реттеп отыратын өзіндік бақылаумен құқықтық актілер жұмыс жасайды. Республикамызда банктерді бақылау мен қадағалау ҚР банктік және  басқа да шартарлың сақталуын қамтамасыз етуге , шаруашылық қаржылық қызметті және банктегі оның мекемелеріне  жұмысты ұйымдастыру ережесін, банктердің бірігу тәртібін , аудиторлық тексерулерді анықтады.

    Экономикалық ғылымдардың көрнекті өкілдерінің бірі Джон Кейнс инвестиция салудың негізгі факторы ретінде сұраным тиімділігі мен өндірістің жандануын қарастырды. Өйткені инвестицияның өсу қабілеттілігі ұлттқ табысты артыру мен және жұмыссыздықты жою арқылы қосымша жұмыскерлерді жұмылдыру мен сипатталады. Инвестиция жиынтық сұранымның маңызды компоненті болып табылады. Бірақ инвестициялар маңыздылығы олардың жиынтық сұранымға және ресурстардың орын алуына әсерлі шегінен тыс таратылады. Капитал мөлшері экономикалық өсімін болашақ қарқынының қалыптасуында маңызды рол атқарады. Инвестицияның өсу қабілеттілігі ұлттық табысты арттырумен және жаңа жұмыс оындарын жасаумен сипатталады.

    Инвестициялық ресурстарды тартуда байсалдылық , саяси экономикалық сауаттылық және сақтық қажет. Әтпесе , біздің еліміз ірі, орны толтырылмайтын әлеуметтік зардаптарға ұшырайды. Жаңа инвесторлардың ағылуын болжамдай отырып және әр түрлі алаяқтықты болдырмау үшін жемқор мәмілелерге қарсы сенімді кепілдемелерлі қарастыратын заңды актілер жасауға қайтып оралған жоқ. Елдегі қоғамдық көзқарастардың шетел фирмалардың пайдасына қалыптаспауы таң қаларлық емес. Олардың көбісі өндірістің тиімділігін жоғарылату мақсатында табанды және ақсатты жұмыстың орнына , бағалар мен тарифтердің  жоғарылауына бағытталған және өндіріс шығындары тұтынушыларға жүктеуге экономиканы ұстануға  әкелді.

    Біздің жағдайымызда шетелдік инвестициялық ресурстарды қолданудың маңызды принципі елдің саяси экономикалық және экологиялық қауіпсіздігін сақтау және нығайту мүддесі болуы тиіс. Аса қолданбалы және тиімді нысаны тікелей инвестициялар болып табылады. Олар өндірістік салаларға бағытталуымен ерекшеленеді. Ол халықаралық экономикалық және ҒТИ процессін жеделдетуге мүмкіндік береді. Біріккен кәсіпорындардың қызмететуін қамтамсыз ету мен құру негізінде жақтардың интелектуалды потенциялын жалпылайды. Бұл форманың өзгеше түрі болып қабылдаушы елдерде шетел кәсіпорындарын әрекет етуші кәсіпорындарды, оларды сатып алу, жекешелендіру немесе жаңадан, ұйымдастыру  негізінде қызмет құру болып табылады. Бірақ, шетел инвестицияларын тартудың мұндай формасы халық шаруашылығының аймақтық салалық құрылымының өзгеруінің тиімділігінің экономикамен өнеркәсіптің басты салаларының өндірістік аппаратын техникалық қайта жабдықтау және оның шикізаттық бағыталуын жойылуына көмек көрсетумен ерекшелуі тиіс.

     Негізінен инвестицияларды іздеу мен тарту стратегиялық міндетті шешуге бағытталған, яғни тұрмыстық және өнекәсіптік қалдықтарды бір қатар жобалар өңделетін облыстың энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету.

Инвестициялау түсінігін  кейде несиелеу деп ойлайды. Мысалға  шетел компаниясы артықшылығы бар  жобаны жүзеге асыруға үшін салықтық женілдіктер алады, Қазакстаандық банктің несиесін ала отырып және негізгі құралдарға қаражат салады.

     Тәжірибеде, Қазақстандық ақшалар батыстық құрал жабдықтарды жеткізушілерге кеткен,  ал ішкі сұраным есебінен қалыптасқан пайда шетелге жөнелтіледі.

      ҚР болашақтағы экономикалық дамуы және оның әлеуметтік нарық құрылымына толыққанды интеграциялауы ірі инфрақұрылымдық инвестицияларды тартпау мүмкін емес. Сондықтан жақсы болжанатын ұзақ мерзімді саясатты бір принципиалды жаңа  инвестициялық климат құру қажет.

Информация о работе Коммерциялык банктердін инвестициялык кызметі